- •Конспекты лекций
- •Тасымалдау және көтеру-түсіру жұмыстары
- •2.1. Құрылыстағы жүктердің жіктелуі
- •2.2. Тасымал түрлері
- •2.3. Сыртқы тасымал
- •2.3.1. Автомобиль тасымалы
- •2.3.2. Трактормен тасымалдау
- •2.4. Тасымалдау және тиеу-түсіру механизмдерін таңдау
- •2.5.1. Құрылыс крандары
- •2.5.1.1. Өздігінен жүретін жебелі крандар
- •2.5. Ішкі транспорт
- •2.5.1.2. Мұнаралы крандар
- •А) жылжымалы; б) тұрақты
- •2.5.1.3. «Нөлдік» крандар
- •2.5.1.4. Жеңіл тасымалданатын крандар
- •2.5.1.5. Тұрақты крандар
- •2.5.1.6. Желі (кабель) крандар
- •2.5.1.7. Төрттағанды (козловые) крандар
- •2.11. Төрттағанды кран:
- •2.5.2. Құрылыс көтергіш жабдықтары
- •2.5.2.1. Діңгекті көтергіштер
- •2.5.2.2. Жебелі көтергіш жабдықтар
- •2.5.2.4. Скипті көтергіштер
- •2.5.2.5. Автогидрокөтергіштер (автомұнаралар)
- •2.5.3. Транспортерлер
- •2.5.4. Тиеу жабдықтары
- •Ыдыстар мен жүк ұстағыш құралдар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
2.5.1.3. «Нөлдік» крандар
Олар да мұнаралы крандар тәрізді кран асты жолдар арқылы қозғалады, алайда олардан мұнараларының жоқтығымен ерекшеленеді. «Нөлдік» крандардың жүк көтергіштігі 4,5-30 т, жебе ұзындығы 20 м дейін және ілмектің көтерілу биіктігі 16 м дейін болады. Мұндай крандар негізінен нөлдік белгіден төмен жұмыстарды орындауға арналған, сондықтан да кранның тұрған деңгейіне қарағанда жүктің макималды түсіру тереңдігі мұндай крандардың қосымша сипаттамасы болып табылады.
2.5.1.4. Жеңіл тасымалданатын крандар
Мұндай крандар механикалау құралдары болмаған уақытта жиі пайдаланылған, ал қазіргі уақытта көп қолданылмайды. Олар аз көлемдегі жұмыстарды орындағанда және салмағы 1 т дейінгі жүктерді 4 м дейінгі қашықтықтарда тасымалдағанда өте ыңғайлы болып келеді. Олардың ең негізгі артықшылығы оларды жерде ғана емес, сондай-ақ ғимараттарда да орнатуға болады. Жаңа экономикалық мүмкіндіктер құрылысшылардың мұндай крандарға деген қызығушылығын арттырып келеді.
Жеңіл тасымалданатын крандардың құрылысы өте қарапайым. Ол (2.7-сурет) негізден (1) және айналмалы платформадан (2), онда жинақталған қарсы күштен (3), шығырдан (4) және жебеден (5) тұрады. Мұндай крандардың салмағы қарсы күшсіз 0,9-1,0 т, ал қарсы күшпен – 1,65-2,0 т құрайды. Қозғалтқыш қуаты – 3 кВт. Кран қолмен айналдырылады. Тежегіш қондырғысы және жебе ұзындығын өзгертуге арналған жебе арқаны бар.
Материалдарды мұндай кранмен бөлме ішіне тасымалдағанда ең алдымен оларды кранмен терезе ойығына дейін көтереді. Содан соң ғимарат ішінде қажетті қабатқа аражабындағы саңылаулар арқылы түсіреді.
2.7 - сурет. Жеңіл тасымалданатын кран:
1 – негіз, 2 – айналмалы платформа, 3 – қарсы күш,
4 – шығыр, 5 – жебе.
Кранның жүк көтергіштігі жебе ұзындығына байланысты болады: жебе ұзын болған сайын жүк көтергіштігі төмен болады. Ілмектің көтерілу биіктігі кранның орнатылған жеріне байланысты: жерге орнатылса – жебенің ұзындығына, төбеде немесе аражабында орнатылса – шығыр барабанының сыйымдылығына (барабандағы арқан ұзындығына).
2.5.1.5. Тұрақты крандар
Өте үлкен құрылымдар мен жабдықтар шектеулі кеңістікте жинақтау үшін және үлкен биіктіктерге көтеру үшін (кей жағдайда) мұнаралы крандар қолданылады. Олар құрылымы бойынша қарапайым болып келеді. Олардың ерекшеліктері – метал құрылымдары мен механизмдері тәуелсіз орындалады. Мұндай мұнаралы (мачтовых) крандардың түрлері: кран-мачта және діңгекті-жебелі кран. Краны-мачталардың жүк көтергіштігі 100 т дейін және жүк көтеру биіктігі 60 м дейін болады. Ол (2.8-сурет) мачтадан (1) және мачтаның жоғарғы немесе ортаңғы бөлігіне бекітілген жебеден (2) тұрады. Жебе айналатын немесе айналмайтын болуы мүмкін. Екі жағдайда да мачта зәкірмен ұсталып тұратын ванталармен (3) бекітіледі.
2.8 - сурет. Кран-мачта: 2.9 - сурет. Діңгекті - жебе кран:
1 – мачта, 2 – жебе, 3 – ванта 1– мачта, 2 – ванта, 3 – жебе, 4 – жебе полиспасты, 5 – қармақ
Діңгекті-жебелі ванталы крандардың негізі (2.9- сурет) діңгек сағасына бекітілген вантасы бар (2) діңгек (1) болып табылады. Діңгек негізіне жебе (3) шарнирлі түрде бекітіледі, оның жоғарғы бөлігі жебе полиспастына ілінеді (4). Жебе көбінесе қармақпен жабдықталады (5). Кранды табанға оранту және оның сағасы діңгекті айналдырып тұруға мүмкіндік береді. Кранның жүк көтергіштігі 40 т.
Ванталы крандарда жебе діңгеккке қарағанда 20-40% қысқа болады, және жебе еңісінің бұрышы 30 град. болса, жебені 360 град дейін айналдыруға болады.
