Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
морфология 3-курс. КТОМ Раманова А.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

16. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.Б.)

Емтиханға дайындалатын сұрақтар:

  1. Грамматика. Грамматика салалары.

  2. Қазақ тілі грамматикасының бірліктері,негізгі ұғымдары.

  3. Қазақ тілі грамматикасының зерттелуі.

  4. Грамматиканың міндеттілік, қарама-қарсылық белгілері.

  5. Грамматикалық мағына және лексикалық мағына, айырмасы, байланысы.

  6. Грамматикалық форма және грамматикалық мағына.

  7. Грамматиканың лексикология, фонетика, стилистикамен байланысы.

  8. Лексика-семантикалық тәсіл; Морфологиялық не синтетикалық тәсіл; Синтаксистік не аналитикалық тәсіл.

  9. Сөздің морфологиялық құрылымы.

  10. Жұрнақ, жалғау түрлері

  11. Нөлдік морфема, зерттелуі.

  12. Көптік жалғаулар, ерекшелігі.

  13. Сөз таптары туралы түсінік, таптастыру принциптері.

  14. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары.

  15. Түрік изафеті және оның ерекшелігі.

  16. Қазақ тіліндегі жақ категориясы

  17. Жіктік жалғауларының ерекшелігі.

  18. Зат есім. Зат есімнің категориялары және ерекшеліктері (Септік категориясы оның ерекшелігі; Тәуелдік және көптік категориялары). Зат есімнің жіктелуі.

  19. Сын есімнің, лексика-грамматикалық сипаты, құрылымдық түрлері. Шырай категориясы.

  20. Сан есімнің түрлері, ерекшеліктері.

  21. Есімдік, лексика-грамматикалық сипаты. Есімдіктің түрлері.

  22. Етістік лексика-грамматикалық сипаты.

  23. Етістіктің категориялары. Болымды – болымсыздық категориясы.

  24. Салт – сабақтылық категориясы оның етіс категориясына қатысы.

  25. Етіс категориясы.

  26. Есімшенің, көсемшенің түрлері мен тұлғалары.

  27. Рай категориясы.

  28. Етістіктің каузатив формасы.

  29. Шақ категориясы.

  30. Үстеу, түрлері, сипаты.

  31. Еліктеу сөздер, түрлері, семантикалық, морфологиялық, фонетикалық сипаты.

  32. Одағай, лексика–грамматикалық ерекшеліктері.

  33. Шылаулар және олардың түрлері.

  34. Модаль сөздер, сөйлемдегі қызметі.

17. Өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар:

Тест тапсырмаларының нұсқасы

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні бойынша

тест сұрақтары

1. Көмекші есім дегеніміз не?

а) кісінің көңіл-күйін білдіретін зат есімдер.

ә) қаратпа мәнінде қолданылатын сөздер.

б) ілік жалғаулы зат есімдер.

в) эмоция-экспрессия реңі бар есімдер.

г) кеңістік ұғымын білдіретін зат есімдер.

2. Барыс септікті зат есімнің білдіретін мағынасы

а) иелік, меншік б) бағыт-бағдарды білдіру г) тура объектіні

ә) іс-қимылдың себебі в) іс-қимылдың орнын

3. Зат есімнің неше категориясы бар?

а) 3 ә) 5 б) 7 в) 4 г) 2

4. Қатыстық сын есімдерді көрсет

а) әдемі, сұлу б) қалалық, аппақ г) сап-сары, көкшіл

ә) аз, көп, мол в) сусыз, сулы

5. -шыл, -шіл жұрнақтары шырайдың қай түріне тән?

а) салыстырмалы шырай б) асырмалы шырай г) шағын шырай

ә) күшейтпелі шырай в) жай шырай

6. Заттанып тұрған сын есімді көрсет.

а) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.

ә) Көгілдір таулар көрінеді.

б) Шешен жігіт сөз бастар.

в) Шөліркеген далаға нұр жауады.

г) Ақылбай Абайдың төменгі жағында отыр еді.

7. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

а) 4 ә) 5 б) 7 в) 6 г) 8

8. Жинақтық сан есімдерді тап.

а) үш-үштен б) бесеу, алтау г) жүзге тарта

ә) жиырма бес в) қырық-елудей

9. Сөйлемде толықтауыш қызметінде тұрған сан есімді көрсет.

а) Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.

ә) Атадан – алтау, анадан – төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ.

б) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

в) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

г) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.

10. Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.

а) етістік б) есімдік г) сын есім

ә) зат есім в) көмекші есімдер

11. Затты не құбылысты нақты атамайтын есімдік түрі.

а) сұрау б) болымсыздық г) жалпылау

ә) өздік в) белгісіздік

12. Сілтеу есімдігінің септелу түрін көрсетіңіз.

а) ертеңге дейін, арбамен б) осы, сонау г) менімен, сенімен

ә) бұған, сонымен в) оным, бұным

13. Етістіктің лексикалық мағынасындағы қимыл, амалдың белгілі мезгілмен байланыстырып көрсететін етістіктің түрі.

а) шақ категориясы б) етіс категориясы г) көсемше

ә) рай категориясы в) есімше

14. Етістіктердің істі істеушімен, мезгілмен және басқа да жағдаймен жаққа, шаққа байланысты түрленіп құбылатын түрі.

а) тұйық етістік б) рай г) жақ

ә) етіс в) шырай

15. Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісін көрсет.

а) барғанмын, барғансың б) алыппын, келіпсің г) барады, келеді

ә) баратынмын, келетінсің в) бардым, бардың

16. Рай дегеніміз не?

а) Етістіктің істі істеушімен, мезгілмен және басқа да жағдаймен жаққа, шаққа байланысты түрленіп құбылуын айтамыз.

ә) Қимылдың, іс-әрекеттің істі істеуші адамға немесе іспен байланысты затқа қарым-қатысын білдіретін етістіктің түрі.

б) Іс-қимыл, амалдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын істелгенін, орындалғанын көрсететін етістіктің түрі.

в) Етістік сөздеріндегі іс, қимыл, амалдың күй-жайын, мезгілін, мекенін білдіретін сөз табы..

г) Іс-әрекет, қимылдың тікелей іс істеуші адамға қатысты екендігін білдіретін етістіктің бір түрі.

17. Сабақты етістіктер қатарын көрсет.

а) бар, кел, отыр б) жаз, ал, бер г) жуын, киін

ә) жүр, тұр, айт в) аш, кел, бар

18. Есімге де, етістікке де тән грамматикалық белгілерді қамтитын етістік категориясы қалай аталады?

а) есімше ә) көсемше б) етіс в) рай г) шақ

19. Туынды үстеулер қатарын тап.

а) артта, әдейі, жорта б) тек, кеш, бұрынырақ г) дереу, шапшаң

ә) адамша, күздей, бөрідейін в) әрең-әрең, абайсызда

20. Мақсат үстеулі сөйлемді тап.

а) Сәуле осы тойға лажсыздан келген еді. в) Кәкен жорта қарқылдап күлді.

ә) Сәби қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр. г) Биылғы қыс қаһарын тіге келді.

б) Жол-жөнекей Аққыздың отауына соға кетті.

21. Демеулік шылауларды көрсет.

а) себебі, өйткені, үшін б) мен, және, да, де г) егер, мүмкін, ғой

ә) бірақ, дегенмен, әйтсе де в) ғана, тек, ғой

22. Бейнелеуіш сөзді тап.

а) бүлк, қалт, селк б) желп, сарт-сұрт г) тырс, мырс, гүрс

ә) тарс, қарқ, күрк в) маң-маң, салдыр-күлдір

23. Көмекші есімді тіркесті тап.

а) орманның іші б) Зәуренің болашағы г) арманы еді

ә) баланың бесігі в) жеңіс туралы

24. Қай сөйлемде -па жұрнағы сөзбен бірге жазылатынын көрсет.

а) Өтірік айт па б) Есікті ашып па г) Ол хат жазып па

ә) От жанып па в) Дүкен жабық па

25. Еліктеуіш сөзден жасалған етістікті тап.

а) күлдір, орғыз б) жина, жарбаңда г) айттыр, жандыр

ә) селтеңде, ербеңде в) селтеңдеме, селкілдеме

26. Бері, гөрі шылауларының алдындағы сөз қай септікте тұру керек?

а) атау б) табыс г) жатыс

ә) ілік в) шығыс

27. Мақсатты келер шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) жолыққысы келеді б) жолыққан еді г) жолықшы

ә) жолықпақпын в) жолықпады

28. Анықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.

а) Көрмес – түйені де көрмес. б) Ол қиындықты көріп өсті. г) Оқыған озар.

ә) Жырлаған ақын өзі. в) Белгілі ақынға сөз берілді.

29. Одағайдың неше түрі бар?

а) 4 ә) 5 б) 2 в) 6 г) 3

30. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратындар

а) жалғаулар; ә) демеуліктер; б) екпін; в) септеуліктер; г) жалғаулықтар

31. Қазақ тілі морфологиясы нені зерттейді?

а) тіл дыбыстарын; в) сөз мағынасын;

ә) сөз таптары, олардың түрлері мен түрленуін; г) жергілікті тілдік ерекшеліктерді.

б) сөйлем, оның түрлерін;

32. Жатыс септік қосымшалы сөйлемді тап.

а) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған.

ә) Шегірткеден қорыққан егін екпес.

б) Таспен ұрғанды аспен ұр.

в) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

г) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді

33. Тәуелдік жалғау етістіктің қандай райына жалғанады?

а) бұйрық рай б) ашық рай

ә) қалау рай в) шартты рай

34. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

а) 10 ә) 8 б) 11 в) 6 г) 9

35. Жіктік жалғау деп нені айтамыз?

а) сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын жалғау.

ә) заттың, нәрсенің меншіктігін білдіретін жалғау..

б) көптік мағына беретін жалғау.

в) қимылдың, мамандық иесінің кім екенін білдіретін жалғау.

г) үндестік заңдылығына бағынбайтын жалғау.

36. Сапалық сын есімдерді тап.

а) кеуде, мұз б) кең, тар г) белгілі, атақты

ә) кеңшілік, сыпайы в) таулы, сулы

37. Бір нәрсенің сипатын, қасиетін, белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сын есімнің түрін қалай атаймыз?

а) күрделі сын есім б) сын есім шырайлары г) туынды сын есім

ә) сапалық сын есім в) қатыстық сын есім

38. Сын есімнің салыстырмалы шырайын тап.

а) көкшілтім ә) өте әдемі б) айнадай в) сабырлы г) қап-қара

39. Болжалдық сан есім тудыратын жқрнақтарды көрсет.

а) -ыншы, -інші, -ншы, -нші б) -дан, -ден, -тан, -тен г) -ын, -ін, -н

ә) -ау, -еу, -нан, -нен в) -дай, -дей, -тай, -тей, -даған

40. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

а) 8 ә) 7 б) 9 в) 6 г) 10

41. Есімдіктен болып тұрған бастауышты тап.

а) Алты – жұп сан. б) Ештен кеш жақсы. г) Кітап менікі.

ә) Менің әжем – дана адам. в) Ол – әкем.

42. Сөйлеу кезінен бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістіктің формасы.

а) өткен шақ б) осы шақ г) ауыспалы осы шақ

ә) нақ осы шақ в) келер шақ

43. Сабақты етістікті тап.

а) Ал енді балаларды қызықтап, тойын тойлайық.

ә) Жарықтық кірсіз, өзін таза ұстайтын кісі еді.

б) Қазақ – қонақжай халық.

в) Бір кезде үрген иттің өзі де көрінді.

г) Оның әкелгені бір үлкен шортан екен.

44. Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы қалай аталады?

а) рай ә) үстеу б) шырай в) сын есім г) шақ

45. Есімше формалы тіркестердің қатарын көрсет.

а) жазғы бақ, көтеріңкі көңіл б) жазатын сөз, барып келді г) жазып тұр, айтып еді

ә) тыңдар құлақ, тілейтін адам в) сөйлей отыр, көргелі келді

46. Сын-бейне үстеулердің қатарын көрсет.

а) сонша, мұнша, бірталай б) кеше, бүгін, қазір, түгел г) күздей, әдейі, жорта

ә) әрі, бері, артқа, ілгері в) әрең, дереу, шапшаң

47. Септеулік шылаулы сөйлемді тап.

а) Бұлттар аппақ, әдемі-ақ. в) Асан мен Үсен адасып кетті.

ә) Не ғылым жоқ, не еңбек те жоқ. г) Кейде өзім хабарласып тұрамын.

б) Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен.

48. Ырықсыз етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді табыңыз.

а) тарандық ә) жайылымды б) ойланды в) жиналды г) сөйледі

49. Адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын сөздер қай топқа жатады?

а) еліктеу сөздер ә) үстеу б) одағай в) шылау г) зат есім

50. «Мимема» термині қай сөз табына қатысты болып келеді?

а) есімдік ә) үстеу б) одағай в) еліктеу сөз г) шылау

51. Аналитикалық форманттың анықтамасын көрсет.

а) Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын білдіретін етістік категориясы.

ә) Қимыл, іс-әрекеттің субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасын білдіреді.

б) Етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мезгілін білдіреді.

в) Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтарының қатары

г) Қосымша мен көмекші етістіктің бірлігінен тұрады.

52. Қазақ тілінде неше көмекші етістік бар?

а) 35 ә) 30 б) 29 в) 32 г) 25

53. Көсемше атауын қазақ тіл біліміне кім енгізген

а) Н.Оралбаева б) А.Ысқақов г) К.Аханов

ә) Н.Сауранбаев в) А.Байтұрсынұлы

54. -мақ, -мек, -бақ, -бек жұрнақтарының жалғануы арқылы етістіктің қай түрі жасалады?

а) есімше ә) көсемше б) рай в) сипат г) қимыл есімі

55. Тек бір ғана түбірден тарайтын есімдіктің мағыналық түрі

а) сілтеу ә) сұрау б) белгісіздік в) жалпылау г) өздік

56. Сан есімнің басқа сөз таптарынан негізгі айырмашылығы

а) тек сын есіммен тіркесіп келеді.

ә) басқа сөз таптарынан жасалмайды.

б) іс-әрекеттің санын білдіреді.

в) есім сөздерден жасалады.

г) сөйлемде тек пысықтауыштың қызметін атқарады.

57. Адъективтену дегеніміз не?

а) басқа сөз таптарының сын есімге ауысуы;

ә) басқа сөз таптарының зат есімге ауысуы;

б) басқа сөз таптарының үстеуге ауысуы;

в) басқа сөз таптарының есімдікке ауысуы;

г) басқа сөз таптарының сан есімге ауысуы;

58. Нөлдік форма қалай белгіленеді?

а) ¢ ә) ǿ б) ø в) Θ г) □

59. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың жүйелі жиынтығы

а) грамматикалық тәсіл б) грамматикалық топ г) сөз табы

ә) грамматикалық амал в) грамматикалық категория

60. Қазақ тілінде неше септік жалғауы бар?

а) 10 ә) 11 б) 8 в) 9 г) 7

61. Бір-біріне ұқсас, бірыңғай нәрселер мен ұғымдардың атауышы болып келетін есімдер

а) жалқы есімдер б) атауыш тұлға г) есім сөздер

ә) жалпы есімдер в) бірыңғай мүшелер

62. Үстеулік мәнді зат есімдерді көрсет.

а) аспан, жер, жұлдыз б) әке, шеше, апа г) мектеп, үй

ә) күлкі, қуаныш, өкініш в) жаз, күз, қыс, көктем

63. Жіктік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді тап.

а) арман, қиял, түс б) тау, орман, дала г) дос, ақыл, ой

ә) өзен, көл, су в) қыз, бала, жігіт

64. Семантикалық жағынан сын есімдер неше топқа бөлінеді?

а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5 г) 6

65. Қатыстық сын есімді сөйлемді көрсет.

а) Үлкен көкшіл көзі мөлдіреп күлімдеп тұр.

ә) Сарғылт мұнай заводты көрсетпейді.

б) Қарабай Құнанбайға аса бір салқын зілмен сөйледі.

в) Көл көкпеңбек болып жалтырап жатыр.

г) Хасен қапсағай, ашаң, сіңір денелі, көселеу, сұр жігіт.

66. Басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін конверсиялық құбылыс

а) субстантивтену б) адвербиалдану г) есімдіктену

ә) адъективтену в) прономиналдану

67. Көнеленген шығыс септігінің жалғануы арқылы сан есімнің қай түрі жасалады?

а) жинақтық ә) реттік б) топтық в) есептік г) бөлшектік

68. Есептік сан есім қандай сұраққа жауап береді?

а) қаншадан? ә) нешінші? б) қаншасы? в) қанша? г) нешеу?

69. Есімдік сөздер мағыналық ерекшеліктері жағынан неше топқа бөлінеді?

а) 7 ә) 8 б) 9 в) 5 г) 6

70. Сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсететін есімдік түрі

а) сұрау ә) өздік б) жіктеу в) сілтеу г) белгісіздік

71. Белгісіздік есімдігімен келген сөйлемді көрсет.

а) Ұялсам да ештеңе дей алмадым.

ә) Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды.

б) Күнікей күйеуінің келуіне түк айтпады.

в) Ақсақалдар жиылып, бір-екі рет бас қосса да, дым бітіре алмады.

г) Қартқожаның ойына әлденелер келді.

72. Қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субъекті арқылы істелетінін білдіретін етіс түрі

а) ортақ етіс ә) өздік етіс б) ырықсыз етіс в) өзгелік етіс г) негізгі етіс

73. Есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалары арқылы шақтың қай түрі жасалады?

а) келер шақ ә) өткен шақ б) осы шақ в) нақ осы шақ г) ауыспалы осы шақ

74. -ғалы, -ғанша, -мастан, -ысымен, -майынша қосымшалары етістіктің қай категориясына тән?

а) көсемше ә) есімше б) қимыл есімі в) етіс г) сипат

75. Жетімсіз қимылды білдіретін етістік түрі

а) ет ә) қыл б) жазда в) де г) бол

76. Бір морфемалы аналитикалық формант қалай белгіленеді?

а) -а сал ә) ø емес б) -п ал в) -п өт г) -ған бол

77. Үстеуге тән белгіні көрсет.

а) тек қана көмекшілік қызметте қолданылады.

ә) алғашқы лексикалық мағынасынан айырылған сөздер.

б) есімдерше көптеледі, септеледі, жіктеледі.

в) тұлғалық жағынан да, мағынасы жағынан да тиянақсыз сөздер.

г) грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер.

78. Идиомаланған тіркестен болған үстеуді тап.

а) бет-бетімен б) қолма-қол г) алдын-ала

ә) бұрын-соңды в) томаға тұйық

79. Қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға үстеудің қай түрі жауап береді?

а) мекен үстеу б) сын-қимыл үстеу г) мөлшер үстеу

ә) мезгіл үстеу в) мақсат үстеу

80. Өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын сөздер.

а) шылау сөздер б) одағай г) үстеу

ә) бейнелеуіш сөздер в) еліктеуіш сөздер

81. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады

а) шылаулар б) қосымшалар г) одағайлар

ә) жалғаулар в) көмекші есімдер

82. Осы қазір он-он бесі Жомарт қарт пен Еламанды ортаға алыпты. Сөйлемде сан есім қай мүшенің қызметін атқарып тұр?

а) бастауыш ә) пысықтауыш б) баяндауыш в) анықтауыш г) толықтауыш

83. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.

а) Ақ көбейді. б) жүйрік-ақ екен г) жаңбыр жауды.

ә) Ойлыға таман жылжу в) сең үстінде кету

84. Қазақ тілінде жинақтық сан есім нешеу?

а) 5 ә) 6 б) 7 в) өте көп г) 30

85. Септік жалғауында тұрған есімше тұлғалы сөзді табыңыз.

а) оқығандар ә) айтатынымды б) көргенсің в) жолығатын г) бергем

86. Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Марат осында қалуды қалады. в) Ол орнынан қозғала қоймады.

ә) Күн ашылса игі еді. г) Қар көп түсті.

б) Омар досына құпия сырды ашты.

87. Көңіл-күй одағайлы сөйлемді тап.

а) – Ойпырмай, өрт болмағай еді! – деген досының сөзін естіді.

ә) – Тәйт! – деп жекіріп алды да, босағаға бір-ақ соқты.

б) – Мыш-мыш, мысығым, көзі қысық мысығым.

в) Тай ежелгі асаулыққа салып тағы мөңкіді.

г) Тек, тантымай сөйле!

88. Әр етістің жұрнағын тап.

1. өздік етіс а) -ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н

2. ырықсыз етіс ә) -дыр, -дір, -тыр, -ғыз, -гіз

3. ортақ етіс б) -ын, -ін, -н

4. өзгелік етіс в) -ыс, -іс, -с

а) 1а, 2в, 3г, 4б б) 1а, 2б, 3в, 4г

ә) 1в, 2а, 3г, 4б в) 1б, 2г, 3а, 4в

89. Етістіктің болымсыз түрін көрсет.

а) бар, кел, оқы, жаз. в) е, ет, де, оқы, жаз.

ә) барма, барған жоқ, келген емес. г) жазда, қылма, болма

б) тұзда, гүлде, ойна, ойла.

90. Сөйлемде анықтауыш қызметін атқаратын сөз қай септікпен келеді?

а) барыс ә) көмектес б) ілік в) шығыс г) жатыс

91. Грамматика нені зерттейді?

а) грамматика лексемаларды зерттейді.

ә) грамматика тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді.

б) грамматика дыбыстарды зерттейді.

в) грамматика жергілікті тілдік ерекшеліктерді зерттейді.

г) грамматика сөздің дұрыс айтылу нормаларын қарастырады.

92. Грамматиканың салаларын көрсет.

а) лексикология, фонетика в) морфология, синтаксис

ә) диалектология, тіл тарихы г) синтаксис, морфонология

б) лексикология, морфология

93. Қазақ тілінде еліктеуіш сөздер қай жылдан бастап сөз табы ретінде саналады?

а) 1970 жылдан бастап тоғызыншы сөз табы ретінде саналады.

ә) еліктеуіш сөз табы ретінде 1980 жылы қосылды.

б) Қазақ тіліне еліктеуіш сөздер 1954 жылы қосылды.

в) 2002 жылдан бері еліктеуіш сөздер оныншы сөз табы ретінде көрсетіліп келеді.

г) ХІХ ғасырдан бастап жеке сөз табы ретінде көрсетіледі.

94. Адамзат атауларын көрсет.

а) көрпе, ыдыс, тамақ в) орман, өзен, тау

ә) әке, әкім, немере г) ғалым, жануар, дос

б) дәрі, егін, өнер

95. Сандылық категориясының жалғауын тап.

а) –мыз, -міз, -быз, -біз в) –ыс, -іс, -с

ә) -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер г) –мын, -мін, -бын, -бін

б) –ңыз, -ңіз, -сыз, -сіз

96. Меншік иесінің көп екендігін білдіретін тәуелдеу түрі:

а) оңаша в) жартылай оңаша

ә) ортақ г) дұрыс жауап жоқ

б) екеуі де

97. Тәуелдеулі зат есімдерге жалғанатын барыс септік жалғауы

а) –а, -е в) –а, -е, -на, -не

ә) –ға, -ге г) –са, -се

б) –қа, -ке

98. Заттың бет жағына, алдыңғы жағына жақын мекенді білдіретін көмекші есім

а) арты в) үсті

ә) асты г) арасы

б) алды

99. Субстантивтенбей тікелей өзінің негізгі мағынасында тұрған сын есімге тіркесетін септеулік шылаулар

а) тәрізді, арқылы в) жайлы, жайында

ә) бойы, жөнінде г) ғана, ғой

б) сияқты, тәрізді

100. Туынды сын есімдерді тап

а) ақ, сары, уайымшыл в) ірі, тік, жылы

ә) балалық, аудандық, үйлі г) арманда, қып-қызыл

б) жақсы, қысқа, таулы

101. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар:

а) –лық, -лік, -ынды, -інді в) –дық, -дік, -тық, -тік, -лы, -лі

ә) –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш г) –са, -се, -ша, -ше

б) –шақ, -шек, -ша, -ше

102. Күшейтпелі шырай бар мысалды /сөйлемді/ тап:

а) Байлауы жоқ шешеннен үндемеген есті артық, бәйге алмаған жүйріктен белі жуан бесті артық /М/.

ә) Сүйкімді менен артық жан табылар /А/.

б) Бұдан артық қараңғы бұрышты қой қорадан ғана табарсың /Мұст/.

в) Жеңеше-ау, көзің тіп-тік сөзің артық.

г) Қазақтардың ежелгі түсінігінде жан-жануарлар киелі болып саналған.

103. Күшейтпелі шырай қатысқан сөйлемді көрсет:

а) Сүйкімді менен артық жан табылар

ә) Үлкен өткір қоңырқай көздері ерекше ажарлы

б) Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай

в) Бұл ат – аттың жүйрігі

г) Шаруаның бір пірі – Жылқышы ата! Тілегенде өзің бер ақтан бата...

104. Сан есімдер іштей мағыналық және морфологиялық өзіндік ерекшелігіне сәйкес неше топқа бөлінеді?

а) 4 в) 6

ә) 3 г) 5

б) 7

105. Дара есептік сан есімдерді тап.

а) он, жиырма, отыз в) мың бір жүз елу

ә) бір, жиырма үш, үш жүз г) он шақты, он мыңдай

б) отыз, қырық төрт

106. -лік қосымшасы жалғанғанда бір сан есімінен қандай сөз табы жасалады?

а) зат есім в) етістік

ә) сын есім г) есімдік

б) сан есім

107. Қандай реттік сан есім алғы, алғашқы, әдепкі, әуелгі деген сөздермен синонимдік мағынада қолданыла алады?

а) екінші в) бесінші

ә) бірінші г) жүз бірінші

б) төртінші

108. -ер қосымшасы қандай сан есімге тән?

а) екі, үш в) бір

ә) бір, төрт г) бес

б) алты

109. Бөлшектік сан есімдер дегеніміз –

а) белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын тәртібі, реттік жүйесін белгілейді ә) сан мөлшерін жинақтап көрсетеді

б) өзара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіреді

в) белгілі бір заттар мен құбылыстардың үлесін, бөлшегін білдіреді

г) сан мөлшерін шамамен көрсетеді.

110. Көптік мағынаны білдіріп тұрған зат есімдерді тап:

а) Тайбурыл, Байшұбар в) құрал-сайман, үйір-үйір, жіп-шуда

ә) дүкен, үй, мұғалім г) халық, адам, бала

б) аю, балықшы

111. Қай септік жалғауы сөзге қосылған кезде грамматикалық тәуелділікті білдіреді?

а) атау в) жатыс

ә) ілік г) шығыс

б) барыс, көмектес

112. Туыстық жақындықты білдіріп тұрған жалғаулы сөзді көрсет.

а) Асқардың кітабы, жолдасымның үйі

ә) Мұнайдың қалдығы, тұздың ерітіндісі

б) Кітаптың мұқабасы, адамның келбеті

в) Досымның әйелі, егіздің сыңары

г) Айнұрдың анасы, бөлменің іші

113. Тәуелдік жалғаулы зат есімнен кейін жалғанатын табыс септік жалғауы:

а) –ны, -ні в) –ты, -ті

ә) –ды, -ді г) –нда, -нде

б) -н

114. Қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқан орнын, мекенін білдіретін жатыс септігіндегі зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

а) қайда? неде? в) қашан?

ә) қашан? қай уақытта? г) кімге?

б) қайда?

115. Есімшенің жұрнағын табыңыз?

а) –ушы; -уші; в) –ыл; -іл; -л;

ә) –ғалы; -гелі; г) –қой, -ғой

б) –лан; лен;

116. Қандай жалғаулар жалғанғанда сын есім заттанып, субстантивтеніп кетеді?

а) тәуелдік в) тәуелдік, септік, көптік

ә) септік г) жіктік, тәуелдік

б) көптік

117. Етістіктену термині қалай аталады?

а) вербиалдану в) адъективтену

ә) адвербиалдану г) субстантивтену

б) инфинитив

118. Негізгі сын есімдерді тап:

а) балалық, жазғы в) ақ, көк, сұр, биік

ә) үйлі, сұр, биік г) қалалық, сулы

б) аудандық, жақсы, таулы

119. Болымсыздық категориясы синтаксистік - аналитикалық тәсіл арқылы қалай жасалады?

а) жоқ сөзі в) –ма жұрнағы

ә) –сыз жұрнағы г) шылаулар арқылы

б) –сіз жұрнағы

120. Зат есімдердің бірігуі арқылы жасалған сын есімдерді көрсет:

а) көкжал, сарыбуын в) ашкөз, ашқарақ, ақкөңіл

ә) қырыпсал, алыпқаш г) бүгін, қарлығаш

б) безбүйрек, тасбауыр

121. Негізгі сапалық сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер:

а) көк ала, ақ сары, қара ала в) жақсы-жақсы, ескі-жаңа

ә) қара қасты, көк көйлекті г) аппақ, қап-қара

б) ат жақты, қой көзді

122. Қызыл жүзді, жирен сақалды, орта бойлы. Қандай жолмен жасалған сын есімдер?

а) негізгі сапалық сындардың тіркесуі арқылы

ә) басқа сөз таптары мен сын есімдердің тіркесуі арқылы

б) негізгі сындар мен туынды сындардың тіркесуі арқылы

в) қайталама қос сөздер арқылы

г) туынды сын есімдердің тіркесуі арқылы

123. Сын есімнің -ілдір формасы мынадай сөзге қосылады:

а) қызыл в) мөлдір

ә) ал г) жасыл

б) көк

124. “Сары” сын есіміне ғана жалғанатын бәсең шырай формасы:

а) –ғылт, -ғылтым в) –қай, -ай

ә) –лау, -леу, -дау, -деу г) –ғой, -қой

б) -ғыш

125. Бір сан есімінің мағынасынан алшақтап, шылау сөзге ауысқан түрін көрсет

а) Орғыды бір бүгіліп, бір жазылып, Құлашын қарыштауға жолын болжап

ә) Түсті көзі бір мезгілде, бір сұлу жан көркіне

б) Бірі баптап бағып, күтіп, Бірі тасып су себеді

в) Сен бір артық көркемсің, Биік асқар шың-құздан

г) бір нүктеде тоғысқан сегіз сызық

126. Бір сан есіміне –ік, -лес қосымшалары жалғанғанда … жасалады.

а) зат есім в) сын есім

ә) үстеу г) шылау

б) етістік

127. Бір сөзіне қандай сөздерді қосу арқылы есімдік сөздер жасалады?

а) қалыпты, ыңғай, тұтас в) неше, деме, деңе, неңе

ә) аз, алуан, жолата, қатар г) жан, гүл, көк

б) өңкей, сыдырғы, түрлі

128. Екінші реттік сан есіміне –лей қосымшасы жалғанғанда … болады.

а) зат есім в) үстеу

ә) сын есім г) одағай

б) етістік

129. Топтық сан есімнің –дан, -ден қосымшасы қосарлана қолданылған сан есімдерге қалай жалғанады?

а) бірінші компонентіне в) екеуіне де жалғанбайды

ә) соңғы компонентіне г) жауабы жоқ

б) алғашқы және соңғы компонентіне

130. Астам, жуық, қаралы, тарта сөздерінің тіркесуі арқылы қолданылатын сан есімдер:

а) бөлшектік в) топтық

ә) болжалдық г) есептік

б) жинақтық

131. Жарым, жарты, ширек сияқты сандық ұғымда қолданылатын сөздер арқылы беріледі:

а) топтық в) реттік

ә) бөлшектік г) болжалдық

б) жинақтық

132. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар:

а) –м, -ым, -ім в) –ыс, -іс, -с

ә) –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе г) –са, -се

б) –шақ, -шек, -ша, -ше

133. Сын есім тура мағынасында қолданылса … болады.

а) пысықтауыш, толықтауыш в) толықтауыш

ә) анықтауыш, бастауыш г) бастауыш

б) анықтауыш

134. Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтарды көрсет:

а) –лы, -лі, -сыз, -сіз в) –ғылықты, -гілікті

ә) –қыш, -кіш, -ғыш, -гіш г) –ғанша, -генше

б) –шақ, -шек

135. Салыстырмалы шырайдың жасалу жолына жатпайды

а) –ша, -ше в) жап-жақсы, қып-қызыл

ә) –шыл, -шіл г) -ілдір

б) -ғылт, -гілт

136. Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар:

а) –ақай, -екей в) –кер, -гер

ә) –кеш, -паз, -қой, -хана, -стан г) –да, -де, -та, -те

б) -ым, -ім, -м

137. Қайталану арқылы жасалған көмекші есімдер … айналады

а) зат есімге в) сын есімге

ә) етістікке г) есімдікке

б) үстеуге

138. Қимыл-әрекеттің бағдарын, барып тірелер жерін көрсететін септік жалғау:

а) атау б) барыс г) шығыс

ә) ілік в) табыс

139. Зат есімнің ең негізгі, ең басты қызметі … болуға лайықты

а) анықтауыш в) пысықтауыш

ә) баяндауыш, бастауыш г) анықтауыш, толықтауыш

б) бастауыш, толықтауыш

140. Қысқарған сөзді басқаша қалай атауға болады?

а) аббревиатура в) адвербиалдану

ә) вербиалдану г) конверсия

б) идиомалық

141. Конверсия түрін көрсет

а) қосарлану в) префикс

ә) субстантивтену, қосарлану г) суффикс

б) субстантивтену, адъективтену

142. Қай септік қосымшасы үндестік заңына бағынбайды?

а) көмектес б) атау г) барыс

ә) ілік в) жатыс

143. Берілген есімдіктердің қайсысы зат есім орнына жүреді?

а) ешқашан в) қайда

ә) әлдекім г) бұл

б) мына

144. Модаль сөзді табыңыз?

а) мүмкін в) ал

ә) әлде г) себебі

б) енді

145. Тәуелденіп барып септеліп тұрған есімдікті анықта.

а) өзімнің, өзіме в) қайсымыз, нешеуі

ә) кіммін, кімсіңдер г) әлдебіреуге, біреуіміз

б) өзімізбен, өздері

146. “Дәнеме” қандай есімдік?

а) белгісіздік в) сілтеу

ә) болымсыздық г) сұрау

б) жалпылау

147. Н.Сауранбаев … зерттеген

а) есімше в) шылау

ә) көсемше г) одағай

б) етіс

148. “Қазақ тіліндегі есім сөз таптары” атты еңбектің авторы.

а) А.Ысқақов в) Ә.Төлеуов

ә) С.Исаев г) Н.Оралбаева

б) А.Хасенова

149. Еліктеуіш сөздерді дербес сөз табы деп дәлелдеген ғалым

а) А.Ысқақов в) А.Байтұрсынов

ә) Ә.Төлеуов г) А.Хасенов

б) Н.Оралбаева

150. «Табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет-қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне-көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді ........... деп атаймыз.»

а) бейнелеуіш сөздер в) көмекші есімдер

ә) еліктеуіш сөздер г) шылау

б) одағай сөздер

151. Шылау сөздерге тән белгіні көрсет.

а) толық лексикалық мағынасы болмайды;

ә) субстантивтеніп, есім формаларында жұмсалуы мүмкін;

б) басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалады;

в) сөйлем ішінде пысықтауыш қызметін атқарады;

г) адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатында қолданылады.

152. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулар бойынша ғылыми еңбек жазған ғалым

а) Ы.Шақаман в) Г.Шаһарман

ә) Ш.Сарыбаев г) А.Омарова

б) Б.Таңсықбаева

153. Әдейі, жорта, қасақана деген сөздер үстеудің қай түріне жатады?

а) мақсат үстеуі в) күшейтпелі үстеу

ә) мезгіл үстеуі г) сын-қимыл үстеуі

б) мекен үстеу

154. Үстеудің негізгі грамматикалық белгісі

а) арнайы түрлену жүйесі мен грамматикалық категориялары жоқ;

ә) басқа сөз таптарынан жасалмайды;

б) сөйлем ішінде белгілі бір сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды;

в) сөз бен сөзді байланыстырады;

г) барлық үстеулер көптеледі, септеледі, тәуелденеді.

155. Төменнен негізгі үстеулерді тап:

а) біраз, ерекше, жылдам, үнемі;

ә) бекерге, бірге, кешке, мұнда;

б) биыл, бүгін, бірге, күнде;

в) текке, баяғыда, қапыда, лезде;

г) шалқасынан, етпетінен, қырынан, кенеттен..

156. –ғары, -гері, -қары, -кері жұрнақтарының жалғануы арқылы үстеудің қай түрі жасалады?

а) мекен үстеу в) күшейтпелі үстеу

ә) мезгіл үстеуі г) сын-қимыл үстеуі

б) мақсат үстеуі

157. Күшейтпелі үстеулерге тән белгі

а) тек негізгі түбір болып келеді;

ә) басқа сөз таптарына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады;

б) сөздердің бірігуі арқылы жасалады;

в) сөздердің қосарлануы арқылы жасалады;

г) сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.

158. Сөйлем ішінде негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз табы

а) үстеу в) есімдік

ә) зат есім г) етістік

б) сын есім

159. Шақ категориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

а) 3 ә) 4 б) 5 в) 6 г) 7

160. Қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы шақтың қай түрі жасалады?

а) нақ осы шақ в) келер шақ

ә) өткен шақ г) жедел өткен шақ

б) ауыспалы өткен шақ

161. Райдың қай түрі ғылыми әдебиеттерде индикатив терминімен беріледі?

а) ашық рай в) қалау рай

ә) неғайбіл райлар г) шартты рай

б) бұйрық рай

162. Бұйрық райдағы етістіктердің құрамында бұйрық мағынасын білдіретін арнайы көрсеткіштер бар ма?

а) жоқ ә) бар б) –у в) –ма, -ме г) өзіндік жүйесі бар

163. Қалау рай жасайтын көрсеткіштерді көрсет

а) –ғай, -гей в) –айын, -ейін

ә) –са, -се г) –сын, -сін

б) –а көр, -ушы болма

164. Императив термині нені білдіреді?

а) бұйрық рай в) шартты рай

ә) ашық рай г) неғайбіл райлар

б) қалау рай

165. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары есімшенің қай түрін жасайды?

а) мақсат мәнді есімше в) белгісіз мәнді есімше

ә) өткен шақ есімше г) болжалды келер шақ есімше

б) келер шақ есімше

166. Есімшелердің етістікке жақын белгісін көрсет

а) сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі;

ә) көптеледі, септеледі, тәуелденеді;

б) сөйлемде «қандай?» деген сұраққа жауап береді;

в) қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстайды;

г) сын есім сияқты заттың белгісін білдіреді.

167. Көсемшенің үстеуден айырмашылығын көрсет.

а) көсемшенің жұрнақтары тек етістікпен ғана қолданылады;

ә) көсемше сөйлем ішінде пысықтауыш қызметін атқарады;

б) сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын, тәсілін білдіреді;

в) қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстайды;

г) басқа сөз таптарынан жасалады.

168. Ғалым А.Ысқақов қай жұрнақты –ғанша жұрнағының болымсыз түрі деп таниды?

а) –майынша, -мейінше в) –ғалы, -гелі, -қалы, -келі

ә) –ып, -іп, -п г) –атын, -етін, -йтын

б) –а, -е, -й

169. Тілде етістіктің болымдылық категориясы қандай жұрнақ арқылы беріледі?

а) нөлдік жұрнақ в) ø емес

ә) –ма, -ме, -ба, -бе г) ø жоқ

б) құранды жұрнақтар арқылы

170. Тілімізде қимыл неше тәсіл арқылы жасалады?

а) 8 ә) 9 б) 10 в) 7 г) 5

171. Қимылдың даму сатысы (фазасы) дегеніміз не?

а) қимылдың басталуынан аяқталуына дейінгі қалып;

ә) қимылдың басталу мерзімі;

б) қимылдың тек аяқталу мерзімі;

в) қимыл жасалып жатқан мезгіл;

г) қимылдың басталмай тұрған қал

172. Қосымшалары бірінің үстіне екіншісі жалғана беретін етістіктің категориясын көрсет.

а) етіс в) рай

ә) есімше г) аналитикалық форманттар

б) көсемше

173. Салт етістікті сабақты етістікке, сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын етістіктің категориясы

а) етіс в) есімше

ә) тұйық етістік г) көсемше

б) рай

174. Өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсастығын көрсет

а) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады;

ә) екеуінің білдіретін мағынасы бірдей;

б) екеуінде де іс иесі бастауыш болады;

в) екеуінде де грамматикалық бастауыш логикалық объект болады;

г) екеуі де қимылдың иесін білдіреді.

175. Жетекші етістік пен көмекші етістік тіркесінде қайсысы үнемі бірінші тұрады?

а) жетекші етістік в) туынды етістік

ә) көмекші етістік г) түбір етістік

б) негізгі етістік

176. Күрделенген аналитикалық формантқа тән белгі

а) күрделенген аналитикалық формант бір мағына береді;

ә) аналитикалық формант құрамында әрқайсысы әр түрлі мағына береді;

б) құрамындағы морфемалардың орны тұрақсыз;

в) тек қана есім сөздермен қолданылады;

г) құрамындағы морфемалардың арасына бөтен морфема қосыла алады

177. Қимылдың жасалуы ұзаққа созылуын, жалғасуын, қайталануын білдіретін аналитикалық формантты көрсет.

а) –е бер, -е түс; в) –ғалы отыр, -гелі жүр;

ә) –п кеп жібер, -п кеп қал; г) –а тұр.

б) –а сала, -салып

178. –п бақ форманты қандай мағынаны білдіреді?

а) қимылдың ерекше ынтамен жасалуын білдіреді;

ә) жеткіліксіз қимылды білдіреді;

б) қимылдың жасалуына шек қоюды білдіреді;

в) қимылдың асығыс жасалуын білдіреді;

г) қимылдың жасалуға дайын тұрғанын білдіреді.

179. Бір қимылдың соңынан ілесе екінші қимылдың жасалуын білдіретін формант

а) –а сала, -салып; в) –п қал;

ә) –е бер, -е түс; г) –а тұр.

б) –а сала, -салып

180. Аналитикалық форманттар құрамының түрлі болуына байланысты нешеге бөлінеді?

а) 2 ә) 3 б) 5 в) 8 г) 10

181. Қазақ тіл білімінде аналитикалық форманттар туралы іргелі зерттеу еңбегін жазып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шыққан ғалым

а) Н.Оралбаева в) А.Хасенов

ә) А.Ысқақов г) А.Байтұрсынов

б) Ә.Төлеуов

182. Қазақ тіліндегі ең күрделі сөз табы

а) етістік в) есімдік

ә) үстеу г) сан есім

б) зат есім

183. Болымды мағыналарға қарама-қарсы мағынада қолданылатын есімдік түрі

а) болымсыздық есімдік в) сұрау есімдігі

ә) белгісіздік есімдік г) сілтеу есімдігі

б) өздік есімдігі

184. Сұрау есімдіктері сөйлем ішінде қай мүшенің қызметін атқарады?

а) барлығының в) анықтауыштың

ә) тек бастауыштың г) толықтауыштың

б) тек баяндауыштың

185. Жалпылау есімдіктеріне жіктік жалғаулары жалғана ма?

а) жалғанбайды в) санаулысына ғана жалғанады

ә) жалғанады г) екеуі не ғана жалғанады

б) бәріне бірдей жалғанады

186. Семантикалық жағынан сан есімге жақын сөздерді көрсет

а) қадақ, пұт, келі, адым в) бала, қария, кәрі

ә) шал, қарт, қария г) былтыр, биыл, кеше

б) үлкен, кіші, аз

187. Сан есімнің қай түрі бірлік, ондық, жүздік деп бөлінеді?

а) есептік сан есім в) жинақтық сан есім

ә) бөлшектік сан есім г) болжалдық сан есім

б) реттік сан есім

188. Сан есімдер тікелей етістік алдында келіп, ............... қызметін атқарады

а) пысықтауыш в) баяндауыш

ә) бастауыш г) толықтауыш

б) анықтауыш

189. «Қазақ грамматикасында» шырайдың неше түрі көрсетілген?

а) 2 ә) 8 б) 4 в) 5 г) 3

190. Ғ.Мұсабаев өзінің еңбегінде шырайдың неше түрін көрсетеді?

а) 5 ә) 4 б) 3 в) 2 г) 6

191. Адъективтенген қимыл есімдерін көрсет

а) ұшқыр, тапқыр, өткір в) жас, жақсы, үлкен

ә) оқыған, білгіш, ұшқалақ г) армансыз, сусыз

б) жамау, асқақ, көк

192. Жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай деп төртке бөліп көрсетуші ғалым

а) А.Ысқақов в) І.Кеңесбаев

ә) Ғ.Мұсабаев г) Ә.Төлеуов

б) Ж.Шәкенов

193. Қазіргі қазақ тіліндегі сапалық сын есімдерді зерттеуші жас ғалым

а) Ә.Ақкөзов в) Г.Сыздықова

ә) М.Есматова г) Қ.Қалыбаева

б) С.Кенбаева

194. Бүгінгі күні ғалымдар оныншы сөз табы ретінде нені көрсетіп жүр?

а) модаль сөздер в) атауыш сөздер

ә) көмекші сөздер г) есімше

б) көмекші есімдер