- •1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні бойынша бағдарлама
- •1.1. Оқытушы туралы мәлімет
- •2. Пән туралы мәлімет
- •3. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» курсы бойынша жұмыс бағдарламасы
- •4. Негізгі әдебиеттер:
- •4.1 Қосымша әдебиеттер:
- •5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •6. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •8.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
- •7. Пән бойынша электронды оқулықтар тізімі:
- •Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •1. Қарастырылатын мәселелер:
- •10. Студенттің өздік жұмысына (сөж) арналған материалдар
- •11. Реферат тақырыптары:
- •12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық талаптар
- •1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі
- •4. «Қорытынды»
- •13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар, сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен алады.
- •14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта, телеконференции(форум), чат)
- •Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта
- •16. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.Б.)
11. Реферат тақырыптары:
Қазақ тілі грамматикасының зерттелу тарихы
Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікірлер.
Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі.
Б.Майлин әңгімелеріндегі жалпы есімдер және олардың ішкі мағыналық топтары.
«Тіл және қоғам» тақырыбында шағын мәтін құрастырып, ішінен зат есімнің түрлену жүйесін айқындау
Ж.Молдағалиев өлеңдеріндегі тәуелдік жалғаудың грамматикалық қызметі
Құрамында сан есім бар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы мен қолданылуы.
Грамматиканың лексикологияның фонетика, стилистикамен байланысы.
Шырай категориясының зерттелуі, ғалымдар көзқарастары, талас пікірлер.
С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы есімдіктердің қолданысына, мағыналық топтарына, түрленуіне талдау.
Қазақ тіліндегі аналитикалық форманттардың зерттелу жайы – реферат әзірлеу.
Қазақ тіл білімінде етіс категориясының зерттелу жайы
Қимылдың өту сипаты категориясы
Есімше, көсемшелердің сөйлемдегі қызметі.
Шартты райдың мағынасы.
Рай категориясының етістіктің категорияларына ара қатысы.
Жіктік жалғауы және жақ категориясы
Үстеудің зерттелу тарихынан. Адвербиалдану және көнелеу тәсілдерінің қазақ тіліндегі үстеулердегі көрінісі.
Шылаулар емлесі
Түрік изафеті және оның ерекшелігі.
Нөльдік форманың зерттелуі, ерекшелігі
Болымды – болымсыздық категориясы туралы түсінік, сөз таптарындлағы көрінісі мен олардың ерекшелігі.
Етістіктің шақ категориясын классификациялау мәселесі
12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық талаптар
1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі
Жұмыс көлемі – 20 беттен кем емес. Параметрлері: шрифт TNR, 12 кегль, полуторный интервал, сілтемелер бет бойынша, нумерация бет соңында ортасында.
Әдебиеттер тізімі – жұмыс соңында. Құрылымдық компоненттері: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі
2. «Кіріспе»
«Кіріспе» бақылау жұмысының жалпы сипаттамасын, көтеретін мәселелерді, мақсаттары мен міндеттерін қамту керек (көлемі – 0,5 – 1,5 бет). Бұл бөлімде жұмыстың жаңалығы, өзектілігі, негізгі бөлімде айтылатын ойдың ұшығы, қарастырылатын мәселелер, негізгі сүйенген әдебиеттер туралы мағлұматтар қарастырылу керек.
3. Негізгі бөлім
Негізгі бөлімде кіріспеде берілген мақсаттар мен міндеттер орындалу тиіс
4. «Қорытынды»
Қорытынды жұмыста жалпы жұмысқа баға беріледі, негізгі бөлімдегі ой қорытындыланады. Қорытынды көлемі 0,5 – 1 бет.
13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар, сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен алады.
http://www.rmeb.kr
http://www.iis.ru/el-bib
www. sdu.edu.kz
www. studentochka.kz
www.kazakh.ru
14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта, телеконференции(форум), чат)
ramanova2008@mail.ru
platon.wksu.kz
www.wksu.kz
Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта
1-7 аптадағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:
1.8.1. 1-7 аптада өткен материалдар бойынша сұрақтар:
Грамматиканың екі саласы - морфология, синтаксис туралы не білесіз?
Грамматика нені зерттейді?
Қазақ тілі грамматикасының бірліктері.
Қазақ тілі грамматикасының зерттелуі.
Тілдегі сөздер сөйлемде қалай қолданылады?
Грамматиканың міндеттілік, қарама-қарсылық белгілері не?
Грамматикалық мағына және лексикалық мағына, айырмасы, байланысы.
Грамматикалық форма және грамматикалық мағына деген не?
Грамматиканың лексикология, фонетика, стилистикамен байланысы.
Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатынасы..
Лексика-семантикалық тәсіл; Морфологиялық не синтетикалық тәсіл; Синтаксистік не аналитикалық тәсіл.
Сөздің морфологиялық құрылымы.
Жұрнақ, жалғау түрлері
Нөлдік жалғау түрлі категорияға қатысты ма?
Нөлдік форманы зерттеген ғалымдар.
Көптік жалғаулар, ерекшелігі.
Сөз таптары туралы түсінік.
Сөзді таптастыру принцптері..
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары.
Түрік изафеті және оның ерекшелігі.
Қазақ тіліндегі жақ категориясы
Жіктік жалғауларының ерекшелігі.
Нөльдік форманың зерттелуі, ерекшелігі
24. Зат есімнің категориялары және ерекшеліктері (Септік категориясы оның ерекшелігі; Тәуелдік және көптік категориялары).
25. Зат есімнің жіктелуі.
26. Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшелігі.
27. Сын есімнің ерекшелігі, түрлері.
28. Сын есімнің семантикалық сипаты.
29. Сын есімнің құрылымдық түрлері.
30. Зат есімнің синтаксистік қызметі.
31. Сын есімнің синтаксистік қызметі.
32. Сын есімнің шырай категориясы.
1.8.284 8-15 аптадағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:
1. Сан есімнің түрлері, ерекшеліктері.
2. Есімдік, лексика-грамматикалық сипаты.
3. Есімдік, прономиалдану процесі
4. Есімдіктерің синтаксистік қызметі.
5. Есімдіктің түрлері, айырмашылықтары.
6. Етістік сипаты.
7. Етістіктің есім сөздерден айырмашылығы.
8. Етістіктің морфологиялық сипаты.
9. Етістіктің категорияларына жалпы сипаттама, түрлері мен ерекшеліктері.
10. Болымды – болымсыздық категориясы туралы түсінік, сөз таптарындлағы көрінісі мен олардың ерекшелігі.
11. Салт – сабақтылық категориясы оның етіс категориясына қатысы.
12. Етіс категориясы туралы түсінік.
13. Етістіктің етіс категориясының салт сабақтылық категориясына қатысы.
14. Есімшенің түрлері мен тұлғалары.
15. Көсемшенің түрлері мен тұлғалары.
16. Есімше мен көсемшенің айырым белгілері.
17. Рай категориясы туралы түсінік.
18. Рай категориясының етістіктің категорияларына ара қатысы.
19. Етістіктің каузатив формасы.
20. Шақ категориясы.
21. Етістіктің шақ категориясын классификациялау мәселесі.
22. Үстеу, түрлері, сипаты.
23. Үстеулердің қалыптасу тарихынан не білесіз?
24. Еліктеу сөздер, түрлері.
25. Еліктеу сөздердің семантикалық, морфологиялық, фонетикалық сипаты.
26. Еліктеу сөздердің түрлері, олардың ерекшелігі.
27. Одағай, сөйлемдегі алатын орны.
28. Одағайлардың лексика–грамматикалық ерекшеліктері.
29. Шылаулар және олардың түрлері.
30. Модаль сөздер.
