- •1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні бойынша бағдарлама
- •1.1. Оқытушы туралы мәлімет
- •2. Пән туралы мәлімет
- •3. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» курсы бойынша жұмыс бағдарламасы
- •4. Негізгі әдебиеттер:
- •4.1 Қосымша әдебиеттер:
- •5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •6. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •8.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
- •7. Пән бойынша электронды оқулықтар тізімі:
- •Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •1. Қарастырылатын мәселелер:
- •10. Студенттің өздік жұмысына (сөж) арналған материалдар
- •11. Реферат тақырыптары:
- •12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық талаптар
- •1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі
- •4. «Қорытынды»
- •13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар, сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен алады.
- •14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта, телеконференции(форум), чат)
- •Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта
- •16. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.Б.)
10. Студенттің өздік жұмысына (сөж) арналған материалдар
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының тақырыптары 1.4 бөлімінде көрсетілген. Аталған жұмыстарды студенттер қосымша әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет жүйесі бойынша орындауларына болады. СӨЖ-ге берілген тақырыптарды студенттер реферат, баяндама немесе ауызша талдаулар арқылы да орындауға болады.
Студенттің өзіндік жұмысына мыналар кіреді:
өткен материалдарын қайталау, берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу.
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу.
Үй тапсырмаларын орындау.
Семестрлік тапсырмаларды орындау.
Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдісі:
дәріс материалдарын дер кезінде талдап отыру.
Тақырыпты толық меңгергенге шейін студенттермен жұмыс істеу.
Конспектімен жұмыс істей отырып, әдебиеттерге сілтеме жасау, қосымша мәліметтерді енгізу.
Егер түсініксіз сұрақтар болатын болса, келесі дәрісте міндетті түрде талқылау.
СОӨЖ тақырыптары:
1-апта: 1) Қазақ тілі грамматикасының зерттелу тарихы
2) Морфология саласын зерттеуші ғалымдар және олардың еңбектеріне шолу.
2-апта: 1) Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікірлер
2) Атауыш, көмекші, одағай сөздерге көркем шығармадан 15-15-тен мысал табу, оның ерекшелігін түсіндіру
3-апта: 1) Зат есімнің лексика–грамматикалық топтарына мысал жинақтап, талдау.
2) Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі
4-апта: 1) Сөздің тәуелдік, көптік, септік, жіктік жалғауларымен түрленуіне 3-3-тен мысал келтіру.
2) «Тіл және қоғам» тақырыбында шағын мәтін құрастырып, ішінен зат есімнің түрлену жүйесін айқындау.
5-апта: 1) Күрделі сын есімдерге мысал теріп, оларды сипаттау.
2) Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы сын есімдерді жинақтау, мағыналық ерекшелігін, морфологиялық құрылымын, шырай түрлерін анықтау.
6-апта: 1). Сан есімнің жіктелуі, олардың ерекшеліктері. Мысалдармен дәлелдеу.
7-апта: 1). Есімдіктердің емлесі. Анықтағыш, орфографмялық сөздікпен жұмыс.
2). Есімдік қатынасқан 3 мақал-мәтелді жинақтап, синтаксистік талдау жасаңыз.
8-апта: 1). Қалып етістіктер. Етістіктің есімдерден айырмашылығы. Сұрақтар қою.
9-апта: 1). Көркем шығармалардан етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылу ерекшелігіне 15 мысал жазып келу.
10-апта: 1). С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы болымды-болымсыз етістіктер қолданысына, мағыналық топтарына, түрленуіне талдау.
11-апта: 1). Абайдың бір қара сөзін ала отырып, ішінен етістіктің түрлерін тауып анықтаңыздар, сипаттама беріңіздер. Есімше мен көсемшенің айырым белгілерін көрсетіңіздер.
12-апта: 1). Ғ.Мүсіреповтің „Ұлпан” повесінен етістіктерді (50) сұрыптап алып, морфологиялық талдау жасау.
13-апта: 1). 3 мақал-мәтелді жинақтап, синтаксистік талдау жасау арқылы шақ, жақ категорияларына сипаттама беру.
14-апта: 1). Үстеуді сөздіктен жинақтап мағыналық топтарына байланысты картотека жасау.
15-апта: 1). Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарымен тіркесу қабілеті. Мысал келтіріңіз.
2). Шылауларды омоним қосымшалармен салыстырып, айырмасын түсіндіріңіз
СӨЖ тақырыптары:
1-апта: Көркем шығармадан 20 сөйлем теріп жазып, ондағы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағынасын ажыратыңыз.
2-апта: А.Байтұрсыновтың сөз таптарын бөлуі, әр сөз табына берген анықтамасы, оларды таптастыруда ұстанған принциптері.
3-апта: Б.Майлин әңгімелеріндегі жалпы есімдер және олардың ішкі мағыналық топтары.
4-апта: 1) Ж.Молдағалиев өлеңдеріндегі тәуелдік жалғаудың грамматикалық қызметі; Ілік септіктің қосымшасыз формаларында келген сөздердің грамматикалық мағыналары; Көптік мағынаның берілу жолдары.
2) Зат есімнің түрлену жүйесіне байланысты сызба дайындау.
5-апта: 1) Сын есімнің заттануы. 5 мысал келтіру.
2) Сын есімнің синтаксистік қызметіне байланысты көркем әдебиеттен 10 сөйлем теріп жазу.
6-апта: 1). Құрамында сан есім бар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы мен қолданылуы.
2). «Киелі сандар» туралы не білесіз?
7-апта: 1). С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы есімдіктердің қолданысына, мағыналық топтарына, түрленуіне талдау.
8-апта: 1). Қазақ тіліндегі аналитикалық форманттардың зерттелу жайы – реферат әзірлеу.
9-апта: 1). Қазақ тіл білімінде етіс категориясының зерттелу жайы – реферат әзірлеу.
10-апта: 1). Қимылдың өту сипаты категориясы – реферат.
11-апта: 1). Есімше, көсемшелердің сөйлемдегі қызметі.
12-апта: 1). Шартты райдың мағынасы.
13-апта: 1). Жіктік жалғауы және жақ категориясы.
14-апта: 1). Үстеудің зерттелу тарихынан. Адвербиалдану және көнелеу тәсілдерінің қазақ тіліндегі үстеулердегі көрінісі.
15-апта: 1). Синтетикалық тәсілмен жасалған еліктеу сөздерді сөздіктерден жинақтап, классификация жасау.
2). Шылаулар емлесі туралы конспект жасау.
