- •1. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәні бойынша бағдарлама
- •1.1. Оқытушы туралы мәлімет
- •2. Пән туралы мәлімет
- •3. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» курсы бойынша жұмыс бағдарламасы
- •4. Негізгі әдебиеттер:
- •4.1 Қосымша әдебиеттер:
- •5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •6. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •8.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары
- •7. Пән бойынша электронды оқулықтар тізімі:
- •Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •1. Қарастырылатын мәселелер:
- •10. Студенттің өздік жұмысына (сөж) арналған материалдар
- •11. Реферат тақырыптары:
- •12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық талаптар
- •1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі
- •4. «Қорытынды»
- •13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар, сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен алады.
- •14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта, телеконференции(форум), чат)
- •Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта
- •16. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.Б.)
Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1. Семинарлық сабақтың басты мақсаты студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және тәжірибе жүзінде қолдана білуді қалыптастыру.
1.1 Ұйымдастыру талаптары:
семинарлық сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестігі.
семинарлық сабақтардың дәріс сабақтарына байланысын білдіретін құжаттардың болуы.
семинарлық сабақтарды қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.
семинарлық сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.
семинарлық сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.
1.2 Семинарлық сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:
семнарлық сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.
пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.
сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.
тапсырмаларды қрындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.
1.3 Әдістемелік талаптар:
дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету; сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.
Семинар №1.
Тақырыбы: Грамматика және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар.
Қарастырылатын мәселелер:
Тілдің грамматика саласы туралы түсінік.
Негізгі грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория.
Негіздемесі: Грамматика сөздің сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім. Грамматиканың салалары: морфология және синтаксис. Негізгі грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория.
Әдебиеттер:
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992.
Омарова С. Тілдік категория ұғымының сипаттамасы // Қазақ тілі м. әд., № 12, 2004, 86-92-б.б.
Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007.
Бақылау сұрақтары:
Грамматика нені зерттейді?
Тілдің морфология саласы нені қарастырады?
Морфологияның синтаксиспен байланысы қай тұста көрінеді?
1-жаттығу. Мәтіндегі сөздердің қандай категорияда қолданылып тұрғанын, ол категорияның морфемасын көрсетіңіздер.
Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен... Егер кісі орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінген пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойыны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен (Абай).
2-жаттығу. Төмендегі сөздердің қай категорияға қатысты екенін анықтап, ол категорияның морфемасын көрсетіңіздер.
Тосын хат...
Бір үйде тұрып бір жерде оқитын үш студенттің екеуі почтадан шығып базарға бет алды. Базар жолда еді. Почтаға барған сайын оны бір сүзіп өту бес парыздың біріндей. Өйткені, қол бос. Қамсыз шақ.
Астанадан аулақ, темір жолдан да қашық, абыр-жұбыры кем самарқау қала. У-шудан құлаққа ұрған танадай десе боларлық. Күні ұзақ. Түні жалпақ.
Оқта-текте кездесетін төтенше уақиға да жоқтың қасы. Жер аударылып келген Троцкийдің дүбірі де саябыр тартқан кез. Жаңалықтың бастысы ауылдан келетін хат қана (Х.Есенжанов).
3-жаттығу. Мәтіндегі сөздердің грамматикалық формасын жасаушы морфемалар қай сөз табының көрсеткіші екенін, қандай грамматикалық мағына беретінін түсіндіріңіздер.
Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып, тұрғызып еді.
Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде таныс Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс құдықтардың тұс-тұсына келгенде, бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады.
Күз келді. Үш күннен бері сілбілеген ақ жауын айықпай тұр. Жайлаудан қайтып, Шыңғыс асып, қыстау-қыстау үстінде аз ғана аял етіп, пішен шапқызып болған ел енді күзекке келе жатқан. Жидебай, Мұсақұл, Қарауыл, Шүйгінсу сияқты пішені шабылып алынған қорықтарда жиі қонып отырған ауылдар көп. Шыңғыстың ұлан ұзақ, мол қыстаулы бөліктерімен Қыдыр, Қызылшоқы, Борлы сияқты балаң таулары да, адыр қатпарлары да, ауыл-ауылға толы еді (М.Әуезов).
4-жаттығу. Төмендегі сөздерге түрлі грамматикалық көрсеткіштерді үстеп, түрлендіріңіздер.
Ана, бала, үй, жер, өмір, сыр, ел, су, шаш, жол, киім, сөз, ажар, кітап, жұлдыз, домбыра, қала, балалық, қонақ, айна, тау.
Оқы, көр, сұра, айт, қайт, жаз, сал, біл, бол, жаса, сыз, бер, ал, қой, тап, сат, көш, кет, кел, тыңда, жи, шеш, қал.
Мен, сіз, ол, қай? мынау, ешкім, ана, неше, біз, сен, әркім, осы, сол, қайсы?
Биік, жақсы, адал, кеше, қырық, жұз, үш, қызыл.
5-жаттығу. Бір форманың бірнеше мағына беретін түрлерін теріп жазып, төмендегі үлгі бойынша көрсетіңіздер.
тәуелділік ілік септік
Ү
лгі:
халқ+ы 3-жақ +ның
Жекеше
Ұлың өсе, ұлықтымен ауыл бол, Қызың өссе, қылықтымен ауыл бол. Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, Шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені. Ата-ананың ақылы – сайрап жатқан жолмен тең, Ақылдының ақылы – сарқылмайтын көлмен тең. Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол. Жақсы адам – елдің ырысы, Жақсы жер – жанның тынысы (Мақалдар).
Семинар №2
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары
