Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
электрэнер ЭЕМ колану лекция тезистер.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Лекция 2 Фрагменттің жұмыс терезесіндегі негізгі элементтері.

  • Графикалық қарапайымдарды құру.

  • Байламды пайдаланып қарапайым командалар арқылы сызба сызу.

КОМПАС-3D бағдарламасының Фрагмент көмекші құжатында жеке парақ ретінде рәсімдеуді қажет етпейтін құжаттар сақталады.Фрагмент жұмыс терезесінің негізгі элементтері:

Тақырып қатарында бағдарлама версиясының нөмірі, ағымдағы құжаттың аты, жүйе терезесін басқаратын батырмалар орналасады.

Басты мәзір қатарында - жүйе командалары орналасады. Басты мәзір құрамы ағымдаға құжат типіне байланысты.

Құрал саймандар панелі:

Стандартты құрал-саймандар панелінде обьект және файлдарға орындалатын стандартты батырмалар орналасады.

Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде ағымдағы құжаттың көрінісін баптайтын батырмалар орналасады.

Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) – құжаттың ағымдағы жағдайын көрсетеді.

Басты мәзір қатары

Стандарт құрал-саймандар панелі

Түр (Вид) құрал-саймандар панелінде

Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панелі

Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панелі

Графикалық қарапайымдарды құру. Геометриялық қарапайымдарға нүкте, түзу, кесінді, математикадан белгілі геометрилық фигуралар жатады. Геометриялық қарапайымдарға қатысты командалардың барлығы Ықшамды (Компактная) құрал-саймандар панелінің Геометрия бөлімінде орналасқан.

Мысалы, кесінді сызу. Кесінді бағыты бойынша тік, жатық немесе қандайда бір бұрыш арқылы сызылуы мүмкін. батырмасы арқылы кесінді сызылады. Егер кесінді тек тік немесе жатық болып сызылуы қажет болса онда Ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панеліндегі ортогональды сызу батырмасы таңдалынады.

Кесінді батырмасын таңдағанда осы батырмаға қатысты қасиеттер панелі (3 сурет) шығады. Қасиеттер панеліне кесіндінің бастапқы координатасы мен сонғы координатасы, ұзындығы, бұрышы енгізіліп, кесінді стилі таңдалынады. Басқа да геомертриялық қарапайымдар осындай жолмен құрылады.

3-сурет

Байламды пайдаланып қарапайым командалар арқылы сызба сызу. Бұрын сызба сызба құралдары (сызғыш, циркуль т.б.) арқылы сызылды және сызба дәлдігі конструктордың біліктіліне байланысты болды.

Сызбаны компьютер көмегімен сызу барысында негізгі құрал ол - курсор (тышқан көмегімен жылжыйтын графикалық элемент). Курсор геометриялық обьектілерді сызуда белсенді қатысады. Сызбаны компьютер көмегімен сызу барысында көзбен өлшеу арқылы сызуға болмайды. Машиналық графика көмегімен сызбаны дәл сызу мүмкіндігі зор, себебі ол дәлдікті қамтамасыз ететін функциялармен толық көлемде қамтамасыз етілген. Сызба барысында курсорды элементтің сызбада бар түрлі нүктелеріне дәл орнату жиі қажет етіледі. Сол кезде нүкте немесе обьектіге байлам (привязка) пайдаланылады. Сызбада байлам пайдаланылмаса сызба дұрыс сызылмайды. Байламның екі түрі бар, ауқымды (глобальная) және жергілікті (локальная). Ауқымды байлам обьектіні енгізу, түзету кезінде үнемі қосылады. Ол сызбадағы қажет нүктені дәл және тез көрсетеді. Оны іске қосу үшін – Ауқымды байламды орнату (Установка глобальных привязок) батырмасын басамыз. Ол ағымдағы жағдай (Текущее состояние) құрал-саймандар панелінде орналасқан.

Жергілікті байлам сызбаның қажет жерінде жанама мәзір арқылы шақырылады.