- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ақпараттық технологиялар және инженерлік факультеті
- •“ Электрэнергетикалық есептеулер мен тәжірибелерде эем қолдану” пәнінің лекция тезистері
- •5В071800 - электр энергетикасы мамандығы студенттері үшін
- •Лекция 1
- •Лекция 2 Фрагменттің жұмыс терезесіндегі негізгі элементтері.
- •7 Сурет Лекция 4 Түйісу. Түйісу элементтерімен жазық деталь сызбасын құру. Симметриялы осьті пайдаланып сызба сызу.
- •Лекция 3 Кеңейтілген командалар панелі.
- •1 Сурет. Кеңейтілген командалар панелі.
- •2 Сурет. Кеңейтілген командалар панелі.
- •3 Сурет. Кеңейтілген командалар панелі.
- •Лекция 5
- •3D модельдеу негіздері
- •5 Сурет Лекция 6 Геометриялық денелер тобын құру
- •6 Сурет
- •Лекция 7 Фаска және дөңгелектеу элементтерімен 3d модель құру. «Айналдыру операциясы» көмегімен жазық сызбада 3d модель құру.
- •Лекция 8 Жазықтық арқылы деталь бөлігін қию. Эскиз арқылы деталь бөлігін қию.
- •1 Сурет
- •2 Сурет
- •3 Сурет
- •Лекция 9 Mathcad жүйесіндегі электрэнергетикалық есептеулер.
- •Mathcad жүйесімен алғашқы танысу және қолданушы интерфейсі
- •Интерфейс бөліктеріне жалпы шолу
- •Меню қатары
- •Лекция 10 Mathcad жүйесінің математикалық белгілері.
- •2 Сурет Лекция 11 Mathcad бағдарламасында алгебралық және трансцендент теңдеулердің жуық шешімін есептеу.
- •Жартылай бөлу әдісі.
- •Хорда әдісі.
- •Жанама әдісі.
- •Mathcad жүйесінде сызықтық теңдеулер жүйесінде шешу.
- •Лекция 12 Mathcad бағдарламасында сызықтық теңдеулер жүйесін шешу.
- •Кері жүрісі. (3) жүйеден біртіндеп белгісіздерді табамыз
- •Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін квадрат түбірлер әдісімен шешу керек
- •Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін итерация әдісімен болғанда шешу керек
- •Лекция 14 Mathcad бағдарламасында сызықты электр тізбектерінің негізгі қасиеттерінің есебі
- •Лекция 15 Mathcad жүйесіндегі қабылдағыштары параллель жалғанған синусоидалы токтың электр тізбегінің есебі
- •Төртінші тармақтың өткізгіштігі
Интерфейс бөліктеріне жалпы шолу
Жүктелуден кейін жүйе құжатты есептеуге қажетті қолданылулармен бірге құруға дайын. Алғашқы батырма (таза қағаз беті түріндегі New WorkSheet жаңа құжат құруға мүмкіндік береді. Оған сәйкес келетін редакторлеу терезесі Untitiled:N атауымен беріледі, мұндағы N – құжаттың номер қатары. Алғашқыда редакторлеу терезсі таза түрде пайда болады. Mathcad жүйесінде терезенің жоғарғы бөлігінде интерфейстің 6 ерекше элементтері көрінеді
Тақырып қатары – жүйенің және ағымды құжаттың аттары жазылған, сонымен қатар жүйе терезесінің басқару батырмалары орналасқан қатар;
Меню қатары – түрлі командалы меню пункттерін ашуға қолайлы қатар;
Саймандар тақтасы – жүйемен жұмыс істеу кезінде көптеген негізгі командаларды жылдам орындауды қамтамасыз ететін батырмалары бар тақта;
Форматтау панелі – құжаттағы текстік және формулалық блоктарды жылдам форматтауды қамтамсыз ететін батырмалары бар тақта;
Математикалық белгілерді бояп шығару тақтасы – арнайы математикалық белгілерді және грек әріптерінің палитраларының батырмалары бар тақта;
Координатты сызғыш – блоктарды көлденеңінен дәл орналастыруға (егер ол қажет болса) мүмкіндік беретін бөлгіштері бар сызғыш.
Меню қатары
Mathcad 2001 жүйесінің меню қатарында келесі меню жолдары қарастырылған:
File - файлдармен, Интернет желісімен және электронды поштамен жұмыс;
Edit - құжаттарды редакторлеу;
View - құжатты әкеліп көрсету тәсілдерін және интерфейстің жасыру/бейнелеу элементтерін көрсету;
Insert - объектілерді және олардың шаблондарын қою;
Format - объектілердің форматын өзгерту;
Math - есептеу процесімен басқару;
Graphics - графикалық редакторлармен жұмыс;
Symbolic - символды процессордың операциясын таңдау;
Window - жүйе терезелерімен басқару;
Help - жүйе, ресурс ортасы және электронды кітaптар туралы анықтамалық мәліметтер қорымен жұмыс.
Mathcad менюі - контексті. Бұл оларда позиция саны және олардың белгілеулері жүйенің күйіне тәуелді екенін көрсетеді. Құжатты редакторлеу кезінде менюден жоғары көрсетілгендер жұмыс күйіне тән.
Меню қатарын активтендіру үшін тышқанның көмегінсіз Alt пернесін басу жеткілікті. Одан кейін курсорды ауыстыратын пернені баса отырып, меню позициясы бойынша жарық бөлісін (световое выделение) орнатуға болады. Қажетті менюді таңдап, оның ашылуына Enter пернесін басу жеткілікті.
Файлдар Mathcad жүйесінің құжаттары болып табылады, яғни магнитті дискіде ұрылатын информацияны сақтау блогының аттары бар. Файлдарды жасауға, жүктеуге (ашуға), көшіруге және баспадан шығаруға болады. Осыған сәйкес, файлды операциялар саймандар қатарының алғашқы үш батырма группасы көрсетілген.
New (Создать - Жасау) – жаңа құжатты таза редакторлеу терезесінде шығару;
Open (Открыть - Ашу) – диалогты терезедегі файлда алдын-ала құрылған құжатты жүктеу;
Save (Сохранить - Сақтау) – ағымды құжатты оның ағымды атымен жазу.
New батырмасы normal стилі бойынша бос құжаттың шаблонын жүктейді.
Open батырмасы файл ашылуында стандартты терезені ашады. Файлды жүктеу терезесінде компьютер жүйесінің көне түріндегі құрылымды файлды панелі бар. Оның файлды жүйенің барлық бұрыштарына саяхат жасауға болады.
Save батырмасын шерту кезінде экран бетінде ештеңе шықпайды. Ашылған құжатты ағымды атпен барлық өзгертулерімен бірге жазбасы шығады.
Баспаға шығару және құжатты тексеру. Бұл группа үш батырмамен көрсетілген:
Print (Печать – Баспаға жіберу) – құжатты принтер арқылы басып шығару;
Print Preview(Просмотр – Көру) – құжатты алдын-ала көру;
Check Spelling (Проверка - Тексеру) – құжаттағы орфографияны тексеру.
Бірақ мұнда форфографияны тексеру тек ағылшын тіліндегі орфографияны тексеруге арналған. Сондықтан, бұл батырма орыс немесе қазақ тілін қолданушылар үшін тиімсіз.
Редакторлеу операциясының батырмалары. Құжатты дайындау кезінде олардың түрлерін өзгертуге және орындау – редакторлеуге тура келеді. Келесі үш батырма құжатты редакторлеу операциясын орындауға арналады:
Cut (Вырезать – Кесу) – құжаттың бөлігін тазалаумен алмастыру буферіне (буфер обмена) құжаттың белгіленген бөлігін тасымалдау;
Copy (копировать – Көшіру) – құжаттың бөлігін сақтаумен айырбастау буферіне құжаттың белгіленген бөлігін тасымалдау;
Paste (Вставить – Қою) – редакторлеу терезесіндегі енгізу курсоры орналасқан орынға айырбастау буферінің ішіндегісін тасымалдау;
Редакторлеу операциясын орындауға тағы да екі батырма берілген:
Undo (Отменить – Қайта қалпына келтіру) – редакторлеудің өткен операцияларын қайта қалпына келтіру;
Redo (Повторить – Қайталау) – ілгеріде қайта қалпына келтірілген операцияларды қайталау.
Блоктарды орналастыру батырмалары. Мұнда құжаттар әртүрлі блоктардан тұратынын айта кету керек: текстік, формулалық, графиктік, т.б. блоктар жүйесінмен қаралады, түсіндіріліп беріледі және орныдалады. Көру солдан оңға және жоғарыдан төмен орындалады. Блоктарды орналастырудың екі операциясы келесі группа батырмаларымен беріледі:
Align Аcross (Выровнять по горизонтали – көлденеңінен түзету) – блоктар көлденеңінен түзетіледі;
Align Down (Выровнять вниз – төменнен түзету) – блоктар жоғарыдан төмен орналасуы бойынша көлденеңінен түзетіледі.
Өрнекті операциялар батырмалары. Формулалық блоутар жаңа функцияда берілген қолданушылар құрамына кіретін формуласы немес есептеу формуласы болып табылады. Көріністермен жұмыс істеу үшін келесі батырмалар қызмет етеді:
Insert Function (Вставить функцию – Функцияны қою) - диалогты терезеде пайда болатын тізімдерден функция қою;
Insert Unit (Вставить единицу – Бірлікті қою) - өлшемді бірлікті қою;
Calculate (Пересчитать – Санап шығу) – белгіленген өрнекті есептеу.
Mathcad жүйесінде қарапайымнан бастап, күрделі статистикалық және арнайы математикалық функцияларға дейін құрылған көптеген функциялар бар. Олардың синтаксисі тез ұмытылады, сондықтан Insert Function батырмасының көмегімен функцияны қою мүмкіндігі өте қолайлы. Ал Insert Unit батырмасы қажетті өлшем көлемін қоюға мүмкіндік береді.
Егер құжат үлкен болса, онда оны өзгерту кезінде есептеуді басынан шығару тиімсіз. Calculate батырмасы есептеудің уақытын қысқарту үшін белгіленген блоктарды есептеуге мүмкіндік береді.
Ресурстармен басқару батырмалары. Екі батырмадан тұратын соңғы группа ресурстар орталығына және жүйеде құрылған анықтамалық мәліметтер қорына сүйенуге мүмкіндік береді:
Resourse Center (Центр ресурсов – Ресурстар орталығы) – ресурстар орталығына кіруін қамтамасы етеді;
Help (Справка – Анықтама) – жүйенің анықтамалық мәліметтер қорының ресурсына кіруін қамтамасыз етеді.
