Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
электрэнер ЭЕМ колану лекция тезистер.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Лекция 8 Жазықтық арқылы деталь бөлігін қию. Эскиз арқылы деталь бөлігін қию.

Детальдың ішкі құрылымын ұғынуды жеңілдету үшін, ішкі құрылмын көрсету қажет болады. Сызба бойынша детальдің үш өлшемді модельін құрамыз (1 сурет).

1 Сурет

Деталь құралының ішкі жағын ұғынуды жеңілдету үшін жазықтық арқылы детальды қиямыз. Ол үшін Детальды түзету (Редактирование детали) құрал-саймандар панеліндегі - Жазықтықпен қию (Сечение плоскостью) командасын таңдаймыз. Әрбір модельдің проекциялық жазықтығын анықтайтын координаталар жүйесі болады. Проекциялық жазықтығын көру үшін оларды Құрылым талында (Дерево построения) ерекшелеу қажет. Тышқан арқылы базалық жазықтық ретінде ХҮ (2 а сурет), ZX(2 б сурет), ZY(2 с сурет) таңдап, қию жазықтығын ерекшелейміз.

а б с

2 Сурет

Деталь таңдаған жазықтығымызға байланысты қиылады (3 сурет).

3 Сурет

Эскиз арқылы деталь бөлігін қию. Сызбаның көрнекілігін арттыру мақсатында тек бір жазықтық емес бірнеше жазықтықты қолдануға болады. Ол жазықтықтарды базалық жазықтыққа параллель және оны симметриялы түрде оске бағыттайды. Нәтижесінде құрылымының ішкі және сыртқы бөлігін көрсететін деталь бөлігі қиылады (4 сурет).

Жазықтық бірнеше жазықтықтан құралған болса қиық күрделі деп аталады. Егер жазықтықтар бір-біріне параллель бірінен кейін бірі сатылап орналасса оны сатылы деп атаймыз. (5 сурет)

Егер жазықтықтар бір-біріне қандайда бұрышпен орналасса онда күрделі сынған деп аталады. (6 сурет)

Деталь бөлігін осы жолдармен қию үшін детальдың эскизін құрып алуымыз қажет.

4 сурет 5 сурет 6 сурет

Лекция 9 Mathcad жүйесіндегі электрэнергетикалық есептеулер.

- Mathcad жүйесімен танысу және қолданушы интерфейсі.

- Интерфейс бөліктеріне жалпы шолу.

Mathcad – ғылымның, техниканың және білімнің әртүрлі салаларында барлық автоматизациялы математикалық есептерді шешуге арналған компьютерлік математиканың танымал жүйесі. Жүйенің аты 2 сөзден тұрады: MATHematica (Математика) және CAD (Computer Aided Desing – автооматты проектілеу жүйесі, ор САПР).

Қазіргі таңда Mathcad-тың алуан түрлері математикалық бағыттаушы әмбебап жүйе болып табылады. Ол сандық және аналитикалық есептеуден басқа танымал текстік редакторлерде немесе электронды кестелерде қиындықпен берілетін күрделі көркемдеуші тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Mathcad-тың көмегімен мақалаларды, кітаптарды, диссертацияларды, ғылыми есеп берулерді, дипломдық және курстық проектілерді сапалы текстердің түрлі стильдерімен ғана емес, сонымен қатар күрделі математикалық формулалардың жүзеге асырылған жиынтығын, есептеудің таңдаулы көрсетілген нәтижесін және сансыз көп мысалдарын дайындауға мүмкіндік береді. Кітапханаларды қолдану және кеңейтілген пакетері бар кәсіби бағдарлы Mathcad ғылымның, техниканың және білімнің кез-келген саласын қамтамасыз етеді.

Mathcad жүйесімен алғашқы танысу және қолданушы интерфейсі

Mathcad – көптеген жаңа мүмкіндіктер арқылы алдыңғы версияларды толықтыратын компьютерлік математиканың әмбебеп жүйесі. Бұл сабақта сіздер жүйенің алғаш іске қосылуымен таныс боласыздар. Mathcad жүйесін алғаш қолданушылар үшін жүйе интерфейсімен танысқан өте пайдалы. Ол типті әрі түсінікті жаслғанына қарамастан, тәжірибе жүйемен күрделі жұмысты бастамас бұрын, алдымен интерфейсті үйрену дұрыс екендігін көрсетеді.