Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SYNYP_zheteksh_zhold60-bet_2009.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
892 Кб
Скачать
☆

1.4 Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері

  • Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

  • Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан белсенді, саналы ұйымға ұйымдастыру.

  • Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың, ата - аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

  • Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасыдағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

  • Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

  • Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

  • Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім- тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қаратыру.

1.5 Сынып жетекшісінің күнделік дәптері

Бұл – сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті буыны. Себебі, сынып жетекшісінің күнделігі оқушылар ұжымының оқу – тәрбие жұмысының орындалуы мен нәтижесіне талдау жүргізу, оған түзетулер енгізіп, бағыт – бағдарын нақтылап, отыруды жүйелеп атқаруға мүмкіндік туғызады.

Сынып жетекшісінің күнделігі сол сыныптың шежіресі іспеттес.

Онда:

  • жалпы сынып жайлы және жекелеген оқушылардың өміріндегі елеулі оқиғалар;

  • деректер және атқаратын істері;

  • жетістіктері мен кемшіліктері туралы мағлұматтар жазылып, талданады;

  • әрі олар күнделікті педагогикалық процесті жетілдіру мен оған түзетулер енгізіп отыруда пайдаланылады.

Оқу жылының соңында сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне сыныпта атқарылған тәрбие әрекеттеріне қатысты кең көлемде есеп жұмыстарын тапсырады. Бұл есебінде ол оқу – тәрбие жұмысына талдау жасап, сынып ұжымының даму дәрежесі мен көңіл – күйін баяндайды. Осының бәрі сынып жетекшісінің күнделігінде қорытылып, оған қатысты жалпы мағлұматтар жүйеленеді. Мұндай жүйелі жұмыс болашақта атқарылатын педагогикалық әрекеттің дұрыс ұйымдастырылып, жоспарлануына және тәрбие прцесінің сабақтастығына үлкен септігін тигізеді. Соған орай, төменде сынып жетекшісінің күнделік дәптерінің шартты түрде алған құрылымының үлгісін ұсынамыз:

1- бет;

Мектеп директоры

“Бекітілді”

“Келісемін”

Тәрбие жөніндегі орынбасары

Мерзімі

Сынып жетекшісінің аты- жөні

Сынып

2 – бет;

Қоңырау кестесі.

Сынып сабағының кестесі.

3 – бет;

Оқушылардың тізімі.

№

Оқушының аты-жөні

Туған

жылы

Жынысы

Ұлты

Қоғамдық

жұмыстары

Үйірмеге

қатысы

Оқушы-ның

Денсау-лығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4 – бет;

Ата- аналар туралы мағлұмат

№

Ата-ананың аты – жөні

Атқаратын қызметі

Мекен - жайы

Телефон

Анасы

Әкесі

Ана мамандығы

Әке мамандығы

Жұмыс істемейді

Жоғары білімді

Арнаулы орта білімді

Жалпы орта білімді

Жоғары білімді

Арнаулы орта білімді

Жалпы орта білімді

1

5 – бет;

“ ” сыныбының тоқсандық жалпы үлгірімінің нәтижесі

№

Пән аттары

Қазақ тілі

Әдебиет

Орыс тілі

Орыс әдебиеті

Математика

Геометрия

Сызу

Ән

Бейнелеу

Дене шынықтыру

География

Химия

Физика

Ағылшын

Оқушы-ның

аты-жөні

1

5

4

5

5

5

3

5

5

4

5

3

5

5

5

6 – бет;

Көп балалы туралы мағлұмат

№

Ата-ананың

аты-жөні

Отбасындағы балалар саны

Қандай көмек қажет

Қандай көмек көрсетілді

1

7 – бет: Ата–ана комитетінің құрылымы.

8 – бет: Сынып ұжымына жалпы мінездеме.

9 – бет: Өткен оқу жылындағы атқарылған тәрбие жұмысына педагогикалық – психологиялық талдау.

10 – бет: Биылғы оқу жылының мақсат міндеттері.

11 – бет: Тәрбие жоспарына сай сыныпта атқарылған жұмыстарға педагогикалық – психологиялық талдау жұмыстары.

  • Оқу жылының соңында сынып көлемінде атқарылған жұмыстарға жалпы қорытынды;

  • Оқушыларға жалпы психологиялық мінездеме.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]