Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SYNYP_zheteksh_zhold60-bet_2009.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
892 Кб
Скачать
☆

1.6 Тарау бойынша тапсырмалар

  1. Сынып жетекшісінің профессиограммасын құру, циклограм­ма­­сын конспектілеу

  2. Сынып жетекшісінің діптерінің мазмұнын және тәрбиеші тура­­лы жағдайды конспектілеу

2. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі

2.1 Жеке тұлғаны зерттеу үлгісі

Жалпы мағлұмат:

  1. оқушының аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, отбасындағы тұрмыс тіршілігі, үлкендермен қарым-қатынасы, отбасы тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы;

  2. мектепке қатынасы және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасы;

Оқу әрекеті:

  1. үлгерімі, пәндерге ықыласы мен қызығушылығы, білім деңгейі;

  2. ой өрісі, көп оқығандығы;

  3. оқуға қатынасы мен білімге қызығушылығы;

  4. оқу қабілеті;

  5. оқу әрекетіндегі ынта-жігері;

  6. оқи білуі;

  7. тіл байлығы;

Еңбек әрекеті:

  1. еңбекке қатысуы;

  2. еңбек дағдысы мен шеберлігін меңгеруі;

  3. еңбек процесіндегі жауапкершілігі мен тәртібі;

  4. ұзақ еңбек дағдысына машықтануы;

  5. еңбек әрекетінің түрін қалауы;

Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті:

  1. қызығушылығы;

  2. сенімі, арманы. Мінезіндегі асқақтық байқала ма?

  3. қайсыбір әрекетінде қабілеті ерекше;

  4. нені армандайды және келешекте нені істеуге ниет етіп жүр?

Тәртібі:

  1. мінез-құлқына сипаттама;

  2. темперамент ерешелігінің көрінісі;

  3. үлкендердің талабын орындауы шын ниетпен немесе зорлықпен: оларды орындауға жиі қарсылық көрсете ме, атап айтқанда олар қандай?

Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері:

  1. мінезіндегі оң және теріс қабілеті;

  2. теперамент ерекшелігінің көрінісі;

  3. көңіл-күй көтеріңкілігі;

Жалпы психологиялық-педагогикалық қорытынды:

  1. оқушының жеке басының қалыптасуындағы негізгі жетістік пен кемшіліктер;

  2. мұғалімнің алдында тұрған негізгі психологиялық-педагогикалық міндеттерді және келешекте оқушылармен атқарылатын тәрбие жұмыстарының бағыттарын анықтау.

Жеке тұлғаны зерттеу схемасы

Мектептен тыс байланыстар және сабақтар

оқушы

Тұрмыстық

Жалпы дерек

Денсаулығы

Тұлғаның бағыты

Идейно-саяси бағыттылық

Қызығу-шылықтары

Еңбекке баулуға көзқарас

Сынып ұжымымен қарым қатынас

Өз-өзіне деген

қарым қатынас

Күш-жігерлік және эмоционалдық қасиеттері

Танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттіктерінің деңгейі

2.2 Ұжымды зерттеу үлгісі

  1. Сынып құрамы.

  • Сыныптың жас ерекшелік құрамы.

  • Оқушылардың танымдық даму деңгейі.

  • Оқушылардың жұмыс қабілеттілігі және үлгірімі.

  • Сыныптың қоғамдық қабілеті. Қоғамдық істерге қызығушылық. Қоғамдық нұсқауларды орындау. Оқушылардың идеялық-саяси бағыты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]