Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SYNYP_zheteksh_zhold60-bet_2009.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
892 Кб
Скачать
☆
  1. Сынып жинақтылығы.

  • Іскерлік қызығушылықтары бар немесе кері сипаттағы топтар бар ма?

  • Оқушылар мектептегі және одан тыс уақыттарын бірге өткізуді үнатады ма?

  • Ұлдар мен қыздар достаса ма. Ұлдар қыздарды қорғайды ма?

  • Ұлдар жалпы ұжым мүшелерін қорғайды ма?

  • Оқушы өз сыныбының сәттіліктеріне қуанып, сәтсіздіктерден уайымдайды ма?

  • Жалпы мектептік іс-шараларда бірге жүгіруге тырысады ма, әлде бөлек жүреді ме?

  1. Сынып ұйымшылдығы.

  • Оқушылар ұжымдық жұмыстарды атқару үшін өз беттерінше ұйымдаса алады ма. Жұмыста өзара бөлісіп, оны саналы түрде орындай алады ма?

  • Жиналыстарда, үзіліс уақытында, әр түрлі нұсқауларды орындау арысында оқушылар бір-біріне зейін қойып, шыдамдылықпен тыңдай ала ма?

  • Өкілетті тұлғаның әміріне бағынады ма?

  1. Сыныптағы қоғамдық пікір.

  • Өз жолдастарының қандай қылықтарын жақтайды, қандайын даттайды.

  • Өздерінің жақтауларын немесе жақтаушыларын қалай және қандай формада білдіреді.

  • Оқушылардың айтқан сөздері мен істеген істерінде бірізділік бар ма?

  • Сыныптағы сын, өзіңді сынау.

  1. Ұжымдық жолдастық қатынастардың сипаты.

  • Оқушыларды не байланыстырады: ортақ мекен-жай, партадағы орын, қызығушылықтар, ортақ жұмыс.

  • Оқушылар қай кезде достасады (тек мектепте ғана ма, әлде онан тыс кезінде де ме)?

  • Олар өз жолдастарына мейірімді ме, көмектесуге тырысады ма. Қалай.

  • Оқушылар өз достарына талаптар қояды ма. Олардың бойындағы кемшіліктерді көре ала ма?

  • Белсенділерге, үздік оқитындарға, үлгірімдері нашарларға, іс білдірушілерге деген сыныптың қатысы қандай?

  • Дене кемшіліктері бар жолдастармен қатынастары дұрыс па?

  1. Сынып белсенділері.

  • Сынып құрамы.

  • Сыныптың ресми және фактілік белсенділері.

  • Белсенділердің беделі бар ма?

  • Белсенділердің сыныптағы жолдастарына деген қатынасы қандай.

  • Сынып белсенділердің әмірлері орындалады ма?

  • Сынып белсенділердің құрамында ылғи болатын оқушылар бар ма?

  • Жалпы мектептік белсенділер сынып өмірімен өмір сүре алады ма, сыныптан бөлектенбейді ме. Сыныпта оларды сыйлайды ма?

  1. Сынып ұжымының қоғаммен байланысы.

  • Мектепте және басқа сыныптарда болып жатқан оқиғалардан сынып хабардар бола ма?

  • Сыныпта мектеп өмірін жақсарту туралы ойлар айтылады ма?

  • Сыныпта жалпы мектептің нұсқаулары орындалады ма?

  • Оқушылардың басқа сыныптармен байланыс сипаты қандай?

  • Сынып жалпы мектептік іс-шараларға қалай қатысады.

  1. Сыныптың жинақтылығын іс-шаралар арқылы дамыту.

  • Сынып ұжымын ұйымдастыру мақсатымен сыныпта қандай іс-шаралар өткізу керек.

Тәрбиелік ықпал жасау үшін сынып ұжымын қалай қолдану керек.

Ұжымды зерттеу схемасы

2.3 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы мақсат – міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиетін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.

Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігі арттырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]