Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БХ CФ-13ж силлабус-каз.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері

Студент білуі тиіс:

  • Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын: витаминдердің, жай және күрделі белоктардың, липидтер мен көмірсулардың құрылысын, қызметтерін мен маңызын;

  • Метаболиттік үрдістердің реттелуі мен жүру механизмін, жасушаның функционалды және құрылымдық негізін;

  • Генетикалық ақпараттарды тасымалдаудың молекулярлық механизмін;

  • Энергия тасымалдау механизмі мен энергия алмасудың өзгерісін;

  • Ағзаның, тіндердің және молекулярлы механизмдерінің қалыптасу ерекшеліктерін;

  • Алмасу үрдістерінің реттелу механизмі мен физиологиялық қызметтерін, мүмкін болатын ауытқуларды;

  • Кейбір тағамдардың (белоктар, липидтер және көмірсулар), витаминдер, минералды заттар және судың метаболизмдегі ролін;

  • Биохимиялық тұрақтылықтар негізі мен адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтар туралы.

Орындай алуы тиіс:

  • Негізгі биохимиялық зерттеулер нәтижелерін пайымдау;

  • Метаболизм картасымен және арнайы анықтама құралдарын пайдалана алуы қажет;

  • Биологиялық үрдістердің ауытқуы нәтижелерін, олардың биологиялық активті заттардың жетіспеушілігінен туындайтын кейбір биохимиялық өзгерістердің реттелуін алдан ала болжай алуды ; ферменттердің структуралары мен мөлшерінің бұзылуы кезіндегі метаболизм бұзылыстарын болжай алуды

Дағдыларды игеруі тиіс:

  • Адам ағзасындағы сұйықтықтардың көмірсулардың, липидтердің және азот алмасуының интермедиаттарын сандық анықтауға;

  • Адам ағзасындағы сұйықтықтарда ферменттердің активтілігін анықтау әдістерін анықтауға.

2.5. Пәннің реквизитіне дейін және реквизитінен кейін

Пәннің реквизитіне дейін: химия, молекулалық биология және медициналық генетика, медициналық биофизика.

Шектес пәндер: гистология, қалыпты физиология, микробиология.

Пәннің реквизитінен кейін: патологиялық физиология, фармакология, клиникалық зертханалық-құралдық диагностика.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны.

Белоктар, олардың маңызы, жалпы қасиеттері және жіктелуі оқытылады. Жай және күрделі белоктардың өкілдері. Ферменттер, жалпы қасиеттері, әсер ету механизмі, фермент активтілігінің реттелуі, ферменттердің жіктелуі, жеке кластары. Витаминдер: суда және майда еритін витаминдер, биологиялық ролі, авитаминоздар. Энергия алмасуы. Көмірсулар, липидтер, белоктар алмасуы. Гормондар. Қан, зәр биохимиясы. Тіндер (дәнекер, сүйек, тіс тіндерінің, ауыз сұйықтығының) мен мүшелер (бауыр) биохимиясы.

Пән сағаттарының бөлінуі

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сағаттар

СӨЖ

ОСӨЖ

Лекциялар

Тәжірибелік сабақтар

108

6

30

36

36

2.7. Дәрістердің тақырыптық жоспары

Рет №

Дәріс тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат саны

Биохимияға кіріспе. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жіктелуі. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.

Шолу

1

Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің медицинадағы маңызы.

Шолу

1

Энергия алмасуы. Энергия алмасуына қатысатын ферменттер. Көмірсулар, липидтер және белоктардың арнайы ыдырау жолдары. ҮКЦ. Биологиялық тотығу. Тотығудан фосфорлану.

Шолу

1

Көмірсулар алмасуы, аралық алмасу. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Глюкозаның тотығу түрлері туралы түсінік.

Шолу

1

Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері. Липидтердің тасымалдану формалары.

Шолу

1

Күрделі белоктар алмасуы. Гемоглобин алмасуы. Сарғыштану түрлері.

Шолу

1

Барлығы

6

Күзгі семестрдегі (Ш) тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Рет№

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және тәжірибелік сабақтарда қолданылатын зертханалық жұмыстардың тізімі

Өткізу түрі

Сағат саны

1.

Қауіпсіздік техникасының ережелері.

Белоктар. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттері: элементтік құрамының біркелкілігі, жоғары молекулалық масса, көлемінің үлкен және белгілі пішінде болуы. Ыдырау өнімдерінің жалпы табиғаты. Белок молекуласындағы амин қышқылдарының арасындағы байланыстүрлері, амфотерлік қасиеті. Белоктарға арналған түсті реакциялар. Белок зарядының орта рН-ы мен амин қышқылдық құрамына тәуелділігі.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

2.

Белоктар

Белоктардың жалпы қасиеттері. Коллоидты қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белок молекуласының құрылымдары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі). Жай глобулярлы белоктар: өкілдері, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, атқаратын рөлдері

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

3.

Күрделі белоктар.

Гликопротеиндер, хромопротеиндер: өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

4.

Белоктар

Белоктардың маңызы, жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері;құрылысы, рөлдері.

Нуклеин қышқылдары. ДНҚ мен РНҚ-ның құрылымдары, маңызы. Белоктарға түсті реакциялар мен тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау

1

5.

Ферменттер.

Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету механизмі, ферментативті катализдің ерекшеліктері. Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторлар. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

6.

Ферменттер.

Лиазалар, трансферазалар. Өкілдері, құрылысы, ролі.

Трансферазалар мен лиазалардың құрамындағы витаминдер

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

7.

Ферменттер. Оксидоредуктазалар;дегидрогеназалар, цитохромдар, каталазалар, пероксидазалар, оксигеназалар. Оксидоредуктазалардың құрамындағы витаминдер

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

8.

Энергия алмасуы.

Катаболизмнің арнайы жолдары,үш карбон қышқылдарының циклі, маңызы, ретпен жүретін реакциялары, ҮКЦ-ң атқаратын қызметтері. Электрондарды тасымалдау тізбегі. Тотығудан фосфорлану. Тотығудың негізгі түрлері.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

9.

Ферменттер.

Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің белсенділіктерінің реттелуі. Ферменттердің жіктелуі. Жеке өкілдері, құрылысы,каталитикалық әсері.

Энергия алмасуы.

Энергия алмасуының сатылары. Тотығудың негізгі сатылары(оксидазды, пероксидазды, пероксидтік, оксигеназдық). α-амилаза, пероксидазалар және каталазалар әсерінің нәтижелерін көрсету және түсіндіру. Энзимодиагностика, энзимотерапия

Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау

1

10.

Витаминдер

Витаминдер, түсінік, алиментарлық және екіншілік авитаминоздар мен гиповитаминоздар, жіктелуі.

Суда еритін витаминдердің биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

11.

Витаминдер

Майда еритін витаминдердің биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі.

Суда және майда еритін витаминдер. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер. Демонстрация и интерпретация Суда еритін витаминдердің сапалық реакцияларының нәтижелерін көрсету және түсіндіру.

Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау

1

12.

Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары.

Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары.

Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез.Глюкозаның тіндердегі өзгерістері.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

13

Көмірсулар алмасуы. Глюкозаның тотығу жолдары: Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез.Аэробты гликолиз. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолмен тотығуының сызбанұсқасы. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

14.

Көмірсулар алмасуы.

Көмірсулар алмасуының сатылары. Қан плазмасындағы глюкозаның мөлшерін (глюкозоксидазды әдіспен және глюкометрмен анықтау әдістері) анықтауды және қаңқа бұлшық етіндегі анаэробты гликолизді зерттеуді демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.

Ауызша сұрау, жаттығуларды орындау, жағдайлық есептер мен тесттерді шешу

1

15.

Аралық бақылау: Ферменттер. Витаминдер

Жазбаша бақылау, зертханалық жұмыстарды жасау

1

Барлығы

15 сағат