Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БХ CФ-13ж силлабус-каз.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.8. Биохимиядан студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарының тақырыптық жоспары

Рет №

Тақырыптың аты

Мазмұны

Өткізілу түрі

Сағат саны

Күзгі семестр

1.

Белоктар химиясы

Құрылымдық белоктар (коллагендер, эластиндер, кератиндер) және күрделі белоктар (фосфо-, липо-, металлопротеиндер)

Сөзжұмбақ құрастыру

5

2.

Энзимодиагностика. Энзимотерапия

Ферменттерді анықтаудың клиникалық маңызы. Медицинадағы ферменттер.

Презентация

4

3.

Витаминдер

Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер.

Кесте құрастыру

5

4.

Адам тінінің көмірсулары.

Адам тінінің негізгі көмірсулары, олардың құрылысы мен биологиялық ролі. Негізгі тағам көмірсулары. Жасушаның құрылымдық-функционалдық компоненттерінің көмірсулары. Гликопротеиндер мен протеогликандардың көмірсу бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметтері.

Реферат

4

Көктемгі семестр

5.

Адам тінінің липидтері.

Адам тініндегі маңызды липидтер. Қорға жиналатын және құрылымдық липидтер. Адам тінінің негізгі фосфолипидтері мен гликолипидтері: фосфоглицеридтер, сфинголипидтер,гликолипидтер,гликосфингофосфолипид-тер. Фосфолипидтер мен гликолипидтердің атқаратын қызметтері. Омега-3 және омега-6 қышқылдары – өкілдері, маңызы,метаболизм жолдары, Липидтер алмасуының бұзылыстары

Конспект жазу немесе оқу мәтінін кванттау (негізгі тұстарын айқындау) арқылы әр түрлі тест формаларын дайындау

4

6.

Микроэлемент тер – алмасуы және ролі.

Жеке микроэлементтердің: темір, йод, фтор, марганец, селен, мырыш, мыс, кобальт алмасуы және ролі.

Кесте құрастыру

4

7.

Қанның, сілекейдің, зәрдің- ағзаның сұйықтықтарының биохимиялық ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттама.

Қанның, сілекейдің, зәрдің – ағзаның сұйықтықтарының биохимиялық ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттама

Презентация

5

8.

Дәнекер тінінің биохимиясы. Дәнекер тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Сүйек тінінің биохимиясы. Сүйек тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Тіс тінінің биохимиясы, құрамының ерекшеліктері.

Дәнекер тінінің биохимиясы. Дәнекер тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Сүйек тінінің биохимиясы. Сүйек тінінің химиялық құрамы мен ондағы метаболизмнің ерекшеліктері. Тіс тінінің биохимиясы, құрамының ерекшеліктері. Тіс тінінің қалыптасуындағы витаминдер мен гормондардың ролі.

Оқу мәтінін кванттау (негізгі тұстарын айқындау) арқылы тест құрастыру, презентация

5

Барлығы:

36 сағат

Оқытушылар мен студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) тақырыптық жоспары

Рет №

Сабақ тақырыптары

Өткізу формасы

Оқу сағаты-ның көлемі

Белоктар.

Белоктардың жалпы қасиеттері, атқаратын қызметтері. Белоктарға және жеке амин қышқылдарына арналған түсті реакциялар.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

Белоктар.

Белоктардың жалпы қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

Белоктар. Күрделі белоктардың жеке өкілдері-нуклеопротеиндер(НП).

Нуклеин қышқылдары

ДНҚ, РНҚ құрылымдары және маңызы.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, видео-әдіс – тақырып бойынша анимациялық фильмдерді көрсету және талқылау

2

Ферменттер.

Жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері. Фермент активтілігінің реттелуі.Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы.Гидролазалар- жіктелуі, түзілу орындары және жеке өкілдерінің каталитикалық әсерлері.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру.

2

Ферменттер

Гидролазалар,трансферазалар, лиазалар: құрылыстары және жеке өкілдерінің каталитикалық әсерлері.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, видео-әдіс – тақырып бойынша анимациялық фильмдерді көрсету және талқылау

2

6.

Ферменттер.

Оксидоредуктазалар, құрылысы, каталитикалық әсері.

Энергия алмасуы. Энергия алмасуының негізгі сатылары.Тотығудың негізгі түрлері (оксидазды, пероксидазды, пероксидті,оксигеназды).Ағзаның антиоксидантты жүйесі.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, видео-әдіс – тақырып бойынша анимациялық фильмдерді көрсету және талқылау

2

7.

Витаминдер

Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар және гиповитаминоз, жіктелуі. Суда еритін және майда еритін витаминдердің құрылысы, биологиялық әсері, авитаминоз, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, іскерлік ойындар.

2

8.

Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары.Көмірсулар алмасуы.

Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

9

Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез. Глюкозаның гликолитикалық тотығуы. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолы. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

ІV семестр

10

Липидтер алмасуы.

Тағам липидтері және олардың ролі. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері. Липидтер алмасуындағы әр түрлі мүшелер мен тіндердің ролі. Липидтердің тасымалдану формалары.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

11.

Липидтер алмасуы.

Глицерин мен май қышқылдарын анаболикалық және катаболикалық үрдістерге пайдаланылуы.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

12.

Липидтер алмасуы.

Активті сірке қышқылының пайдаланылу жолдары. Липидтер алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі. Холестерин алмасуы туралы түсінік. Липидтер алмасуының бұзылыстары.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

13.

Белоктар алмасуы.

Жай белоктар алмасуының ерекшеліктері. Белоктардың қорытылуына, сіңірілуіне және шіруіне сипаттама. Белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру. Жасушада амин қышқылдарының қолданылуы

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

14.

Күрделі белоктар алмасуы.

Гемоглобин синтезі мен ыдырауы. Сарғыштану.

Несеп қышқылының түзілуі. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

15.

Белоктар алмасуы. Асқазан сөлінің биохимиясы.

Заттар алмасуының өзара байланысы. Бауыр биохимиясы.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

16.

Гормондар.

Гормондардың құрылысы, құрылысы бойынша жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Қалқанша безінің гипер- және гипофункциясының биохимиялық негіздері.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру, видео-әдіс – тақырып бойынша анимациялық фильмдерді көрсету және талқылау

2

17.

Гормондар.

Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар. Қант диабеті кезіндегі биохимиялық процестердің бұзылыстары

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

18.

Қан биохимиясы. Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері: белоктар, қалдық азот, азотсыз заттары. Қалыпты көрсеткіштері, қалыпты жағдайдан ауытқу себептері.

Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы – жаттығулар мен жағдайлық есептерді шығару, кесте толтыру, тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру

2

Барлығы:

36 сағат