Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БХ CФ-13ж силлабус-каз.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Биологиялық химия пәні бойынша студенттің коммуникативті құзырлылығын бағалау критерийлері

100 % — Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) нақты жауап береді және дүние танымы кең.

95% - Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді және дүние танымы кең.

90% Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, мейірімді және сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

85% Студент байсалды, жылы қабақпен қарайды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

80% Студент байсалды, оқытушымен және студенттермен тез тіл табыса алады, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

75% Студент оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жақсы түсінеді, қойылған сұраққа нақты жауап береді.

70% Студент сенімсіз жауап береді, оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, дегенмен берген жауабы нақты емес.

65% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен бірден тіл табысып кетпейді, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, дегенмен берген жауабы нақты емес.

60% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен тіл табысуы қиын, сұрақтың мәнін жалпы түсінеді, берілген сұрақтың 50 %-ына дұрыс жауап береді.

55% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен сөйлескісі келмейді, берілген сұрақтың 25 %-ына дұрыс жауап береді.

50% Студент сенімсіз жауап береді, назары басқа жақта, оқытушымен және студенттермен қарым-қатынасы нашар, берілген сұрақтың 25 %-ына дұрыс жауап береді.

45%Студент әңгімелесуден бас тартқанда қойылады.

Биологиялық химия пәні бойынша студенттің өздігінен білім алу құзырлылығын бағалау критерийлері

Сөзжұмбақты бағалау критерийлері:

100% - қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап бергенде.

95 % - 100%-дық критерий сияқты, тек негізгі әдебиеттерді ғана қолданғанда.

90 %- 95 % критерийі сияқты, сөзжұмбақтың кейбір сұрақтарына жауап бергенде өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда.

85 % –СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, барлығы 20-24 сұрақтарға қорғағанда жауап беріп, маңызды емес болмашы қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда, 6-7 әдебиеттерді қолданып, одан да қателер жібергенде.

80% - СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, сұрақтар саны 18-19, жаңылыс сұрақтар болып, мысалы сын есімнен, етістіктен: қорғағанда барлық сүрақтарға жауап беріп, онша маңызды емес қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда және 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

75%- СӨЖ-ді орындауда кейбір қате жіберіп, сұрақтар саны 15-17, жаңылыс сұрақтар болып, мысалы сын есімнен, етістіктен: қорғағанда барлық сүрақтарға жауап беріп, онша маңызды емес қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда және 6-7әдебиеттерді қолданғанда және арасында ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70 % - СӨЖ-ді орындауда көптеген дұрыс емес, қателер жіберіліп,сұрақтар саны 13-14, грамматикалық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 4-5 әдебиеттерге ескертулер жасалып немесе ескі(2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

65% - СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, сұрақтар саны 10-12, грамматикалық қателер болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 2-3 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда. 50% – мұқаба беті жоқ, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 2-3 әдебиетке ескертулер жасалып жәнетекст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда. 45% – СӨЖ ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ бар, бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар, қойылған талаптарға сай жауаптар жоқ болғанда.

Кестені бағалау критерийлері:

100 % –қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап бергенде

95 % – 100%-дық критерий сияқты, тек негізгі әдебиеттерді ғана қолданғанда.

90 % – 95 %критерий сияқты, сөзжұмбақтың кейбір сұрақтарына жауап бергенде өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда.

85 % – СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, барлығы 20-24 сұрақтарға қорғағанда жауап беріп, маңызды емес болмашы қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда, 6-7 әдебиеттерді қолданып, одан да қателер жібергенде.

80% – СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, сұрақтар саны 18-19, жаңылыс сұрақтар болып, мысалы сын есімнен, етістіктен: қорғағанда барлық сүрақтарға жауап беріп, онша маңызды емес қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда және 6-7 дұрыс емес әдебиеттерді қолданғанда.

75% –СӨЖ-ді орындауда кейбір қате жіберіп, сұрақтар саны 15-17, жаңылыс сұрақтар болып, мысалы сын есімнен, етістіктен: қорғағанда барлық сүрақтарға жауап беріп, онша маңызды емес қате жіберіп, немесе өзіне сенімсіздік көрсеткен жағдайда және 6-7әдебиеттерді қолданғанда және арасында ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70 % – СӨЖ-ді орындауда көптеген дұрыс емес, қателер жіберіліп,сұрақтар саны 13-14, грамматикалық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 4-5 әдебиеттерге ескертулер жасалып немесе ескі(2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

65% % – СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, сұрақтар саны 10-12, грамматикалық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 3-4 р болып, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 2-3 әдебиеттерге ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда. 50% – мұқаба беті жоқ, студент барлық сұрақтарға түгелдей жауап бере алмай, қолданған 2-3 әдебиеттерге ескертулер жасалып жәнетекст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда. 45% – СӨЖ ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ бар, бірақ қорғамағанда, көптеген қателері бар, қойылған талаптарға сай жауаптар жоқ болғанда.

Презентацияны бағалау критерийлері:

100 %- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде. Презентация басқа бағдарламаларда, қосымшаларда орындалса да, презентацияда барлық талаптар есепке алынғанда.

95 % - 100%-дық критерий сияқты, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде. Презентация басқа бағдарламаларда, қосымшаларда орындалса да, презентацияда барлық талаптар есепке алынғанда, бірақ материал қосымша әдебиеттерді толық есепке алмағанда.

90 %- қойылған талаптарды толық орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап берілгенде. Презентация басқа бағдарламаларда, қосымшаларда орындалса да, презентацияда барлық талаптар есепке алынғанда, бірақ материалда тек негізгі әдебиеттерді ғана қолданғанда.

85 % –слайд саны 15-тен көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, сұрақтарды қорғағанда барлығына жауап беріп, маңызды емес болмашы қате жіберіп, 6-7 әдебиет қолданып, одан да қателіктер жібергенде.

80%- слайд саны 15-тен көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмеген, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, болмашы қате жіберіп, 5-6 әдебиетті қолданып, одан да қателіктер жібергенде.

75 %- слайд саны 15-тен көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмей, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, болмашы қате жіберіп, 5-6 әдебиетті қолданып, одан да қателіктер жібергенде және ескі әдебиеттерді қолданғанда.

70 % - слайд саны 6-7, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 3-4 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

65 % - слайд саны 6-7, СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 3-4 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

60 % - слайд саны 6-7, СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 1-2 әдебиеттерге ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

55 %-мұқаба беті жоқ, слайд саны 4-5, СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері , сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда, презентацияның сапасы нашар (суреттер, сызбалар аз, бір слайд көп жолдардан тұрады) .

50% –мұқаба беті жоқ, слайд саны 4, СӨЖ-ді орындауда көптеген маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 1-2 әдебиеттерге ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда, презентацияның сапасы нашар (суреттер, сызбалар аз, бір слайд көп жолдардан тұрады, презентацияны жасау талапқа сай келмейді) болғанда.

45% – СӨЖ-ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ қойылған талаптарға сай болмағанда.

Конспектіні бағалау критерийлері:

100 %- қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде

95 % – барлық қойылған талаптарды орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде, бірақ материал қосымша әдебиеттерді толық пайдаланбағанда.

90 %- барлыққойылған талаптарды орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде, бірақ материал негізгі әдебиеттерді ғана қамтиды.

85 % – жазылған бет сандары 6-дан көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, маңызды емес болмашы қате жіберіп, 6-7 әдебиет қолданып, одан да қателіктер жібергенде, қосымшада суреттер мен сызбалары аз болғанда.

80%- жазылған бет сандары 6-дан көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмеген, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, қателіктер жіберіліп, 5- 6 әдебиет қолданып, одан да қателіктер жібергенде, қосымшада суреттер мен сызбалары аз болғанда.

75 %- жазылған бет сандары 6-дан көп, СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп, СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері толық анықталмай, қорытындысында ұсыныстар берілмеген, тексте қателіктер жіберіліп, сұрақтарды қорғағанда жауап беріп, қателіктер жіберіліп, 5-6 әдебиеттерді қолданып, одан да қателіктер жібергенде, және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі әдебиеттерді қолданғанда, қосымшада суреттер мен сызбалары аз болғанда.

70 % - жазылған бет сандары 6-дан немесе 5-тен көп, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, қолданған 3-4 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

65 % - жазылған бет сандары 6-дан көп немесе 5-ке дейін, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

60 % - жазылған бет сандары 6-дан көп немесе 5-ке дейін, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиеттерге ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

55 %- - жазылған бет сандары 6-дан көп немесе 5-ке дейін, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері , сызбалары мен сыба нұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

50 % – конспект сандары 5-ке дейін, және конспект СӨЖ-дің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, кіріспесі мен қорытындысы болмай, суреттері мен кестелері, сызбалары мен сызбанұсқалары аз, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай немесе кейбір сұрақтарға жауап бере алмай, қолданған 1-2 әдебиетке ескертулер жасалып және текст бойынша әдебиеттерге сілтемелер жасалмай, немесе ескі (2000жылға дейінгі) әдебиеттерді қолданғанда.

45% % – СӨЖ-ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ қойылған талаптарға сай емесболғанда.

Квантталған текстер мен тест түрінде берілген әртүрлі тапсырмаларды бағалау критерийлері:

100 % – қойылған талаптарды 100% орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап бергенде

95 % – барлық қойылған талаптарды орындағанда, барлық сұрақтарға толық жауап берілгенде, бірақ материал негізгі әдебиеттерден алынғанда.

90 % – қойылған талаптарды толық орындағанда, барлық сұрақтарға толық қатесіз жауап берілгенде, бірақ сенімсіздік болғанда. Материал тек негізгі оқулық әдебиеттерден алынғанда.

85 % – СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп,абзацтарының аталуы дұрыс емес немесе бөлуге болатын өте үлкен абзацтар болып, қорғағанда бәріне жауап беріп, болмашы қате жіберіп, негізгі оқулық әдебиеттерді қолданып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 8-9 болғанда.

80% – СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп,абзацтарының аталуы дұрыс емес немесе бөлуге болатын өте үлкен абзацтар болып, қорғағанда бәріне жауап беріп, болмашы қате жіберіп, негізгі оқулық әдебиеттерді қолданып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 8-9 , бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

75% –СӨЖ-ді орындауда аздаған қате жіберіп,абзацтарының аталуы дұрыс емес немесе бөлуге болатын өте үлкен абзацтар болып, қорғағанда бәріне жауап беріп, болмашы қате жіберіп, негізгі оқулық әдебиеттерді қолданып, немесе ескі әдебиеттерді қолданып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 6-7 , бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

70 % – бастапқы тексті жоқ, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 4-5, бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

65% % – бастапқы тексті жоқ, СӨЖ-ді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай қателіктер жіберіп, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 4-5, бірақ талаптардың бәр түріне сай емес болғанда.

60 % – бастапқы тексті жоқ, негізгі әдебиеттерге сілтемелер жоқ немесе ол дұрыс жасалмаған, кванттауға керек материал СӨЖ-дің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент барлық сұрақтарға жауап бере алмай қателіктер жіберіп, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар 2-3 және бір- екі түрі болғанда.

55 % –мұқаба беті жоқ,бастапқы тексті жоқ, негізгі әдебиеттерге сілтемелер жоқ немесе ол дұрыс жасалмаған, кванттауға керек материал СӨЖдің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент сұрақтарға жауап бере алмай, қателіктер жіберіп, текст негізгі оқулық әдебиеттерден немесе ескі әдебиеттерден алынып, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар болмағанда.

50 % – мұқаба беті жоқ,бастапқы тексті жоқ және кванттау көзіне библиографиялық сілтеме жоқ, квантталатын текст СӨЖдің тақырыбына сәйкес келмей, СӨЖді орындауда маңызды қателер жіберіліп, грамматикалық және биохимиялық қателер бар болып, студент сұрақтарға жауап бере алмай, квантталған текст екі баспа беттен көп, тесттік тапсырмалар болмағанда.

45 % – СӨЖ-ді тапсырмағанда, немесе СӨЖ қойылған талаптарға сай болмағанда.

МАМАНДЫҒЫ: Стоматология

КАФЕДРА: Биологиялық химия

ДӘРІСТІК КЕШЕНІ

КУРС: екінші

ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: кафедра профессор-оқытушылар құрамы

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №1

29 тамыз 2012 ж.

Бекітілді

Кафедра меңгерушісі

Профессор ____________________________ Плешкова С.М.

№ 1 дәріс.

Тақырыбы: Биохимияға кіріспе. Белоктардың құрылысы және атқаратын қызметтері. Белоктардың жіктелуі. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.

Мақсаты: Студенттерді биохимия ғылымымен таныстыру. Белоктардың құрылысы және атқаратын қызметтері туралы түсінік беру. Күрделі белоктарға сипаттама беру.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Биохимияға кіріспе

  2. Белоктардың құрылысы және атқаратын қызметтері

  3. Белоктардың жіктелуі.

  4. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері.

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Биохимияға кіріспе

Биохимия – тірі организмнің химиялық құрамы мен ішкі метаболиттер қатысуымен жүретін химиялық үрдістерді оқытатын ғылым. Энзимология, молекулалық генетика, биоэнергетика саласындағы ашылған жаңалықтар биохимияны фундаментальды пәндердің қатарына қосты және биология, медицина, жануарлар мен өсімдіктер саласындағы көптеген мәселелерді шешуде негізгі қажетті сала (пән) жасады.

Биохимия дәрігерге ауру және сау ағзадағы өтіп жатқан химиялық үрдістер туралы мәлімет береді, метаболитттер мен ферменттердің көрсеткіштерін диагностика және бақылауда қолдануға мүмкіндік береді. Ол осы үрдістерді басқара отырып рациональды ем қолдануға мүмкіндік береді.

Белоктардың құрылысы мен қызметтері

Белоктар – амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын жоғарыы молекулалы биополимерлер. Аталуы грек сөзі «protos» – бірінші, маңызды дегенімізді білдіреді. Табиғатта шамамен 1010- 1012 әр түрлі белоктар кездеседі, олар 106 тірі заттардың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Адам ағзасында 50000 белоктар болады. Белоктармен тіріні өліден ажырататын барлық белгілер байланысты: жиырлғыштық, заттар алмасуы, жоғарыы деңгейдегі құрылымдық ерекшелік, энергияны түзу және пайдалану, химиялық реакцияларды тездету.

Белоктардың атқаратын қызметтері (функциялары).

  1. структуралық (пластикалық, тіректік) – адамның, өсімдіктердің, вирустардың, микроорганизмнің дене құрылымын анықтайды, әр түрлі биологиялық мембраналардың құрамына кіреді. Кейбір белоктар – коллаген, эластин, кератиндер үшін бұл қызмет негізгі болып есептеледі.

  2. Катализдік – белоктар ағзадағы химиялық үрдістерді тездетіп биокатализаторлық қызмет атқарады (ферменттер).

  3. Энергиялық – адамның энергияға қажеттілігінің 10-20%-ы амин қышқылдарының тотығуымен қамтамасыз етіледі.

  4. Тасымалдау – белоктар қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен суда ерімейтін заттарды (витаминдер, металлдар, липидтер, газдар) тасымалдайды және мембрана арқылы тасымалдануды қамтамасыз етеді.

  5. Қорғаныстық–иммунологиялық реакцияларды қамтамасыз етеді.

А) жарақаттанған кезде қан ұю жолымен ағзаны қансыраудан қорғайды; Б) улы эндогенді және экзогенді заттарды байланыстырады; В) антидене түзеді; Г) интерферондар – вирус белоктарының синтезін тежейді.

  1. Жиырылғыштық.

  2. Реттеуші –гормондар, ферменттер, БАЗ, пептидтер табиғаты жағынан белоктар болып табылады.

  3. Трансформациялық – электр және осмостық энергияны АТФ химиялық энергияға айналдырады.

  4. Тұқым қуалау белгілерінің берілуіне қатысады.

Белоктардың жіктелуі.

Химиялық құрамы бойынша белоктар 2 топқа бөлінеді– жай (гидролиз кезінде тек амин қышқылдарына ыдырайды), күрделі (гидролиз кезінде амин қышқылдары мен простетикалық топқа ыдырайды). Жай белоктар ерігіштігі және физика-химиялық қасиеттері бойынша глобулярлы және фибриллярлы болып бөлінеді. Глобулярлы белоктардың молекуласы шар тәрізді болып келеді. Фибриллярлы белоктар жіпше тәрізді құрылымымен ерекшелінеді, олар еритін және ерімейтін болып бөлінеді. Еритіндерге миозин, актин, фибриноген, ал ерімейтіндерге – склеропротеиндер (протеиноидтар – кератин, эластин, коллаген) жатады. Күрделі белоктарға – НП, МП, ГП, ФП, ХП, ЛП жатады.

Хромопротеиндер (ХП) - құрылысы, өкілдері, маңызы.

ХП боялған белоктар (chroma – бояу), жай белоктан және простетикалық топтан тұрады. Простетикалық тобы металл немесе витаминдер есебінен боялған заттар болып табылады. Гемопротеидтер бірнеше кластарға бөлінеді. Гемоглобин жай белок глобин және 4 гемнен (простетикалық топ) тұрады, эритроциттердің негізгі белогы.Негізгі ролі оттекті өкпеден тіндерге (оксигенация) және көмір қышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдау. Гемоглобин буферлі жүйе түзіп қанның қышқыл-сілті балансын тұрақты ұстап тұруға қатысады. (гем құрылысы суретте көрсетілген).

Гемопротеидтердің екінші өкілі–миоглобин 1 гем және 1 п/п ( 153 амин қышқылынан тұрады) тізбектен тұрады. Миоглобин гемі құрылысы жағынан гемоглобин гемімен бірдей. Миоглобиннің ролі миокардта және бұлшық етте оттекті оксигемоглобиннен тыныс алу ферменттеріне тасымалдау .Гемоглобиннің физиологиялық және патологиялық туындылары болады (окси- және карбгемаглобин, карбокси- және метгемоглобин).

Гликопротеиндер (ГП) (glycos – тәтті) – простетикалық тобы ретінде көмірсулар және оның туындылары (D-галактоза, D-маннозу, D-глюкоза, L-фукоза, N-ацетилглюкозамин, N-ацетилгалактоза, сиал қышқылы, арабиноза, нейрамин қышқылы, ксилоза) болатын күрделі белоктар.

Нағыз ГП 80-90% белоктан, 10-20% простетикалық топтан тұрады. Простетикалық топ жүйесіз полисахаридтер: гексозаминдер, фукозы, арабиноза, ксилоза, галактоза және манноза, нейрамин и сиал қышқылдарынан тұрады. Өкілдері: иммуноглобулиндер, муциндер, сиалопротеидтер, кейбір гормондар (ФСГ, ТТГ), гормондардың рецепторы, кейбір ферменттер (холинэстераза), қан тобын анықтайтын белоктар , протромбин, тасымалдаушы белоктар (транскортин, гаптоглобин, церулоплазмин) және т.б.

Протеогликандар. 2-10% белоктан және 90-98% простетикалық топтан тұрады.Олардың простетикалық тобы жүйелі көмірсулар (ретімен қайталанатын), гликозамингликандар (ГАГ) деп аталады. ГАГ ретімен қайталанатын дисахаридтер, құрамында урон қышқылдары мен ацетилгексозаминдер болады.

ГАГ ағзада маңызды биологиялық роль атқарады: 1) ағзалар мен тіндерге катиондардың тасымалдануы, байланысуы және таралуына , оссификацияға; 2) су мен онда еритін заттар үшін мембрана өткізгіштігін қамтамасыз етіп, тіндерге судың таралуына; 3) диффузия үрдістерінің реттелуіне қатысады.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

  1. Презентация (слайдтар)

  2. графопроекторға пленкалар:

- биохимияның басқа ғылымдармен байланысы;

- белоктардың жіктелуі;

- гиалурон қышқылының құрылысы;

- хондроитинсульфаттың құрылысы;

- гепариннің құрылысы;

- гемоглобин гемінің құрылысы;

.

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.

  1. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  1. С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.

  1. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  1. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  1. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

  1. С.М.Плешкова, С.А.Абитаева, Р.Д Асанбаева «Белоктар. Молекулалық генетиканың негіздері», Алматы,1999

Қосымша:

  1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер. - Алматы, 2009 ж.

  2. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 1998 г.

  1. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  1. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  1. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С.8-11, 13, 34.

  1. Верболович П.А., Аблаев Н.Р. «Лекции по отдельным разделам биохимии», 1985 - С.27-36.

  1. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  1. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002г.

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАРЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС:

    1. Биохимияға ғылым ретінде анықтама беріңіз.

    2. Белоктар дегеніміз не?

    3. Белоктардың қандай қызметтер атқарады?

4. Хромопротеиндер, жіктелуі, өкілдері, маңызы.

  1. Гемоглобин, миоглобин, құрылысы, ролі.

  2. Гликопротеиндер, құрылысы, жіктелуі.

7. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылығы.

№ 2 дәріс.

Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің медицинадағы маңызы.

МАҚСАТЫ: Табиғаты белоктық биологиялық катализаторлар ферменттер туралы түсінік беру. Ферменттердің жалпы қасиеттері және жіктелуі, медицинадағы маңызымен таныстыру.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Ферменттер, түсінік

  2. Ферменттердің әсер ету механизмі

  3. Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі, медицинадағы маңызы.

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

Ферменттер – арнайлығы бар белоктар, жасушаларда түзіліп химиялық үрдістерді тездетуге қабілетті биологиялық катализаторлар. «Фермент» термині «fermentum» - ашытқы латын сөзінен шыққан. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде «энзим» сөзі пайдаланылады, грек тілінінен «en zyme» – ашытқыда дегеніміз мағына береді.

Ферменттер мен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастығы:

- тек энергиялық мүмкіндігі бар реакцияларды катализдейді ;

- кері реакциялардың тепе-теңдігін өзгертпейді;

- реакция бағытын өзгертпейді;

-реакция нәтижесінде пайдаланылмайды.

Ферменттердің бейорганикалық катализаторлардан айырмашылығы (жалпы қасиеттері):

-құрылысының күрделілігі , бір компонентті (жай белоктар) және екі компонентті (күрделі белоктар);

- әсер ету қуаттылығы жоғарыы;

- арнайылығы;

- активтілгін реттеуге болатын заттар;

- ағзада жайлы жағдайда әсер етеді.

Ферменттердің әсер ету механизмі.

Ферменттердің әсер ету механизмі 3 сатыдан тұрады:

фермент-субстратты комплекстің түзілуі;

«фермент- реакция өнімі» комплексінің түзілуі;

Реакция өнімінің ферменттен бөлінуі.

Бірінші сатысы ферменттің белоктан айырмашылығы активті орталығының болуында, активті орталығы арқылы фермент субстратымен байланысып реакцияны тездетеді. Активті орталық – ферменттердің беткі жағына орналасқан аминқышқылдарының функционалды топтарының белгілі бір шектелген кеңістікке шоғырлануы. Кейбір ферменттерде активті орталықтан басқа аллостерикалық орталықта болады, олар активті орталықтың жұмысын реттеуге қатысады.

Көпке дейін фермент пен субстрат арасында дәл сәйкестік («кілттің құлыпқа дәл келуі») бар деп есептеді.

Ал, қазіргі уақытта ферменттің активті орталығы субстратқа реакция кезінде сәйкес келеді (индукциялық сәйкестік теориясы) деп айтады. Субстраттық аймақ ферменттің субстратпен байланысуын қамтамасыз етеді. Активті орталықтың катализдік аймағы реакцияның жүруіне жауап береді.

Үшінші сатысы – реакция жылдамдығы осы сатысына байланысты. Ферменттің реакция өнімінен бөлінуі жүреді.

Кез келген химиялық реакция әрекеттесуші заттардың молекуласы соқтығысқанда жүреді. Реакция жүйесіндегі әрекеттесуші заттардың молекулаларының қозғалысы бос потенциалдық энергияның болуына тәуелді. Химиялық реакция жүру үшін бастапқы заттардың молекулалары ауыспалы күйге көшуі тиіс, яғни әрекеттесуші заттар энергиялық тосқауылдан өтуі үшін жеткілікті энергия қажет. Энергиялық тосқауыл – бұл барлық молекулалардың реакцияласу қабілетін арттыратын сырттан берілетін энергияның ең аз мөлшері. Бастапқы өнімнің (субстраттың) бос энергиясы мен субстратты ауыспалы күйге әкелуге жұмсалатын энергияның айырымы бос активтену энергиясына сәйкес келеді. Кез келген химиялық реакцияның жылдамдығы ауыспалы күйдегі молекулалардың концентрациясына тура пропорционал. Барлық катализаторлар, соның ішінде ферменттер де реакцияның энергиялық тосқауылын (активтену энергиясын) төмендетеді, бұл реакцияның анағұрлым жылдам өтуіне мүмкіндік береді.

Ферменттердің номенклатурасы және жіктелуі

Ферменттердің көбісін катализдейтін реакция атына немесе әсер ететін субстраттың атына -аза дегеніміз жалғау қосып атайды. Мысалы, гидролаза, мальтаза, аргиназа, ЛДГ, АЛТ.

Барлық белгілі ферменттер катализдейтін реакция түріне байланысты 6 класқа бөлінеді.

  1. Оксидоредуктазалар - тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді.

  2. Трансферазалар - атом немесе атом топтарының бір заттан екінші затқа тасымалдануын катализдейді.

  3. Гидролазалар - судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға ыдырауын катализдейді.

  4. Лиазалар-заттардың сусыз ыдырауын немесе синтезін катализдейді.

  5. Изомеразалар-изомерлену рекцияларын катализдейді.

  6. Лигазалар немесе синтетазалар –АТФ энергиясын пайдаланып синтезделу үрдісін катализдейді.

Әр ферменттің аталуы субстраттың атына немесе катализдейтін реакция атына “аза” дегеніміз жалғау қосылып оқылады. Кейбір ферменттердің тривиальды аттары сақталған.