- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •3Тб қазіргі заманда көп таралу себебі оның басқаларға қарағанда техникалық және экономикалық тиімділігінде болып табылады:
- •2 Арматура деп тб құрамындағы болаттан жасалған, созу күштерін қабылдайтын және конструктивті, есептік және өндірістік қажеттіліктерден қабылданған сырықтарды айтады (3,2сурет).
- •3 Арматура мен бетонның сіресуі тб-ң ең маңызды шарты. Арматура мен бетонның берік сіресуі келесі үш фактормен жүзеге асады:
- •Бірінші жоғалтулар:
- •Сурет 5,1. Кернеліп-деформацияланған күйдің кезеңдері.
- •2 Алдын ала кернелген иілетін элементтерде арматураларды иілу моменті эпюрасына және көлденең күшке байланысты орнатады.
- •Сурет 6,7. Көлбеу сызаттарынан пайда болған бұзылу.
- •Сурет 3,7. Көлбеу қималарын есептеуде
- •2 Иілетін элементтердегі көлбеу қималарының түзілуі ию моменті мен көлденең күш әсерінен болады.
- •Сурет 3,8. Көлбеу қималарын қамыттармен күшейту
- •3Тас қалауының беріктігі тас және ерітіндінің беріктігіне, түріне, жасына, жасау сапасына және т.Б. Факторларға байланысты болады.
- •Сурет 8,4. Қалаудың созу кезінде бұзылуы, және қысу кезіндегі деформация графигі.
- •Сурет 9,1. Ортасынан қысылған элементтерді есептеу үшін.
- •2 Көптеген тас конструкциялар ортадан тыс қысылған болып келеді, оларда қысу күші Nэксцентриситетпен қойылған (сурет 9,2).
- •Сурет 9,2. Ара қабырғаларын есептеуде.
- •2 Болат вариантты жобалау және техникалық-экономикалық талдау негізінде тандап алынады.
- •3 Болат ферриттен жәнеперлиттенқұралады.Перлиттің түйірлері фериттен едәуір беріктеу келеді. Осыекі құраушылар көміртекті болаттың жүктеме әсерінен жүмысын анықтайды.
- •Сурет 4. Болат жұмысының унификацияланған диаграммасы.
- •2 Серпімді деформацияланған кезде бірнеше рет кайта-қайта жүктеу материалдың кейінгі жұмысына әсерін тигізбейді, себебі серпімді деформациялар кайтымды келеді.
- •2 Кернеулерді, пайда болуына байланысты, төрт түрге бөлуге болады: негізгілер,қосымшалар, жергіліктілер және бастапқылар.
- •Сурет 13. Жергілікті кернеулер: а - шоғырланған жүктемелер түскен жерлерде; б – крандоңғалағының астында.
- •Сурет 14. Прокатталған (а) және дәнекерленген (б) элементтердегі бастапқы кернеулердіңэпюралары
- •Сурет 13,1. Діңгектің басты қималары (а); құрылымы (б)
- •Сурет 13,2. Ағаштың кебу кезінде деформациясы.
- •Сурет 13,3. Беріктікке сынауға стандартты үлгілері.
- •Сурет 13,4. Қарағайдың келтірілген даграммасы (a), үлгінің қысу кезінде бойлық бойымен бұзылуы (б).
- •7Фанера деп шпон деп аталатын сансыз қабаттардан құралған жазық бетті материалды айтады. Оны түзу сызықтық ағаш қималарын кесу арқылы алады.
- •8 Қорғау шаралары конструктивті және химиялық болып табылады. Конструктивті шаралар қызудан және ылғалданудан қорғауға арналған.
- •9 Пластикалық массалар жасанды материал болып табылады, синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстардан жасалған.
- •2 Сыналар механикалық жұмысшы қосылыстардың ең көп таралған түрі болып табылады. Сына деп ағаш элементтерін өзара қозғалуын болтыртпау үшін қолданылатын иілетін сырықты айтады.
- •Тәжірибелік сабақтар
- •Сурет 1.3.
- •Сурет 1,4.
- •Жұмыс мақсаты: Металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалауды үйрену.
Сурет 13,4. Қарағайдың келтірілген даграммасы (a), үлгінің қысу кезінде бойлық бойымен бұзылуы (б).
Үлгілерді талшық бойымен қысу беріктігі созылуға қарағанда 2-2,5 есе төмен болып келеді. Бұтақтардың әсері аз болып келеді, созуға қарағанда. Қысылған элементтердің жұмысы созылатын элементтерге қарағанда сенімді болып келеді. Металл-ағашты конструкциялар кеңінен таралған, оларда созылу аймағында болат және қысылған, қысылып иілген аймақта ағаш орналасқан.
Келтірілген қысу диаграммасында (2) қисықтау болып келеді. Шартты пропорционалдылық шегіне дейін φ=0,5, ол түзу болып қабылдануы мүмкін. Бұзылу мыжылу аймағының пайда болуынан басталады, оның себебі талшықтардың сынуы болып келеді (сурет 13,4 б).
Көлденең иілу кезінде беріктік шегі қысу және созу беріктігі ортасында орын алады. Иілу кезінде созылу аймағы пайда болатындықтан, бұтақтар әсері үлкен болады. Бөренелерде ақаулықтардың әсері иілу кезінде, дайын материалдарға қарағанда аз болады, өйткені кесілген материалдарда ақаулықтар қиманың түгел аймағын алуы мүмкін.
Иілу кезінде кернеуді анықтау кәдімгі формуламен анықталады σ=М/W және ол кернеудің біркелкі сызықтық таралуымен сипатталады, сонымен қатар аз кернеу болғанда шын өрнекті көрсетеді (сурет 13,5 а). Кернеу әрі қарай көтерілгенде эпюра қисая бастайды (сурет 13,5 б,в).
Сурет 13,5. Иілу кезінде кернеу эпюрасы.
Иілу кезінде салыстырмалы беріктік шегі көлденең қима формасына байланысты болады. Шеңбер тәрізді қимада үлкен болып келеді, тік төртбұрышты қимаға қарағанда, ал қоставрлыда одан да кем. Қима биіктігі үлкейген сайын беріктік шегі азаяды.
Жаншылу талшық бойымен, көлденең және бұрышпен болады. Ағаштың талшық бойымен жаншылуға беріктігі талшық бойымен қысу беріктігінен айырмашылығы аз болып келеді. Ал көлденең бағыттағы жаншылуға кедергісі төмен болып келеді. Бұрышпен жаншылу аралық мәнге ие.
Сурет 13,6. Жаншылуға жұмыс.
а- талшыққа көлденең бағытта жаншылу, б- күш бұрышының әсері; в- жаншылуға үлгілер.
Нормирленген шек деп пропорционалдылықтың шартты шегі кернеуі болып табылады, бұл кезде ағаштың деформациясы азаяды(сурет 13,6 а). Бұл шектің ең төменгі мәні жаншылу толық беті бойымен әсер еткенде болады, ал максималды мәні белгілі аймақта ғана әсер етсе болады(сурет 13,6 в).
α бұрышымен жаншылу кезінде σпрмәні көбейеді егер бұрыш азайса, нәтижесінде эмпирикалық қисықты алуға болады (сурет 13,6 б).
6 Ағаш беріктігіне жүктеудің әсер ету ұзақтығы көп ықпалын тигізеді. 13,7 а суретіндегі қисық ағаштың ұзақ әсер етуге кедергі қисығы д.а., ал ордината σдлұзақ әсер етуге кедергі шегі д.а..σдлмәнідеп, жүктеудің қалай ұзақ әсер етсе де бұзылмай тұру қалпындағы шектік кернеуді айтамыз.
Сурет
13,7. Ағаштың ұзақ жүктеуге кедергі қисығы
Қисықтағы асимптота жүктеудің өзгеру диапазонын екі аймаққа бөледі: асимптота астындағы аймақ σ<σдл,бұл жерде үлгі бұзылуы байқалмайды, жүктеме қалай ұзақ әсер етсе де, және асимптота үстіндегі аймақ σ>σдл, бұл жерде бұзылу уақыт өтуімен бәрі бір орын алады. Ұзақ жүктеменің асимптотикалық қисығы басқа ағаш түрлеріне де келеді.
σ<σдлболғанда деформациялар уақыт өткенмен өшеді, және белгілі бір шекке ұмтылады(сурет 13,7 б, ирек сызық).
σ>σдлболғанда деформация жылдамдығы кішкене азайғаннан кейін, деформация тұрақты жылдамдықпен өседі. Содан кейін, t1 уақыты кезінде деформация күрт өсіп, бұзылу басталады.
