- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •3Тб қазіргі заманда көп таралу себебі оның басқаларға қарағанда техникалық және экономикалық тиімділігінде болып табылады:
- •2 Арматура деп тб құрамындағы болаттан жасалған, созу күштерін қабылдайтын және конструктивті, есептік және өндірістік қажеттіліктерден қабылданған сырықтарды айтады (3,2сурет).
- •3 Арматура мен бетонның сіресуі тб-ң ең маңызды шарты. Арматура мен бетонның берік сіресуі келесі үш фактормен жүзеге асады:
- •Бірінші жоғалтулар:
- •Сурет 5,1. Кернеліп-деформацияланған күйдің кезеңдері.
- •2 Алдын ала кернелген иілетін элементтерде арматураларды иілу моменті эпюрасына және көлденең күшке байланысты орнатады.
- •Сурет 6,7. Көлбеу сызаттарынан пайда болған бұзылу.
- •Сурет 3,7. Көлбеу қималарын есептеуде
- •2 Иілетін элементтердегі көлбеу қималарының түзілуі ию моменті мен көлденең күш әсерінен болады.
- •Сурет 3,8. Көлбеу қималарын қамыттармен күшейту
- •3Тас қалауының беріктігі тас және ерітіндінің беріктігіне, түріне, жасына, жасау сапасына және т.Б. Факторларға байланысты болады.
- •Сурет 8,4. Қалаудың созу кезінде бұзылуы, және қысу кезіндегі деформация графигі.
- •Сурет 9,1. Ортасынан қысылған элементтерді есептеу үшін.
- •2 Көптеген тас конструкциялар ортадан тыс қысылған болып келеді, оларда қысу күші Nэксцентриситетпен қойылған (сурет 9,2).
- •Сурет 9,2. Ара қабырғаларын есептеуде.
- •2 Болат вариантты жобалау және техникалық-экономикалық талдау негізінде тандап алынады.
- •3 Болат ферриттен жәнеперлиттенқұралады.Перлиттің түйірлері фериттен едәуір беріктеу келеді. Осыекі құраушылар көміртекті болаттың жүктеме әсерінен жүмысын анықтайды.
- •Сурет 4. Болат жұмысының унификацияланған диаграммасы.
- •2 Серпімді деформацияланған кезде бірнеше рет кайта-қайта жүктеу материалдың кейінгі жұмысына әсерін тигізбейді, себебі серпімді деформациялар кайтымды келеді.
- •2 Кернеулерді, пайда болуына байланысты, төрт түрге бөлуге болады: негізгілер,қосымшалар, жергіліктілер және бастапқылар.
- •Сурет 13. Жергілікті кернеулер: а - шоғырланған жүктемелер түскен жерлерде; б – крандоңғалағының астында.
- •Сурет 14. Прокатталған (а) және дәнекерленген (б) элементтердегі бастапқы кернеулердіңэпюралары
- •Сурет 13,1. Діңгектің басты қималары (а); құрылымы (б)
- •Сурет 13,2. Ағаштың кебу кезінде деформациясы.
- •Сурет 13,3. Беріктікке сынауға стандартты үлгілері.
- •Сурет 13,4. Қарағайдың келтірілген даграммасы (a), үлгінің қысу кезінде бойлық бойымен бұзылуы (б).
- •7Фанера деп шпон деп аталатын сансыз қабаттардан құралған жазық бетті материалды айтады. Оны түзу сызықтық ағаш қималарын кесу арқылы алады.
- •8 Қорғау шаралары конструктивті және химиялық болып табылады. Конструктивті шаралар қызудан және ылғалданудан қорғауға арналған.
- •9 Пластикалық массалар жасанды материал болып табылады, синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстардан жасалған.
- •2 Сыналар механикалық жұмысшы қосылыстардың ең көп таралған түрі болып табылады. Сына деп ағаш элементтерін өзара қозғалуын болтыртпау үшін қолданылатын иілетін сырықты айтады.
- •Тәжірибелік сабақтар
- •Сурет 1.3.
- •Сурет 1,4.
- •Жұмыс мақсаты: Металды жабыны бар арқалықты алаңды жобалауды үйрену.
Бірінші жоғалтулар:
Тірекке бекіткен кезде кернеудің релаксациясынан; арматура түрінен және созу әдісіне байланысты болады, механикалық әдіс кезінде σ1=0,1σsp-20,электротермиялық және электротермомеханикалық әдісте - σ1=0,3σsp.
Температураның өзгеруінен, яғни арматураның және созатын құрылғылардың температураларының айырмашылығы, В40 бетоннан төмен бетондар үшін σ2=1,25Δt, В45 және одан жоғарғы бетондар үшін σ2=1Δt; мұндағы Δt арматура мен тіректің температура айырмашылықтары.
Анкерлердің деформациясынан болатын жоғалту σ3=(λ/l)Еs, мұндағыλ=2мм – шайбалардың қысылуы, λ=1,25+0,15d инвентарлы қысқыштардағы сырықтардың орын ауыстыруы, d- сырық диаметрі, l- сырық ұзындығы; электротермиялық созу кезінде σ3=0; бетонға тіреген кезінде σ3={(λ1+λ2)/l}Еs.
Арматураның үйкелісінен болатын жоғалту σ4
канал немесе бетонға тіреген кезінде конструкциямен болатын үйкелістен;
тірекке тіреген кезде майысатын жердегі болатын үйкеліс.
Болатты форманың деформациясынан болатын жоғалту, конструкцияның түріне, ұзындығына және формасына байланысты болады, белгісіз болса σ5=25 МПа деп қабылдайды;
Бетонның ағуынан болады, қатаю түріне, кернеу мәніне және бетон классына байланысты, бетонды қысу кезінде және кейін 2-3 сағат аралығында болады. Табиғи қатаю кезінде σ6=40σbp/Rbp, егер кернеу σbp/Rbp ≤α болса, мұндағы α =0,25+0,025 Rbp ≤0,8 σbp- бетонды қысатын кернеу.
Екінші жоғалтулар:
Армматураның кернеуінің релаксациясынан болатын σ1=σ7.
Бетон отыруынан болады σ8, бетон түріне, созу түріне және қату түріне байланысты.
Бетон ағуынан болады, алдын ала қысу күшінің ұзақ әсерінен болады, бетон түріне, созу түріне және бетондағы кернеуге байланысты,
Егерσbp/Rbp ≤0,75, болса бетон сызықты түрде ағады.Онда σ9=150ασbp/Rbp.
Егерσbp/Rbp>0,75, болса бетон сызықты емес түрде ағады. Онда σ9=300α(σbp/Rbp-0,5)
Арматура кедір-бұдырлығынан болатын бетондағы жаншылу, бетонға орау тәсілімен созылса (диаметрі 3м болатын құбырларда және резервуарларда)σ10=70-22d.
Құрылымды конструкцияның блоктарын қосқан кезде арасында болатын қысу деформацияның салдарынан σ11=(nλ/l)Es, мұндағыλ=0,3…0,5 – қосылыс қысылуы,n – тігіс саны.
Алғашқы кернеулер жоғалтуларын екі топқа бөледі (кесте 1),σlos,1 –бірінші жоғалтулар, бетонның қысылуына дейін; σlos,2 – екінші жоғалтулар, бетонның қысылуынан кейін.
Кесте 1. Алғашқы кернеу жоғалтуларының топтары
Созу тәсілі |
σlos,1 |
σlos,2 |
Тірекке |
σ1+ σ2+ σ3+ σ4+ σ5+ σ6 |
σ8+ σ9 |
Бетонға |
σ3+ σ4 |
σ7 + σ8+ σ9 + σ10+ σ11 |
Толық жоғалтулар 200…300 МПа-ға дейін жетуі мүмкін. Нормалар бойынша оларды 100 МПа етіп қабылдайды.
4 Алдын ала кернелген конструкцияларды есептеген кезде, жұмыстың әртүрлі сатысында болатын бетондағы және арматурадағы алдын ала қысудан пайда болатын кернеуді есептеу қажеттігі туады.
Бетондағы алдын ала қысу күші кернелген және кернелмеген арматурадағы тең әсер ететін күштердің мәніне тең болады (сурет 4,6):
Р=σspАsp+ σ'spА'sp- σsАs- σ'sА's(1.9)
Сурет 4,6. Қысу күштерінің таралу сұлбасы.
Ал келтірілген қиманың жүктеу центріне байланысты эксцентриситеті тең әсер ететін және құрайтын күштердің теңдігі шартынан анықталады:
еор=(σspАspуsр - σ'spА'spу'sр - σsАsуs + σ'sА'sу's)/Р
5 Алдын ала кернелген ТБК-дағы кернеулерді анықтау үшін (1-ші сатыда, сызаттар түзілгенге дейін) бетонның келтірілген қимасын қарастырады, бұл қимада арматура қимасының ауданын эквивалентті бетонның қимасымен алмастырады. Бетон мен арматураның деформацияларының тең болатынын еске ала отырып, келтіруді екі материалдың серпімділік модульдары α=Еs/Еb қатынасынан алады.
Келтірілген қиманың ауданы келесідей болады (сурет 4,7):
Сурет 4,7. Келтірілген қиманың сұлбасы
Аred=А +αАsp+ αА'sp+ αАs+ αА's(1.11)
Келтірілген қиманың статикалық моменті І-І өсі бойынша, астыңғы қыры бойынша
Sred=ΣAiyi(1.12)
І-І өсіне дейін ауырлық күші центріне дейінгі қашықтық:
yo=Sred/Ared(1.13)
Келтірілген қиманың инерция моменті, келтірілген қиманың ауырлық күші центрі бойынша:
Ired=Σ{Ii +Ai (yo - y)2}(1.14)
Мұндағы,
А – бетон қимасының ауданы; Аi– қиманың бөлігінің ауданы;
yi–қиманың і бөлігінің ауырлық центрінен өсI – I-ге дейін арақашықтық;
Ii– қиманың і бөлігінің инерция моменті, қиманың ауырлық центрімен өтетін.
6 Бетон қысылған кезде серпімді емес деформациялар орын алады, нормальді кернеулердің эпюрасы қисық сызықты болады. Бетондағы кернеуді анықтау үшін элементті ортасынан тыс қысылған деп қабылдайды:
Σbp =Р/Аred ±Реopy/Ired(1.15)
Есептің мақсатына байланысты кернеуді қиманың биіктігі бойынша әртүрлі деңгейде анықтайды:
Арматурадағы бақыланатын кернеуді тексеру үшін – кернелетін арматура күші бойымен;
Қысу кезіндегі шектік кернеуді анықтаған кезде –ең шеткі қысылған талшық бойымен;
σ6,σ9 жоғалтуларын тапқанда кернелетін арматураның ауырлық центрі бойымен.
Дәріс 5. Темірбетон кедергісінің эксперименталды негіздері
Темірбетон кедергісі теориясының мақсаты.
ТБ элементтерінің кернеліп-деформацияланған күйінің үш кезеңі.
1 ТБ кедергісі теориясының негізгі мақсаты ТБК-ң кернелген-деформацияланған күйін бағалау және инженерлерге конструкцияны жобалау үшін ғылыми дәлелденген мағлұматтарды беру.
Нормальді, көлбеу және кеңістікті қималарды есептеудегі соңғы мақсат иілу моменті бойынша қиманың сондай мөлшерін таңдау, оның көтеру қабілетін қамтамасыз ету үшін, немесе элементтің қимасы белгілі болса, оның көтеру қабілеттігін тексеру.
Есеп бойынша анықталған арматураның қимасының ауданының элементтің нормальді қимасының ауданына қатынасы элементтің өзіндік бағасынан аспауы керек.
ТБ кедергісі теориясының тағы бір мақсаты жергілікті жүктеуге есептер құрастыру немесе жетілдіру (жаншылу, айырылу, еңгізу).
ТБ кедергісі теориясын элементтердің жүктелу кезеңдеріне байланысты кернеліп-деформацияланған күйінің түрін зерттеп құрастырады. Қимадағы бойлық өске нормальді келетін қиманың шектік күштерін табу үшін келесі шарттарды еңгізеді:
Бетонның созылуға беріктігі ноль етіп алынады, қысуға беріктігін Rb;
Арматурадағы деформацияны бетонның қысылған аймағының биіктігіне байланысты етіп қабылдайды, және алдын ала кернеу әсерін еске алады;
Арматурадағы созылу күштерін Rsесепті созылу кедергісіне тең етіп алады;
Сыртқы жүктеулердің сатылап көтерілуі кезінде ТБ элементінің кернеліп-деформацияланған күйінің үш түрін байқауға болады (сурет 5,1):
