Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризм инфрақұрылым-3 курс, туризм, Жайлаубаев Е.Н..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қосымша әдебиет

№

Атауы

Барлығы

кітап

ханада

кафед-рада

Оқыту-шыда

1

Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М.: Профиздат, 1993.

1

-

-

2

Жукова М.А. Менеджмент в туристском бизнесе: учебное пособие.-3-е изд., перераб. и доп. -М.: КНОРУС, 2008. -192 с.

5

3

Морозова Е.Я., Тихонова Э.Д. Экономика и организация предприятий социально-культурной сферы: Учеб. пособ. - СПб.: Из-во Михайлова В.А., 2002.-318 с.

4

Папирян Г.А. Международные экономические отношения: Экономика туризма. - М.: Финансы и статистика, 2000. - 208 с.: ил.

2

5

Смыкова М.Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг. Учебник. - Алматы: Нурпресс, 2006. - 220 с.

Электрондық оқулықтар мен құралдар

№

Атауы

Барлығы

кітапханада

кафедрада

оқытушыда

1

ОӘК

1

1

+

4.9.6. «Туризм инфрақұрылымы» пәні бойынша дәрістік кешен

№

Тақырып атауы

1

Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы

2

Туризмдегі сервистік инфрақұрлым.

3

Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары

4

Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру

5

Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері

6

Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы

7

Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру

8

Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.

9

Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы

10

Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі

ДӘРІС 1

Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы

Жоспары (4 сағат)

1. Туризм инфрақұрылымның түсінігі, мазмұны, алар орны

2.Туризм индустриясында инфрақұрылымның алар орны

Дәріс тезисі

Туристік қызмет аясындағы экономикалық әрекеттер, туристік қызметтің ұсынылуы мен айырбасы, оның құндылығы және теориялық тұрғыдан маңызды басқа да құбылыстар «әдеттегі» тауарлардан ерекше түрде қалыптасады. Мұндағы осылайша қалыптасатын рыноктық қатынастардың ерекшеленуі көрсетілетін қызметтердің затсыздығына ғана байланысты емес, ең алдымен экономикалық субъектілердің туристік қызметті ұсынуы мен тұтынуындағы ара-қатынастарының тазалай жекеше сипат алуымен байланысты.

Туристік қызметтің табиғаты, өзінің техника-ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттамасы жағынан материалдық игіліктен ғана емес, басқада көптеген қызметтерден түбегейлі ерекшеленеді. Қызметтердің осы секторынан туристік қызметті мынадай біркатар ерекшеліктері оқшаулайды:

  • пәндік нысан туристік қызметке тән сипат емес және ол материалдық өнім құнына айналмайды, сатып алушы тұрғысынан туристік тұтыну - бұл туристік елес. Туристік қызметтің осы сипаттамасы туризмнің қалған барлық өзіндік ерекшеліктерін және оның экономикасын қалыптастырады.

қызметтердің барлық түріне сезілмейтіндігі, ұсталынбайтындағы мен бейматериалдық сипаттамалары тән және ол туристік қызмет үшін айрықша көріністе болады. Тұтынушыға өзінің не сатып алып жатқанын қарастыруы, бағалауы өте қиын, ол сатушыға жай ғана сеніп, үміт артады. Осындай қиыншылық сатушының өзінде де туады, себебі ол алдын-ала туристік қызметтің пайдалы әсерін тұтыну касиеттері туралы беймәлім болады. Туристік оператор мен туристік агент саяхатшы мен туристің көңіл - күйіне байланысты болатын армандарды сатады. Туристік кызметтің қасиетін басқа тұтынушылардың пікірі негізінде және жарнаманың көмегімен бағалауға болады. Тұтынушы қызметтің осы түрін сатып алғаннан кейін, өзінің қажеттілігінің қанағаттандырылу дәрежесін заттай дәлелдей алмайды, тек өзінің субъективті ойлауына сүйенеді, яғни алған әсерімен, сезімімен, білімімен шектеледі. Туристік қызметтің тап осы сезілмейтіндік қасиеті оны стандарттау мен пайдалы әсерін өлшеу мәселесін шешуді күрделендіре түседі, демек сәйкесінше туристік қызметтің сапасын бақылауда да біршама қиындықтар туғызады

Туризм инфрақұрылымы. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35 сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар, қолөнершiлер қалашықтары) - 5. 

2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа мемлекеттердiң меншiгiнде болды. 

Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады. 

Туризм дамуында инфрақұрылымның алатын ролі өте үлкен. Туризм инфрақұрылым өндірістік және өндірістік емес салаларды ықпалдайды. Инфрақұрылым экономикадағы байланыстырушы беріліс бөлімі болып табылады, оның мақсаты кез келген өзге бөлімдікі сынды адамзат қоғамының күн санап өсіп келе жатқан рухани және материалды қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Инфрақұрылым өндірістік, әлеуметтік, институционалды инфрақұрылымдық элементтердің жиынтығынан тұрады.

Туризм инфрақұрылым өндірістік еңбек жағдайын жасауға жағдай тудырады. Дайын өнімді тиімді пайдалануға ықпал ететін инфрақұрылым элементтері мен өнімді алуға ықпал ететін өндірістік инфрақұрылымның элементтері ретінде дамуы өте маңызды. Өндірістік инфрақұрылым инженерлік, көлікті, коммуникациялық инфрақұрылыммен тығыз байланыста.

Қазіргі күні инфрақұлымның даму қарқыны заманға сай емес, сондықтан да инфрақұрылымның жеткіліксіз дамығандығы экономиканың, оның ішінде туризмің дамуын тежелейтін негізгі фактор болып тұр. Инфрақұрылымды есепке алмау кейін терең әлеуметтік – экономикалық мәселелерге соқтырады. Егер инфрақұрылым бүгінгі күнгідей жағдайда қала берсе, онда отандық өндіріс ешқашан өзге елдермен бәсекелстік жағдайына жете алмайды. Оның үстіне, Дүниежүзілік Туристік Ұйымға және алдағы он жыл ішінде дамыған елу елдің қатарына енуді стратегиялық түрде жоспарлап отырған болсақ, бұл мәселені шешпейінше мақсаттарымыздың орындалуы мүмкін емес. Әлеуметтік – экономикалық қарым-қатынастар облысында күрделі құрылымдық өзгерістер қажет.

Бағдарламаларда айтылып өткендей, туристік қызметті мемлекеттік реттеу туризм индустриясын дамыту саясаты мен инвестицияларды анықтау арқылы; туристік қызметті жетілдіруге бағытталған нормативті құқықтық актілерді қабылдау арқылы; туристік қызметті стандарттау;

Қазақстан Республикасының лицензиялау және техникалық реттеу заңнамасына сәйкес туристік қызметті лицензиялау; бюджетті заңнамаға сәйкес туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жасау және іске асыруға бөлінетін қаржылық бөлулер; туристік индустрия инвестицияларына қолайлы жағдай жасау; салықтық және кедендік реттеу;

жеңілдікті несиелер ұсыну; Қазақстан Республикасы территориясында турисік іс – әрекетпен айналысатын және шетелдік туристерді қызықтыратын туроператорлар мен турагенттерге кедендік және салықтық жеңілдіктер жасау;

туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесу; отандық туристердің, туроператорлардың және турагенттердің, олардың бірлестіктерінің халықаралық бағдарламаларда қатысуын қамтамасыз ету;

ішкі және халықаралық туристік нарықта туристік өнімді жылжытуға септігін тигізу;

туристік индустрия саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту, елдің туристік қорларын рационалды және тиімді пайдалануды қорғау және есептеу арқылы жүзеге асады.

Бақылау сұрақтары

  1. Туристік бизнес инфрақұрылымының негіздері, қалыптасу бағыттары

  2. Туристік бизнестің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

  3. Туризмның тиiмдiлiгiне қандай факторлар ықпал етедi?

  4. Мультипликатор түсінігі, мәні, маңызы

  5. Акселератор түсінігі

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Каленова С.А. Туризм экономикасы. – Алматы: «Ценные бумаги», 2011 ж. – 164 б.

  2. Боголюбов В.С., Орловская В.П. Экономика туризма: Учеб. пособ. для студентов высших учеб. заведений. - М.: «Академия», 2005. -192 с.

  3. Быстров С.А., Воронцова М.Г. Туризм: макроэкономика и микроэкономика. - СПб.: «Издательский Дом «Герда», 2007. - 464 с.

  4. Здоров А.Б. Экономика туризма: учебник. - М.: Финансы и статистика, 2004.-272 с.:ил.

  5. Темный Ю.В., Темная Л.Р. Экономика туризма: Учебник. - М.: «Советский спорт», 2003. - 416 с.

  6. Яковлев Г.А. Экономика и статистика туризма: Учеб. пособ, 4-е изд., перераб., и допол. - М.: Издательство РДЛ, 2007. - 480 с.

ДӘРІС 2

Туризмдегі сервистік инфрақұрлым.

Жоспары (2 сағат)

1. Қонақ үй индустриясы және сервисі

2. Орналастыру әдістерінің секторы

Мақсаты: Туризм индустриясын белгілі бір компоненттерден тұратын, күрделі салааралық халық шаруашылық кешен ретінде көрсету.

Дәріс тезисі

Қонақжай индустриясына қандай да бір анықтама беру қиынға соғады, себебі оның саласының құраушылары өте көп. Қонақжай ндустриясы кешенді болып табылады. Ол түрлі кәсіпқой шешімдерді және жағдайларды игере білудегі тәсілдердің жиынтығы. Индустриялы кәсіпорын әртүрлі қызметтерді орындайды (мысалы, клубтар, қонақ үйлер, пансионаттар) және олар өзара байланысты. Қонақжай индустриясын зерттеуде ол өзіне әртүрлі салаларды және секторларды қосатынын білу керек, ара қатынас жүйесін ұғыну, яғни бұл жерде қонақжай индустриясын басқа индустриясының арақатынасы.

Қонақжай индустриясы фирмадағы және ұйымдағы қызметкерлердің бірігіп, олардың әрқайсысы қонақтардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған арнайы өздеріне лайық функциясын көрсетеді. Қонақжай индустрияның негізгі секторына тоқталайық.

Орналастыру әдістерінің секторы. Туристерді орналастыру құралы кез-келген обьект, яғни түнеу орны, сонымен қатар тамақтану, ойын-сауық болып табылады. ВТО ұсынысы бойынша орналастыру әдістерін 2 категорияға бөлді — ұжымдық және жеке.

Ұжымдық туристерді орналастыру әдістерінің құрамына қонақ үйлер және аналитикалық мекемелер, арнайы мекемелер және басқа да орналастыру әдістері кіреді.

Ұжымдық орналастыру әдісінің жайғасатыны әртүрлі және әр категориядан тұратын гостиница номерлеріне мысалы: Сочидегі Жемчужина комплексті қонақ үйінің номерлері келесі категорияларынана тұрады:

Қонақ үйдің туризм саласында алатын орны ерекше. Себебі келген туристтер қонақ үй индустриясын пайдаланады. Халықаралық экономикада туристік индустрияның жалпы ұлттық өнімге қосқан үлесі 3,8 %, ал жанама әсер ететін функциясы 10 %.

Туризм индустриясы:

  • Туроператорлық; Турагенттік; Туристік одақтар мен ассосация; Жәрмеңке, көрме, конференциялар ұйымдастыру; Ұлттық және аймақтық туристік ұйымдар; Орналастыру құралдары; Тамақтандыру; Сауда; Транспорт; Спорт және ойын – сауық;

Туризммен қонақжайлылық арасындағы байланыс.

Group 2

Бүкіләлемдік туристік ұйымның берген анықтамасы бойынша қонақ үй – туристтердің тоқтауына ыңғайлы жабдықталған объект.

Қонақжайлылық және туризм индустриясының құрылымы

Туризм индустриясы ↔ Қонақжайлылық индустриясы

Қонақжайлылық индустриясы:

  • Орналастыру құралдары; Тамақтандыру; Сауда; Транспорт; Спорт және ойын – сауық;

Туристiк индустрияның негiзгi компоненттерi – туризм субъектiсi, туризм объектiсi, орналастыру құралдары, тамақтандыру қонақ үй индустриясындағы кәсіпорындары, ойын-сауық және бос уақытты өткізу саласы, сонымен бiрге мейрамхана бизнесi. Туристiк индустрияға мамандану, кооперация және өндiрiстiң шоғырлану процестерi тән.

Бақылау сұрақтары

1. Қонақ үйдің кіре беріс есігінде кезекшілікте тұрады. Қонақтарды ең бірінші қарсы алады, есік ашады, олар қонақ үйдің негізгі персоналы болып табылады, олар кімдер?

2. Бөлім қызметкері төлем құжаттарын қабылдап, оларды жаңартып және күнделікті есеп дайындау жұмыстарын атқарады, олар кімдер?

3. Қонақ үй нөмірлеріне жүкті жеткізіп берумен айналысады және хатты (посылканы), заттарды және т.б. Нәрселерді жеткізіп береді, олар кімдер?

4. Бұл бөлім қызметі қонақтарға жеке қызмет көрсетуші қызметкерлер бөлімі. Бұл бөлім қызметкерлері арнайы киім (униформа) киеді, олар кімдер?

5. Бұл бөлім қызметкелері қонақ үйге тапсырыс берген барлық мәліметтерді өңдеп, күнделікті есеп жасап, соны қадағалаумен айналысады, олар кімдер?