- •4.9.2 Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтар тақырыптары
- •Практикалық сабақтар тақырыптары
- •D. Студенттің / магистранттың оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмыстар тақырыптары
- •Студенттің / магистранттың өзіндік жұмыстар тақырыптары
- •Бақылау жұмыстарының тақырыптары
- •Реферат тақырыптары
- •3 Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •B. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •4.9.3 Оқу бағдарламасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •6. Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтар тақырыптары
- •B. Практикалық сабақтар тақырыптары
- •D. Соөж / моөж тақырыптары
- •E. Сөж / мөж тақырыптары
- •7 Әдебиеттер тізімі а. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •B. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •8. Баға жайында ақпарат
- •8.1. Бағалау критерийі
- •Баллдар щкаласы
- •8.2 Студенттердің / магистранттардың тәртіп саясаты және процедурасы
- •«Туризм » пәнінің оқу-әдістемелік қамтамассыздандыру картасы
- •4.9.5 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамассыздандырылу картасы әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет
- •Электрондық оқулықтар мен құралдар
- •4.9.6. «Туризм инфрақұрылымы» пәні бойынша дәрістік кешен
- •Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы
- •Әдебиеттер
- •Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары
- •Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру
- •Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері
- •Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы
- •Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
- •Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.
- •Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі
- •4.9.7 Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспары
- •Әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 5 Тақырып: Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері
- •Әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 6 Тақырып: Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы
- •Практикалық сабақ № 7 Тақырып: Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
- •Практикалық сабақ № 8 Тақырып: Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
- •Практикалық сабақ № 9 Тақырып: Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Практикалық сабақ № 10 Тақырып: Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі
- •Тақырып 1. Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы
- •Тақырып 2.
- •Тақырып 3. Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары
- •Тақырып 4 Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 5. Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 6. Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы
- •Тақырып7. Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
- •Тақырып 8. Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
- •Тақырып 9. Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Тақырып 10. Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі
- •Соөж / моөж тақырыптары
- •Тақырып1. Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы
- •Тақырып 3. Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары
- •Тақырып 4. Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 5. Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 6. Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы
- •Тақырып7. Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
- •Тақырып 8. Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
- •Тақырып 9. Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Тақырып 10.Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі
- •Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
- •4.9.13 Оқу сабақтарын программалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пәннің мазмұнына байланысты)
- •4.9.14 Арнайыланған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі
Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
Жоспары (2 сағат)
1. Сауда қызмет жасау секторы
2. Көтерме сауда кәсіпорындары
Дәріс тезисі
Сауда қызмет жасау секторы. Қонақжайлылық индустриядағы саудалық қызмет жасау секторы келесі жағдайды көрсетеді: кәсіпорындағы көтерме сауда, тұтынушыларға ұсынылатын кең және әртүрлі ассортиментті тауарлар, емдік препараттар, сыйлықтар және сувинерлер, пляж және курорт жабдықтары, кітаптар, брошуралар, журналдар және т.б. керек заттар.
Кәсіпорындардың өндірісін туарларын өткізу әр сауда нүктелеріне жіберіп отырылады, мысалы магазиндерге, павилондарға, киоскілерге, автомагазиндерге т.б.
Көтерме сауда кәсіпорындары ереже бойынша қонақ үй кәсіпорын стрктурасына кірмей, өз бетінше жерді арендаға алады. Бұндай жағдайда тауарды өткізуде арнайы мамандандырылған, ассортименттерді тиянақты қалыптастырып тұратын, сауда жағдайында технологиялық білімі бар, квалификацияланған кадрларды таңдайды. Дұрыс ұйымдастырылған сауда қызметі туристерге іздеген тауарларын қонақ үйден шықпай-ақ алуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде ерекше мағынаға ие сувинерлер мен ұлттық бұйымдары бұлар — мемлекеттің, курорттың, қаланың ғана визиттік карточкасы емес сонымен қатар кірістің үлкен көзі.
Бақылау сұрақтары
1. Сауда cекторы дегеніміз не?
2. Сауда қызметін ұйымдастыру негіздерін сипаттаңыз
3. Көтерме сауда кәсіпорындарының қызмет ерекшеліктері
Қолданылатын әдебиет
1. Каленова С.А. Туризм экономикасы. – Алматы: «Ценные бумаги», 2011 ж. – 164 б.
2. Боголюбов В.С., Орловская В.П. Экономика туризма: Учеб. пособ. для студентов высших учеб. заведений. - М.: «Академия», 2005. -192 с.
3. Быстров С.А., Воронцова М.Г. Туризм: макроэкономика и микроэкономика. - СПб.: «Издательский Дом «Герда», 2007. - 464 с.
4. Здоров А.Б. Экономика туризма: учебник. - М.: Финансы и статистика, 2004.-272 с.:ил.
5. Темный Ю.В., Темная Л.Р. Экономика туризма: Учебник. - М.: «Советский спорт», 2003. - 416 с.
6. Яковлев Г.А. Экономика и статистика туризма: Учеб. пособ, 4-е изд., перераб., и допол. - М.: Издательство РДЛ, 2007. - 480 с.
ДӘРІС 8
Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.
Жоспары (2 сағат)
1. Туризмдегі өндірістік инфрақұрылым
2. Туризмдегі әлеуметтік инфрақұрылым
Дәріс тезисі
Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының міндеттері және құрылымдық элементтері жоғары. Туристік қызметтің болуы және оның қалыптасуы мен тұтынуының тұтастығы туристік қызмет аясын тұтынушылар мен өндірушілердің жеке байланыс аясына айналдыратындықтан, туристік қызмет кәсіпорындары клиенттермен қатынаста болатын персоналдарды дұрыс таңдау және оларды оқыту, көрсетілетін қызметтің сапасын камтамасыз ету, туристік қызметті дараландыру және кеңейту секілді міндеттерді орындай отырып, клиенттерді баулуға тырысады.
Қызмет өндірісінің (сатылуы) алдын-ала төленуін (алдын-ала төленетін туристік жолдамалар, туристердің өмірі мен жүктері үшін сақтандыру қорына жасайтын аударымдары) білдіретін туристік қызмет төлемдерін авансылау жүйесі кеңінен тарағандығын атап өту маңызды. Мұндай қаржыландыру жүйесі осы аяның айналым қорының негізгі көзі болып табылғандығымен, бүл тиімділіктің төмендеуіне еңбек қызметін ынталандырудың бұрмалануына, қызметті ұсынушы мен тұтынушының ақпараттық ассиметриясына алып келуі мумкін.
- тұтынушы туристік қызметтің сатушысына байланысты болады. Осы жерде туристік қызметтің табиғаты жалпы алғанда кешенді екендігін айта кету қажет, яғни туристік кәсіпорындар осы рыноктың тапсырысын жоғары деңгейде қанағаттандыратын көптеген фирмалармен тығыз байланыста жұмыс істеуге мәжбүр. Осы делдалдардың әрқайсысы атқаратын жұмысының әдісімен, коммерциялық мақсатымен, көрсетілетін қызметтің сапасымен және өзіндік қажеттілігімен ерекшеленеді[12]. Сондай-ақ, кішігірім кемшілік болған жерде, жоғары сапалы туристік қызмет көрсету мүмкін болмайды, себебі туристерге көрсетілетін қызметтер осы ұсақ-түйектен тұрады. Туристік қызметтердің атқарылатын көп қызметтерден тәуелді болуы, бір немесе екі критериесі тұрғысынан, туристік қызметтер аясы үшін жетілдірілген жіктеуді ұсынуды күрделендіреді.
Туристік қызметті тұтынушы (сатып алушы) қандай да бір қызметті қабылдауға дайын болмауы және де осылайша алғашқы салынған субстанцияны бұзуы мүмкін. Мұнымен қатар қарсы қызмет, яғни тұтынушыға зиянын тигізетін, оның өміріне ірікті салатын әрекеттер де қызметтік мазмұнын жоғалтады. Мұндай жағдайлар санаторлы-курорттық жерлердегі қызмет етуде және антитуризмнің (адамдардың оз еріктеріне қарсы шекарадан өткізу) орын алу кезінде кездескен.
Туристік қызмет аясының ерекшеліктерінің және бір түрі - қызмет көрсету, туристік қызметті ұсынушы мен тұтынушы арасында мүліктік қатынастардың өзгеруі мен меншік құқығының ауысуымен ілеспейтіндігі. Әрине бұл, сатудан соң көрсетілетін қызметті ескермегендегі, меншік құқығының ауысуымен ілесетін материалды игілік - тауардың сатылуынан ерекшеленеді, тауарды сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынас, әдетте, сатудан соң аяқталады.
Баршамызға мәлім, меншік құқығы дегеніміз - тұлғаның зат үстінен абсолютті өктемдігін білдіретін абсолютті «заттық» құқығы, затты иемденуге, пайдалануға мүмкіндік беретін тұлғаның негізгі құқығы немесе зат жөніндегі қатынас. Меншік құқығын берудің орын алмауының негізгі себебі, тұтынушының туристік қызметті сатушыдан тәуелді болуынан көрінеді, яғни сатушының қатысуынсыз туристік қызметті тұтыну не болмаса пайдалану мүмкін емес. Мәселен, егер де турист туристік оператордың немесе агенттің қызметін пайдаланатын болса, онда ол жолдамамен бірге сәйкес көлік түрімен мақсат еткен жеріне дейін жетіп алу құқығына, белгілі бір орналастыру орнында өмір сүру және мейрамханадан тамақтану құқығына, қатысу бағдарламасына енетін мұражайлар мен басқа да көрікті жерлерді аралау құқығына ие болады, бірақ та туристік жолдамаға енген қызметтің барлык түрінің төлемі туристтің көлік құралдарының, қонақ үйдің, мейрамханалар, мұражайлар мен көрмелердің меншік иесі бола қалғанын білдірмейді.
Кейбір туристік қызметтердің материалдық құндылыққа қатынасы болғандықтан, абсолютті заттық құқық ретіндегі меншік құқығы туристік қызмет көрсететін кәсіпорындар (қонақ үй , тамақтану кәсіпорны, көлік кәсіпорындары, әртүрлі көрікті жерлердегі объектілер) жағында қалса, онда туристік қызметтер аясында салыстырмалы құқық - тұтынушының жауапкершілігіне негізделген, көрсетілетін туристік қызметтің сапасы мен қауіпсіздігіне деген тұтынушының құқығы, сондай-ақ, тұтынушының орындаушыға қатысты міндеттемелері әрекет етеді. Туристік қызмет, тұтынушыға таңдауды негіздеу және қажеттіліктерді қанағаттандыру процесінде пайдалылықты мейлінше көтеруге мүмкіндік беретін, тұтыну сипаттамасының жиынтығында көрінеді.
Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-
Бақылау сұрақтары
Туристік инфрақұрылым өнімі және қызмет қүнын есептеу әдістемесі
Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы
Туризмдегі сервистік инфрақұрлымдар ұғымы.
Туризмдегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі
Ұсынылатын әдебиеттер
Каленова С.А. Туризм экономикасы. – Алматы: «Ценные бумаги», 2011 ж. – 164 б.
Боголюбов В.С., Орловская В.П. Экономика туризма: Учеб. пособ. для студентов высших учеб. заведений. - М.: «Академия», 2005. -192 с.
Быстров С.А., Воронцова М.Г. Туризм: макроэкономика и микроэкономика. - СПб.: «Издательский Дом «Герда», 2007. - 464 с.
Здоров А.Б. Экономика туризма: учебник. - М.: Финансы и статистика, 2004.-272 с.:ил.
Темный Ю.В., Темная Л.Р. Экономика туризма: Учебник. - М.: «Советский спорт», 2003. - 416 с.
Яковлев Г.А. Экономика и статистика туризма: Учеб. пособ, 4-е изд., перераб., и допол. - М.: Издательство РДЛ, 2007. - 480 с.
ДӘРІС 9
