- •4.9.2 Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтар тақырыптары
- •Практикалық сабақтар тақырыптары
- •D. Студенттің / магистранттың оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмыстар тақырыптары
- •Студенттің / магистранттың өзіндік жұмыстар тақырыптары
- •Бақылау жұмыстарының тақырыптары
- •Реферат тақырыптары
- •3 Әдебиеттер тізімі
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •B. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •4.9.3 Оқу бағдарламасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •6. Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтар тақырыптары
- •B. Практикалық сабақтар тақырыптары
- •D. Соөж / моөж тақырыптары
- •E. Сөж / мөж тақырыптары
- •7 Әдебиеттер тізімі а. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •B. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •8. Баға жайында ақпарат
- •8.1. Бағалау критерийі
- •Баллдар щкаласы
- •8.2 Студенттердің / магистранттардың тәртіп саясаты және процедурасы
- •«Туризм » пәнінің оқу-әдістемелік қамтамассыздандыру картасы
- •4.9.5 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамассыздандырылу картасы әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет
- •Электрондық оқулықтар мен құралдар
- •4.9.6. «Туризм инфрақұрылымы» пәні бойынша дәрістік кешен
- •Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы
- •Әдебиеттер
- •Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары
- •Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру
- •Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау
- •Әдебиеттер
- •Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері
- •Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы
- •Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
- •Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.
- •Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі
- •4.9.7 Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспары
- •Әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 5 Тақырып: Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері
- •Әдебиеттер
- •Практикалық сабақ № 6 Тақырып: Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы
- •Практикалық сабақ № 7 Тақырып: Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
- •Практикалық сабақ № 8 Тақырып: Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
- •Практикалық сабақ № 9 Тақырып: Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Практикалық сабақ № 10 Тақырып: Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі
- •Тақырып 1. Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы
- •Тақырып 2.
- •Тақырып 3. Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары
- •Тақырып 4 Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 5. Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 6. Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы
- •Тақырып7. Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
- •Тақырып 8. Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
- •Тақырып 9. Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Тақырып 10. Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі
- •Соөж / моөж тақырыптары
- •Тақырып1. Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы
- •Тақырып 3. Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары
- •Тақырып 4. Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 5. Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 6. Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы
- •Тақырып7. Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
- •Тақырып 8. Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
- •Тақырып 9. Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Тақырып 10.Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі
- •Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
- •4.9.13 Оқу сабақтарын программалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пәннің мазмұнына байланысты)
- •4.9.14 Арнайыланған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі
Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі
Жоспары (4 сағат)
1. Туризмнің қазіргі индустриясы
2. Туризм мемелекеттің экономикасына оң нәтижелері
Дәріс тезисі
Туризм инфрақұрылымы. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35 сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар, қолөнершiлер қалашықтары) - 5.
2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа мемлекеттердiң меншiгiнде болды.
Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мүның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.
Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының қүйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және үжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арқасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақс-танның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде бел-гіледі.
Осы тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді.
Бақылау сұрақтары
1. Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасы бар ма?
2. Туризмнің мемелекеттің экономикасына әкелетін үш оң нәтижесін сиппаттаңыз?
3. Туризм жеке және үжымдық жетілдіру құралы ретінде сипаттаңыз?
4. Туризмнің қазіргі индустриясы халықаралық сауда сегментінде алар орны қандай?
5. ҚР Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша ҚРң аумағында қанша туристiк объект бар?
6. ҚРда қанша мейманхана, кемпинг, санаторий, санаторий-профилакторий бар?
Қолданылатын әдебиет
1. Каленова С.А. Туризм экономикасы. – Алматы: «Ценные бумаги», 2011 ж. – 164 б.
2. Боголюбов В.С., Орловская В.П. Экономика туризма: Учеб. пособ. для студентов высших учеб. заведений. - М.: «Академия», 2005. -192 с.
3. Быстров С.А., Воронцова М.Г. Туризм: макроэкономика и микроэкономика. - СПб.: «Издательский Дом «Герда», 2007. - 464 с.
4. Здоров А.Б. Экономика туризма: учебник. - М.: Финансы и статистика, 2004.-272 с.:ил.
5. Темный Ю.В., Темная Л.Р. Экономика туризма: Учебник. - М.: «Советский спорт», 2003. - 416 с.
6. Яковлев Г.А. Экономика и статистика туризма: Учеб. пособ, 4-е изд., перераб., и допол. - М.: Издательство РДЛ, 2007. - 480 с.
