- •4. Агрохимия үшін полимерлі үлдірлердің маңыздылығы, қолданылуын түсіндіріңіз
- •5.Топырақтың сіңіру қасиетін реттеуде полимерлі гидрогельдерді қолдану.
- •6.Гидрогельдердің түрлері мен алынуына тоқталыңыз
- •Полимерлі реагенттерді қолдану арқылы минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру.
- •8. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруі. Минералды тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олардың топырақпен әрекеттесуі, қолдану ерекшеліктері.
- •Топырақтың органикалық бөлігі. Гумустық заттар. Гумин қышқылдары
- •Агрохимия үшін гумустық заттардың өндірісі және қолданылуы. Экологиялық жағдайға маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Гумусты заттардың медицинада қолданылу түсіндіріңіз, маңыздылық рөлін ашыңыз.
- •12. Гумусты заттардағы антиоксиданттық қасиет көрсететін дәрілік заттарға мысал келтіріңіз. Алу технологиясына тоқталыңыз.
- •13. Гумусты қышқылдардың негізінде алынған дәрілік заттардың маңыздылығын көрсетіңіз. Химиялық препарттардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихына шолу жасаңыз.
- •15, Өсімдіктердің ауа және тамыр арқылы қоректенуін салыстыра отырып түсіндіріңіз.
- •Мәдени өсімдіктер өнімділігін түзеудің негізгі жолдары арасындағы айырмашылықты анықтап, талдау жасаңыз.
- •Микротыңайтқыштардың экологиялық маңыздылығына сараптама жасаңыз. Гумустық заттардан микротыңайтқыштар алу технологиясы.
- •Агрохимия үшін микротыңайтқыштарды қолданылуының тиімдігін көрсетіңіз. Басқа тыңайтқыштардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •21. Медицинада қолданылатын магниттік сұйықтық.
- •Детоксиканттар дегеніміз не? Гуминдік заттар детоксиканттар ретінде
- •Детоксиканттардың негізгі түрлері, алу жолдары. Торфтан детоксикант алу технологиясы
- •Топырақ құнарлығына детоксиканттардың әсері қандай және қолдану қажет пе? Ауыр металдарды жоюдың басқа әдістері
- •25.Агрохимияда сорбенттердің қолданылуы, классификациясы?
- •26.Сорбенттер мен гумустық заттардың айрмашылығын түсіндіріңіз?
- •27.Сорбенттерге жалпы сипаттама беріңіз ?
- •28. Агрохимияда топырақ сапасын зерттеу әдістері қандай?
- •29. Агрохимияда қолданылатын полимерлі материалдардың маңыздылығы мен қажеттілігі. Кемшіліктері бар ма?
- •30..Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолдары
27.Сорбенттерге жалпы сипаттама беріңіз ?
Сорбент –сіңіру, газдар немесе сұйық ортадағы ерітіндідегі заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге , соруға қабілетті сұйық немесе қатты зат, бойына судан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты зат. Әр сорбент белгілі бір заттарды ғана мысалы, су, сұйық зат, қышқылдардың, сілтілердің сулы ерітінділері белгілі мөлшерде сіңіре алады. Мұндай қасиет газ қоспаларын бөлуде тазалауда немесе дайын өнім алуда қолданылады. Сорбент қаныққан буының қысымы төмен , қайнау температурасы жоғары , ал өзі арзан.
Сорбенттер әдетте қатты және жұмсақ зат күйде кездеседі. Оларды қандайда бір сұйық затқа араластырғандаол белгілі бір сұйықтық пен газды бойына сіңіре алатынымен ерекшеленеді.
Табиғи сорбенттердің маңызды ерекшеліктерінің бірі – оларды әр түрлі өңдеу әдістерін қолдану арқылы модификациялау және белсендіру.Мысалы: термиялық, қышқылдық, тұзды өңдеу әдістерінде процесс сорбенттің микроқұрылымын әлсіретуге , кеуектілігін және меншіктік беттік қабатын үлкейтуге бағытталған.
Сонымен қатар химиялық өңдеу кристалды құрылымдағы ерекшеліктерді өзгертуге сәйкес ион алмасу қасиеттерінің жоғарылауына және жаңа белсенді орталықтардың пайда болуына әсер етеді. Қазіргі уақытта табиғи сорбенттер ретінде бентонит сазды топырағы, цеолиттер, т.б кең түрінде қолданылады.
28. Агрохимияда топырақ сапасын зерттеу әдістері қандай?
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Агрохимия, агрономиялық химия – топырақ пен өсімдікте өтетін химиялық процестер, өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі.
Топырақ сапасын анықтаудың мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ – климаттық жағдайларын сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдалануға және –де басқа мелиоративтік – топырақ құнарлығын қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек. Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан, батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т.б. құбылыстардан қорғауда маңызы зор, себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік тұрғыдан салыстырмалы баға беру.
Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: -Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік - топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды».
Топырақты бонитеттеудегі кәзір қолданылатын әдістер В.Докучаев принциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға негізделген. Сондықтанг бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе қарқынды (интенсивті) егіншілікте. Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы және қарашірінді жиегінің қалыңдығы, гумустілігі, қышқылдылығы, механикалық құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі топырақтардың мына физика-химиялық қасиеттері және морфологиялық (сыртқы) белгілерімен корреляциялық байланыста екені байқалады: ылғал мен қамтамасызданған егістік сұр ормандық топырақта жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, механикалық құрамдағы физикалық балшық пен тозаңды бөлшектер мөлшері, тұз сүзіндісінің рН көрсеткіші, гидролитикалық қышқылдылық, сіңірілген негіздер қосындысы және негіздермен қанығу дәрежесі.
лдағыда бонитеттеу шкаласын құрауға керек материалдар 3 әдіспен жөнделеді: 1) бонитеттеуге екі қатарлы шкалалар құрады, оның біреуі өніммен корреляциядағы (сәйкес) топырақ қасиеттері, ал екіншісі тікелей өнімге негізделген. Біріншісін негізгі, ал екіншісін бақылау үшін қабылдайды (Гаврилюк, Фатьянов, Тюменцев); 2) бір шкаланы топырақ қасиеттері мен өнімді қоса құрады, бірақ орташа бонитетті топырақтан алынған өнім арқылы, бірақта осы топтағы топырақтар бонитетін ескере, анықтайды (Шувалов); 3) топырақтар бонитеттерін өнім арқылы есептейді де, топыроақ қасиеттерін шкаланы тексеруге, топырақтар жіктеуі мен топтауын анықтауға, пайдаланады (Кузмичев). Осы көрсетілген 3 әдіс бонитеттік шкала құруға қолданылады, бірақта жинақты боғандықтан екіншісі дұрыс келеді. Есеп жұмыстары ЭЕМ-де регрессия теңдеместігін пайдаланып шығырылады.
Сонымен топырақтарды бонитеттеудің қазіргі әдістеме негізінен топырақтық, экологиялық немесе климаттық және экономикалық белгілер (критерилер) – факторлар салынған. І. Топырақтың белгі сапасында В. Докучаевше «топырақтардың табиғи қасиеттері» пайдаланады. Оларға топырақта немесе оның дақылдану (окультуривание) процесінде пайда болған өсімдіктердің өсіп-дамуына ең маңызды морфологиялық (сырт белгілік) және (агродақыл) мен фито-(табиғи өсімдік ценоздардың топтар) көпжылдық өніктілігі мен тар байланысты көрсеткіштері жатады. ІІ. Топырақтық қасиеттер өсімдіктер үшін өзара алмастырылмайды және әр қайсысы өзінің маңыздылығы тұрғысынан әр роль атқарады. Біреуі қасиеттерге жататындар: жоғарыда аталған қарашірінділік жиектің қалыңдығы және ондағы гумус мөлшері (қоры). ІІІ. Қазақстандағы жыртылатын (игерілген) топырақтардың бонитеттік шкаласын (бағалаулық цифрлар қатарын) құрастырғанда топырақтарды бонитеттеу критерилері (белгілері) екі топқа бөлінген: негізгілер мен қосымшалар (Дэулэтшин И., 1990). Топырақты бонитеттеу жұмысы дайындық –камералды кезең, далалық кезең және камералды-аналитикалық кезеңдерге бөлінеді. Дайындық-камералды кезеңдегі негізгі мақсат облыс пен өлкеге алдын-ала бонитет шкаласын жасау болып табылады. Ол үшін көптеген облыстың табиғи-экономикалық сипаттамасын, топырақтың-картографиялық және агрохимиялық материалдарын, климаттық көрсеткіштерін, топырақ пен климаттық көрсеткіштерге арналған әдебиеттер, жер бағалау туралы мағлұматтар, шаруашылық пен тұқым және тәжірибе шаруашылықтарының көп жылдық өнімдерінің орташа көрсеткіштерін, мемлекеттік жерді тіркеу материалдарын топтастырады. Осы жиналған материалдар негізінде, топырақтың қасиеті мен өнімдерінің бонитет көрсеткіш бойынша бонитет шкаласы құрастырылады.
