- •4. Агрохимия үшін полимерлі үлдірлердің маңыздылығы, қолданылуын түсіндіріңіз
- •5.Топырақтың сіңіру қасиетін реттеуде полимерлі гидрогельдерді қолдану.
- •6.Гидрогельдердің түрлері мен алынуына тоқталыңыз
- •Полимерлі реагенттерді қолдану арқылы минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру.
- •8. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруі. Минералды тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олардың топырақпен әрекеттесуі, қолдану ерекшеліктері.
- •Топырақтың органикалық бөлігі. Гумустық заттар. Гумин қышқылдары
- •Агрохимия үшін гумустық заттардың өндірісі және қолданылуы. Экологиялық жағдайға маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Гумусты заттардың медицинада қолданылу түсіндіріңіз, маңыздылық рөлін ашыңыз.
- •12. Гумусты заттардағы антиоксиданттық қасиет көрсететін дәрілік заттарға мысал келтіріңіз. Алу технологиясына тоқталыңыз.
- •13. Гумусты қышқылдардың негізінде алынған дәрілік заттардың маңыздылығын көрсетіңіз. Химиялық препарттардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихына шолу жасаңыз.
- •15, Өсімдіктердің ауа және тамыр арқылы қоректенуін салыстыра отырып түсіндіріңіз.
- •Мәдени өсімдіктер өнімділігін түзеудің негізгі жолдары арасындағы айырмашылықты анықтап, талдау жасаңыз.
- •Микротыңайтқыштардың экологиялық маңыздылығына сараптама жасаңыз. Гумустық заттардан микротыңайтқыштар алу технологиясы.
- •Агрохимия үшін микротыңайтқыштарды қолданылуының тиімдігін көрсетіңіз. Басқа тыңайтқыштардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •21. Медицинада қолданылатын магниттік сұйықтық.
- •Детоксиканттар дегеніміз не? Гуминдік заттар детоксиканттар ретінде
- •Детоксиканттардың негізгі түрлері, алу жолдары. Торфтан детоксикант алу технологиясы
- •Топырақ құнарлығына детоксиканттардың әсері қандай және қолдану қажет пе? Ауыр металдарды жоюдың басқа әдістері
- •25.Агрохимияда сорбенттердің қолданылуы, классификациясы?
- •26.Сорбенттер мен гумустық заттардың айрмашылығын түсіндіріңіз?
- •27.Сорбенттерге жалпы сипаттама беріңіз ?
- •28. Агрохимияда топырақ сапасын зерттеу әдістері қандай?
- •29. Агрохимияда қолданылатын полимерлі материалдардың маңыздылығы мен қажеттілігі. Кемшіліктері бар ма?
- •30..Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолдары
Микротыңайтқыштардың экологиялық маңыздылығына сараптама жасаңыз. Гумустық заттардан микротыңайтқыштар алу технологиясы.
Органикалық заттарға кедей топырақтар агрономиялық бағалы қасиеттерін тез жоғалтады, себебі олардың құрылымы, тығыздығы, су өтімділігі, су сыйымдылығы сияқты маңызды қасиеттері төмендейді. Қазіргі кезде агрохимияда синтетикалық жолмен алынған көптеген тыңайтқыштар кеңінен қолданылады. Олар өсімдіктердің өсуін тездеткенімен, олардың сапасын төмендетеді және топырақтың құнарлылығын бірте-бірте жояды. Сол себепті, қазіргі агрохимияның негізгі жұмыстарының бірі- табиғи органикалық тыңайтқыштар жасау. Гумустық заттардан карбонизациялау процесі арқылы көміртекті нанотыңайтқыштар алуға болады. Карбониздеу процесі инертті (аргон) ортада, муфель пешімен қыздырылған реакторда 600-850̊С температурада жүргізіледі. Процесс нәтижесінде қыздыру барысында байланыстар ыдырап, көміртектен бөгде қоспалар ұшып кетеді де, таза нано мөлшерлі көміртек тыңайтқышын аламыз. Бұл тыңайтқышты өзін ғана немесе азот және т.б. қосылыстармен өңдеп түрлі қасиеттерге тыңайтқыштар алуға болады.
Көміртекті нано- тыңайтқыштар:
Ылғал сыйымдылығын арттырады
Сіңіру қабілетін арттырады
Қоректік заттармен байытады
Өнімділігін арттырады
Топырақтың қышқылдығын төмендетеді
Су өткізу қабілетін арттырады
Агрохимия үшін микротыңайтқыштарды қолданылуының тиімдігін көрсетіңіз. Басқа тыңайтқыштардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
Органикалық заттарға кедей топырақтар агрономиялық бағалы қасиеттерін тез жоғалтады, себебі олардың құрылымы, тығыздығы, су өтімділігі, су сыйымдылығы сияқты маңызды қасиеттері төмендейді.
Қазіргі кезде агрохимияда синтетикалық жолмен алынған көптеген тыңайтқыштар кеңінен қолданылады. Олар өсімдіктердің өсуін тездеткенімен, олардың сапасын төмендетеді және топырақтың құнарлылығын бірте-бірте жояды. Сол себепті, қазіргі агрохимияның негізгі жұмыстарының бірі- табиғи органикалық тыңайтқыштар жасау.
Қара шірінді – топырақ құрамындағы шіріп ыдыраған қара қоңыр түсті органикалық заттар; гумус қышқылдарынан (гумин қышқылы және фульвоқышқылдар), гуминнен, т.б. заттардан тұрады. Топырақтан бөлінген гумин қышқылдарын құрғатқанда, одан қара қоңыр немесе қою түсті препарат алынады.
Топырақтың 90%-ы гумустың үлесіне тиеді.
Топырақ түзілуде Гумустың алатын орны ерекше. Ол өсімдіктер үшін қоректік заттар көзі ғана емес, топырақ құрылымын жақсартып, оның құнарлылығын арттырады.
20. Гуминдік заттардың белсенділігін және магниттік сұйықтықтарда қолданылуын түсіндіріңіз
Гуминдік заттар-биологиялық және биохимиялық процестер нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан топыраққа түзілетін органикалық заттардың тұрақты жиынтығы. Гуминдік заттар микроорганизмдер әсерінен көміртек (карбонаттар), азот (нитраттар), фосфор (фосфаттар) қосылыстарына айналады. Бұл заттар суда жақсы ериді, өсімдіктер оларды қоректік заттар ретінде оңай сіңіре алады. Топырақта жиналған өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары оның беткі қабатында орналасады және біртіндеп ерігенді топырақпен араласып, оның құнарлылығының жақсаруына көмектеседі. Ыдырау өнімдерін өсімдіктер, микроорганизмдер қоректенеді немесе топырақта шіріп, гумусқа айналады. Шіру просецінде қалдықтар ыдырап қана қоймай, сонымен бірге сол жеке заттардың қайтадан өзара қосылуынан жаңа заттар түзіледі. Гуминдік заттардың сапасы өсімдіктер мен жануар қалдықтарының құрамына, бтологиялық және биохимиялық просецер түріне байланысты.
Гуминды заттар ауылшаруашылығында, медицинада, бионанотехнологияда, экологияда кең қолданыс тапқан. Медицинада магниттік сұйықтықтар адам денсаулығының зақымданған бөлігін емдеуде қолданады. Магниттік сұйықтықтар алу үшін гуминды заттар пайдаланады.
Магниттік сұйықтықтар 5нанометрден 10 микрометрге дейінгі магниттік материалдардың коллоидты дисперсін құрайды. Олар беттік-активті заттар немесе полимерлер көмегімен полярлы (сулы және спиртті) және полярлы емес (көмірсутектер және силикондар) ортада тұрақталады.олар беріктігін 2-5 жыл аралығында сақтап тұрады және жоғары магниттік қасиеттерге ие болады.
Магниттік сұйықтықтар көптеген салада қолданылады. Көбінесе олар техникада күш пен энергия беруде қолданылады. Магниттік сұйықтықтар каналды қайта жабуға немесе сұйықтықтың шығынын реттеп тұра алады. Құбырдың үлкейтілген бөлігіне сыртқы магнит көмегімен магниттік сұйықтықты енгізіп, ұстап тұрады. Демек, құбырөткізгіште қолдануға болады. Тағы бір қолданыс тапқан нұсқасы – автомобиль. Инженерлердің айтуынша автомобильдің қозғалыс валына сермерді қойып, секундына бірнеше рет моторды қосса, ол беріліс қорабынсыз жүре алады. Магниттік сұйықтықтықты енгізгенде ілінісу жалғастырушысы (муфта сцепления) тозбайды және өте төменгі жанармай шығынды автомобиль құрайды.
Сондай-ақ магниттік сұйықтықтар медицинада да қолданыс тапқан. Мысалы, ісікке қарсы препараттар тірі жасушаларға зиян. Бірақ егер оларды магниттік сұйықтықтармен араластыратын болсақ және қанға енгізсе, барлық ағзаға зиянын тигізбей, тек зақымданған бөлігіне ғана көмектеседі. Магниттік коллоидтарды рентгеноскопияда контрастты тәсіл ретінде қолдануға болады.
Медицинада қолданылатын магниттік сұйықтықтар құрамын гуминды заттар қосады. Алайда, гуминды шикізаттардың қарқынды қолданысын ұстап тұрған негізгі мәселе – биобіріккен материалдар алуда оларды өңдеудің тиімді тәсілдерінің жетіспеушілігі. Гуминды заттардың аминосиланмен сулы ортада өңделуі жақсы нәтижелер берген. Сулы суспензияда темір оксиді нанобөлшектерінің парамагнитті тұрақталуына да гуминды заттарды қолдануға болады. Бұл гуминды заттар негізінде биобіріккен магниттік сұйықтықтар алуға мүмкіндік береді
