Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохимия полимер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

8. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруі. Минералды тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олардың топырақпен әрекеттесуі, қолдану ерекшеліктері.

Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға байланысты ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығынды агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс қолдпнудың маңызы орасан зор. Мысалы, азотты тыңайтқыштар астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады. Егер бұл тыңайтқыштарды шамадан тыс қолданса өнімімізге кері әсерін тигізеді.

Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды қолданудың 3 тәсілі бар: тұқым сепкенге дейін, тұқым себумен бірге және тұқым сепкеннен кейін.

Минералды тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қолданылады. Минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану дақылдардың өнімін арттырумен қатар, оның түсімінің сапасын жақсартады, топырақты қоректік элементтермен байытып, микробиологиялық процестерге әсер етеді.

Минералды тыңайтқыштардың құрамын қарастырғанда әсер етуіне байланысты тікелей және жанама әсер ететін тыңайтқыштар болып бөлінеді. Тікелей әсер ететін Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге тікелей қорек болатын N, P, K, Mg, B, Mn, т.б. элементтер бар азотты тыңайтқыштар, фосфор тыңайтқыштары, калий тыңайтқыштары және микротыңайтқыштар жатады. Мәселен, өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, өсімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты өсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы түрінде сіңіреді. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Негізінен фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды.

Жанама әсер ететін минералды тыңайтқыштарға әк, бор, гипс, доломитта жатқызуға болады. Бұл тыңайтқыштар топырақтың агрохимиялық және физикалық - химиялық қасиетін жақсарту үшін пайдаланылады. Мысалы, топырақтың қышқылдығын жою үшін ұнтақталған әк, доломит, бор шашылады. Ал құрамында натрий иондарының (Na+) мөлшері көп топыраққа ұнтақталған табиғи гипс (CaSO4,2H2O) себіледі.

  1. Топырақтың органикалық бөлігі. Гумустық заттар. Гумин қышқылдары

Кез келген топырақ құрамы органикалық бөліктен және бейорганикалық яғни минералды заттардан құралады. Минералдық заттарға барлық тірі организмдерде маңызды роль атқаратын микро- және макроэлеенттер жатады. Олардың негізгі түрлері: калий, магний, фосфор, кальций, азот.

Органикалық заттарға кедей топырақтар агрономиялық бағалы қасиеттерін тез жоғалтады, себебі олардың құрылымы, тығыздығы, су өтімділігі, су сыйымдылығы сияқты маңызды қасиеттері төмендейді.

Ал топырақтың органикалық бөлігі көмірсулар, ақуыздар мен майлардан құралады. Топырақтың органикалық бөлігі көбіне табиғи жолмен тірі организмдердің ыдырауынан қалыптасады. Яғни, өсімдітердің шірінділері- гумустық заттарды құрайды. Оның құрамында: көміртек (50 – 62%), оттек (31 – 40%), сутек (2,8 – 6,6%), азот (2 – 6%) болады.

Топырақтың 90%-ы гумустың үлесіне тиеді.

Топырақ түзілуде Гумустың алатын орны ерекше. Ол өсімдіктер үшін қоректік заттар көзі ғана емес, топырақ құрылымын жақсартып, оның құнарлылығын арттырады.