- •4. Агрохимия үшін полимерлі үлдірлердің маңыздылығы, қолданылуын түсіндіріңіз
- •5.Топырақтың сіңіру қасиетін реттеуде полимерлі гидрогельдерді қолдану.
- •6.Гидрогельдердің түрлері мен алынуына тоқталыңыз
- •Полимерлі реагенттерді қолдану арқылы минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру.
- •8. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруі. Минералды тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олардың топырақпен әрекеттесуі, қолдану ерекшеліктері.
- •Топырақтың органикалық бөлігі. Гумустық заттар. Гумин қышқылдары
- •Агрохимия үшін гумустық заттардың өндірісі және қолданылуы. Экологиялық жағдайға маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Гумусты заттардың медицинада қолданылу түсіндіріңіз, маңыздылық рөлін ашыңыз.
- •12. Гумусты заттардағы антиоксиданттық қасиет көрсететін дәрілік заттарға мысал келтіріңіз. Алу технологиясына тоқталыңыз.
- •13. Гумусты қышқылдардың негізінде алынған дәрілік заттардың маңыздылығын көрсетіңіз. Химиялық препарттардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихына шолу жасаңыз.
- •15, Өсімдіктердің ауа және тамыр арқылы қоректенуін салыстыра отырып түсіндіріңіз.
- •Мәдени өсімдіктер өнімділігін түзеудің негізгі жолдары арасындағы айырмашылықты анықтап, талдау жасаңыз.
- •Микротыңайтқыштардың экологиялық маңыздылығына сараптама жасаңыз. Гумустық заттардан микротыңайтқыштар алу технологиясы.
- •Агрохимия үшін микротыңайтқыштарды қолданылуының тиімдігін көрсетіңіз. Басқа тыңайтқыштардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •21. Медицинада қолданылатын магниттік сұйықтық.
- •Детоксиканттар дегеніміз не? Гуминдік заттар детоксиканттар ретінде
- •Детоксиканттардың негізгі түрлері, алу жолдары. Торфтан детоксикант алу технологиясы
- •Топырақ құнарлығына детоксиканттардың әсері қандай және қолдану қажет пе? Ауыр металдарды жоюдың басқа әдістері
- •25.Агрохимияда сорбенттердің қолданылуы, классификациясы?
- •26.Сорбенттер мен гумустық заттардың айрмашылығын түсіндіріңіз?
- •27.Сорбенттерге жалпы сипаттама беріңіз ?
- •28. Агрохимияда топырақ сапасын зерттеу әдістері қандай?
- •29. Агрохимияда қолданылатын полимерлі материалдардың маңыздылығы мен қажеттілігі. Кемшіліктері бар ма?
- •30..Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолдары
21. Медицинада қолданылатын магниттік сұйықтық.
Магниттік сұйықтықтар 5нанометрден 10 микрометрге дейінгі магниттік материалдардың коллоидты дисперсін құрайды. Олар беттік-активті заттар немесе полимерлер көмегімен полярлы (сулы және спиртті) және полярлы емес (көмірсутектер және силикондар) ортада тұрақталады.олар беріктігін 2-5 жыл аралығында сақтап тұрады және жоғары магниттік қасиеттерге ие болады.
Магниттык сұйықтықтарды қолданудың бір саласы олардың магниттық май (смазка) ретінде қолданылуы. Басқа майлардан ерекшелігі - үйкеліс 20 процент эффективті болады. Сондай-ақ магниттық сұйықтықтар агрегаттан ағып кетпейді, яғни магниттық өрісте бірқалыпты тұрады.
Магниттік сұйықтықтар көптеген салада қолданылады. Көбінесе олар техникада күш пен энергия беруде қолданылады. Магниттік сұйықтықтар каналды қайта жабуға немесе сұйықтықтың шығынын реттеп тұра алады. Құбырдың үлкейтілген бөлігіне сыртқы магнит көмегімен магниттік сұйықтықты енгізіп, ұстап тұрады. Демек, құбырөткізгіште қолдануға болады. Тағы бір қолданыс тапқан нұсқасы – автомобиль. Инженерлердің айтуынша автомобильдің қозғалыс валына сермерді қойып, секундына бірнеше рет моторды қосса, ол беріліс қорабынсыз жүре алады. Магниттік сұйықтықтықты енгізгенде ілінісу жалғастырушысы (муфта сцепления) тозбайды және өте төменгі жанармай шығынды автомобиль құрайды.
Сондай-ақ магниттік сұйықтықтар медицинада да қолданыс тапқан. Мысалы, ісікке қарсы препараттар тірі жасушаларға зиян. Бірақ егер оларды магниттік сұйықтықтармен араластыратын болсақ және қанға енгізсе, барлық ағзаға зиянын тигізбей, тек зақымданған бөлігіне ғана көмектеседі. Магниттік коллоидтарды рентгеноскопияда контрастты тәсіл ретінде қолдануға болады.
Медицинада қолданылатын магниттік сұйықтықтар құрамын гуминды заттар қосады. Алайда, гуминды шикізаттардың қарқынды қолданысын ұстап тұрған негізгі мәселе – биобіріккен материалдар алуда оларды өңдеудің тиімді тәсілдерінің жетіспеушілігі. Гуминды заттардың аминосиланмен сулы ортада өңделуі жақсы нәтижелер берген. Сулы суспензияда темір оксиді нанобөлшектерінің парамагнитті тұрақталуына да гуминды заттарды қолдануға болады. Бұл гуминды заттар негізінде биобіріккен магниттік сұйықтықтар алуға мүмкіндік береді
Детоксиканттар дегеніміз не? Гуминдік заттар детоксиканттар ретінде
Детоксиканттар дегеніміз –ауыр металл тұздарын және басқа да токсикалық, улы заттарды өз бойына сіңіріп алатын заттарды айтамыз. Яғни детоксиканттар токсикалық заттардан залаласыздандыратын қосылыстар болып келеді. Олардың қолдану аймағына байланысты түрлері көп. Айталық, адам организмінде токсикалық заттар болған жағдайда көкөністердің өзі детоксикант рөлін ойнайды. Сол сияқты агрохимияда топырақты тазалау мақсатында түрлі детоксиканттар қолданылады. Олар химиялық препараттар және табиғи түрде болуы мүмкін. Экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, қазірде топырақ сапасы құнарсызданған, және түрлі химиялық препараттар орнына гуминдік заттарды детоксиканттар ретінде қолдану бүгінде перспективалы шешім болып отыр.
Гуминді заттар ауыр металлдармен ерімейтін комплекс түзе алатындығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, олардың сорбциялық қасиеттерінің бар болуы оларды детоксикант ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Гуминді заттар экологиялық тазалығы, әрі арзандығы оларды детоксикант ретінде перспективті адсорбент рөлін ойнайды.
Гуминді заттардан алынатын детоксиканттарға гуматтар жатады. Бұл гуминді заттардың құрамына кіретін гумин қышқылдарының тұздары болып табылады. Ең қарапайым реакция түрі:
Гуминді детоксиканттарды қолдану тек топырақты токсикалық заттардан ғана тазартып қана қоймай, мынадай нәтижелерге де қол жеткізеді:
Агромәдениет өнімін(урожай) 20-30% дейін арттыру
Бақша мен бау мәдениетін пісуін 10-15 күнге ерте жылдамдату
Залалданған жерлерді қайта қалпына келтіру, топырақты қайта ауыстырмай-ақ оның құнарлығын көтеру т.б.
