- •4. Агрохимия үшін полимерлі үлдірлердің маңыздылығы, қолданылуын түсіндіріңіз
- •5.Топырақтың сіңіру қасиетін реттеуде полимерлі гидрогельдерді қолдану.
- •6.Гидрогельдердің түрлері мен алынуына тоқталыңыз
- •Полимерлі реагенттерді қолдану арқылы минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру.
- •8. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруі. Минералды тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олардың топырақпен әрекеттесуі, қолдану ерекшеліктері.
- •Топырақтың органикалық бөлігі. Гумустық заттар. Гумин қышқылдары
- •Агрохимия үшін гумустық заттардың өндірісі және қолданылуы. Экологиялық жағдайға маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Гумусты заттардың медицинада қолданылу түсіндіріңіз, маңыздылық рөлін ашыңыз.
- •12. Гумусты заттардағы антиоксиданттық қасиет көрсететін дәрілік заттарға мысал келтіріңіз. Алу технологиясына тоқталыңыз.
- •13. Гумусты қышқылдардың негізінде алынған дәрілік заттардың маңыздылығын көрсетіңіз. Химиялық препарттардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихына шолу жасаңыз.
- •15, Өсімдіктердің ауа және тамыр арқылы қоректенуін салыстыра отырып түсіндіріңіз.
- •Мәдени өсімдіктер өнімділігін түзеудің негізгі жолдары арасындағы айырмашылықты анықтап, талдау жасаңыз.
- •Микротыңайтқыштардың экологиялық маңыздылығына сараптама жасаңыз. Гумустық заттардан микротыңайтқыштар алу технологиясы.
- •Агрохимия үшін микротыңайтқыштарды қолданылуының тиімдігін көрсетіңіз. Басқа тыңайтқыштардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •21. Медицинада қолданылатын магниттік сұйықтық.
- •Детоксиканттар дегеніміз не? Гуминдік заттар детоксиканттар ретінде
- •Детоксиканттардың негізгі түрлері, алу жолдары. Торфтан детоксикант алу технологиясы
- •Топырақ құнарлығына детоксиканттардың әсері қандай және қолдану қажет пе? Ауыр металдарды жоюдың басқа әдістері
- •25.Агрохимияда сорбенттердің қолданылуы, классификациясы?
- •26.Сорбенттер мен гумустық заттардың айрмашылығын түсіндіріңіз?
- •27.Сорбенттерге жалпы сипаттама беріңіз ?
- •28. Агрохимияда топырақ сапасын зерттеу әдістері қандай?
- •29. Агрохимияда қолданылатын полимерлі материалдардың маңыздылығы мен қажеттілігі. Кемшіліктері бар ма?
- •30..Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолдары
13. Гумусты қышқылдардың негізінде алынған дәрілік заттардың маңыздылығын көрсетіңіз. Химиялық препарттардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
Лигногумат – экологиялық таза гумин қышқылдарының тұздарынан құралған гуминді препарат, қазіргі кезеңде терең зерттеулер жүргізуді қажет ететін өзекті тақырып. Лигногуматты алу технологиясы кез келген лигнинді затты кең спектрлі гуминді препаратқа айналдырады. Лигногуматтың қолданылу аясы ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік тудырады. Синтетикалық жолмен алынған лигногумат бірінші рет гуматтан Чехияда алынған. Бұл өнімде ең аз мөлшерде шығын шығады. Егер классикалық чехиялық көмірдің гуматының нормалық шығыны – 5-10кг/га болса, лигногуматтың шығыны – 50-150 г/га болды. Лигногумат жоғары тазалыққа ие, сол үшін қазіргі кезде Чехияда медицинада, косметикада және де гуматизденген арақ өнеркәсібінде қолданады.
Сапропель (синонимі — шірік тұнба) — көбіне анаэробты жағдайларда ағынсыз су алқаптарының түбінде жиналып тығыздалған тұнба. Сапропель планктондық организмдердің — өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен пайда болады. Одан әрі қарайғы биожәне геохимиялық процестердің әсерінен ол сапропельді көмірге айналады. Химиялық жолмен айдағанда, одан сұйық отын алынады. Сапропельді ауыл шаруашылық малдарына үстемелі минеральды қорек есебінде және медицинада, косметикада пайдалануға да болады. Сапропель (гр. σαπρός — шіріген және πηλός— тұнба, балшық) — тұщы су қоймаларындағы минералдық-органикалық шірік тұнбалардың жиналуы (құрамында кемінде 15 пайыз органикалық заттар болған жағдайда) кезінде қалыптасатын процесс. Cапропель косметика саласында маска ретінде қолданылады. Ол бет терісін қартаюын тежейді, жұмсақтылық сыйлайды.
Vita Zeolite антиоксидаттық қасиет көрсететін дәрілік препарат. Бұл препарат қант диабетімен ауыратын адамдарға күшті антиоксидант болып келеді. Жаралардың тез жазылуына, ауыр металдардың шығуына өзіндік ықпалын тигізеді. Бауырдың тазалауда және бауыр клеткаларын қалыптасына және де ауыр вирустерді бейтараптайды.
Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихына шолу жасаңыз.
Голландия ғалымы Я.Б. Ван- Гельмонт болды (1629) ж. Ол өз тәжіребесінде талдың бір кішкене өркенін алып, ішіне белгі мөлшерде топырақ салынған жәшікке өсімдік отырғызып , бес жыл бойы өсімдікті әлсін -әлсін жаңбыр суымен , немесе қайнатылған сумен суарып өсірді. Тәжірибенің соңында өсімдік пен топырақты қайта өлшеп , өсімдік салмағының 33 есе артқандығын , ал топырақ салмағы небәрі 50-60 грамға кемігенін байқады. Осыған байланысты өсімдік негізінен сумен ғана қорек тенеді деген қорытынды жасады.Оның тәжірибелерінің нәтижесі өсімдіктің сыртынан қабылдаған заттары денесінде күрделі өзгерістерге түсетіндігі туралы көзқарас туғызды ,Содан бастап , өсімдіктің қоректенуіне ең маңызды орта – топырақ екендігі туралы деректер жинақталды.
Батыс Еуропада XVIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың алғашқы кезеңдерінде қоректенудің тағы бір түрі “ гумустық (қара шіріктік ) теориясы ” кең орын алаы. Осы теорияны негізгі жақтаушылардың бірі неміс ғалымы А. Тэер топырақтың құнарлығы қарашірікке (гумусқа) байланысты , себебі ол су мен қатар өсімдік үшін негізгі қорек болып есептеледі деді .
Неміс химигі Ю. Либих гумустық теорияға қарсы шығып , 1840 ж. өзінің “химия в приложинии к земледелию и физиологии ” деген еңбегінде “өсімдіктердің минералдық қоректену ” теориясын ұсынды Бұл тиеория бойынша топырақтың құнарлығын негізінен минералдық заттар қалыптастырады . Оның ойынша қарашірік аналық тау жыныстарының ыдырауын жылдамлатып,СО2 пайда болу үшін және топырқтың минералды қабатын қалыңдату үшін қажет. Ол бірінші болып топыраққа тыңайтқыш ретінде минералдық заттар қолдануды ұсынды . Өсімдіктердің қоректенуінде минералдық элементтердің маңызы дұрыс бағалаған мен Ю.Либих өсімдік азотты ауадан аммиак күйінде қабылдайды.
Орыстың атақты ғалымы – химик Д. И . Менделеев (1834-1907) өз өмірінде химия ғылымының дамуына аса бағалы үлес қосумен қатар , егін және мал шаруашылығының жан- жақты дамуына үлкен еңбек сіңірді. Оның тыңайтқыштарды өндіру мен қолдану , топырақты өңдеу , ауылшаруашылық өнімдерінің химиялық технологиясы туралы салалы, терең ойлары осы күнге дейін мәнін жойған жоқ. Ол Ресейдің әртүрлі аймақтарында тынайтқыштарды қолданып , танаптық тәжірибелер жүргізудің арнайы бағдарламасын жасады. Өзі басшылық еткен сол тәжірибелерден 1872 жылы жасаған баяндамасында өсімдіктердің қоректенуін зерттеуге арналған тәжірибелер әр аймақтың ауа-райы мен топырақ және өсімдіктердің биологиаталапты орындағанда ғана тәжірибелер нәтижесінен шығатын қорытындылар сенімді болатындығын ескертті
К. А. Тимирязев (1843-1920) 25-30 жылдай фотосинтез процесін зерттеумен қатар, өсімдіктердің тамыры арқылы қоректенуінің физиологиялық негіздерін зерттеумен де айналысты . Осындай теориялық маңызы бар тәжірибелерді нақтылай бағалауға қолайлы жағдайларда жүргізу мақсаттарында 1872 жылы Ресейде бірінші вегетациялық үй салдырды . Одан бірнеше жыл өткен соң Мәскеу университеті жайының төбесіне осындай екінші үй салдырды. Сонда өзінің физиологиялық зерттеулерін жүргізді.
