Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информац обслуж каз лекция полный.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Технологиялық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар.

Біріншіден, ақпараттық құрал-жабдықтарды жаңаша программамен қамтамасыз етілуі қажет, достастық интерфейс, диалогжағдайында жойылған жұмыстармен тұтынушылардың жұмыс жасай алуы. Кітапханаға барғанда, өте сауатты оқырман ксерокс, компьютер, сканер және интернет және т.б. құрал-жабдықтармен таныс екендігін олардың кітапханада бар, жоғын сұрайды. Екіншіден, тұтынушыға алғашқы мәтіндегі тұпнұсқа керек емес, олардың библиографиялық, фактографиялық және аналитикалық ақпараттардың өңделген түрлері қажет. Бұл құжат осы кітаптың 2.4 бөлімінде қаралған, ақпараттардың қайта өңделуі олардың түпнұсқалық және мінездемесінің сақталуын талап етіледі.

Өнім өндірушіге қойылатын талаптар.(оның жеке басының сапасына) Өнім өндірушіге қойылатын талаптар сервистың жоғары контакталық орта болуына байланысты, себебі ол жерде көрсетілетін қызмет, өнім өндірушінің сапалы жұмысына байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, ақпараттық өнімнің сапалылығы, оларға көрсетілетін қызметтің нақтылығы өнім өндірушінің жұмысының сапасына тікелей байланысты. Ақпараттық қызмет көрсетілгенде тұтынушы өзіне қалай, қандай түрде қызмет көрсетіліп жатқанын көреді. Тұтынушы Қызмет көрсеткен қызметкердің жоғары біліктілігін, өз-өзіне сенімділігін жаңаша құрал-жабдықтарды пайдалана алатынын көреді. Осы жағдайлардың барлығы да тұтынушыға сатып аларда көрінетін болғандықтан, көрінбейтін қызметтерді ол елемейді, себебі ол қалған қызметтердің қанағаттандырарлық болатынына сенімді болады. Осы жағдайда, қызметті орындаушы қызмет көрсетудің бір бөлшегі болады. Егер де тұтынушыға қызмет көрсету кезінде ақпараттық қызметкер ұнамаса, ол келесі жолы бұл кітапханаға немесе ақпарат орталығына оралмайды. Осы жағдайларды ескере отырып, заман талабына сай, жоғары білікті мамандарды даярлау шешімі туындап отыр. Жаңаша ақпараттық қызмет көрсету жағдайында, жаңаша ақпараттық қызметкерлердің ролі өте зор, оның еңбегіне, біліміне, біліктілігіне қойылатын талап-тілектер көтерілуде. Кітапханашылардың және қызметкерлердің ақпараттық қызметтерде жас ерекшеліктері және жеке бастарының ерекшеліктері ескеріледі.

Қызмет көрсетудің жағдайына қойылатын талаптар:

Олар орны, уақыты, қосымша қызметтер аясы, жеткізілуі қызмет көрсетудің режимі, ақпараттың актуальдылығы ж.т.б. олар тұтынушының жеке ерекшеліктеріне және қоғамның социалды -экономикалық өсуіне байланысты. Жаңаша ойлайтын тұтынушы кітапханаға барып немесе гордеробта кезекте тұрумен уақытын жоғалтқысы келмейді, заказ берген әдебиетін күткісі жоқ. Сонымен бірге ол конспект жасағанша, ксероксын түсіре салады немесе электрондық көшірмесін ала салады. Тұтынушы өзіне қажетті ақпараттарды, кез-келген жерде, кез-келген уақытта алғанды жақсы көреді. Себебі ол, жаңаша ойлайтын тұтынушы. Осы талаптарға сәйкес, ақпараттық өнімдер мен қызметтердің орны анықталды. Тұтынушылардың талаптарының іске асулары, жаңа технологиялардың белгілі мақсаты сол.

Ақпараттық өнімдер мен қызметтердің түрлері.

Ақпараттық өнімдер қызметтерді классификациялап өңдеуге бірнеше рет талпынған талпынушылар болды, алғаш рет кітапханалық, сонан соң ғылыми-ақпараттанған орталықтардың қызметтер аясында. 1993 жылы М. Я. Дворкинаның монографиясында кітапханалық қызметтердің классификациясына толыққанды қорытынды берілді, ол еңбек былай деп аталынған еді: «Кітапханалық қызмет көрсету: теоретикалық аспект». Бұл автордың жұмысында кітапханаларда көрсетілетін қызметтердің классификациясы көрсетіліп берілген еді. Оның ерекшелігі сол, ол ақпараттық өнімнің ерекшеліктеріне, әл түрлоі ұйымдар мен қоғамдардың оларды ұсынуларына қарамаған еді. Сондықтан да бұл сызба көпжақты ақпаратты өнім ұсынушыларға сай болмады. Осыдан он жыл үзілістен кейін, еліміздегі социалды-экономикалық өзгерістерге байланысты, техникалық прогрестің ақпараттық қызмет көрсетудің өзгеруіне орай жаңаша классификацияның ойластырылуы қызығушылық тудырды.Бұл жылдар аралығында ақпараттық қызметтер түсінігі кітапханалық қызмет көрсету түсінігімен бірлесті, ақпараттық қызметтердің классификациясына информатиктермен бірге библиографтар, библиотековедтер араласты. Құжатты қызмет көрсету баспаларға, мұрағат құжаттарына, мұражайлық заттарға(қағаз жүзінде, электорндық, компакт-дискілер, аудио-видеокассеталар) ұсынылды. Бұл ақпарат тасымалдаушылар әр түрлі тілдерде болып келді. Сонымен бірге тұтынушы электронды пошта арқылы өзіне қажетті ақпараттарға жол аша алды. Ал, тұтынушыларға уақытша пайдалану және оларды жұмыстарымен таныстыру үшін абонемент, оқу залдары, МБА, экспозициялар, кітапханалық пункттер, библиобустар, дөңгелекті мұражайлар ұсынылды. Ал, олардың күнде пайдаланулары үшін әр түрлі тасымалдаушылар түрінде мәтіндердің көшірмелері, құжаттар, басқа да көшірмелер, құжаттардың электронды түрлері ұсынылды. Жаңалықтар қызметі актуалды жағдайлар мен темалар туралы хабарламалар береді, жаңа басылымдарда хабарламалар болады. Олардың түрлері: Жаңалықтар,ИРИ, ДОР, ақпараттар күні, мамандар күні, жаңа кітаптар көрмелері, дайджестер, прайс-беттер, биржадан жаңалықтар ж.б. болуы мүмкін.

On-Line режимі бойынша электрондық поштадағы тұтынушылар өздеріне бағыт-бағдар ала алады. Олар ақыл-кеңестер түрінде, семинарлар,дәрістер, сабақтар, компьютерлік курстар болуы мүмкін. Зерттелу қызмет түрлері олар: аналитикалық анықтамалықтар, аналитикалық шолулар, конъюнктуралық зерттеулер, жарнамалық материалдардың қорытындысы, рейтингтік ақпараттар, зерттеулер прогнозы, пресс-досьелер болуы мүмкін. Бұлар тұтынушыларға телекоммуникациялық каналдар арқылы хабарлануы тиісті. Сонымен бірге автор қосымша ұйымдастырылатын қызметтер әлемін көрсетеді. Олар: База данныхтың жалға алынуы және таратылымы, қызмет көрсету нүктелерінің ұйымдастырылуы, соның ішінде кітапханалық, мұражайлық, компьютерлік видеосалондар, факс жөнелту, телефон арқылы сұранымдар алу, немесе электронды пошта арқылы, ақпараттарды дискетаға немесе кассеталарға жазу, переплет жұмыстары ж.т.б. Комплексты жұмыстар- олар заказ берушінің таңдауы бойынша өз- ара келісім-шарттар жасау арқылы сұранымдарды орындау. Ақпараттық өнімдердің классификациялық сапасын нормативтік құжаттағы қажетті бөлімдерден қарауға болады. Мысалы, ГОСТ 7.0.-99 «Библиография және ақпараттық библиографиялық қызмет. Терминдер және анықтамалықтар» гостының келесі бөлімінде 3.3.2. «Кітапханалық өнім» -49 түрлі библиографиялық сілтемелер, библиографиялық катологтар мен картотекалар берілген. Ал, 7.73-96 «Терминдер мен анықтамалықтар. Ақпараттарды іздеу және тарату» гостында ақпараттық өнімнің бір ғана түрі көрсетілген, ол –База данных. Оның ішінде ақпарат іздеудің әр түрлі варианттары, толықтырулары көрсетілген. Мысалы, сілтемелер, мекен жай анықтамалығы, құжаттық, библиографиялық, реферативтік, алғашқы база данных, лексикографиялық база данных, мәтінді база данных ж.б. 7.20-2000 «Кітапханалық статистика» гостының бөлімінде қызмет көрсетудуң міндетті есебі бекітілген, есеп бірлігінің сапасы қарастырылған.