- •1.Стандарт: Қолды первомур ерітіндісімен (с-4) өңдеу.
- •2. Стандарт: Бұғана асты катетерін енгізу және күтім жасау.
- •3. Cтандар : Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-в).
- •4.Стандарт: «Іштің жедел хирургиялық аурулары » кезінде жедел көмек көрсету.
- •6.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
- •7.Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
- •8. Стандарт: Гипсті лонгетті салу.
- •9.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.
- •11. Стандарт: Гипс лонгеттерін дайындау
- •10. Стандарт: Резус факторды тез анықтау.
- •12.Стандарт: Екі көзге байлам салу.
- •13. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау
- •14.Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .
- •15.Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату
- •16.Стандарт: «Дезо» байламын салу.
- •17. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
- •18. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.
- •19.Стандарт: Жараның үстіне түйінді тігісті қою
- •20. Стандарт: «Гипократ» қалпағын салу
- •21.Стандарт: Медбикенің стерильді халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдері.
- •22.Стандарт: Дәрігерді отаға киіндіру.
- •23. Стандарт: Біріншілік медициналық өңдеуді жүргізу.
- •25. Стандарт: Ашық пневмоторокс кезінде жедел көмек
- •26.Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.
- •27.Стандарт . « Ноқта » тәрізді байламды салу.
- •28.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу.
- •29.Стандарт: Гипсті таңғышты салу.
- •30. Стандарт: аво жүйесі бойынша қан топтарын анықтау(сарысумен).
25. Стандарт: Ашық пневмоторокс кезінде жедел көмек
Мақсаты: Тыныс бұзылуының, механикалық асфиксияның және кеуде қуысына инфекцияның енбеуін алдын алу, травматикалық шоктың алдын алу.
Көрсеткіші: Тесілген жерден плевра куысына ауаның еркін еніп кетуі.
Қарсы көрсеткіштері: Жоқ
Керекті құралдар:
Зембіл
Анальгетикке арналған залалсыздандырылған шприц 2,0
Кетатоп ерітіндісі 2,0
Залалсыздандырылған мақта шариктері
Спирт, антисептикалық ерітінді
Оттегі
Қолғап
Асқынулары:
Естен тану, шок
Механикалық асфиксия
Жүрек-қантамыр жетіспеушілігі
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Ауырсыну сезімін басу үшін б/е травмадол ерітіндісін 2,0 енгізу.
2. Жарақатты антисептикпен өңдеу.
3. Жарақаттың айналысын спиртпен, йодпен өңдеп стерильді окклюзионды(ауа жібермейтін) таңғыш қою.
4. Мұзды мұйық қою.
5.Оксигенотерапия жүргізу.
6. Науқасты зембілмен отырғызып хирургия бөлімшеге жеткізу.
7. АҚҚ, пульс, тыныс алуды бақылау.
Нәтижесін бағалау:Тыныс алуының, АҚҚ, пульстің жақсаруы.
26.Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.
Мақсаты: Операциялық аймақты өңдеу.
Керекті құрал- жабдықтар: Қауіпсіз ұстара, 2% йод ерітіндісі, стерильді мақта томпондары, пинцет, 70% спирт.
Іс-әрекет алгоритмі:
2% йод ерітіндісіне малынған салфетканы алыңыз.
Операция аймағын 2% йод ерітіндісімен сүрту.
70% спиртке малынған салфетканы алыңыз.
Операция аймағын 70% спирт ерітіндісімен сүрту.
Стерильді матамен операция орнын 2% йод ерітіндісімен және 70% спиртпен оқшаулаңыз.
Тігіс салу алдында және тігіс салғаннан кейін теріні 2% йод ерітіндісмен өңдеу.
Ескерту:
Науқасқа операция алдында жалпы гигиеналық ванна жүргізіңіз.
Төсек жаймаларын ауыстырыңыз.
Операция алдында таңертең операция аумағындағы түктерді құрғақ тәсілмен қыру.
Операцияға 30мин алдында науқасты шешіндіру.
Басына орамал таңғыш салу.
Аяғына бахила кигізу.
Науқасты каталкаға жатқызу.
Операция бөлімшесіне жеткізу.
27.Стандарт . « Ноқта » тәрізді байламды салу.
Көрсеткіші: Беттің ,иектің,бастың маңдай бөлігінің жарақаты.
Құрал-жабдықтар: Бинт ені 10см.
Іс әрекет алгоритмі:
Пациентті бет жағымен өзіңізге қаратып отырғызу,тыныштандыру,манипуляцияны түсіндіру.
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу ,бинттің басын –оң жақ қолға .
Бастың маңдай ,шүйде бөлігіне бекітетін ,циркульярлы тур өткізу.
Шүйде сүйектен иекке қарай жалғастыру ,әрі қарай шүйде аймаққа барып баста бекіту.
Бинтті шүйде сүйекке түсіріп ,әрі қарай иекке ,бет жаққа бастың маңдай бөлігіне өткізу ,әрі қарай шүйде сүйектен бас жаққа бекітетін тур мен бітіру.
Бинттің турларын қайталап отырып ,иекке бет жаққа қарай апару .
Бас жақта бекітетін турлармен байламды бітіру.
Бинттің шетін бастың маңдай жағында байлап бітіру.
