- •1.Стандарт: Қолды первомур ерітіндісімен (с-4) өңдеу.
- •2. Стандарт: Бұғана асты катетерін енгізу және күтім жасау.
- •3. Cтандар : Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-в).
- •4.Стандарт: «Іштің жедел хирургиялық аурулары » кезінде жедел көмек көрсету.
- •6.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
- •7.Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
- •8. Стандарт: Гипсті лонгетті салу.
- •9.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.
- •11. Стандарт: Гипс лонгеттерін дайындау
- •10. Стандарт: Резус факторды тез анықтау.
- •12.Стандарт: Екі көзге байлам салу.
- •13. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау
- •14.Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .
- •15.Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату
- •16.Стандарт: «Дезо» байламын салу.
- •17. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
- •18. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.
- •19.Стандарт: Жараның үстіне түйінді тігісті қою
- •20. Стандарт: «Гипократ» қалпағын салу
- •21.Стандарт: Медбикенің стерильді халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдері.
- •22.Стандарт: Дәрігерді отаға киіндіру.
- •23. Стандарт: Біріншілік медициналық өңдеуді жүргізу.
- •25. Стандарт: Ашық пневмоторокс кезінде жедел көмек
- •26.Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.
- •27.Стандарт . « Ноқта » тәрізді байламды салу.
- •28.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу.
- •29.Стандарт: Гипсті таңғышты салу.
- •30. Стандарт: аво жүйесі бойынша қан топтарын анықтау(сарысумен).
28.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу.
Мақсаты: Сынған жерді қозғалтпау трамматикалык шоктын алдын алу ұлпалардын қосымша зақымдануын алдын алу
Көрсеткіші: Балтырдың жарақаттануы. Буынның шығуы немесе сынуы
Қарама қарсы көрсеткіші: Жоқ
Құрал-жабдықтар:
-сатылы Крамер жақтауы
-залалсыздандырылған таңғыш материялдар( дәке тампоны, макта шариктері ) ,
-медициналык дәке , мата
-жастықшалар
-залалсыздандырылған шприц инесімен
-жансыздандыруғрарналған дәрілер (баралгин ерітіндісі – 0,5 немесе 1 мл 2 % ,немесе -фентанил 1 мл 0,005% , ерітінді көк тамырға немесе трамал – 100 мл )
-зембіл .
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар
Жаракат болған жердін ауырсынуы, қоркыныш
Жара . Жарадан кан кету
Естен тану . Есенгіреу, Шок
Жарақаттанған аймақта қозгалысының шектелуі
Тіннің екіншілік зақымдалуы,тамырлар мен нервтердің сүйек үгінділерімен зақымдауы
Жараға иньфекцияның түсуі
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшараны түсіндіру. Науқасты сынған жердің табан буыны мен тізе буынын қамтитын жақтауды аламыз .
2. Іс шаранын алдынан сынған жерді жансыздандырып қан ағуды тоқтатамыз асептикалық таңғыш таңамыз
3. Егер жақтау дайын болмаса бинт немесе мақта мен ораймыз
4.Қосымша жарақат болдырмау үшін жақтауды киімнің үстіне саламыз
5. Көмектесуші жақтауды сау аяғына өлшеп жарақаттанған аяққа салады, егер жақтауды дұрыс салмаған жағдайда, оны тез шешіп қайтадан салу керек
6. Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, бинтпен бекітіңіз.
7. Табан буынына мақталы – дәкені қоямыз.
8. Жақтаудың біреуін дайындап, табаннан бастап сан сүйегінің 3/1 бөлігіне дейін қамтимыз
9. Екі жақтауды екі жағынан салып бекітеміз немесе U тәріздес, табан буыны тік бұрышты болу керек
10. Жақтауларды бинтпен бекітеміз
11. Науқасты зембілге ыңғайлы қалыпта орналастырамыз
Нәтижені бағалау. Жақтау дұрыс салынған, ауырсыну басылған, таңғыш құрғақ, пациенттің жағдайы жақсарған.
29.Стандарт: Гипсті таңғышты салу.
Мақсаты: Сынық және шыққан кезде емдік гипсті таңғыш салу
Көрсеткіштері: Аяқ - қол сынғанда
Іс-әрекет алгоритмі:
Жұмыс барысында арнайы киіммен – бет перде, қолғап, ал жапқыш, бас киім кию керек
Гипсті арнайы столда беті металмен немесе мрамормен қапталуы болу керек.
Қолданар алдында гипстің сапасын тексеру керек
Гипс тез қатаю үшін гипстелген бинтті жылы суға батырып салу керек
Гипсті жылы судан алар алдында, судағы ауа көпіршіктерін тоқтауын бақылау керек
Пациентті ыңғайлы қалып беріп, денесін бинтпен ораймыз
Аяқ – қолына ыңғайлы қалып береміз ( абайлаңыз ).
Сау аяқ – қолға гипсті өлшеп аламыз
Гипс салатын денеге вазилин немесе крем жағу керек
Сүйектің сынған жеріне дәке салфеткаларын саламыз
Таңғышты абайлап саламыз
Саусақтарды ашық қалдырамыз , қан айналымын бақылау үшін
Таңғыштың түріне байланысты қосымша бинтпен бекітеміз
Гипс толық қатқанша аяқ – қолын қозғалтпау керек
Гипсті салғаннан кейін науқасты 2 сағаттай бақылаймыз, стационарлық емдеу 2 күнге дейін
Ескерту: Гипстің жағдайын тексеру.
Гипсті жылы суға салып араластырамыз ботқа тәрізді массадан шарик жасаймыз
Бинтті алып сығамыз: егер сапасы жақсы болса, үгітіліп кету керек, егер сапасы жаман болса түйіршіктер пайда болады
Суға салған гипсте сасыған жұмыртқаның иісі болмау керек. Егер гипстің сапасы жаман болса оны қайнату керек:
Гипс ылғалданып қалса оны 120 С температурада қыздыру керек
Егер гипстің ішінде түйіршіктер болса оны елеу керек
Сосын сапасын анықтайды. Гипстің сапасы жақсы болу үшін металды жасалған қорабтарда сақталу керек
