- •1.Стандарт: Қолды первомур ерітіндісімен (с-4) өңдеу.
- •2. Стандарт: Бұғана асты катетерін енгізу және күтім жасау.
- •3. Cтандар : Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-в).
- •4.Стандарт: «Іштің жедел хирургиялық аурулары » кезінде жедел көмек көрсету.
- •6.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
- •7.Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
- •8. Стандарт: Гипсті лонгетті салу.
- •9.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.
- •11. Стандарт: Гипс лонгеттерін дайындау
- •10. Стандарт: Резус факторды тез анықтау.
- •12.Стандарт: Екі көзге байлам салу.
- •13. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау
- •14.Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .
- •15.Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату
- •16.Стандарт: «Дезо» байламын салу.
- •17. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
- •18. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.
- •19.Стандарт: Жараның үстіне түйінді тігісті қою
- •20. Стандарт: «Гипократ» қалпағын салу
- •21.Стандарт: Медбикенің стерильді халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдері.
- •22.Стандарт: Дәрігерді отаға киіндіру.
- •23. Стандарт: Біріншілік медициналық өңдеуді жүргізу.
- •25. Стандарт: Ашық пневмоторокс кезінде жедел көмек
- •26.Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.
- •27.Стандарт . « Ноқта » тәрізді байламды салу.
- •28.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу.
- •29.Стандарт: Гипсті таңғышты салу.
- •30. Стандарт: аво жүйесі бойынша қан топтарын анықтау(сарысумен).
6.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
Мақсаты: Ауру сезімін азайту,жарақаттық шоктың алдын алу,тіннің қайта зақымдануы,екіншілік қан кету,жараның асқынуы,науқасты тасымалдауға жағдай жасау.
Көрсеткіші: Жауырынның,иықтың және қол сүйектерінің сынығында.
Қарама-қарсы көрсеткіштері: Науқастың жағдайы өмірмен сиымсыз,ауыр шок.
Керекті құралдар:
-крамер жақтауы ұзындығы 1м, көлденеңі 10см;
-залалсыздандырылған маталар ( салфетка, мақта шариктері);
-бинт, марлі, мақта;
-мақта-марлі жастықшасы;
-стерилді шприц;
-ауырсынуды басатын дәрілер(баралгин ерітіндісі-5,0 немесе1мл 2% промедол, фенталин 1мл 0,005% көк тамырға, трамал-100мг);
-зембіл;
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:
- жарақат аймағының ауруы, қорқыныш;
-жарақаттың болуы, қансырау;
-естен тану, шок;
- қозғалыстың шектелуі;
- екіншілік терінің, буындардың және жүйке түйіндерінің зақымдануы;
- жарақатта инфекция болуы.
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Жақтауды дайындау, жарақаттанған қолға зақымданған, мүшеге қозғалтпайтын жағдай жасау, шынтақ пен білезік буынын қозғалтпайтындай.
2. Жақтау салудың алдында зақымданған жерді жансыздандыру,ағып жатқан қанды тоқтату, жараға асептикалық таңғыш салу.
3. Жақтау дайын болмаса, жақтауды жұмсақ материалмен орау(бинт,мақта), сүйектің шығып тұрған жеріне мақта шариктерін қойамыз, ойылудың алдыналу үшін.
4. Қосымша зақымдану болдырмау үшін жақтауды киімнің үстінен саламыз.
5. Жақтау салушы оны сау қолға немесе сау аяққа жақтауды өлшеп аламыз.
6. Жақтау салатын мүшеге ыңғайлы жағдай жасау.
7. Қолын шынтақ буынынан 90 градусқа бүгіп, білезік буынын 45градуста супинация жағдайында ұстау.
8. Жақтаудың ұшын сау қолымен ұстатып, жақтаудың толық бекітілуін қамтамасыз етіп қараймыз.
9. Жақтаудың жоғарғы жағы қозғалмау үшін, алдынан және артынан сау буынға бекітеміз.
10. Жақтауды қолға бинтпен бекітеміз(спираль тәрізді, тасбақа тәрізді, масақ тәрізді).
11. Қолын орамалмен мойнына іліп қою.
12. Науқасты отырғызып зембілмен ауруханаға тасымалдау.
Нәтижені бағалау: Қол сүйектері жақсы бекітілген,ауру сезімі басылды, зақымдалушының жалпы жағдайы жақсарды.
7.Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
Мақсаты: Басты таңу.
Көрсеткіші: Бас жарақаты кезінде маңдай мен иекті жабу.
Құрал жабдықтар: Бинт ені 10 см, қайшы.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты отырғызып, тыныштандырып, манипулияцияны түсіндіреміз.
80 сантимертлік бинтті кесіп дайындаңыз.
Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастыру,құлақтын алдында салбырап түру керек,бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстату.
Бинттен ұзындығы 1метрдей бинті дайындаймыз байлауға,қосымша орташа бинт ені 10-12 см байлам кесіп алу.
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинтттің басын оң жақ қолға алу. Маңдай, шүйде сүйектен бекітін орамды өткізу.
Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару сол жақ байламға дейін.
Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу.
Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жабу.
Байламды екі рет айналдыра орамды бітіру, байламның бір жақ шетіне бинт байлау.
Пациент ұстап отырған бинттің шетін иек астынан байлау.
