- •1.Стандарт: Қолды первомур ерітіндісімен (с-4) өңдеу.
- •2. Стандарт: Бұғана асты катетерін енгізу және күтім жасау.
- •3. Cтандар : Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-в).
- •4.Стандарт: «Іштің жедел хирургиялық аурулары » кезінде жедел көмек көрсету.
- •6.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
- •7.Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
- •8. Стандарт: Гипсті лонгетті салу.
- •9.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.
- •11. Стандарт: Гипс лонгеттерін дайындау
- •10. Стандарт: Резус факторды тез анықтау.
- •12.Стандарт: Екі көзге байлам салу.
- •13. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау
- •14.Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .
- •15.Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату
- •16.Стандарт: «Дезо» байламын салу.
- •17. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
- •18. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.
- •19.Стандарт: Жараның үстіне түйінді тігісті қою
- •20. Стандарт: «Гипократ» қалпағын салу
- •21.Стандарт: Медбикенің стерильді халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдері.
- •22.Стандарт: Дәрігерді отаға киіндіру.
- •23. Стандарт: Біріншілік медициналық өңдеуді жүргізу.
- •25. Стандарт: Ашық пневмоторокс кезінде жедел көмек
- •26.Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.
- •27.Стандарт . « Ноқта » тәрізді байламды салу.
- •28.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу.
- •29.Стандарт: Гипсті таңғышты салу.
- •30. Стандарт: аво жүйесі бойынша қан топтарын анықтау(сарысумен).
15.Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату
Мақсаты: Уақытша қан ағуды тоқтату.
Көрсеткіштері: Артериялық қан кетумен, жара.
Керекті құралдар: Бинт, мақта,таңу пакеті,жастықша,орамал және белдік.
Іс - әрекет алгоритмі:
1. Бұғана асты артериясынан қан ағуды тоқтату үшін: иықты артқа қарай бұрау керек және жгутпен қатты байлап тастау.
2. Иық артериясынан қан ағуды тоқтату жолдары:иықты артқа қарай бұрау белдікпен қатты тығыздап байлау керек.
3.Тізе артындағы артериядағы қанды – буынды максимальді бүгіп орамалмен немесе белдікпен байлайды.
4. Жамбас артериясын қан ағуды тоқтату үшін жамбасты ішке қарай басып оны белдікпен немесе қатты таңғыш матамен байлау керек.
16.Стандарт: «Дезо» байламын салу.
Мақсаты: Бұғана және иық сынғанда таңып бекіту.
Көрсеткіші: Бұғана және иық буыны жарақаттары
Құжаттар: Бинт, қайшы, түйрегіш
Іс-әрекетінің алгоритмі.
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
Қолды жуу, қолғап кию
Науқасты бет жағын өзіне қаратып турғызу керек. Тыныштандыру,өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Қолтық астына валик салу.Білекті кеудеге қысу.
Кеудеге 2 бекітетін тур өткізу,ауырған қолды иық аймақта,арқада,қолтық астында сау жақтан.
Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған иыққа қарай бинтті жүргізу.
Ауырған иықтың артқы жағымен шынтақ астынан бинтті түсіру.Шынтақ буынды бекітіп,білекке қарай,білезік буынды бекітіп,сау қолтық астына бинтті апару.Қолтық астынан арқамен ауырған иыққа бинтті жүргізу.Сау жақ қолтық астына арқамен бинтті сырғыту.
Иық толық бекітілгенше бинттің турлары қайталанып отырады.Кеудеде 2 бекітетін турмен байламды бітіреді,байламның шетін түйреуішпен бекіту. Қолғапты шешіп Б тобындағы қорабшаға саламыз
Ескерту: қолдың сол жағы жарақаттанса- бинтті оң қол жағынан бастаймыз.Егер сол қол жарақаттанса-оң қол жағынан бастаймыз.
17. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
Көрсеткіштері: жұмсақ тіндердің жаралануы
Қарсыкөрсеткіштері:
Шок
Қан жоғалту
Коллапс(талықсу)
Жараның іріндеуі
Керекті құралдар:
Залалсыздандырылған аспаптар үстелін,
Ота жаймасын және қолғапты
Танғыш материял, тігін материял
Жайма қорабын
хирургиялық және анатомиялық пинцет
Кохер және Бильрота қызқышы
Дешана инесі
Кескіш инелер
Бір рет қолданатын шприц, және ине ұстағыш
Фурацилин ерітіндісі
1% йоданата ерітіндісі
70% этил спирті
0,5-0,25% новакаин ерітіндісі
3% сутек асқын тотығы
0,9% натрий хлорид ерітіндісі
Іс-әрекет алгоритмі:
Отаға арналған киімді және резеңкелі қолғапты кию.
Дәкемен жараның айналасын фурацилин ерітіндісімен немесе 3 % сутек асқын тотығымен өңдеу
Дәкемен тағы бір қайтара жараны өңдеу
Жараны дәкемен кептіру
Қолданылған пинцетпен дәкені залалсыздандырылған латокка салып қою
Жараның айналасын йоданата ерітіндісімен 2 мәрте өңдеу
Жаранын айналасын стерильді дәкемен танамыз.
Жараның айналасын этиль спиртімен өңдеу
Жергілікті анастезияны анықтау.
Жаракергішпен жараны ашып, бетінен түбіне дейін қарап шығу.
Пинцеттің немесе қайшының көмегімен бөгде заттарды алып тастау.
Скальпель мен пинцеттің көмегімен жараның бетінен түбіне дейінгі өлектенген тіндерді алып тастау.
Жараны антисептиктің көмегімен жуу
Қан ағуды тоқтату
Жараны дәкемен кептіру
Жараның айналасын йоданата ерітіндісімен өңдеу
Пинцет, ине ұстағыш және иненің көмегімен жараны қатарлап тігу.
Йоданата ерітіндісімен жараны созғыш қозғалыспен өңдеу
Пинцетпен жараға ылғалды дәкені қою
Дәкені таңу
Қолданылған инструменттерді,таңу материалдарын зарарсыздандырғыш ерітінлісі бар ыдысқа салу.
Зарарсыздандырылған ерітіндісі бар ыдысқа резеңкелі қолғапты салыңыз
Ескерту: Егерде жара жұлынған,тістелген ластанған болса немесе 24 сағаттан асқан жағдайда тігіс салынбайды, түтік қойылады.
