- •1.Стандарт: Қолды первомур ерітіндісімен (с-4) өңдеу.
- •2. Стандарт: Бұғана асты катетерін енгізу және күтім жасау.
- •3. Cтандар : Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-в).
- •4.Стандарт: «Іштің жедел хирургиялық аурулары » кезінде жедел көмек көрсету.
- •6.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
- •7.Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
- •8. Стандарт: Гипсті лонгетті салу.
- •9.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.
- •11. Стандарт: Гипс лонгеттерін дайындау
- •10. Стандарт: Резус факторды тез анықтау.
- •12.Стандарт: Екі көзге байлам салу.
- •13. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау
- •14.Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .
- •15.Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату
- •16.Стандарт: «Дезо» байламын салу.
- •17. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
- •18. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.
- •19.Стандарт: Жараның үстіне түйінді тігісті қою
- •20. Стандарт: «Гипократ» қалпағын салу
- •21.Стандарт: Медбикенің стерильді халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдері.
- •22.Стандарт: Дәрігерді отаға киіндіру.
- •23. Стандарт: Біріншілік медициналық өңдеуді жүргізу.
- •25. Стандарт: Ашық пневмоторокс кезінде жедел көмек
- •26.Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.
- •27.Стандарт . « Ноқта » тәрізді байламды салу.
- •28.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу.
- •29.Стандарт: Гипсті таңғышты салу.
- •30. Стандарт: аво жүйесі бойынша қан топтарын анықтау(сарысумен).
8. Стандарт: Гипсті лонгетті салу.
Мақсаты: Ашық және жабық сынықтар кезінде таңып бекітуді қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: Ашық және жабық сынықтар , шығу, буын шығуы кезінде және сүйек сынықтарын қалпына келтірген кезде жарақат орнын таңып бекіту .
Құрал-жабдықтар:
-таңу бөлмесі,суы бар ыдыс, гипсты суға батыруға арнаалған ыдыс.
-гипс дәкелерін және лонгет дайындайтын стол.
- гипсты сақтайтын қораптар, гипс дәкелері және лонгет.
- дымқыл лонгеттерді жаятын тақташа;
- гипсті таңғыштарды кептіретін заттар;
- таңғыш материалдар және дәрі-дәрмектер (мақта, дәке, медициналық таңғыштар)
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:
- лангеттің ыңғайсыз дайындалуы, түйіндер мен қатпарлардың болуы;
- буындар мен жүйкелердің, жұмсақ тіндердің гипсті таңғыштармен жаншылуы;
- гипсті таңғыштың астында ауру сезімінің болуы, жансыздану, сезімнің жоғалуы;
- ісіктің пайда болуы, гипсті таңғышты салғаннан кейін түпкілікті салқындау;
- қансырау, іріңді қабыну.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жараны сүйек ұштарын мақта таңғыштарымен жабу
2. Гисп дайын болғанан кейін оны суынан тазартып гипстан жасалған лонгетті қалпына келтіру , бекіту үшін ұзын болу керек ( бір , екі буынды немесе үш буынды қозғалтпайтындай болу керек )
3. Ұзынан жайып тегістеу керек.
4. Дайын болган лангетті стол үстінде алакан комегімен тегістеп лангентаны сынған жерге коямыз
5. Осыдан кейін лангентаны сынған жерге дұрыстап бекітіп таңғышпен таңып коямыз
6. Дайын болған лангентаны айналмалы түрдедәкемен жасалған бинтпен ораймыз
7. Қол саусақтары ашық болуы керек бинтпен оралмау керек , себебі оның температурасын терінің түсін және жұмсак тіндерді қысып калмауын бакылау
Нәтижені бағалау: таңғыш дұрыс, ыңғайлы, ауырсынусыз салынды, тері жамылғысы ал-қызыл түсті
9.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.
Мақсаты: Жараға асептикалық таңғыш салу
Көрсеткіштері: Отадан кейінгі жара
Құрал- жабдықтар: Пинцет, залалсыздандырылған латок, қолғаптар, ұшы жоқ ине, таңғыш дәке, зонд, антисептик ерітіндісі, 3% сутегі асқын тотығы, 1%йодонат, КБУ.
Іс-әрекет алгоритмі :
Қолды гигиеналық деңгейде жуу.
Қолғап кию.
Жарадағы ескі таңғышты пинцетпен алу.
Пинцетпен жарадағы резенке дренажды алу.
Жараның айналасын , 3 % сутегі асқын тотығымен пинцеттегі дәке салфеткасымен өңдеу.
Жараның айналасын салфеткамен құрғату.
Жараның айналасын 1%йодонат ерітіндісімен өңдеу.
Жараны жаракергішпен немесе зондпен қарау.
Жараны , 3% сутегі асқын тотығымен ұшы жоқ инемен жуу.
Жараны салфеткамен құрғату.
Қолданған құрал жабдықтарды латокқа саламыз.
Жараның айналасын 1%йодонат ерітіндісімен өңдеу.
Жараға резенке дренажды пинцет арқылы немесе зондпен енгізу.
Асептика ерітіндісіне салынған салфетканы пинцетпен қою.
Лейкопластырь мен немесе клеол мен бекітеміз.
Қолданған құрал жабдықтарды залалсыздандыру ерітіндісіне саламыз, қолғапты КБУ тастаймыз.
