- •Дәрiс тезистерi
- •Тақырып № 2 Кәсіпкерлік және оның түрлері. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың сипаттамасы
- •Сыртқы кәсiпкерлiк орта
- •Iшкi кәсiпкерлiк орта
- •Жеке iстi құру сатылары
- •Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру
- •Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері
- •Тақырып № 3 Табиғи ресурстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Жер ресурсының ерекшеліктерi
- •Жер ресурстарының ерекшелiктерi
- •Жердiң алмастырылмайтындығы
- •Территориялық шектеулiгi
- •Топырақ құнарлығының түрлерi
- •Табиғи Жасанды Экономикалық
- •Ауылшаруашылық алқаптарды пайдалану коэффициентi
- •Егiстiк жерлердi пайдалану коэффициентi
- •Жер алқаптарын пайдаланудың экономикалық тиiмдлiгiн арттыру факторлары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару
- •Жалдамалы жұмысшы мен қожайынның еңбегi арасындағы негізгі айырмашылықтар
- •Еңбек ресурстарының ерекшелігі
- •Аграрлы өндірісте еңбек мерзімділігiнiң факторлары
- •Натуралды көрсеткіштер:
- •Құндық көрсеткіштер:
- •I. Өсімдік шаруашылығында
- •II. Мал шаруашылығында
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы
- •Шығындардың сипаттамасы
- •Әдебиеттер: 3, 208 -233 бет, 7, 154 - 177 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру
- •Әдебиеттер: 3, 161- 172 бет, 7, 203 - 244 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару
- •Әдебиеттер: 3, 126 – 145; 7, 137 -145 Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 9 Аграрлы маркетинг және аграрлы менеджмент
- •Бәсеке түрлері
- •Олигополия
- •Таза бәсеке
- •Монополияның екі негізгі түрін көрсетуге болады:
- •Монополиялық бірлестіктердің негізгі нысандары:
- •Басқару процесiне мынандай ерекшелiктер тән:
- •Кәсіпорындағы менеджмент
- •Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
- •Б асқарудың цехтық құрылымының үлгісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер: 3, 256 – 316; 4, 25 – 57, 7, 285 - 3397, 292 -310 Тақырып № 10 Ауылшаруашылық өнiм өндiрiсiнiң пайдалылығы және экономикалық тиiмдiлiгi
- •Рентабельділік деңгейі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Көрнекі материалдар Аграрлы өндірістің ерекшеліктері
- •Нарықтық механизмнің элементтері
- •Негізгі нарықтың сипаттамасы
- •Өндiрiс факторларының жалпы сипаттамасы
Басқару процесiне мынандай ерекшелiктер тән:
Басқару – уақыт және кеңiстiк iшiнде үздiксiз жүзеге асырылатын процесс.
Басқару – белгiлi мақсаттардың терең анализiн, жетiлдiруiн және қойылуын талап ететiн процесс;
Басқару суьъектiсiнiң объектiге әсер ету процесiндегi пайда ьолған нәтиженi осы басқару процесiнiң мақсаты мен салыстыру қажет, себебi тәжiрибе жүзiнде пайда болған нәтиже арқашанда қойылған мақсатқа сәйкес келе қоймайды. Егер нәтиже мен қойылған мақсаттың сәйкестiгi бар болса, онда басқарудың сапасының жоғары болғаны.
Орыс тiлiнде “басқару” және “басшылық ету” синонимдер болып есептеледi. Шаруашылық жүргiзiлiп, қаржылық нәтижеге жету мақсатын көздеп отырған субъектерге “менеджмент” деген ұғымды пайдалануға болады.
Басқарудың түрлерi:
мемлекеттiк басқару (аумақтық, салалалық тағы басқа басқарулар) – бұны мемелекеттiк құырлы органдар жүзеге асырады;
жеке кәсiпкерлiктiк басқару – жеке кәсiпкер жүзеге асырады. Егер жеке кәсiпкер басқаруды сырттан шақырған менеджерге тапсыратын болса, бұл жағдайда жеке басқару профессионалдық басқаруға айналады.
Нарықтық қатынастарға байланысты инновациялық басқару пайда болды. Бұл тұрақты түрде iздену және техникалы, технологиялық, ұйымдастырулық, тағы басқа да жаңа енгiзулердi пайдалануға бағытталған қызмет;
Ситуациялық басқару – қалыптасқан жағдайлапға байланысты қолайлы шешiмнiң немесе әрекеттiң варианттың табу немесе таңдау; басқарудың бұл түрi қатал орталықтандыру жағдайда жүзеге асырылуы емес;
Оралымды басқару – ағымдағы, жедел түрде шара қолдануды талап ететiн мәселелердiң шешуiне бағытталған қызмет.
Бәсекелестiктi басқару – қарыздарын төлеуге шамасы жоқ борышқор туралы қорытындыға шығаруға байланысты қызмет. Бұл басқару мәжбүрлiк түрде жүзеге асырылады.
Адаптивтiк басқару – басқару жүйесiнiң сыртқы ортаның құбылыстарына әсер ету қабiлеттiлiгiн сипаттайды. Бұл жоспаралудың үздiксiздiгiн, болжаулық бағалауды, белгiсiздiктi ескерудi талап етедi.
Ғылыми басқару – ғылми жетiлдiрiлген кепiлдемелрге негiзделедi.
Эмпиризмдiк басқару – тәжiрибе мен дұрыс мағынаға негiзделедi.
Селективтiк басқару – ресурстық және басқа да көмек көрсету мен приориеттiк объектiлредi бөлуге бағыттаған қызмет (мысалы, қосымша билiктер беру, мақсатты қаржыландыру несиелiк және салықтық жеңiлдiктер, субсидиялар, субвенциялар және преференциялар беру).
Бұдан басқа iшкi және сыртқы басқару, демократиялық басқару (консенсусқа немесе дауыс беру жолында азшылықты көпшiлiкке бағындыруға негiзделедi), мәжбүрлiк басқару және тағы басқа түрлерi болады.
Осы айтылған басқарудың барлық түрлерi тәжiрибе жүзiнде бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты, бұл басқару қызметiнiң күрделiлiгiне әкелiп соғады, бiрақ айтылған басқару жүйелернiңi мүмкiншiлiктерiн пайдалану олардың потенциалын және тиiмдiлiгiн жоғарлатады.
Басқару туралы арнайы әдебиетте менеджментке деген көзқарастардың бiрнеше түрi бар. Олардың iшiнде мыналар маңыздылары:
менеджмент – бұл функция (қызметтiң түрi);
менеджмент – бұл процес;
менеджмент – бұл орган немесе басқару аппараты.
Менеджмент – бұл адамдар категориясы;
Менеджмент – бұл ғылым және өнер.
Менеджерлердiң қызметiнiң негiзiн құрайтын – ұйымдастыру. Менеджменттiң пайда болуы ұйымдастырумен тығыз байланысты, сондықтан алдымен ұйымдастырудың түсiнiгiн және оны басқарудың себептерiн анықтап алу қажет.
“Ұйым” – бұл белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн қызметi зерделi түрде жүзеге асырылатын адамдардың тобы.
Бұл ұйым мақсатына жету үшiн өз қызметiн басқаруы тиiс. Басқару тек қана өндiрiс үшiн емес, мемелекет, қала, аумақ, сала, аурухана, университет, шiркеу, әлеуметiк қамсыздандыру және басқа да қоғамдық өмiрдiң сфераларына қажет.
