- •Дәрiс тезистерi
- •Тақырып № 2 Кәсіпкерлік және оның түрлері. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың сипаттамасы
- •Сыртқы кәсiпкерлiк орта
- •Iшкi кәсiпкерлiк орта
- •Жеке iстi құру сатылары
- •Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру
- •Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері
- •Тақырып № 3 Табиғи ресурстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Жер ресурсының ерекшеліктерi
- •Жер ресурстарының ерекшелiктерi
- •Жердiң алмастырылмайтындығы
- •Территориялық шектеулiгi
- •Топырақ құнарлығының түрлерi
- •Табиғи Жасанды Экономикалық
- •Ауылшаруашылық алқаптарды пайдалану коэффициентi
- •Егiстiк жерлердi пайдалану коэффициентi
- •Жер алқаптарын пайдаланудың экономикалық тиiмдлiгiн арттыру факторлары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару
- •Жалдамалы жұмысшы мен қожайынның еңбегi арасындағы негізгі айырмашылықтар
- •Еңбек ресурстарының ерекшелігі
- •Аграрлы өндірісте еңбек мерзімділігiнiң факторлары
- •Натуралды көрсеткіштер:
- •Құндық көрсеткіштер:
- •I. Өсімдік шаруашылығында
- •II. Мал шаруашылығында
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы
- •Шығындардың сипаттамасы
- •Әдебиеттер: 3, 208 -233 бет, 7, 154 - 177 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру
- •Әдебиеттер: 3, 161- 172 бет, 7, 203 - 244 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару
- •Әдебиеттер: 3, 126 – 145; 7, 137 -145 Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 9 Аграрлы маркетинг және аграрлы менеджмент
- •Бәсеке түрлері
- •Олигополия
- •Таза бәсеке
- •Монополияның екі негізгі түрін көрсетуге болады:
- •Монополиялық бірлестіктердің негізгі нысандары:
- •Басқару процесiне мынандай ерекшелiктер тән:
- •Кәсіпорындағы менеджмент
- •Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
- •Б асқарудың цехтық құрылымының үлгісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер: 3, 256 – 316; 4, 25 – 57, 7, 285 - 3397, 292 -310 Тақырып № 10 Ауылшаруашылық өнiм өндiрiсiнiң пайдалылығы және экономикалық тиiмдiлiгi
- •Рентабельділік деңгейі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Көрнекі материалдар Аграрлы өндірістің ерекшеліктері
- •Нарықтық механизмнің элементтері
- •Негізгі нарықтың сипаттамасы
- •Өндiрiс факторларының жалпы сипаттамасы
Жеке iстi құру сатылары
Әрбiр кәсiпкер жеке iстi ұйымдастыру кезiнде келесi сатыларға назар аударады:
кәсiпкерлiк iспен айналысу ойын қалыптастыру;
өз iсiн жүзеге асыру үшiн келешекке орындайтын мақсаттарын белгiлеу;
белгiлi бiр ұйымдастырулық – құқықтық нысанда өз жеке iсiн бастау үшiн нақты
шешiмдi қабылау;
өзiне серiктес және сенiмдi бiлiктi құрылтайшылар мен жұмысшыларды таңдау;
қажеттi құрылтайшы құжаттарды жасау;
бизнес – жоспарды жасау;
банкте жеке есептi және басқа да шоттарды ашу;
фирманың орналасу орны бойынша салық комитетiнде тiркелу және есепке тұру;
заңдылыққа сәйкес жеке кәсiпкерлiкпен айналысуға рұқсат алу;
келiсiм – шарттарды жасау;
және т.б.
Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру
Жаңа кәсіпорында құрудың бастапқы сатысында құрылтайшылар құрамы анықталып, құрылтайшы құжаттары дайындалады (Кәсіпорын жарғысы мен Ұйымдастыру – құқықтық формасы көрсетілген кәсіпорынды құру туралы келісім). Сонымен бірге бұл жерде басшы мен тексеру комиссиясын сайлау туралы жазылған құрылтайшылардың № 1 жиналысының хаттамасы толтырылады. Содан кейін банкіде уақытша есеп шот ашылады, оған бір ай көлеміндегі уақытта тіркелген кәсіпорынның жарғылық қорының 50% - ы түсуі керек. Одан кейін, кәсіпорын құрылған жеріндегі басқарушы органдарда тіркеледі. Ал мемлекеттік регистрде тіркелу үшін Әділет министрлігіне келесі құжаттар тапсырылуы тиіс.
Құрылтайшының (немесе құрылтайшылардың) тіркеу туралы арызы.
Кәсіпорын жарғысы.
Құрылтайшылар арасында бекітілген кәсіпорынды құру туралы келісімі.
Мемелекеттік баж салығынтөлеу туралы куәлік.
Тіркеу аяқталып және тіркеу туралы куәлік алынғаннан кейн жаңа кәсіпорын туралы мәлімет ҚР – ның Қаржы министрлігіне өткізіледі. Бұл жерде берілген кәсіпорынды кәсіпорындарджың Мемлекеттік реестріне тіркейді. Кәсіпорынға, кәсіпорындар мен ұйымдардың Республикалық классификациялық коды беріледі. Жаңа кәсіпорынды құрудың соңғы сатыларында құрылтайшылар өзінің салымдарын толығымен банкке салады. Банкте тұрақты есеп шотын ашады. Жергілікті салық инспекциясында тіркеледі. Осы уақыттан бастап кәсіпорын заңды тұлға болып есептеледі.
Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері
Шет елдерде кәсіпорындардың көптеген түрлері қалыптасқан. Оның ішіндегі экономист Г. Берл ұсынған болашақ кәсіпорынның алты түрлі нұсқасы мыналар:
Инкубатор.
Үйдегі бизнес.
Пошта арқылы тапсырысты орындайтын кәсіпорындар және уақытша жұмыс істейтін кәсіпорындар.
Жиын – кештерге тауарларджы сату және тауарларды көрсету, таныстыру, жарнамалау кезінде сату.
Жоғарыда айтылған бизнестердің бір қатар ұқсас белгелері бар:
Іс сипатының жеке адамға тән болуы;
Бастапқы капиталға қойлатын талаптардың өте төмен және тиімді болуы;
Бұл кәсіпорындар тез қозғалғыш, өзгергіш болып ойластырылады. Олар бірқатар ерекшеліктермен ажыратылады.
Инкубатор – жұмыртқаны жылудың көмегімен ашуға керекті аппарат екені мәлім, ал бизнесте әдетте, кіші кәсіпорындардың жұмыс істеуіне қолайлы жақдайды туғызуға жағдай жасайтын қандай да бір кәсіпорындарды керекті жабдықтармен, мамандар және эксперттердің консультативтік кеңесімен керекті капиталды алу мүмкіндігімен т.б. қамтамасыз етеді.
Үйдегі бизнес - өте «тыныш» бизнес болып табылады. Бірақ бұл жұмыс үймен шектеліп қоймай, үйден тыс жерлерде бұл бизнеспен айналысуға болады. Мысалы, бапкерлік жұмыс, роялды күйене келтіру, т.б. үйдегі бизнес тиімді болуы үшін автожауапбергіші бар сымтетік, ұялы сымтетік, көшірмелі техника, компьютер болған дұрыс.
Пошта арқылы тапсырыстарды орындау, қызмет көрсету – жоғары арнайы білімділікті, үлкен жинақтылықты, күш – жігерді, уақытты, капиталдық салымдарды талпа етеді. Кепілді пайданы қамтамасыз ететін кереті тапсырыстың көлемін алу үшін өз ісі туралы көп адамдарды хабардар ету шарт. Бұл бизнес түрінің жағдайында нақты тапсырыстың пайыздық үлесі өте төмен және пайда түсіру үщін тауардың бағасын едәуір жоғарлатуы керек.
Уақытша жұмыс істейтін сауда орындары соңғы уақытта республикамызда барахолкалармен қатар дамып келеді. Бұндай сауда нүктелерінде былғары аяқ киім, парфюмерия т.б. өнімдер сатылады. Сонымен қатар бұл жерлерде ыстық самса, күлше, кәуап, т.с.с. сатылады. Әдетте, бұндай сауда орындары елеусіз уақытқа ғана жалға алынады. Егер бұндай сауда түрімен айналыссаңыз, өтімділігі және айналымы жоғары тауарларды таңдау керек.
Жиын – кештерде тауарларды сату – басқа кәсіпкерлік істің түрлерімен салыстырғанда істің бұл түрі әрекеттілік пен шығынды салыстырмалы түрде аз талап етеді. Бірақ тек бұл жерде жиын – тойларға бару мүмкіндігі көп болуы керек.
Жоғарыда көрсетілген бизнестің түрлері бір қарағанда оңай сияқты болып көрінеді. Бірақ әрқайсысын терең менгеріп жеке зерттеп байқаудың арқасында дұрыс таңдау жасауға болады. Өз ісін бастаудың алдында кәсіпкер «Маркетингтік барлау» жасап алуы қажет. Атап айтқанда, бірқатар жағдайларға көңіл аударуы тиіс:
Саяси факторлар – саяси жүйенің тұрақтылығы, меншікті инвестицияларды қорғау.
Әлеуметтік – экономикалық – құрылып жатқан кәсіпорынның шығарылатын өнімнің қоғамдағы сатып алу мүмкіншілігін қарастыру. Сонымен бірге, бұл жерде мүмкін болатын инфляцияға, бәсекелестікке көңіл аудару; қаржы – кредит жүйесінің жағдайы да есте болған жөн.
Құқықтық – кәсіпкерлік істің заңдық базасының бар болуы және оның жағдайы.
4. Кәсiпкерлiктiң құрылуы үшiн келесi шарттардың болуы қажет: экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық және т.б.
Экономикалық шарттар – сатып алушылар сатып алатын тауарларға сұраныс пен ұсыныстың болуы. Экономикалық жағдайға ақша қаражаттарының саны, заемдық (қарыздық) құралдардың мөлшерi өз әсерiн тигiзедi.
Әлеуметтiк шарттар – тұтынушылардың талғамдарына жауап беретiн сатып алушылармен тауарларды сатып алуы. Әртүрлi сатыларда бұл қажеттiлiктер әртүрлi болады.
Құқықтық шарттар – кәсiпкерлiк iс - әрекеттi реттейтiн заңдылық негiздерiнiң болуы.
Кәсiпкерлiк iс-әрекеттi әр түрлi қасиеттер бойынша сипаттауға болады, бiрақ теория мен тәжiрибеде кәсiпкерлiк iстi келесi қасиеттер бойынша айырады:
меншiк нысандары бойынша;
әр түрлi территорияда таралу бойынша;
заңдылық қасиетi бойынша;
құрылтайшылардың құрамы бойынша;
персонал саны және айналым көлемi бойынша;
өсу қарқыны және пайдалылық деңгейi бойынша;
жаңа енгiзулердi пайдалану деңгейi бойынша;
т.б.
