- •Дәрiс тезистерi
- •Тақырып № 2 Кәсіпкерлік және оның түрлері. Ауылшаруашылық кәсіпорындардың сипаттамасы
- •Сыртқы кәсiпкерлiк орта
- •Iшкi кәсiпкерлiк орта
- •Жеке iстi құру сатылары
- •Жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру
- •Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері
- •Тақырып № 3 Табиғи ресурстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Жер ресурсының ерекшеліктерi
- •Жер ресурстарының ерекшелiктерi
- •Жердiң алмастырылмайтындығы
- •Территориялық шектеулiгi
- •Топырақ құнарлығының түрлерi
- •Табиғи Жасанды Экономикалық
- •Ауылшаруашылық алқаптарды пайдалану коэффициентi
- •Егiстiк жерлердi пайдалану коэффициентi
- •Жер алқаптарын пайдаланудың экономикалық тиiмдлiгiн арттыру факторлары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару
- •Жалдамалы жұмысшы мен қожайынның еңбегi арасындағы негізгі айырмашылықтар
- •Еңбек ресурстарының ерекшелігі
- •Аграрлы өндірісте еңбек мерзімділігiнiң факторлары
- •Натуралды көрсеткіштер:
- •Құндық көрсеткіштер:
- •I. Өсімдік шаруашылығында
- •II. Мал шаруашылығында
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы
- •Шығындардың сипаттамасы
- •Әдебиеттер: 3, 208 -233 бет, 7, 154 - 177 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру
- •Әдебиеттер: 3, 161- 172 бет, 7, 203 - 244 бет. Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару
- •Әдебиеттер: 3, 126 – 145; 7, 137 -145 Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып № 9 Аграрлы маркетинг және аграрлы менеджмент
- •Бәсеке түрлері
- •Олигополия
- •Таза бәсеке
- •Монополияның екі негізгі түрін көрсетуге болады:
- •Монополиялық бірлестіктердің негізгі нысандары:
- •Басқару процесiне мынандай ерекшелiктер тән:
- •Кәсіпорындағы менеджмент
- •Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
- •Б асқарудың цехтық құрылымының үлгісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер: 3, 256 – 316; 4, 25 – 57, 7, 285 - 3397, 292 -310 Тақырып № 10 Ауылшаруашылық өнiм өндiрiсiнiң пайдалылығы және экономикалық тиiмдiлiгi
- •Рентабельділік деңгейі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Көрнекі материалдар Аграрлы өндірістің ерекшеліктері
- •Нарықтық механизмнің элементтері
- •Негізгі нарықтың сипаттамасы
- •Өндiрiс факторларының жалпы сипаттамасы
Жер ресурсының ерекшеліктерi
Жер ресурстарының ерекшелiктерi
Жер – табиғаттың басты өнiмi
Орналасу жерiнiң тұрақтылығы
Жердiң алмастырылмайтындығы
Территориялық шектеулiгi
Сапасы бойынша жер учаскелерiнiң бiртектi
және бiркелкi болмауы
Құнарлықтың сақталуы және арттырылуы
1. Адам еңбегiнiң нәтижесі болып табылатын, басқа өндіріс құралдарына қарағанда жер ресурсы - бұл табиғат өнімі. Адамның еңбегі топырақтың құнарлығын өзгертеді, сөйтіп еңбек заты ретінде болады. Ал өсімдіктердің өсуіне және дамуына әсер етіп ол еңбек құралы ретінде болады, яғни мұнда жер - өндірістің жалпылама факторы болып табылады.
2. Жекеленген жерлерде және шаруа қожалығында жерді шекарамен бөледі, ал жалпы жер шарында - жер бетімен бөлінеді. Жердiң саны адамның талабы бойынша үлкейе алмайды, басқа өндiрiс факторлары секiлдi қайтып жасалына алмайды.
3. Жер ешқандай өндірістiк факторларымен ауыстырылмайды. ал басқа құралдармен еңбек заттары қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы бойынша техникалық жағынан жетілдірілген түрлерімен алмастырылады. Сөйтiп, топырақ өндеушi құралдардың дамуы алғашқы құрал – жабдықтарынан бастап, қазiргi тракторлармен, соқалармен, теңкескiштермен ауысып отыр.
4. Жер тұрған орнында ғана пайдалынылады. Оны басқа орынға ауыстыруға болмайды. Басқа өндіріс құралдарының көбісі бұл уақытта жердің тұрақтылығымен байланыста болмайды. Мысалы: тракторларды, автомобильдердi және т.б. қажеттiлiгi туған кезде әртүрлi қашықтыққа бiр орнынан басқа орынға ауыстырып, әрбiр жерде пайдалануға болады.
5. Жер учаскесі - өз сапасына қарай біркелкі емес. Бірдей көлемге кеткен еңбек және құрал жабдықтар өнім санының әр түрлі болуына әсер етеді. Адамдардың араласуын ескере отырып, бұл ерекшеліктер қалыптасып, соның нәтижесінде еңбек өнімнің дәрежесіне, өндіріс шығындарына басқа да аграрлы өнім өндiрiсiне үлкен әсер етеді.
Өндірістің барлық факторлары өндіріс процесіне қатысуына байланысты тозады. Пайдалы қасиетін жоғалтып, соңында істен шығады, ал өндіріс факторы болып, жер - өңдеу процесіне түскен кезде өзінің өнімдiлiгiн арттырады.
Топырақ құнарлығының түрлері:
табиғи;
жасанды;
экономикалық.
Топырақ құнарлығының түрлерi
Табиғи Жасанды Экономикалық
Топырақ құнарлығы - бұл тұрақсыз мөлшер, ол агро химияның дамуынан, механизация және егіншiлiктің дамуына тәуелді болады. Ауыл шаруашылық дақылдарды тиімді суары және өңдеу нәтижесінде ол артады немесе керісінше, егер жер тиімсіз пайдаланылса төмендейді, сондықтан егіншілікте маңызды есебінің бірі топырақтың табиғи құнарлығын агротехникалық, ұйымдастырулық, экономикалық шараларының жалпы жиынтығын өткiзу жолы арқылы экономикалық (тиiмдi) түрiне айналдыру. Топырақ құнарлығы 2 – ге бөлінеді:
абсолютті
қатынасты
Абсолютті - ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін сипаттайды.
Қатынасты - өндіріс шығындарының бірлігін есептегенде алынатын өнімнің санымен сипатталады.
Абсолютты құнарлық ауылшаруашылық дақылдардың өнiмдiлiгiмен сипатталады. Егер өнiмдiлiк жоғары болса, онда абсолютты құнарлығы да жоғарлайды. Қатынасты құнарлық өндiрiстiк шығындардың бiрлiгiне есептегенде алынатын өнiмнiң санымен сипатталады.
Аграрлы өндірістi жүргізу үшін жер ресурстарының бағалануы ең біріншіден жердiң физикалық сипаттамалары мен қасиетерін бағалаудан басталуы керек. Сөйтіп, топырақтың жеке қасиеті шаруашылықтың табысына әсер етеді.
Жер ресурстарын бағалау үшін негізгі көрсеткіштері ретінде төмендегілер болады:
1 га алынатын дақылдардың өнімділігі, (центнер).
1 га алынатын өсімдік шаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі бойынша есептегенде жер алқабының түрі бойынша өнімділігі, (теңге).
Шығындардың өзін-өзі өтеуi (өтеу деңгейі жалпы өнім құнының өндіріс шығындарына қатынасы), (%).
1 га алынатын дифференциалды таза табысы (жақсы жерлердегі қосымша өнім құнымен көрсетілетін таза табыстардың бір бөлігі). Дифференциалды 1-2 таза табыс дифференциалды рентаға сәйкес келеді және жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігінiң жалпы мөлшерін көрсетеді.
Ағылшын фермерлерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, топырақтарды бағалау және ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін таңдау үшін экономист - Хеджест бес элементтен тұратын, әдістемелік жолды ұсынып отыр.
1. Маңызды роль ойнайтын топырақ типтерінің немесе жер алқаптарының физикалық қасиеттерінiң анықталуы.
2. Дақылдардың таңдауы.
3. Егістік алқаптарының құрылымын анықтау уақытында климаттық шарттарын қарастыру.
4. Дақылдар жинағын кеңейту немесе азайту мақсатында белгілі бір фермада немесе белгілі бір жерде жинақталған тәжірибені ескеру. Нәтижесінде, дақылдар жинағына шектеулі саны қосылып, олар әрі қарай бағалануына жіберiлу керек.
5. Әрбір топырақтағы әртүрлі дақылдар өндірістерiнде агротехникалық шараларын таңдау.
Мемлекеттік жер кадастры - жердің құқықтық тәртібі, жер иемденушілері, жер пайдаланушылары, жер категориялары бойынша олардың бөлінуі туралы және жер ресурстарының халық шаруашылығы үшiн құндылығы, сапалық сипаттамасы туралы қажетті мәліметтер мен құжаттың жүйесі болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры тауар өндірушiлердi жер туралы мәліметтермен қамтамасыз ету үшін тағайындалған. Оның мақсаты - жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, қорғау, жер қатынастарын реттеу, орналастыру, жерге төленетін төлем мөлшерін негіздеу, шарттық әрекетін бағалау.
3. Жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне жер қайтарымы және жер сыйымдылығы жатады.
Жер ресурстары жалпылама және жеке болып бөлінеді. Сонымен қатар натуралды және ақшалай түрде болады.
Натуралды көрсеткiштер
1) Жер қайтарымы
Жқ = ЖӨ; ТӨ / Sа/ш, мұндағы:
Жқ - жер қайтарымы, ц/га.
ЖӨ – жалпы өнім, ц.
ТӨ – тауарлы өнім, ц.
Sа/ш – ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы, га
2) Жер сыйымдылығы
Жс = Sа/ш, / ЖӨ; ТӨ мұндағы:
Жс - жер сыйымдылығы, га/ц.
Экономикалық (құндық) көрсеткiштер
1) Жер қайтарымы
Жқ = ЖӨҚ; ТӨҚ; П / Sа/ш, мұндағы:
Жқ - жер қайтарымы, тнг/га.
ЖӨ – жалпы өнімнiң құны, теңге
ТӨ – тауарлы өнімнiң құны, теңге.
П – таза пайда, теңге.
Sа/ш – ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы, га
2) Жер сыйымдылығы
Жс = Sа/ш, / ЖӨҚ; ТӨҚ; П мұндағы:
Жс - жер сыйымдылығы, га/тнг.
Жер ресурстарын пайдалану коэффициентi
Кж/р = Sа/ш
Sж/р
