Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тажиева аударма.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

28 Кестеде байқағанымыздай, 3 жасқа дейінгі балада 11 жастағы баламен салыстырғанда тыныстың минуттық көлемі 11/2 есе, ересек адаммен салыстырғанда 2 есе көп.

Сау балалар мен пневмониямен сырқат балаларды бақылау кезінде, төменгі температура (0 - 5°С) кезінде тынысалу терендігі сақтала отырып тыныстың жиілеуі анықталады, ал бұл ағзаны оттегімен қамтамасыз етуде тиімді болып табылады. Бір қызығы, гигиеналық жылы ванна өкпе желдетілуін 2 есе жоғарылатады, бұл тыныс терендігінің жоғарылауымен жүреді. Осыдан біз А. А. Киселдің (кенестің атақты бала дәрігері) ұсынысы түсінікті болып отыр, ол 20-шы жылдан бастап пневмония емінде суық таза ауаны кен қолданған және ол педиатрия саласында кен тараған.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС, Vc), яғни тынысты максималды алғаннан кейін максималды тыныс шығарғандағы ауа саны (миллилитрмен), ересектермен салыстырғанда балаларда төмен (спирометрмен өлшенеді) (29 кесте).

29 кесте. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

Жасы

ЖЕЛ, мл

Көлемдер , мл

тыныстық

Қалдық тыныс шығару

Қалдық тыныс алу

4 жас

6 жас

8 »

10 »

12 »

14 »

16 »

Ересек адамда

1100

1200

1600

1800

2200

2700

3800

5000

120

170

260

400

500

480

730

1000

1750

1500

490

730

1000

1650

1500

Егер өкпенің тіршілік сыйымдылығын тыныс қалыпта тыныс көлемімен салыстырса, балалар тыныш қалыпта тек 12,5% ӨТС ғана пайдаланады екен.

Т ы н ы с а л у д ы ң қ а л д ы қ к ө л е м і (РОвд, IRV) – қалыпты тыныс алғаннан кейін, қосымша тағы тыныс алуының максималды ауа көлемі ( миллилитрмен).

Оны бағалау үшін РОвд -ның ӨТС-не (Vc) қатынасы манызды орын алады. 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларда РОвд/ӨТС 55-тен 59% дейін ауытқиды. Бұл көрсеткіштің азаюы рестриктивті(шектейтін) бұзылыстарда, көбінесе өкпе тінінің эластикалығы төмендегенде кездеседі.

Т ы н ы с ш ы ғ а р у д ы ң қ а л д ы қ к ө л е м і (РОвыд, ERV) – қалыпты тыныс алғаннан кейін шығарылатын ауаның максималды көлемі. Тыныс алудың қалдық көлемі секілді РОвыд, (ERV) бағалау үшін онын ӨТС қатынасы манызды. 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларда РОвыд/ӨТС 24 - 29% (жастын ұлғаюына байланысты көбейеді).

Өкпенің диффузды өзгерісінде, ол өкпе тінінің эластикалық созылмалылығы төмендеуімен бірге жүрсе, бронхиалды қарсылық жоғарылағанда немесе беткей тыныс төмендесе өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды.

Ф о р с и р л е н г е н ө к п е н і ң т і р ш і л і к сыйымдылығы(ФЖЕЛ, FEV) немесе форсирленген тыныс шығару көлемі (ОФВ, л/с) – максималды тыныс алғаннан кейін форсирленген тынысты шығарғандағы ауа саны. Тиффно индексі (FEV в %) – ФТК-нің ӨТС –на қатынасы және қалыптыда 1с ФТК ӨТС 70% құрайды.

Ө к п е н і ң м а к с и м а л д ы ж е л д е т і л у і немесе тыныс шегі -1 минут ішінде желдетілген максималды ауа саны(мл). Қалыптыда бұл, көрсеткішті 10 с есептейді, себебі гипервентиляция белгілері (бас айналу, құсу, естен тану) болуы мүмкін.

Өкпенің максималды желдетілуі немесе тыныс шегі, балаларда ересектермен салыстырғанда төмен. Сау балалардын тыныс шегінің көлемін келтірейік.

Жасы, жыл

Орташа мәлімет, л/мин

Жасы, жыл

Орташа мәлімет, л/мин

6

7

8

9

10

42

40

42

46

48

11

12

13

14

15

55

61

61

68

75

Келтірілген көрсеткіштерге сәйкес, тыныс шегі 6 жасқа дейінгі балаларда ересектермен салыстырғанда 2 есеге жуық аз болып келеді. Егер тыныс шегі белгілі болса қалдық тыныс көлемін есептеу қиындық әкелмейді (тыныс шегінен минуттық тыныс көлемі алынады). Өкпенің тіршілік сыйымдылығының аздығы мен тыныстың жиілеуі қалдық тынысты азайтады.

Жасы, жыл

Тыныс қалдығы л/мин

Жасы, жыл

Тыныс қалдығы л/мин

6

7

8

9

10

38,5

36,4

38,2

41,9

43,7

11

12

13

14

15

50,4

56,3

46,2

63,1

69,6

Сыртқы тыныс тиімділігін тыныс алған және шығарған ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газы арқылы анықтайды. Бұл айырмашылық бір жасқа дейінгі балаларда 2 - 2,5%, ал ересектерде 4 - 4,5% құрайды. Ерте жастағы балаларда көмірқышқыл газы тыныс шығарған көлемде аз болады (2,5%), (ересектерде 4%). Соған қарай, балаларда газ алмасу жоғары болса да, ересектерге қарағанда, әр тыныс алғанда оттегіні аз жұтады және көмірқышқыл газын аз бөледі(1 кг дене салмағына байланысты).

Сыртқы тыныс алуда оттегіні тұтыну коэффициенттің компенсаторлық мүмкіндігі манызды болып келеді. О т т е г і н і т ұ т ы н у к о э ф ф и ц и е н т і – 1л желдетілген ауадан оттегінің жұтылу саны(ПО2).

5 жасқа дейінгі балаларда КиО2 31 - 33 мл/л, 6 - 15 лет - 40 мл/л, ересектерде- 40 мл/л. КиО2 оттегі диффузиясына, альвеолярлы желдету көлеміне, кіші қанайналым мен өкпе желдетілуіне координациясына байланысты болады.

Өкпеден тіндерге оттегінің жеткізілуі қандағы гемоглобиннің химиялық байланысы-оксигемоглобиннің және ерітілген күйінде іске асырылады. 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегінін байланысу көлемі гемоглобиннің санына байланысты болады. Жана туған нәрестелердің алғашқы күндерінде гемоглобин (Нb), ересектерге қарағанда жоғары болып келетіндіктен, қандағы оттегі байланыстыру қабілеті жоғары болады. Бүл жана туылған нәәрестенің критикалық кезенінен өтуіне – өкпелік тыныс алуды қалыптастыруға көмектеседі. Оған сонымен бірге фетальды гемоглобиннің (HbF) жоғары болуы да септігін тигізеді, ол ересек адамнын гемоглобиніне (НbА) қарағанда оттегіне жақын. Өкпелік тыныс қалыптасқаннан кейін HbF баланың қанында тез азаяды. Бірақ гипоксия мен анемияда HbF қайта жоғарылауы мүмкін. Бұл ағзаны гипоксиядан қорғайтын компенсаторлық құрал ретінде гемоглобин мен оттегінің байланысуы сонымен қатар температураға, қаннын ρH мен көмірқышқыл газының құрамына байланысты.Температура көтерілгенде ρH төмендейді және ρСО2 қисық байланыстың өсуі онға жылжиды.

27-сур. Нәрестелердегі ферменттердің ересектермен салыстырғандағы белсенділігі[Тур А.Ф., 1971].

ГК – гексокиназа; ЛДГ – лактатдегидрогеназа; ПК – пируваткиназа; НАДН2 и НАДФН2 = ГР – глутатионредуктазаны қалпына келтіретін, НАДН2 пен НАДФН2 –ге мұқтаж ферменттер; Г-6-ФДГ – глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа; пентозды-фосфатты циклдің ферменті; ТК – транскетолаза; 6-ФГД – 6-фосфоглюконатдегидрогеназа; МДГ – малатдегидрогеназа; АХЭ – аденозинхолинэстераза.

Оттегінің ρО2 кезіндегі 100 мм с.б. бойынша 100 мл қандағы ерігіштігі небәрі 0,3 мл құрайды. Оттегінің қандағы ерігіштігі қысымның жоғарылауына байланысты болады. Boerma дәлелдегендей оттегі қысымын 3 атм. жоғарылату 6% оттегінің еруін қамтамасыз етеді, ол оттегіні оксигемоглобиннің қатысуынсыз пайдалану ,тыныштық жағдайындағы тіндік тыныс алуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.Бұл әдіс (оксибаротерапия) қазіргі таңда клиникада қолданылуда.

Капиллярлық қандағы оттегі де тіндерге жасушалар мен қандағы оттегінің градиенттік қысымы бойынша диффундирленеді (артериалық қандағы оттегінің қысымы 90 мм с.б. құраса,жасуша митохондриясында небәрі 1 мм с.б. құрайды).

Тіндік тыныс алудың ерекшеліктері басқа тыныс алу этаптарымен салыстырғанда нашар зерттелген.Бірақ соған қарамастан балалардағы тіндік тыныс алудың қарқындылығы ересектерге қарағанда жоғары деуге болады.Бұл нәрестелердің қанындағы ферменттер белсенділігінің ересектермен салыстырғанда жоғары болуымен дәлелденеді(27-сур.). Ерте жастағы балалардың зат алмасуындағы негізгі ерекшеліктердің бірі ересектерге қарағанда анаэробтық зат алмасудың үлесі жоғары болады.

Көмірқышқыл газының тотығуы мен босап шығу үрдістері үзіліссіз жүруіне байланысты оның тіндердегі парциалдық қысымы плазмаға қарағанда жоғары болады,сондықтан Н2СО3 тіндерден қанға оңай өтеді.Қандағы Н2СО3 эритроциттердің белогымен, бикорбонаттармен байланысқан бос көмірқышқылы күйінде кездеседі. Қанның ρH-ы 7,4-ке тең болғанда бос көмірқышқылының (Н2СО3) бикорбонатпен(NaHCО3) байланысқан күйіне қатынасы әрдайым 1:20 құрайды. Қандағы көмірқышқылын байланыстырып Н2СО3, бикорбонат түзу реакцияларын және керісінше өкпе капиллярлары байланысынан көмірқышқылын бөліп шығару үрдістерін карбоангидраза ферменті катализдейді.Оның әсері ортаның рН-ына байланысты болады. Қышқыл ортада (жасуша,веноздық қанда) карбоангидраза көмірқышқылын байланыстырады,ал сілтілі ортада (өкпеде), керісінше, оның байланыстан босап шығуын қамтамасыз етеді.

Карбоангидразаның белсенділігі шала туылған нәрестелерде ересектердегі белсенділіктің 10%-ын , ал жетіліп туылғандарда - 30% құрайды. Оның белсенділігі біртіндеп жоғарылап , алғашқы 1 жылының соңында ересектердікіндей қалыптанады.Бұл әртүрлі аурулар кезінде (әсіресе өкпелік) балаларда жиі гиперкапния(қанда көмірқышқыл газының жиналуы) дамитынын көрсетеді.

Сол себепті балалардағы тыныс алу үрдісінің өзіндік ерекшеліктері бар.Ол тыныс алу ағзасының анатомиялық құрылысының ерекшелігімен сипатталады .Сонымен қатар ерте жастағы балаларда тыныс алу эффективтілігі де төмен болады.


28-сурет.Карбоангидразаның балалардағы белсенділігі.

бағандар – абсолютті; қиғаш -салыстырмалы

Тыныс алу ағзаларының көрсетілген барлық анатомиялық және функционалдық ерекшеліктері тыныс алудың оңай әрі жылдам бұзылуына жағдай жасайды,ол өз кезегінде балалардағы тыныс жеткіліксіздігінің дамуына әкеледі.