Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тажиева аударма.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Рентгендік зертттеу әдістері.

Кеуде торын рентгендік зерттеу әдетте сәулелік күштемені азайту мақсатында рентгенографиядан басталады. Қажет болған жағдайда әртүрлі қалыптарда ритмді, көлемін, симметриялығын және тыныс алғанда диафрагма мен қабырғалардың синхронды қозғалысын анықтау үшін рентгеноскопия қолданылады. Сонымен қатар, ауалы қуыстардың қозғалысы мен плевра қуысындағы және абцесстегі сұйықтық деңгейін анықтауға да мүмкіндік болады.

Сау өкпе тіні рентген сәулелерін ұстап тұрмайды. Экранда немесе позитивте екі өкпе ашық түсті, өзіндік тормен қапталған аймақ түрінде көрінеді. Бұл торды қантамырлардың, ірі және орташа бронхтардың көлеңкесі құрайды, ол өкпе түбірінде анығырақ көрініп, шеткері қарай азая береді. Ұсақ бронхтар тек олардың қабырғасы тығыздалған жағдайда ғана анықталады.

Дерттерде өкпе алаңының, өкпе суретінің ашықтығы (әсіресе, жиектері) өзгереді. Өкпе алаңының ашықтығының күшеюі эмфизематозды кеңеюге (бронх демікпесі) тән болып келеді.

Пневмоторакс кезінде ауаға толған аймақ өкпе алаңының ағаруымен және өкпе суретінің жоғалуымен көрінеді. Осы тұрғыда өкпе қысылып, көлеңкесі салыстырмалы тығыздалады және өкпе суреті жоғалады.Қысылған өкпе мен көкірек аралық мүшелер оң кеудеішілік қысым үшін дерт жағынан сау өкпеге қарай ығысады.

Нақты, жақсы айқындалған, дөңгелек пішінді ағарған көлеңке ошақты буллезді эмфиземаны, қуыстың абцесске ұласқанын көрсетеді. Көлденең деңгейдегі сұйықтық пен қалың қабырғаның болуы абцесске тән.

Өкпе ашықтығының айқын төмендеуі, біркелкі толық қараюы (көбінесе, бір жағынан) бөліктік немесе сегменттік крупозды пневмония кезінде байқалады.

Ошақтық пневмония кезінде қараю аймақтары айқын емес, бұлыңғыр, көлемі де шағын болып келеді. Ұласқан пневмонияда ошақтар үлкенірек.

Плевра қуысында сұйықтық жиналғанда, оның көлеміне қарай, өкпе тіні ашықтығының төмендеуіне алып келеді. Сұйықтық азырақ болса байқалмауы да мүмкін, себебі ол плеврааралық кеңістік пен синустарда таралады. Көп мөлшердегі сұйықтық өкпе тінінің ашықтығын бірден төмендетеді және сау өкпеге қарай ығыстырады. Сұйықтық деңгейі экранда қиғаш сызық түрінде көрінеді, ішке және төмен қарай бағытталады. Науқаста сұйықтыққа күмәнданған жағдайда дерт жағымен көлденең қалыпта рентгендік зерттеу жүргізу керек. Сонда сұйықтық қозғалып, көлденең қалыпқа келеді.

Іркіліс жағдайы мен өкпе ісінуі рентгенде өкпе алаңының біркелкі қараюы мен өкпе суретінің күшеюімен көрінеді. Өкпе түбірі суреті күшейіп, кейде пульсация береді. Рентгендік зерттеу әдісі дерттің ағымын динамикалық бақылауға мүмкіндік береді.

Бронхографияның диагностикалық маңызы зор – бұл әдіс бронхтарға контрастты затты (йодолипол) енгізу арқылы жүргізіледі. Науқасты бұл әдіске дайындайды.Мұрын қуысының шырышты қабаты мен мұрын-жұтқыншақты жансыздандырғаннан кейін, мұрыннан катетер енгізіледі. Көрсеткіштерге қарай рентгендік бақылаумен катетер тікелей сол жақ неме оң жақ негізгі бронхтарға немесе бөліктік бронхқа енгізіліп, контрастты зат жіберіледі. Бронхографиялық әдіс бронхтардың кеңеюі (бронхэктаз), каверна, ісіктік жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.

Томография – көп қабатты рентгенографияның бір әдісі. Томографияда арнайы қозғалмалы түтікшесі арқылы, кеуде торының алдын ала белгіленген жазықтықтағы әртүрлі тереңдіктегі құрылымдарының суретін көруге болады.

Флюорография – арнайы тіркемеде фотосуретке түсіруге бағытталған рентгенологиялық әдіс. Бұл әдіс диспансеризация кезінде жаппай тексеру үшін қолайлы болып келеді.