- •Біріншілік тыныс алу механизмі
- •28 Кестеде байқағанымыздай, 3 жасқа дейінгі балада 11 жастағы баламен салыстырғанда тыныстың минуттық көлемі 11/2 есе, ересек адаммен салыстырғанда 2 есе көп.
- •Методика исследования органов дыхания у детей
- •Тыныстың патологиялық өзгерістері
- •Рентгендік зертттеу әдістері.
- •Аспаптық және функционалдық зерттеу әдістері.
- •Сыртқы тынысты зерттеу әдістері.
- •Лабораторлы зерттеу әдістері.
- •Анатомические особенности сердца и сосудов
- •Кровообращение новорожденного
- •Балаларда тамыр соғысының жиілігі
- •Балалардағы артериялық қысым
- •1 Жастан асқан ұлдарда қан қысымының (мм сын.Бағ.) өлшемін төмендегі формуламен есептеуге болады:
- •Балаларда жүрек-қан тамыр жүйесінің тексеру әдістері
- •38 Сурет. Тікелей перкуссия жасау арқылы жүректің сол жақ салыстырмалы тұйықты шекарасын анықтау
- •Миокардиттер
- •Эндокардиттер
- •Кровообращение новорожденного
- •Жүректің және қантамырлардың анатомиялық ерекшеліктері.
- •Фонокардиограмманың балалардағы ерекшеліктері
- •Фонокардиография
- •Реокардиография
- •Миокардиттар
- •Эндокардиттер
- •Миокардиттер
- •Жүрек жетіспеушілігі синдромы
- •Фонокардиография
- •Реокардиография
- •Миокардиттар
- •Эндокардиттер
- •Ішектің асқорыту және абсорбция қызметін тексеру әдістері
- •Копрологиялық тексеру
- •Ас қорыту ағзалары зақымдануының негізгі синдромдары
- •Ас қорыту ағзалары
- •Особенности пищеварения у детей
- •Басқа тақырып!!!
- •Ішектің қорытылуы мен абсорбциясының зерттеу әдістері.
Тыныстың патологиялық өзгерістері
Ә л с і з т ы н ы с байқалады:
Альвеолаларға ауаның жетуінің азаюынан тыныс актінің жалпы нашарлауы (көмекейдің, трахеяның қатты қысылуы, тыныс алу бұлшық еттерінің парезі т.б);
Арнайы бөліктерге баратын ауа жолдарының жабылуы, бітелуі (бөгде затпен) немесе бронхтың басылуы ( ісік және т.б.) – ателектаз;
Қатты бронхоспазмда, обструкция синдромында бронх жолдарының шырышпен және ісікпен бітелуінен;
Өкпенің ысырылуында – плеврада сұйықтық жиналғанда (эксудативтік плеврит), ауа жиналғанда (пневмоторакс); өкпе бұл кезде дұрыс жұмыс атқара алмайды, тыныс алу кезінде альвеолалар ашылмайды;
Өкпелік тіннің эластикалығын, ригидтілігін жоғалтқанда (аз қозғалыста) альвеолалық қабырға (эмфизема);
Өкпедегі бастапқы және соңғы қабыну процесстері, өкпедегі альвеолалардың эластикалығының бұзылысы инфильтрациясыз және қалындаусыз;
Плевраның қатты қалыңдауында (экссудатты сорып алғанда) немесе кеуде клеткасының сыртқы қабаттарынын (семіру) қалыңдауында.
К ү ш е й г е н т ы н ы с а л у байқалады:
Майда және майдаланған бронхтардың қысылуында (күшею тыныс алуда көрінеді), қабыну кезінде және спазмда (астма ұстамасы, бронхиолит);
Қызбамен байланысты ауруларда, компенсаторлық күшею сау бөліктерге патологиялық процесстердің басқа бөліктерге әсері.
Қ а т а ң т ы н ы с – ұзарған тыныс алумен көрінетін дөрекі везикулярлы тыныс. Ол көбінесе майда бронхтардың бұзылыстарын көрсетеді, бронхит және бронхопневмонияда байқалады. Бұл ауруларда қабынған экссудат бронхтардың жолын кішірейтеді, соның әсерінен осы тынысқа сай жағдайлар туындайды.
Б р о н х и а л ь д ы т ы н ы с – басқаша трахиальды немесе ларингеальды тыныс деп аталады, егер стетоскоптың тесігіне үрлегенде және ауызбен тыныс алып тілдін ұшын жоғары көтеріп және осы кезде «х» дыбысын айтқанда анықталады. Тыныс алу әрқашан тыныс шығаруға қарағанда күштірек және ұзақтау естіледі. Сау балаларда көмекейдің үстінен, трахеядан, үлкен бронхтардан, ІІІ – ІV кеуде омыртқалар аймағынан естіледі. Физиологиялық бронхиальды тыныс ауалық даус тесігінен өту кезінде және жақын орналасқан трахея және көмекейдің денеге жақын орналасуынан пайда болады.
Патологиялық жағдайда бронхиальды тыныс қалыңдаған өкпе тіндерінен ғана естіледі (сегментарлы және лобарлы пневмония, өкпе абсцессі).
Бронхиальды тыныс нашарлау мүмкін (өкпенің экссудатпен басылуынан), алыста естіледі. Егер қалыңдаған ошақтар өкпе тінінің түбінде және өкпе тінмен жабылған болса, дөрекі және ұзақтау тыныс шығару естіледі, ол бронеальдыге ұқсас болады. Бронхиальды тыныс амфоритикалық типті болу мүмкін (тегіс қуыстарда – каверна, бронхоэктаз және т.б.).
Сырылдар қосымша шуларға жатады және ауалық қуыстарда секреттің, қанның, шырштың, ісіктік сұйықтықтардың және т.б. қозғалысынан пайда болады. Сырылдар құрғақ және ылғалды болады.
Қ ұ р ғ а қ с ы р ы л д а р: ысқырықты – дискантты, биік және бас, төмен, музыкалды. Біріншісі жиі бронхтар тарылғанда, әсіресе ұсақ бронхтар тарлығанда кездеседі, ал екіншісі қою қақырық қозғалысынан дамиды, әсіресе резонанс беретін ірі бронхтарда кездеседі. Құрғақ сырылдар деп аталу себебі оның дамында сұйықтық үлкен рөл атқармайды. Олар ларингиттерде, фарингиттерде, бронхит пен бронхиалды демікпеде болатын тұрақты еместігімен, өзгергіштігімен ерекшеленеді.
Ларингеальды және трахеальды сырылдар ерекшелігі: олар біркалибрлі, құлақ астында естілетін сипатта және екі жақта да естіледі.
Ы л ғ а л д ы с ы р ы л д а р ауаның сұйықтық арқылы өтуі кезінде пайда болады. Бронх калибріне, олардың қай жерде пайда болғанына байланысты ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті және ірі көпіршікті сырылдарды ажыратады. Оларды дауысты және дауыссыз деп бөледі. Дауысты сырылдар бронхтар жанындағы өкпе тінінің тығыздалғанында естіледі, мысалы пневмонияларда кездеседі. Сонымен қатар, қуыстарда да кездесуі мүмкін (каверналар, бронхоэктаздар). Дауысты емес сырылдар бронхиолитте, бронхиттерде, өкпе ісінуінде, ателектазтарда кездеседі.
Сырылдарды крепитациядан ажырату қажет (крупозды қабыну кезінде), крепитация бронхиолалардың терминальды бөлігінінің жабысуы кезінде байқалады. Осындай жағдайларда дем шығару кезінде бронхиолалар жабысып қалады, ал келесі дем алу кезінде ажырап осындай дыбыс пайда болады. Крупозды пневмония кезінде crepitatio indux – құйылу фазасында ауруының бастапқы 1 – 3 күнінде пайда болатын және crepitatio redux – пневмонияның шешілу және экссудат сіңірілуі фазасында ауруының 7 – 10 күнінде пайда болатын дыбыстық құбылыс.
Өмірінің бірінші айларындағы балаларда сырылдар қиын естіледі, ол құрсақ қуысының әлсіз экскурсиясына байланысты.
Плевра үйкеліс шуы висцеральды және париетальды плевра жапырақшаларының үйкелуі кезінде дамиды және тек патологиялық жағдайларда естіледі. Бұл:
Плевра қабынуында, плевра жапырақшалары фибринмен қапталған кезде, инфильтрация ошағы пайда болады, ол плевра бетіндегі тегіс емес бұдырларға алып келеді;
Плевраның нәзік жылқықтарының қабынуы нәтижесіндегі түзілімдер кезінде;
Плевраның ісікпен зақымдануында, плевра туберкулезінде;
Ағзаның жедел сусыздануында (коли-инфекция, холера және т.б.).
Плевра үйкеліс шуына ұқсас дыбысты бір қолды құлақ қалқаны бетіне тығыз жапқанда, ал екінші қолдың саусақтарымен бірінші қолдың сырт жағынан жүргізгенге естуге болады. Кейде плевра үйкеліс шуының интенсивтілігі жоғары болғаны соншалық, оны пальпацияда сезуге болады. Плевра үйкеліс шуының интенсивтілігі тыныс алу қозғалысының күшіне байланысты, сондықтан өкпе қозғалысы өте белсенді қолтық асты аймақта ең жақсы естіледі. Кейде плевра үйкеліс шуы крепитацияға ұқсайды.
Крепитация мен ұсақ көпіршікті сырылдардан плевра үйкеліс шуы келесі белгілермен ерекшеленеді: 1) сырылдар жөтелгеннен кейін әдетте жоғалып кетеді, ал плевра үйкеліс шуы өзгеріссіз қалады; 2) плевра үйкеліс шуы тыныс алудың екі фазасында да естіледі, ал крепитация дем алу шыңында ғана ; 3) сырылдар ауыз бен мұрынды жауып тыныс алу қозғалысы кезінде қозғалыс жетіспеуіне байланысты тоқтайды, ал плевра үйкеліс шуы естіле береді.
плевра үйкеліс шуы кеуде қуысына фонендоскопты батырған кезде күшейе түседі, ал крепитация өзгермейді.
плевра үйкеліс шуы өкпеде терең пайда болатын ұсақ көпіршікті сырылдармен салысырғанда беткей естіледі.
Бронхофония – дауыстың бронхтардан кеуде қуысына өтуі, аускультация арқылы естіледі. Бронхофонияны міндетті түрде өкпенің симметриялы аумақтарында жүргізеді. Сыбырлап сөйлеуді қолдануға болады, ол сезімтал әдіс болып табылады. Бронхофонияны зерттеу үшін науқасқа төмен дауыспен, «ш» және «ч» әрпі бар, оңай және анық сөздерді айтуын өтінеді.
Қалыпты жағдайда сөйлеу анық естілмейді. Күшейген бронхопневмония өкпе тінінің тығыздалуында (пневмония, туберкулез), ателектазда естіледі. Бронхофония каверналар мен бронхоэктаз қуыстарының үстінен (әкелетін бронх бітелмегенде) де қатты естіледі және метал дыбысы болады. Бронхофония өкпе тінінің тығыздалуында күшеюі дауыстың жақсы өтуіне байланысты, ал қуыстрада күшеюінің себебі – резонанс пайда болуымен түсіндіріледі. Осы себептен ашық пневмотораксы бар науқастарда да бронхофония күшеюі мүмкін.
Бронхиальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы кезінде д’Эспина симптомы пайда болады – сыбырлап сөйлеудің және бронхиальды тыныстың I кеуде омыртқасынан төмен естіледі. Емшектегі балаларда де-ла-Кампа симптомы (V және VI кеуде омыртқасы деңгейінде қатты ларинготрахеалды тыныс етіледі) немесе Смит симптомы қолданылады. Соңғысы баланың басын шалқайтқан кезде - бетін горизонталды қалыпта, бала кеудесінің жоғарғы бөлігінде венозды шу етіледі. Егер бала басын біртіндеп төмендетсе, шу күшее түседі. Венозды шу интенсивтілігі (анемия жоқ болған кезде) ұлғайған паратрахеалды лимфа түйіндерінің көлеміне байлансты болып табылады.
Бронхофония әлсіреуі толық балаларда және жоғары иық белдеуінің бұлшықеттері өте жақсы дамыған балаларда байқалады. Ал патологиялық жағдайларда бронхофония әлсіреуі плевра қуысында сұйықтық болғанда байқалады (плеврит, гидроторакс, гемоторакс) және ауа болғанда (пневмоторакс) байқалады.
