Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тажиева аударма.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Аспаптық және функционалдық зерттеу әдістері.

Жоғарғы тыныс жолдарын тексеру әдістеріне алдыңғы, ортаңғы, артқы риноскопия жатады, оны мұрын және мұрын-жұтқыншақ айналарымен ,жұтқыншақтың төменгі бөлігін арнайы күрекшелермен, көмей айнасы- ларингоскоп арқылы жүргізеді.

Бронхоскопия немесе трахеобронхоскопия – трахея мен бронхты бронхоскоп арқылы зерттеу әдісі, оны жарық құрылғысы бар қуыс түтікше немесе талшықты оптикалы фибробронхоскоппен жүргізеді. Бронхоскопия кезінде гистологиялық зерттеуге тін (биопсия) алуға мүмкіндік болады. Бронхоскоптар бөгде денені алу үшін, бронхтардағы сұйықтықты шығару мақсатында, жуу үшін, дәрілік заттарды енгізу үшін де кеңінен қолданылады. Бронхоскопия жүргізу үшін жалпы наркоз қажет.

Сыртқы тынысты зерттеу әдістері.

Спирография – сыртқы тынысты зерттеу әдісі, бұл әдіс ауаның айналымы тұйықталған құрылғымен және өкпе көлемі мен өкпе вентиляциясын графикалық тіркеу арқылы жасалады. . Сыртқы тынысты зерттеу аш қарынға тыныштық жағдайында жүрізіледі.

Әдісте баланың белсенді қатысуы қажет болғандықтан 5 жастан жоғары балаларға қолданылады. Спирограммада тыныс қозғалыстарының көлемі есептеліп (тыныс алу немесе тыныс шығару бойынша), орташа көлем шамасы спирограф шкаласының масштабы бойынша миллилитрмен анықталады. Тыныс көлемі тыныштық жағдайында спирограаммадағы тістердің ауытқу шамасы бойынша да анықталады.

Дем алудың резервтік көлемі деп газдың максимальды көлемі, яғни, тыныштық жағдайынан кейін терең дем алғанда, тістердің терең дем алу мен тыныштықтағы дем алу арасындағы өзгерісін миллитрмен есептейді. Зерттеуді 3-4 рет 30-40 с интервалмен бірнеше рет қайталайды.

Дем шығарудың резервтік көлемі деп газдың максимальды көлемі, яғни, тыныштық жағдайынан кейін терең дем шығарғанда, тістердің терең дем шығару мен тыныштықтағы дем шығару арасындағы өзгерісін миллитрмен есептейді. Зерттеуді 3-4 рет 30-40 с интервалмен бірнеше рет қайталайды.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы - терең дем алып терең дем шығарғандағы газдың максимальды көлемі. Инспираторлы тыныс пен экспираторлы тыныстың арасындағы шың миллитрмен есептелінеді. Ер балаларда қыз балаларға қарағанда өкпенің тіршілік сыйымдылығы көбірек..

Тыныс алудың минуттық көлемі 1 мин ішінде өкпедегі ауа айналымының көлемі. ТМК тыныс жиілігінің тыныс тереңдігіне қатынасы ескеріледі.

3-5 мин ішіндегі тыныс көлемінің сомасы, содан кейін 1 мин ішіндегі орташа көлемі анықталады.

Өкпенің максимальды вентиляциясы –тыныс шегі, яғни 10 с ішіндегі еркін, жылдам әрі терең тынысты 1 мин ішінде қайта санайды.

Вентиляцияның резерві ,тыныс алу резерві- ӨМЖ (Vc) және ТМК (Nt арасындағы айырмашылық науқастың вентиляцияны қаншалықты ұлғайта алатындығын көрсетеді

Пайыздық көрсеткішпен ӨМЖ дің тыныс алу резервіне қатынасы сыртқы тыныс алу қызметінің құнды көрсеткіші болып табылады.

Оттегінің сіңірілуі (О2С ) спирография арқылы спирограмманың ауытқу шамасымен анықталады.( спирографтағы газдың көлемі спираграммаға оттегі автоматты түрде берілмеген жағдайда оның сіңірілу көлеміне қарай азаяды )

Спирограф шкаласының масштабын және қағаз қозғалысының жылдамдығын,спирограммада көтерілген миллиметрлер саныны немесе оттегі сіңірілу графигін білу арқылы оттегі сіңімділігі мөлшерін анықтауға болады.

Көмірқышқыл газының бөлінуі жабық типтегі спирографтарда анықталады.Спирографқа науқас демалғанда бөлінетін көмірқышқыл газын сіңіретін сөндірілген известі құты орналастырылады.Емделуші ажыратылғаннан соң известі косылысы бар ыдысқа күкірт қышқылын қосады.Реакция нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газы спирогаф коңыраушасы астына барып жиналады.Осы жердегі газ көлемінің ұлғаюы арқылы бөлінген көмірқышқыл газының көлемі анықталады.

Пневмотахометрия – Қолқа өткізгіштігі, ауа ағымына қарсы тұрғыштық жайлы яғни тынысалу механикасы көрсеткіштерінің бірін саралауға мүмкіндік беретін әдіс. Вотчал пневмотахометрінде жүргізілетін зерттеулер келесі түрде жүзеге асырылады:нысана прибор түтікшесіне алдын-ала терең демді ішке тарқаннан кейін демін жылдам максимальды етіп сырқа шығарады. (қосқыш тетік «тыныс шығару» көрсеткішінде тұруы қажет ). Өлшем 3-4 рет жасалып ең жоғарғы сан алынады. Шамалы үзілістен соң науқастан түтікше мундштугін аузына апарып демін терең ішке тартуы сұралады.Үш қайтара өлшенгеннен соң ең жоғарғы көрсеткіші есепке алынады. (кесте 32).

Кесте 32. Пневмотахометрия көрсеткіштері.

Жасы, жылмен

Жынысы

Форсирленген тыныс шыгару күші, л/с

Форсирленген тыныс алу күші, л/с

8

9

10

11

12

13

14

15

Ұ

Қ

Ұ

Қ

Ұ

Қ

Ұ

Қ

Ұ

Қ

Ұ

Қ

Ұ

Қ

Ұ

Қ

1,9 ± 0,03

1,8 ± 0,03

2,1 ± 0,1

2,0 ± 0,1

2,5 ± 0,17

2,2 ± 0,16

2,4 ± 0,13

2,2 ± 0,17

3,0 ± 0,17

2,9 ± 0,12

3,6 ± 0,2

3,1 ± 0,18

3,7 ± 0,22

3,3 ± 0,13

3,9 ± 0,17

3,3 ± 0,13

1,5 ± 0,04

1,4 ± 0,05

1,5 ± 0,03

1,5 ± 0,05

1,7 ± 0,08

1,7 ± 0,14

1,9 ± 0,14

1,6 ± 0,14

2,6 ± 0,16

2,4 ±0,12

3,2 ± 0,26

2,9 ± 0,27

3,2 ± 0,19

2,9 ± 0,27

3,4 ± 0,17

3,0 ± 0,14

Казіргі кезде қандағы газ қысымын(ρО2 , ρСО2) дәлме дәл анықтауға микро-Аструп аспабы мүмкіндік береді. Зерттеу капиллярлық қанға жасалады, қандағы газды анықтауға оның мөлшері минималды .Бұл әдіс кандағы газдар мөлшерін анықтаумен қоса ауру динамикасында қанның қышқылдық-негіздік жайын анықтауға мүмкіндік береді.

Оксигемография. Оксигемография принципі жарық сіңірілудің фотоэлектрикалық өлшеуіне негізделген. Тіңнің бір бөлігі (әдетте құлақ қалқаны) лампа сәулесімен жарықтандырылады. Тіңнен өткен жарық сәулелері фотоэлементке түседі.Фотоэлементтің жарықтануы қанның оттегіге қанығу мөлшеріне байланысты .

Прибордың электрөлшегіш бөлігіндегі тілінің ауытқуынан оксигемоглабин пайызы анықталады. Оттегімен қанығу салыстырмалы немесе кюветтік оксигемометр арқылы анықталғаннан соң қойылады.

Канның оттегімен қанығу өзгерістерін нақтылау үшің бірнеше функционалды сынақ жасалады.

Дем шығару кезінде тыныс алуды тоқтата тұру сынамасы.(Штанге сынағы) . Бұл сынақта қызығушылық тудыратыны қанның оттегімен қанығуы төмендемейтін уақыт болып табылады.(Изоксемикалық фаза АБ) , канығу шамасының төмендеуі және тыныс алуды тоқтату аяқталғаннан кейінгі мен канығудың көтерілуіне дейінгі уақыт . (өкпе-құлақ бөлігіндегі қан айналым жылдамдығы). Изоксемикалық фаза АБ ағзадағы тотығу кұбылыстарының белсенділігі мен жиілігін білуге мүмкіндік береді.Ол негізгі алмасудың көтерілуінен қысқарады.

Дене белсенділігін күшейткендегі сынама. 10-20 отырып тұрудан тұратын дене жаттығуынан кейін денсаулығы дұрыс балада қанның оттегімен қанығуы төмендемейді.

Оттегімен демалу сынамасы. 2-3 минут аралығында ауамен тыныс алуды оттегіне ауыстырғанда дені сау балада қанның оттегімен қанығуы 2-4 пайызға өседі .Қанығудың баяу әрі ауқымдырақ болуы өкпе вентиляциясының біркелкі емес екендігін көрсетеді.