Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тажиева аударма.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Миокардиттар

Миокардит- жүрек бұлшық етінің қабынулық зақымдалуы.Жиі ревматизмде, инфекциялық, аллергиялық ауруларда дамиды. Туылудың алғашқы аптасы мен жаңа туылған нәрестелерде аса ауыр өтеді. Мектеп жасындағы баларда жиі кездеседі.

Ауыр ағымында балалардың іс әрекеті өзгереді.Тыс алу жиілеп, абыржулы айқай болады. Терісі бозарады, аяқ қолы суыйды , цианоз болады.Іш пен жамбаста тері пастозды, ұлдарда ұма ісінеді. Өкпеде майдакөпіршікті сырыл естіледі, қанайналым жетіспеушілігіне тән. Аускультацияда жүрек ұшы мен Боткин нүктесінде систололық шу естіледі. ЭКГ белгілері : Т тісшесі вольтажы төмендеуі мен S T интервалы төмендеуі, өткізгіштік бұзылыстары синоаурикулярлы, вентрикулярлы, қарыншаішілік блокада, экстрасистолия.

Ересек балаларда ошақты миакардиттер жиі кездеседі, обьективті симптоматикасы әлсіз, жасырын болады. Шағымдары әртүрлі болады: әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы, жүрек қағуы. Жүрек шекаралары өзгермеген. Тахикардаия, брадикардия, экстрасистолия, і тонның күшеюі мен Галоп ритмі пайда болады.

Балаларда миокардиттер ағымы қолайлы болғанымен, жүректің жиырылу әрекеті мен аритмияның тұрақты формалары қалыптасады.

Эндокардиттер

Эндокардит – жүректің ішкі қабатының қабынуы. Оған клапандық кардиттер мен вальвулиттер де жатады.

Ең жиі формаларына ревматикалық және инфекциялық эндокардиттер жатады.

Ревматикалық эндокардит жедел ангина мен созылмалы тонзиллиттің өршуінен кейін пайда болады. Дене температурасы жоғарылауы мен интоксикация симптомымен басталады. Көп ұзамай жүректен тыс белгілер пайда болады. Буындар ауырады, ісінеді, тері бөртпелері, гиперкинез, гипотония пайда болады. ЖҚА: ЭТЖ жоғарылауы. Екі аптадан соң митралды клапанда систолалық шу естіледі, таралмайды.

Аортальды клапан зақымдалуы төстен сол жақта үшінші қабыр,ааралықта протодиастолалық шудың пайда болуымен вальвулит диагнозы қойылады. Аортальды жетіспеушілікпен асқынады.

Жүрек шуылын екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Біріншісі жүректің анатомиялық құрлысының (перикардтың, жүрек қабырғаларының, клапандардың) зақымдану салдарынан болатын. Оларға жүре пайда болған және туа пайда болған жүрек ақаулары, эндокард пен перикардтың қабынуы және митральды клапанның пролапсы салдарынан пайда болатын дыбыстық феномен. Балардағы митральды қақпақшаның жетіспеушілігі кезінде жүрек ұшы түрткісінде әлсіз І тоннан кейін систолалық шуыл естіледі және барлық систола кезінде естілуі мүмкін. Тембрі бойынша ол жиі үрлемелі, жүрек негізінде және сол жақ аксиллярлы аймақта анықталады. Кейде сол жақ жауырын бұрышында естуге болады. Сол жақ атриовентрикулярлы қақпақшаның стенозы кезінде жүрек ұшында І тон күшейген және әр түрлі дыбыстағы диасталық және пресистолалық тұрақты емес шу. Бұл шу баланы сол жақ қырына жатқызып тыңдағанда жақсы естіледі. Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі кезінде V нүктеде протодиастолалық шу естіледі. Ол шу тыныш және нәзік болып табылады. Тембрі бойынша бұл шу құйылмалы. Оны тыныштық жағдайда ауыз арқылы демді шығарып елестетуге болады. Аорта қақпақшасының стенозы кезінде қатаң систолалық шудың естілуімен, жүректің барлық аймағында және бұғана ойығында, арқада жақсы естіледі. Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі кезінде кеуде торының үштен бір бөлігінде шу естіледі. Ол оңға және солға ауытқуы мүмкін. Систолалық шу қатаң және ұзақ, бірақ қанның аз дәрежеде регургитациясы кезінде және айқын декомпенсация сатысында қан айналым әлсіз және аз иррадиациаланатын болады. Оң жақ жүрекше-қарыншалық қақпақшаның стенозы кезінде кеуде торының төменгі үштен бір бөлігінде шапалақтаушы І тон айқын естіледі және баланы оң жақ қырымен жатқызып және дем алу сатысында тыңдаған кезде естілетін қатаң емес пресистолалық шу кезінде байқалады.

Жүрек қақпақшаларының беткей қабыну, эрозияларында шулардың естілуі тұрақты емес төмен дыбыстылығымен ерекшеленеді. Митральды және аорта васкулитінде шулар үрлемелі және су құйылған тәрізді. Олардың тембрі осы клапандардың жеткіліксіздігі кезіндегі шудың тембріне аналогты. Көп жағдайда вальвулит кезінде шулар қатаң және тұрақты жүрек шамасыздығына сәйкес келеді, бірақ жүрек шамасыздығынсыз жазылу кезінде патологиялық шулардың жойылуы байқалады.

Перикардит кезінде шу мен тондар екі фазада да естіледі (систола және диастола). Оларды төстің астында жақсы естиді. Олар әдетте жасырын, бірақ кейде нәзік және тұрақты емес. Айқын белгісі минтарльды қақпақшаның пролабирлеу феномені. Бұл әлде бірлік демеу, жүрек ұшында І тоннан кейін анықталатын, немесе толық демеу сериясы, дірілді анықтайды. Жүрек ұшында демеумен бірге үрлемелі систолалық шу естіледі. Физикалық жүктемеден кейін демеумен І тон бірігіп кетеді. Туа пайда болған жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі шу интенсивтілігі мен ағымы айқынырақ. Қан айдалуымен сипатталатын барлық ақаулар (перде ақаулары, ашық артериальды өзек), әр түрлі дыбыстағы систолалық шу тән. Жүрек аймағында аз таралған, лақтырылу аймағында орналасқан. Үлкен қан тамырлардағы қақпа ақауында аз мөлшердегі күшті систолалық шу естіледі. Жүрек камераларының дилатациясы қақпақшаларының салыстырмалы жеткіліксіздігіне және жүрек қақпақшаларының стенозына алып келеді. Сол кезде қақпақшалардың ақауына тән шу пайда болады. Балаларда сирек кездесетін шулармен қатар қақпақшалардың жетіспеушілігі кезінде және туа біткен ақаулар кезінде естіледі. Оларды шектелген және функциональды топтарға бөлуге болады.

Күнделікті клиникалық тәжірибеде зерттелетін органдық арнайылығы бар ферменттердін арасында ең жиі трансаминазалардың (аспарагинді және аланинді),альдолазаның,гамма-глутаматтранспептидазаның,лактат-(ЛДГ5) және малатдегидрогеназанын (МДЗЗ) кейбір фракцияларының болуын анықтайды. Гепатоциттердің зақымдануын көрсететін басқа арнайы ферменттерді (урокиназа, сорбит дегидрогеназа, орнитинкарбамилтрансфераза және т.б. )өте сирек анықтайды. Қан сарысуында бауыр клеткаларының зақымдануын көрсететін ферменттердің мөлшерінің жоғарылауы вирустық гепатитке, созылмалы гепатиттің өршу сатысына, бауыр циррозына тән. Дені сау балалармен салыстырғанда әдетте вирустық гепатит кезінде бұл ферменттердің белсенділігі 10 есе және одан жоғары артады. Ал созылмалы гепатиттер кезінде бұл ферменттердің белсенділігінің жоғарылауы аса айқын болмайды. Басқа да аурулар кезінде де бұл ферменттердің аздаған жоғарылауы ( 1 1/2-3 есе) байқалады (мысалы, миокардит кезінде негізінен аспарагинді трансаминаза жоғарылайды). Холестаз синдромы холестерин мөлшерінің, 3-липопротеиннің,сілтілі фосфатазаның белсенділігінің жоғарылауымен, лейциноаминопептидазаның жоғарылауымен көрінеді. Сонымен қатар, жасушаішілік холестаз кезінде әрдайым гипербилирубинемия, өт қышқылдарының мөлшерінің жоғарылауы байқалады. Жасушасыртылық холестаз кезінде ферменттердің белсенділігі ғана артады. Жасушаішілік холестаз синдромы гепатиттерде (жедел жане созылмалы), бауыр циррозында, өт жолдарының толық бітелуінде (ісікпен бастырылуы, ұлғайған лимфа түйіндерімен және т.б.) байқалады. Жасушасыртылық (бауырастылық) холестаз өт жолдарының дискинезиясында (әсіресе гипомоторлы нұсқасында), өт жолдарының өтімділігі сақталған холецистохолангит кезінде дамиды. Өт жолдарының даму ақауларында, ісіктерде, ұлғайған лимфа түйіндері кезіндегі холестаз органикалық өзгеріс болғандықтан хирургиялық емді қажет етеді. Гепатоциттердің жеткіліксіздігі әдетте қан сарысуындағы гепатоциттер синтездейтін заттардың (гипоальбуминемия, сирек - жалпы белоктың, эстерофицирленген холестериннің, протромбиннің) мөлшерінің төмендеуімен көрінеді. Гепатоциттердің жеткіліксіздігі әдетте қан сарысуындағы гепатоциттер синтездейтін заттардың (гипоальбуминемия, сирек - жалпы белоктың, эстерофицирленген холестериннің, протромбиннің) мөлшерінің төмендеуімен, холинэстераза (псевдохолинэстераза) белсенділігінің төмендеуімен көрінеді. Гепатоциттердің жеткіліксіздігі синдромы бауыр паренхимасының 20-25% қызмет атқарушы бөлігі қалғанда дамиды. Бұл синдром жедел жағдайларға қарағанда (вирусты гепатит) бауырдың созылмалы зақымдануына (бауыр циррозы) көбірек тән. Қабыну синдромы бауырдың ретикуло-гистиоцитарлы бөлігімен өндірілетін глобулиндердің әр түрлі фракцияларының (әсіресе гамма-глобулин) мөлшерінің жоғарылауымен жүреді. Бұл нәруыздық тұнбалық сынамалардың (реакция Таката-Ара, Вельтман сынамасы және т.б.) өзгерістеріне алып келеді. Әдетте бұл мезенхимальді гепатитке тән, бірақ созылмалы гепатиттерде де байқалып жатады. Кейбір науқастарда әр түрлі синдромдар бірігіп кездесуі де анықталып жатады және динамикада немесе аурудың асқынуында синдромдардың бірі басым болады. Мысалы, вирусты гепатит кезінде цитолиз синдромы басым болады, ал өт жолдарының ауруларында - холестаз синдромы, бауыр циррозында - гепатоциттердің жеткіліксіздігі синдромы, созылмалы гепатиттерде (әсиресе персистирлеуші) - қабыну синдромы басым болады. Бұл бауырдың зақымдану синдромдарын анықтау дәлелді патогенетикалық ем жүргізуге мүмкіндік береді.