Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айнура.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать
☆

III. Шикізатты таңдау және материалдарды таңдау

3.1Жүн талшығы

Жүн дегеніміз – жануар жамылғысынан алынған талшықты материал және сонымен бірге ол тоқылуға және иіруге т.б. процесстерге қабілетті. әр түрлі шығу тегіне және қасиеттеріне байланысты жүн бірнеше түрлерге бөлінеді. Осы түрлеріне байланысты қолданылуы, бұйымға айналдыру үшін жүргізілетін өңдеу процесстері де әр алуан.

Белгілері бойынша жүнді бес түрге бөледі: табиғи түлеуден түскен, қырқылған, қырқылмаған, зауыттық, өзінен-өзі түсетін жүн. Ал шығу тегіне байланысты: қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы, қоян т.б. Осының ішінде қой жүні 97,7%-н алады. Жүннің құрамы бойынша: негізгі екі топ; біртекті және біртекті емес.

Біртекті жүн тек бір морфологиялық типті талшықтар, ал біртекті емес - әр түрлі морфологиялық типті талшықтары бар жүн. Қойдын жүнін комплексті қасиеттері бойынша: меринос, меринос емес, жіңішке, цигай, кросбред және т.б.

Жүнді жіңішкелігі бойынша сұрыптау кезінде жүннің берілген түріне арналған стандартқа сәйкес сорттарға бөледі.

Ұзындығы бойынша сұрыптау кезінде жүнді тарақты иіруге арналған (ұзындығы 55 мм-ден жоғары) және аппаратты иіруге арналған (ұзындығы 55 мм-ден төмен) деп бөледі. [9]

Біртекті жүннің ұзындығы деп түзуленген күйдегі штапельдің биіктігін алады. Біртексіз жүннің ұзындығы деп бүгілген күйінен түзуленбеген бұрымшаның түбіттік бөлігінің ұзындығын алады.

Күйі бойынша жүнді қалыпты, қоқымды, ошағанды және қоқымды-ошағанды-ақаулы деп бөледі. Ақ түсті жүнге, жоғарыда аталғандардан бөлек сарғаюмен байланысты күйлері қарастырылған – сарғайған, қоқымды-сарғайған және ошағанды-сарғайған.

Қалыпты - құрамында 1 %-дан аспайтын өсімдіктектес қоспалар, соның ішінде 0,005 %-дан аспайтын ошаған-тікені (1 кг жуылмаған жүнде 6 қорапша шамасында) бар жүн. Дөрекі жүнде 0,05 %-ға дейін ошаған-тікені жіберілуі мүмкін, меринос және цигай жүнінде – штапель ұшының 10 мм-ге дейінгі ұзындықта әлсіз сарғаюы, ал кроссбред жүнінде – штапельдің 1/3 бөлігіндегі ұзындықта сарғаюы.

Сарғайған - бұл жүннің сипаттамасы қалыпты жүндікіндей, бірақ штапель ұзындығының 10 мм-нен асатын сарғаюы бар немесе тұтас сарғайған.

Қоқымды - құрамында 1-ден 3 %-ға дейін өсімдіктектес қоспалар, соның ішінде 0,005-тен 0,01 %-ға дейін ошаған-тікені (дөрекі жүн үшін 0,05-0,1 %-ға дейін) немесе 1 кг жуылған жүнде ошаған-тікеннің 6-12 қорапшасы бар жүн.

Ошағанды - 3 %-дан асатын өсімдіктектес қоспалар, соның ішінде жуылған жүн массасына 0,01 %-дан аспайтын (дөрекі үшін – 0,1 %-дан жоғары) ошаған-тікені бар жүн.

Қоқымды-сарғайған - бұл біруақытта қоқымды және сарғайған жүн.

Ошағанды-сарғайған - бұл біруақытта ошағанды және сарғайған жүн.

Қоқымды-ошағанды-ақаулы - органолептикалық бағалау бойынша штапельдің немесе бұрымшаның бірнеше жерінде ластануы бар және үзілуге беріктігін жоғалтқан жүн.

Сұрыптау кезінде жабағы жүнін 45 өндірістік сортқа бөледі:

Жіңішкелігі бойынша – 80к ; 70к ; 64-70к ; 64к ; 64-60к ; 60к .

Ұзындығы бойынша – I; I-II; II; I-II-III; III; IV.

Күйі бойынша – қалыпты, сарғайған, қоқымды, ошағанды, қоқымды-сарғайған, ошағанды-сарғайған, қоқымды-ошағанды-ақаулы.

Сұрыпталған жүннің ұзындығы: I ұзындық – 70 мм және одан көп; II ұзындық – 70-тен 55 мм-ге дейін; III ұзындық – 55-тен 40 мм-ге дейін; IV ұзындық – 40-тан 25 мм-ге дейін [2; 92-94].

Жүн түсі бойынша ақ, сұр, қоңыр (ашықтан қоюға дейін) және қара. Сондай-ақ шұбар – ақ түсті жүннің бетінде түрлі-түсті талшықтар немесе қою түсті талшықтары өсіп шыққан жүн де кездеседі. Стандарттарға сәйкес жүнге қой жүнінің үш түсі бекітілген: ақ, ашық-сұр, түрлі-түсті. [10]

Жүн талшықтарының артықшылығы мен кемшіліктері туралы (1- кесте) көрсетілген.

1-кесте. Жүнді талшықтардың ерекшеліктері

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Киюге төзімді

Жұмсақ

Жеңіл

Жылу ұстап тұрады

Табиғи түрдегі материал

Жоғары созылмалдық

Жақсы үтіктеледі

Аз мыжылады

Жоғарғы температураға шыдамды

Жүнді мата беті су алмайды және кірден онай тазарады

Мохер және кешамир ерекше жұмсақ және жылтырайды

Меринос жүні денеге қадалмайды жазық, жұқа және жұмсақ теріні тітіркендірмейді

Кашемир өте жеңіл тоқыма жібі, жылы және жұмсақ ол да теріге қадалмайды

Ангор өнімдерге жылу және үлпілдектік береді.

Отырады және түрін жоғалтады

Жинақталып қалуы мүмкін

Үйкеледі

Жай кебеді

Меринос қойының жүні, қарапайым қойдын жүніненқымбат келеді

Кашемир-үйкеліске өте әсерлі тоқыма жіпшесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]