- •Мазмұны
- •I. Ғылыми техникалық әдебиеттерді талдау
- •1.1. Текстиль өнеркәсібіндегі индустриялды бағдарлама
- •1.2. Медицинада қолданылатын нанотекстиль
- •II. Жобалау объектісі ассортиментін талдау
- •2.1. Жүн маталар ассортименті
- •III. Шикізатты таңдау және материалдарды таңдау
- •3.1Жүн талшығы
- •4. Жобалау объектісінің технологиялық процесін құрастыру
- •3.2. Вискоза талшығы
- •4.2. Компоненттерді араластыруға дайындау.
- •Аппаратты иіру жүйесінде
- •4.3. Араластыру машиналары.
- •4.4. Тарау аппараттары.
- •4.5. Иіру машиналары. Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.2. Вискоза талшығы
Вискоза-(латынша аударғанда viskum –клей )- өзімен бірге натрий (NaOH) қышқылының сұйылтылған ерітіндісіндегі Na – тұзы ксантогенаттың концентрленген ерітіндісінен қалыптасатын жасанды талшықты ұсынады. Вискозаның өндірілуі үшін шикізат нәтижесі-ағаш целлюлозасы. 95-99 % жоғары молекулярлы, талшыққұраушы фракциялар дәрежесімен полимеризацияның 800-1000 құрайды.Вискоза өзінің құндылығын сақтайды, өйткені табиғи шикізат целлюлозадан өндіріледі.Барлық химиялық талшықтан вискоза – аса «табиғи».Вискозаның екінші атауы- «ағаштыжібек».Вискоза әртүрлі талшық түрлерін араластыру үшін таңдаулы материал болғандықтан, кездемеге қосымша қасиет береді.Талшықты кездеменің басты сипаттамасының ішінен гигроскопиялығын, сипау жұмсақтығын, ауа өткізгіштігін, әртүрлі түстерді бояу кезіндегі түстің жоғары қарқынын белгілеп көрсетуге болады.Өзіне статикалық энергия жинақтамайды.Бұл шырша ағашы, қарағай, бірнеше өсімдіктердің сабағынан- табиғи целлюлозаның сұйық ерітіндісінен даярланатын жасанды талшық.Сондықтан өзінің табиғатынан вискоза табиғи талшыққа жақын саналады және гигиенаның ең жоғарғы талабымен қамтамасыз етіледі.Талшыққұраушы өнім ауаны өте жақсы өткізеді және ылғал сіңіреді, жақсы жылуқорғағыш қасиетке ие және тозутұрақтылығы қамтамасыз етілген.Вискоза өнімге жұмсақтық, тегістік және жібектік қасиет береді, ыстықта салқындық сезімін құрайды.Бұл қасиеттер шұлықта жайлы және аса жағымды вискозды талшық құраушы өнім жасайды.Талшық сипаттамасын және қалыңдығын өзгерту арқылы, кенеп мата, табиғиға қатты ұқсайтын-жүн, мата, жібек және зығыр алуға болады.Матаның қасиетін талшықтың көмегімен жақсартуға болады: оның мата жібіне қосылуы кейбір матадағы аз ылғал сіңіру жылдамдығын арттырады.Сол сияқты вискозаның статикалық электр (статикаға қарсы) жинақтамайтынын айта кетуге болады. Өнім талшықтан оңай тазаланады, бірақ олармен ұқыптап айналысу қажет, центрифугада оларды сығу ұсынылмайды.
Вискоздық талшықтар мен жіптердің кемшіліктеріне сулы жағдайдағы үзілу жүктемесінің шығыны (40– 45 %), вискозды талықтардың жоғарғы жылуөткізгіштігі.
Бастапқыда үлкен бөлігін азотырғыштық және қыртыстанбаушылық өңдеуімен вискоздық жеңіл көйлектік маталар құрайды. Олардың ассортименті салыстырмалы түрде көп емес және бірүлгіде (иірімжіптің сызықтық тығыздығы, құрылымы бойынша), бірақ колористикалық безендіруімен ерекшеленеді. Химиялық талшықтардан маталар өндіру үшін синтетикалық талшықтардың жоғарғы беріктік көрсеткіштеріне және жасанды талшықтардың жақсартылған гигиеналық қасиеттерін сәйкестендіретін, аралас иірімжіп алу үшін кең қолданыс тапқан. [10]
4. Жобалау объектісінің технологиялық процесін құрастыру
4.1. Жүн иіру жүйесі
Иірімжіптің сызықтық тығыздығына және белгіленуіне, сонымен қатар, өңделетін талшықтың түріне және оның параметрлеріне (ұзындығына және жуандағына) байланысты иіру өндірісінде әртүрлі машиналар мен технологиялық процестерді жүзеге асыратын әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Шикізаттың (жүннің) көптеген түрлерін тиімді қолдану, яғни минимальды сызықтық тығыздықтағы және жоғары сапалы иірімжіпті алу, жүнді және оның химиялық талшықтырмен қоспасын иірудің әртүрлі жүйелерін құрастыру қажет болды. Иіру жүйесі талшықты технологиялық тізбектеп өңдейтін және белгілі ассортименттегі иірімжіпті алатын машиналардың жиынтығымен анықталады.
Жүн иіру өндірісінде иірімжіп тарақты, жартылай тарақты және аппаратты жүйелер бойынша өндіріледі. Біздің елімізде иірудің тарақты және аппаратты жүйелері кеңінен қолданылады.
Соның ішінде аппаратты иіру жүйесі орташа ұзындығы 55 мм-ден аспайтын, салыстырмалы қысқа талшықтадан жуан, жұмсақ иірімжіп алу үшін қолданылады. Иірімжіптің белгілеуіне байланысты, аппаратты иірімжіпті дайындау үшін әртүрлі жүн, химиялық талшықтар, камвольды өндірістің қалдықтары, жүн маталардың және трикотаждың қиындыларынан алынған талшықтар мен өз өндірісінің қалдықтары, қайта өңделген жүн қолданылады.
Иірудің әр жүйесінде иірімжіпті иірудің белгілі жоспары бойынша дайындайды. Иіру жоспары дегеніміз – жартылай дайын өнімнің сызықтық тығыздығы туралы мағлұматтар, созу және берілген қасиеттері бар иірімжіпті өндіру кезіндегі қабаттар саны. Иіру жоспары машинаның жылдамдық режимі, ширату туралы мағлұматтармен толықтырылады.
Иіру жоспары иірімжіптің сызықтық тығыздығы, оның белгілеуіне және өңделетін шикізаттың қасиеттеріне байланысты бекітіледі.
Иірімжіптің сапасы шикізаттың түріне және қасиеттеріне байланысты болып келеді. Мынаны есте сақтау керек, иірімжіптің өзіндік құнының 60-90 %-ы шикізаттың құнын құрайды. Иірімжіптің әр түрін (белгілеуі, сапасы және сызықтық тығыздығы бар) сәйкес талшықтардан өндіреді. Шикізатты дұрыс таңдау және оны тиімді пайдалану кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштеріне және шығарылатын өнімнің сапасына әсер етеді.
Қолданылатын шикізат талшықтың иірілу қабілеттілігімен сипатталады. Иірімжіп өндірісінің жоспары және иіру жоспары қолданылатын машиналардың тәртібін және өндірілетін өнімнің сызықтық тығыздығын, машинаның ауысымын анықтайтын құжат болып табылады. Иіру жоспарын құрастырмас бұрын мынадай тапсырмаларды шешеді:
1.Иірімжіптің сызықтық тығыздығына және оның белгілеуіне байланысты иіру жүйесін анықтау қажет, қолданылатын шикізатты таңдап, қоспа құрамын анықтау керек.
2.Белгілеудің және талап етілетін құрылым белгілеуі мен иірімжіп қасиеттеріне байланысты иірудің тәсілін таңдау керек.
3.Пневмомеханикалық әдіспен иірімжіпті өндіру кезінде таралған таспа алу үшін таспалы машиналардың қажетті ауысым санын қабылдау керек.
4.Заман талабына сәйкес техникада иірудің кардты жүйесінде бума-таспа ағынды сызығы қолданылады, яғни тарау машинасының қоректенуі жайғақсыз болады. Тарау машиналары таралған таспаның сызықтық тығыздығын реттегішпен жабдықталған. Сақиналы әдісінде 5 ауысым қолданылады (ағынды сызық, таспалы машиналардың екі ауысымы, созба және сақиналы иіру машиналары), ал иірудің пневмомеханикалық әдісінде 3 немесе 4 ауысым (ағынды сызық, таспалы машинаның 1 немесе 2 ауысымы, пневмомеханикалық иіру машинасы) қолданылады.
Иіру жоспары құрал-жабдықтың санын және өнімділігін, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың санын, жұмсалатын энергия мөлшерін, шикізаттың және материалдың санын және құнын, сонымен қатар иірімжіптің сапасын және иіру, созу және басқа да машиналардағы жұмыс тұрақтылығын анықтайды
Иірудің аппаратты иіру жүйесінде иірілген жіп өндірісінің технологиялық процесінің жалпы схемасы мыналар:
1. Компоненттерді араластыруға дайындау
2. Компоненттерді араластыру
3. Қоспаны тарау және таспаны немесе тегіс таспаның дайындалуы
4. Иіру және ширату
5. Иірілген жіпті өлшеу және сақтау
Аппаратты жүн иіру жүйесінде араластыру процесінің мәні жоғарылайды, себебі одан кейін тек бір ғана – кардты тарау процесі жүреді. Онда талшықты материал қарқынды араласады, бірақ қоспаның аз бөлігінде. Бұл мынаны білдіреді, егер дайын қоспа массасында оның бөлек бөліктері талшықтар құрамы бойынша ерекшеленсе, онда бұл кемшілік кардты тарау аппаратында жойылмайды, ол берілген қоспадан өндірілген иірімжіп және дайын матада көрінетін болады. Қоспаны әртүрлі компоненттерден жасағанда барлық жағдайда оларды жақсылап араластыру қажет.
Аппаратты қоспалар классификациясы негізіне жүннің сапасы, химиялық талшықтардың көптігі және олардың сапасы қойылған. Матаға қойылатын талаптарға байланысты (оның сыртқы түрі, белгіленуі, бағасы) әртүрлі шикізаттан қоспа құрамы жасалады.
Аппаратты иірімжіпке арналған барлық талшықты қоспалар таза жүнділерге, жасанды талшықтарымен жартылай жүндіге, жасанды және синтетикалы талшықтары бар жартылай жүнділерге бөлінеді.
Аппаратты жүйеде қасиеттері әртүрлі көп компонентті қоспалар қолданылады. Сондықтан біртекті қоспа алу үшін – оларды жақсы араластыру қажет. Алдымен әрбір компонентті өз жоспары бойынша араластыруға дайындайды. Иірудің аппаратты жүйесінде пальтолық маталарға арналған иірімжіптің сызықтық тығыздығы 166—62,5текс жіптен тоқылады. Жүнді иіруде апаратты жүйесінің өндіру жоспары жоспары (2 кесте) көрсетілген.
2-кесте. Жүнді иірудің аппаратты жүйесі
№ |
Өтімдер |
Машиналардың атауы |
Машиналардың маркасы |
1 |
Компоненттерді араластыруға дайындау
|
|
|
1.1 |
Табиғи жүнді қопсыту |
Түту машиналары |
ТН120-Ш-2 АРТ-120-Ш |
1.2 |
Вискоза талшығын қопсыту |
Қопсыту және майлау |
ЩЗ-140-Ш |
2 |
Компоненттерді араластыру |
Араластыру машиналары |
УСВМ-1 |
3 |
Қоспаны тарау және таспаны немесе тегіс таспаның дайындалуы |
Тарау аппараттары |
|
4 |
Иіру және ширату |
Иіру машиналары |
|
5 |
Иірірім жіп сапасын тексеру |
|
|
