- •Мазмұны
- •I. Ғылыми техникалық әдебиеттерді талдау
- •1.1. Текстиль өнеркәсібіндегі индустриялды бағдарлама
- •1.2. Медицинада қолданылатын нанотекстиль
- •II. Жобалау объектісі ассортиментін талдау
- •2.1. Жүн маталар ассортименті
- •III. Шикізатты таңдау және материалдарды таңдау
- •3.1Жүн талшығы
- •4. Жобалау объектісінің технологиялық процесін құрастыру
- •3.2. Вискоза талшығы
- •4.2. Компоненттерді араластыруға дайындау.
- •Аппаратты иіру жүйесінде
- •4.3. Араластыру машиналары.
- •4.4. Тарау аппараттары.
- •4.5. Иіру машиналары. Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
4.4. Тарау аппараттары.
Тарау аппараттары мен машиналарды қоректендіру өзіндік таразының көмегімен жүзеге асырылады. Соңғы кездері шет мемлекеттерде өзіндік таразымен салыстырғанда бірнеше артықшылықтары бар бункерлі автоқоректендіргіштердің көмегімен жүзеге асырылатын таразысыз бункермен қоректендіру көп қолданылады.
Қазіргі кезде елімізде шығарылатын барлық тарау құрал-жабдықтары өзіндік таразымен жабдықталған. Таразылар механикалық (ескі құрылымды машиналар) және электромеханикалық (жаңа құрылымды) болып бөлінеді. Мұндай таразылардың жұмыс істеу приницпі бір-біріне ұқсас болып келеді. Бірақ қазір механикалық өзіндік таразының орнына көбінесе электромеханикалық өзіндік таразылар көп қолданылады. Олардың ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Инелі тор, төменгі жеткізіп беретін тор, теңестіретін және түсіретін тарақтар арнайы электрқозғағышпен жұмысқа қосылады. Талшықты материалмен таразы қорабын толтырғандағы таразы жағдайы өзгереді, бұл электрқозғағышын тоқтатуға және электрконтактісінің ажырауына әкеп соқтырады, осыған байланысты талшықтың берілісі де тоқтайды. Тоқтатылу бір мезетте болады. Бөлгіш эксцентрик өлшеу қорабы қақпағының ашылуын және жабылуын ғана басқарады. Талшықты материалды тастағаннан кейін өлшегіш қорапша бастапқы қалыпқа келіп электроконтактіні қосады, осыдан кейін таразы жұмысының жаңа циклы басталады. Таразының осындай құрылымына байланысты инелі торды қосу және сөндіру механизмі және сонымен байланысты үлкен рычагты жүйе де қажет етілмейді.
«Бефама» (Польша) текстиль машина жасау зауыты, екі электрқозғағыш орнатылған электрлі таразылары бар тарау құрал-жабдықтарын шығарады. Біреуі үзіліссіз жұмыс істейді, яғни екі тарақты да қозғалысқа келтіреді; екіншісі, екі жылдамдықты, оқтынды жұмыс жасайды, яғни инелі және төменгі жеткізу торларды қозғалысқа келтіреді. [9]
4.5. Иіру машиналары. Қорытынды
Берілген курстық жұмыста «пальтолық маталарға арналған жартылай жүнді иірімжіп өндірісінің технологиялық процестерін құрастыру» тақырыбы таңдалынды. Жүн маталар ассортиментінің ішінде тақырыпқа сәйкес драп матасына анықтама жүргізілді. Сонымен қатар, жартылай жүнді маталардың құрамын зерттеп, оған қаншалықты түрде химиялық талшықтардың қоспасы қосылатыны туралы қарастырылды, оған мақта, вискоза, ацетат, капрон, лавсан және нитрон талшықтары қосылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
http://www.comprom.gov.kz/
http://www.inform.kz
http://aikyn.kz
http://comprom.gov.kz
http://www.kaznexinvest.kz
http://www.nanopoisk.com
Мухамеджанова С.Н., Маханбеталиева К.Т. Маталар ассортименті, қасиеттері және айқаспа түрлері. Тараз.: Оқу құралы, 2013
Рысқұлова Б.Р., Құтжанова А.Ж., Масанова Э.С., Маханова Ж.Ш. Тігін өндірісінің материалтануы. Алматы.: Оқу құралы, 2011
Маханбеталиева К.Т., Мухамеджанова С.Н. Жүн және химиялық талшықтарды технологиясы. Тараз.: Оқу құралы, 2013
К.И. Баданов., У.Е. Манапбаева., Г.О.Тулендиева. Химиялық талшықтар өндірісінің технологиясы. Тараз.: Тараз университеті, 2012. 270 б.
