- •Мазмұны
- •I. Ғылыми техникалық әдебиеттерді талдау
- •1.1. Текстиль өнеркәсібіндегі индустриялды бағдарлама
- •1.2. Медицинада қолданылатын нанотекстиль
- •II. Жобалау объектісі ассортиментін талдау
- •2.1. Жүн маталар ассортименті
- •III. Шикізатты таңдау және материалдарды таңдау
- •3.1Жүн талшығы
- •4. Жобалау объектісінің технологиялық процесін құрастыру
- •3.2. Вискоза талшығы
- •4.2. Компоненттерді араластыруға дайындау.
- •Аппаратты иіру жүйесінде
- •4.3. Араластыру машиналары.
- •4.4. Тарау аппараттары.
- •4.5. Иіру машиналары. Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Аппаратты иіру жүйесінде
Жіңішке шұғалы қоспалар 7-9 %
Жартылай дөрекі жүнді қоспалар 6-7 %
Дөрекі жүнді қоспалар 5-6 %
Қоспа құрамында 30-40 %- тан аса әртүрлі химиялық талшықтар болған жағдайда жүн мен химиялық талшықтарды бөлек майлау керек.
Вискоза талшығын эмульсиялау кезінде эмульсиядағы су мөлшері 50%-дан аспауы қажет, себебі ылғал күйінде вискоза талшығы беріктігін жоғалтады, сонымен қатар оның үзілуі кардты тарауда талшықтардың үзілу санын көбейтеді және осы процесстер түйіндер пайда болады. Вискоза талшығы массасының эмульсия шығыны 4-8 %.
Вискоза және мыс-аммиак талшықтарын триэтаноламин және судан тұратын (талшық массасынан 2%-дан екеуінен де) эмульсиямен өңдеу ұсынылады. [9]
4.3. Араластыру машиналары.
Араластыру машиналарында түйдектерді қопсыту мен араластыруды іріктейтін және төсегіш құрылғылар жүзеге асырады. Олардың жұмыс істеуіне аз бөлігіндегі қоспаның тегіссіздігі байланысты. Араласатын түйдектер өлшемі бойынша аз болған сайын, тегіссіздік төмен болады.
Араластырудың мәні - әр компонентті өзінше араластыру және қоспа бойынша әр компонент талшықтарының бірқалыпты таралуы. Нәтижеде қоспа құрамы біртекті болады – қоспаның әр үлгісінде барлық компоненттердің талшықтары болады және де қоспа рецептісіне сәйкес қатынаста.
Жүнді аппаратты иіру жүйесінде компоненттерді араластыру кезінде біртекті қоспа құру үшін тек әртүрлі компоненттерді өзара жақсы араластыру ғана емес, сондай – ақ жеке компоненттерді өз массаларында біртексіздігін төмендету қажет. Бұл мәселе және де көлемі және формасы бойынша әртүрлі және жабысқақтық қасиетті әртүрлі шүйкелер араласуымен қиындатылады, сонымен қатар бұл шүйкелердің формасы мен көлемі араластыру процесінде өзгереді. Жоғары сапалы араластыруға қиындықтың тууы үлкен талшықты материалдың үлкен массасының араласуымен түсіндіріледі (қоспаның бір партиясының жалпы массасы кейде 10 т құрайды).
Қазіргі уақытта араластырудың қолданылып жүрген жүйесіне сәйкес жеке компоненттер қопсытып-майлау машиналарының екі немесе үш машиналарынан тұратын топтарынан пневмоқұбырмен араластыру машинасына беріледі, әрі қарай одан басқа араластыру машинасына қайта араластыру үшін беріледі, ал ол жерден шығынды лабаздарға жатқызуға және тарау аппараттарын қоректендіру үшін жіберіледі.
Араластыру машинасының кез-келген түрі едені қозғалатын камерадан, камерада қоспа компоненттерін себуге немесе төсеуге арналған құрылғыдан, вертикаль бойынша төсемді іріктеуге және компоненттерді араластыруға арналған құрылғыдан тұрады.
Төсем құратын және іріктейтін құрылғылардың жұмыс істеу принципіне және араластыру камерасының формасына байланысты араластыру машиналары келесі топтарға бөлінеді:
- төсегіш тасымалдаушылармен немесе пневматикалық төсегіш құрылғымен;
- тік бұрышты және цилиндрлі камерамен;
- шанышқылы тор және іріктейтін шанышқылы білікшелер түріндегі іріктейтін құрылғылармен.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан шұғалы фабрикаларда және жаңаларын құру кезінде типтік ретінде дөңгелек камералы араластыру машиналары С-12-1 (араластырудың жабық циклымен) және тік бұрышты камералы араластыру машиналары УСВМ-1 және МСП-8-Ш қабылданған. Бұл машиналарда вертикаль бойынша іріктеп болған соң қоспа қосымша араластыру үшін және ары қарай үшін басқа құрылғыларға беріледі (мысалы, компонентті лабаздардан араластыру машиналарына, одан әрі шығынды лабаздарға).
УСВМ-1 машинасының араластыру камерасындағы шанышқылы тордың жылдамдығы машинаның жұмысшы ені 4,2 м кезінде 120 м/мин, механикаландырылған ЛРМ-140-Ш лабаздың жұмысшы ені 2,25 м кезінде 100-140 м/мин құрайды. Әдетте шанышқылы тордың жылдамдығы максималды болады.[9]
