- •Мазмұны
- •I. Ғылыми техникалық әдебиеттерді талдау
- •1.1. Текстиль өнеркәсібіндегі индустриялды бағдарлама
- •1.2. Медицинада қолданылатын нанотекстиль
- •II. Жобалау объектісі ассортиментін талдау
- •2.1. Жүн маталар ассортименті
- •III. Шикізатты таңдау және материалдарды таңдау
- •3.1Жүн талшығы
- •4. Жобалау объектісінің технологиялық процесін құрастыру
- •3.2. Вискоза талшығы
- •4.2. Компоненттерді араластыруға дайындау.
- •Аппаратты иіру жүйесінде
- •4.3. Араластыру машиналары.
- •4.4. Тарау аппараттары.
- •4.5. Иіру машиналары. Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
4.2. Компоненттерді араластыруға дайындау.
Компоненттерді араластыруға дайындауға талшықтардың сызықтық тығыздығы, ұзындығы және түсі бойынша компоненттерді бояу және таңдау қоқымдардан тазалау, қарқынды қопсыту жатады. Жүнді қопсыту, оны шаңнан және әртүрлі қоспалардан тазалау оқтынды қозғалыстағы түту машиналарында немесе үзіліссіз қозғалатын екі барабанды машиналарда жүзеге асырылады.
Өндірістерге келіп түсетін жүн көбінесе өсімдік қоспасы – ошағанмен ластанған болып келеді. Түту машиналарында қиын тазаланатын мұндай қоспалардың болуы, иірімжіптердің және маталардың сапасын елеулі түрде төмендетеді. Жүнді өсімдіктердің қоқымдарынан тазалау үзіліссіз қозғалатын карбонизациялы қондырғыларда жүзеге асырылады.
Араластыру мақсаты – компоненттер талшықтарын жақсылап араластыру және оларды қоспаның бар массасында біртегіс үлестіру. Бұл үлестіру былай болуы керек, яғни қоспаның азғантай үлгісіндегі компоненттер арасындағы қатынас берілген қоспа рецептісіне жақын болуы тиіс.
Түту, қопсыту және майлау. Жуылған жүн (және көптеген басқа талшықты материалдар) кәсіпорындарға қатты пресстелген түрде кипаларда келіп түседі. Кипадағы жүннің көлемдік массасы 250-300кг/м3 құрайды. Түту машинасынан талшықтар жұқа қабат - холстик түрінде шығады, яғни талшық холстикте әр түрлі бағытта орналасқан шатасқан түрде болады.
Жүн талшықтары өзара шатасқан, өсімдік және минералды қоспалары бар үлкен шүйкелер түрінде болады. Сондықтан жүн және басқа компоненттер өтетін бірінші процестер болып түту мен қопсыту табылады. Бұл екі процесс бір уақытта орындалады. Арнайы гарнитуралы тақтайшалары бар машинаның жұмыс бөлшектерінің жүн шүйкелеріне соғу әсері – түту деп аталады. Тақтайшаларының соғу әсерінің нәтижесінде талшықты материалдың үлкен шүйкелері ұсақ шүйкелерге бөлінеді және ол қоспалардан тазартылады. Материалды түту және тазалаумен бір мезгілде оны қопсытады және компоненттердің ұсақ шүйкелері араласады, әртүрлі компоненттердің бір-бірімен толық араласу үшін жақсы шарттар жасалады.
Түтудің мақсаты – талшықты материалды қоспалардан тазалау және оны қопсыту.
Қопсытудың мақсаты – талшықты материалдың тығыздығын азайту және оны ұсақ шүйкелерге және талшықтарға бөлу, бұл араластырумен кардты тараудың жақсы өтуін қамтамасыз етеді.
Қопсыту процесінің тиімділігі талшықты материалдың қопсытылу дәрежесімен және ол келесі көрсеткіштермен сипатталады: талшықты материалдың көлемдік массасымен, шүйкелердің орташа массасымен.
Көлемдік массаның өзгеруі
(1)
мұндағы, М1 – 1м3 түтілген жүннің массасы, кг
М2 – 1м3 түтілмеген жүннің массасы, кг.
Шүйкелердің орташа массасының өзгеруі, %
мұнда
- түтуге дейінгі 1 кг жүндегі шүйкелердің
орташа массасы.
-
түтуден кейінгі 1 кг жүндегі шүйкелердің
орташа массасы.
Түту процесінде түту бөлшектері қысылып тұрған немесе бос күйіндегі талшықты материалға әсер ете алады. Әсер етудің осы екі түрінен басқа үшінші түрі бар, ол қашан жүн шүйкелері қозғалмайтын колосникті торға соғылған жағдайда болады. [9]
Кәсіпорындарға киптерде келіп түсетін жіңішке және жартылай жіңішке жүндерді түту және қопсыту АРТ-120-Ш қопсытып-түту агрегатында жүргізіледі (1-сурет).
Ажыратылған кип 1 тиеу қондырғысына 24 беріледі. Белгі беруі бойынша тиеу қондырғысы айналады және кип қоректендіргіш тор көзіне 2 салынады. Ал тор көз 2 оны қалқаншалы білікке 3 жеткізеді. Қалқаншалы білік төменгі бункерге жүннің қабаттарын лақтырады. Төменгі бункерден жүннің түйдектері инелі тор көзбен 4 қармалады және теңестірілетін тарақшаға 5 жеткізіледі. Ол тербеліс жасайды және талшықтың артық мөлшерін төменгі бункерге лақтырады. Талшықтардың қалған бөлігі инелі тор көзбен жоғарғы теңестіргіш тарақшаға 6 жеткізіледі. Инелі тор көз және теңестіретін тарақшалар арасындағы ара-қашықтық реттелінеді. Тор көз және жоғарғы тарақша арасындағы ара-қашықтық, тор көз және төменгі тарақша арасындағы ара-қашықтықтан төмен, осының нәтижесінде инелі тор көзбен талшықтың тегіс төселуі қамтамасыз етіледі.
Тор көздің ары қарай қозғалысында жүннің қабаты жылдам айналатын түсіруші білікке 7 түседі. Бөлінетін қоқымдар колосникті тор көзі 23 арқылы қабылдау камерасына 21 және пневможүйеге 22 түседі. Конденсер 8 талшықты екі барабанды түту машинасының резервті бункеріне беріледі. Бункерден талшық қабаты қоректендіргіш тор көзіне түседі.
Бункерден шығатын талшық қабатының жеткілікті дәрежеде тегіс болуын қамтамасыз ету үшін, екі фотоэлемент 10 және 11 орнатылған. Бункерді жоғарғы фотоэлементтен асырып талшық толтырылса, онда кипті қоректендіргіш автоматты түрде тоқтайды. Талшық екінші фотоэлементтің 11 деңгейінен төмен түскенде, кипті қоректендіргіш қайтадан жұмысқа қосылады.
Екі барабанды түту машиналарында жүнді қопсыту және шаңсыздандыру жүзеге асырылады. Қопсыту бірінші барабан 13 және машинаға талшық қабатын беретін қоректендіргіш біліктің 12 өзара байланысу аймағында жүзеге асырылады. Талшықтың қабаты, қоректендіргіш үстелше 20 және қоректендіргіш 12 білік арасында тығыз қысылған. Қоректендіргіш білік 12 және бірінші барабан 13 арасындағы ара-қашықтықты реттеу қарастырылған.
Ары қарай қопсыту, талшықты бір мезетте соққылайтын екі барабанның 13 және 15 өзара әсерлесу аймағында жүзеге асырылады. Бірінші барабанның 8 планкасы, ал екінші барабанның 12 планкасы бар және оның жылдамдығы бірінші барабанның жылдамдығынан жоғары болады. Талшықтарды қопсыту және тазалау, колосникті тор 19 және барабандардың өзара әсерлесу аймағында да жүзеге асырылады.
1-сурет. АРТ-120-Ш қопсытып-түту агрегатының сызбасы
Барабандар арасындағы ара-қашықтық 10-20 мм-ді құрайды. Барабандар бір жаққа қарай айналады, сондықтан өзара әсерлесу аймағындағы шанышқылар қозғалысының салыстырмалы жылдамдығы, олардың шеңберлі жылдамдығының қосындысына тең. Екінші барабанның шанышқылары жүн түйдектерін бірінші барабанның бетінен түсіреді және конденсер 17 қарай жүргізеді. Барабанда 15 қалған түйдектер 14 және 16 шанышқылар арқылы түсіріледі. Келесі машинаға талшық құбыржетек 18 бойынша шығарылады.
Екі барабанның өзара әсерлесу аймағындағы жүннің қарқынды қопсытылуы, 1 кг өңделетін талшыққа келетін соққы санымен бағаланады және мына формула бойынша анықталынады:
SP=(V1+V2)k1k2 ·60/P (2)
мұндағы V1 және V2 - шанышқылар бойынша бірінші және екінші барабанның шеңберлі жылдамдығы, м/мин; k1 және k2 - өзара әсерлесетін барабандар беттігінің 1 текше метрге келетін шанышқылар саны; Р – тиелген жүн бойынша түту агрегатының өнімділігі, кг/сағ.
Агрегат өнімділігі, кг/сағ,
P=Vиmb·60KшПУК (3)
мұндағы Vи – инелі тордың жылдамдығы, м/мин; m – 1м2 инелі торға келетін талшықты материалдың салмағы (0,2-0,3 кг); b – инелі тордың жұмысшы ені (1,2 м); Kш - түтуден кейінгі талшықтың шығу коэффициенті (0,95-0,97); ПУК – пайдалы уақыт коэффициенті (0,95-0,96).
АРТ-120-Ш қопсытып-түту агрегатының өнімділігі 500 кг/сағ дейін. [9]
Жүн және вискоза талшықтарын майлау. Жүн талшықтарының қоспасын майлау (эмульсиялау) аппаратты және тарақты иіруде технологиялық процестің қалыпты өтуіне жақсы ықпал етеді.
Жүн талшықтарын майлаудың арқасында қарқынды өңдеу процесінде олардың үзілгіштігі азаяды (кардты тарауда, тарақты тарауда, таспалы машиналарда созу кезінде); талшықтардың электрленуі, шаңдануы, түбіттің пайда болуы азаяды. Осының бәрі қоспадан иірімжіп шығуының жоғарылауына және өндірісте қалдықтардың азаюына тікелей әсер етеді.
Осылайша, талшықты қоспаларды майлаудың мақсаты – жүн талшықтарының электрленуін азайту, олардың иілгіштігі мен ұзаруын жоғарылату, яғни иірімжіп дайындаудың технологиялық процестерінің дұрыс өтуін қамтамасыз етеді.
Майлау эмульсиясы келесі талаптарға сай болуы қажет:
талшықты массада бірқалыпты таралуы үшін қабатталуға тұрақты болу керек;
жуу кезінде оңай кетірілуі керек;
арзан және өртке қауіпсіз болуы қажет;
талшықтар мен жұмысшы бөлшектерінің гарнитураларына зиянды әсер ететін еркін қышқылдар мен күйдіргіш сілтілер болмау керек;
талшық бетінде қатып қалатын және жабысқақ болмау керек, болмаған жағдайда талшықтар жұмысшы бөлшектерге жабысатын болады, есу жеңдері істен шығып, тарам сапасы нашарлайды.
Аппаратты және тарақты қоспалар үшін майлы компоненттері бар майлау эмульсиялары бір-бірінен оның эмульсиядағы және майлаудан кейінгі талшықтардағы мөлшері бойынша ажыратылады.
Төменде аппаратты иіру жүйесіндегі құрғақ талшықтың массасына %-бен май шығыны келтірілген.
