- •«Конфликтология» пәні бойынша
- •Мамандық: 5в010300– Педагогика және психология
- •Мазмұны
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •2.Пән бойынша оқу – әдістемелік материалдар
- •1. ПӘннің оқу бағдарламасы – sҮllAвus
- •1.1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәлімет:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі:
- •1.6. Пән бойынша тапсырмалар орындау мен тапсырулар кестесі:
- •1.8 Студенттердің білімін бағалау критериилері:
- •1.9. Курстың тақырыптық жоспары:
- •1.2. Қақтығыс теориясын қалыптастырудағы бағыттар.
- •1.3. Қақтығыстанудың әдістемесі және әдістері.
- •2 Лекция тақыры: Қақтығыстанудың қалыптасу тарихы.
- •1. Ежелгі әлем ойшылдарының еңбектеріндегі қақтығыстық қатынастар мәселесі.
- •2. Қақтығыстарды Орта ғасыр және Қайта Өрлеу дәуірлерінде зерттеу.
- •3. Жаңа Заман және Ағарту дәуіріндегі ойшылдардың қақтығысқа көзқарасы.
- •3 Лекция тақыры: Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.
- •Қақтығыстың мәні мен оның құрылымы.
- •Қақтығыстар типологиясы.
- •3. Қақтығыстардың қызметтері.
- •4 Лекция тақырыбы: Қақтығыстарды басқару.
- •1. Қақтығыстағы мінез-құлық стратегиясы және стилі.
- •2. Компромисс және консенсус
- •3. Қақтығыстарды реттеу әдістері.
- •5 Лекция тақырыбы: Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.
- •1. Қақтығыстың пайда болуының объективтік факторлары.
- •2. Қақтығыстардың ұйымдастырушылық-басқарушылық себептері.
- •Қақтығыстардың әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері.
- •6 Лекция тақырыбы: Әлеуметтік қақтығыстың динамикасы.
- •Қақтығыс дамуындағы негізгі кезеңдер.
- •2. Қақтығыстың эскалациясы.
- •3.Қақтығыс дамуындағы негізгі кезеңдер.
- •7 Лекция тақырыбы: Тұлға ішілік қақтығыстар.
- •1. Тұлға ішілік қақтығыстар: анықтамасы, ерекшеліктері.
- •2. Тұлға ішілік қақтығыстарды шешу әдістері.
- •3. Психологяилық қорғау.
- •Тұлға ішілік қақтығыстарды салдары.
- •8 Лекция тақырыбы: Орта мектептердегі қақтығыстар.
- •1. Мектептегі оқушылар арасындағы қақтығыстар.
- •2. Мұғалім мен оқушы арасындағы қақтығыстарды шешу.
- •Педагогикалық қақтығыстардың ерекшеліктері.
- •3. Мұғалімдер арасындағы қақтығыстардың
- •9 Лекцияның тақырыбы: Қақтығыстардың алдын алу.
- •Қақтығыстарды болжау мен оның профилактикасы.
- •10 Лекцияның тақырыбы: Қақтығыстарды шешу.
- •Қақтығыстарды конструктивтік шешу жолдары.
- •Медиаторлық және қақтығыстарды реттеу.
- •2.2. Семинар сабақтарының жоспары
- •2.3. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.5. Оқу сабақтарында бағдарламалық және мультемедиялық құралдарды пайдалану.
- •2.6. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз ету
- •2.7. Курс бойынша жазбаша жумыстар тақырыптары
- •2.8. Емтиханға арналған тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •20 __/20__ Оқу жұмыс бағдармасындағы қосымшалар мен өзгерістер
10 Лекцияның тақырыбы: Қақтығыстарды шешу.
Жоспар:
Қақтығыстарды конструктивтік шешу жолдары.
Медиаторлық және қақтығыстарды реттеу.
Қақтығыстарды конструктивтік шешу жолдары.
Қақтығыстарды шешу қақтығыс себептерін шешу бойынша екі жақтың активті әрекетін белгілейді. Қақтығысты шешу үшін оппоненттердің өздерін, олардық қақтығыс барысында ұстанған позицияларын ауыстыру керек. Көп жағдайларда қақтығыстың шешілуі оппоненттердің объектіге немесе бір-біріне деген бағаларының өзгеруіне негізделеді.
Қақтығысты реттеу оны шешуден ерекшеленеді. Себебі мұнда оппоненттер арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге үшінші жақ қатысады. Үшінші жақтың қатысуы екі жақтың келісімімен немесе келісімінсіз жүзеге асуы мүмкін болып табылады. Қақтығыстың аяқталуы оның негізінде жататын қарама-қайшылықтарды шешумен ғана сипатталмайды.
Қақтығыстың сөнуі – бұнда қақтығыстың негізгі көрсеткіштері қарама-қайшылық және қарым-қатынастар арасында қысым орын алып қарсы әрекеттер уақытша ғана тоқтатылады. Қақтығыс тікелей түрінен жасырын түріне ауысады. Қақтығыстың сөнуі орын алады: қарсы әрекет мотиывациясы жоғалғанда, мотивация өз бағытын өзгерткенде, игіліктер мен күштер таусылғанда
Қақтығысты жою кезінде қақтығыстың қазіргі құрылымдық элементтері жойылып, оппоненттердің қарым-қатынасы ұзақ уақытқа тоқтатылып, қақтығыстың объектісі жойылады.
Медиаторлық және қақтығыстарды реттеу.
Қақтығыстың аяқталуы мен шешілуіне өте үлкен әсерін тигізетін маңызды фактор болып үшінші жақ немесе медиаоторлық табылады. Бұл қақтығысқа қатысушы үшінші жақты оптимизациялауға бағытталған әрекеттің түрі болып табылады.
Қақтығысты реттеу барысында үшінші жақ (медиатор) ретінде көбінесе бір адам, топ немесе екі-үш кәсіби маман қатысады. Медиатор ретінде мемлекет те көрініс таба алады. Медиаторлық – қақтығысты шешудің ежелгі түрлерінің бірі болып табылады.
Ресми медиатор ретінде болуы мүмкін: мемлекет аралық мекемелер (мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымы), жеке мемлекеттер, мемлекеттік құқықтық институттар өкіметтік және басқа да мемлекеттік комиссиялар, құқыққорғау мекемелерінің өкілдері, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, кәсіби медиатор-қақтығыстанушы мамандар.
Ресми емес медиаторлар ретінде болуы мүмкін: қоғамдық маңызды жұмыстарда танымалдылыққа қол жеткізген танымал
азаматтар, діни мекемелердің жетекшілері, шамандар, кәсіби психологтар, педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлер, әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік топтардың ресми емес жетекшілері, жасы үлкен адамдар, достар, көршілер және қақтығысты сырттан бақылаушы бөтен адамдар.
Пайдалануға ұсынылатын әдебитетер: [1,4,5,6,7,8,9,16,19].
2.2. Семинар сабақтарының жоспары
Семинарлық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сабақтарында, дайындық үрдісінде лекциялық материалдарды және нұсқаулық әдебиеттерді қолдану қажет. Көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерден басқа ғылыми мерзімдік басылымдарға да шолу жасаған дұрыс.
Оқу материалдарын негізгі түсініктердің мазмұнын игерумен және құбылыстардан, процестерден нақты мысалдар келтіру арқылы бекіту керек.
Тақырып: 1. Қақтығыстанудың теориялық-әдістемелік негіздері.
Сұрақнама:
1. Қақтығыстану ғылыми пән ретінде.
Қақтығыс теориясын қалыптастырудағы бағыттар.
Қақтығыстанудың әдістемесі және әдістері.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1.
Қақтығыстарды зерттеуде екі негізгі бағытты бойынша берілген кестені толтырыңыз:
1 |
Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Н.Смелзер концепциясы (функционализм). |
Маркс, М.Вебер, Р.Дарендорф теориялары, (структурализм). |
|
|
|
Тапсырма 2. Түрлі ғылымдар саласындағыконфликтіге берілген анықтамаларға сипаттама беріңіздер:
Түрлі ғылымдар |
Сипаттамасы |
Философия |
|
Психология |
|
Әлеуметтану Педагогика |
|
Тақырып: 2. Қақтығыстанудың қалыптасу тарихы.
Сұрақнама:
1.Ежелгі әлем ойшылдарының еңбектеріндегі қақтығыстық қатынастар мәселесі.
Қақтығыстарды Орта ғасыр және Қайта Өрлеу дәуірлерінде зерттеу.
Жаңа Заман және Ағарту дәуіріндегі ойшылдардың қақтығысқа көзқарасы.
ХІХ ғ. – ХХ ғ. басындағы қақтығыстану ойлары.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1.
Конфликтология ғылымының қалыптасу тарихын зерттеуге байланысты кестені толықтырыңыз:
№ |
Ғасырлар |
Сипаттама |
1 |
Ежелгі уақыт |
|
2 |
Орта ғасыр |
|
3 |
Қайта Өрлей кезеңі |
|
4 |
Жаңа заман мен Ағарту дәуірі. |
|
5 |
ХІХ ғасырдың бірінші жартысы. |
|
6 |
ХІХ ғасырдың екінші жартысы |
|
Тапсырма 2. «Егер әркім басқасына зиян келтірмей, қақтығыстың пайда болуына әкелмесе, онда заңдар әркімге еркінше өмір сүруіне шек қоймас еді» - деген пікірді толықтырыңыз.
Тақырып: 3. Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.
Сұрақнама:
Қақтығыстың мәні мен оның құрылымы.
Қақтығыстар типологиясы.
Қақтығыстардың қызметі.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Л.Козер әлеуметтік қақатығысты объективтік мақсаттар үшін күрестегі әлеуметтік топтар немесе индивидтердің мүддесі мен сезімін сипаттайтын идеологиялық құбылыс ретінде анықтайды деген ой пікірін талдаңыздар.
Тапсырма 2. Конфликтінің компоненттеріне сипаттама беріңіздер.
Тақырып: 4. Қақтығыстарды басқару
Сұрақнама:
1. Қақтығыстағы мінез-құлық стратегиясы және стилі.
2. Компромисс және консенсус.
3. Қақтығыстарды реттеу әдістері.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Конфронтация немесе бақталастық – ............ сөйлемді аяқтаңыздар.
Тапсырма 2. Бейімделу мінез-құлықтың пассивті түрі ретінде қақтығыс қатысушыларының қақтығыс жадайын жеңілдетуге .......... сөйлемді аяқтаңыздар.
Тапсырма 3. Берілген стиль мына қағидаға сүйенеді: «Қайықты қозғалтып қажеті жоқ», «Татулықта өмір сүрейік». «Реттеуші» қақтығыстың, конфронтацияның белгілерін сыртқа шығармауға тырысады деген пікірдің мағынасын қалай түсінесіздер талқылаңыздар.
Тақырып: 5. Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.
Сұрақнама:
1. Қақтығыстың пайда болуының объективтік факторлары.
2. Қақтығыстардың ұйымдастырушылық-басқарушылық себептері.
3. Қақтығыстардың әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері.
Тапсырма 1. Қақтығыстардың пайда болуы себептерін кесте түрінде жазып көрсетіңіздер.
Тапсырма 2. Қақтығыстардың объективтік себептеріне негізінен қызығушылықтар, қондырмалар мен т.б. қақтығысуына әкелген адамдар қарым-қатынасының әлеуметтік ...........болады деген пікірді толықтырыңыздар.
Тапсырма 3. Қақтығыстардың субъективтік себептері, негізінен орын алған объективтік қарама-қайшылықты шешуде басқа емес, дәл қақтығысты таңдауға әкелетін оппоненттердің ерекшеліктері сөйлемді толықтырыңыздар.
Тақырып: 6. Әлеуметтік қақтығыстың динамикасы.
Сұрақнама:
1. Қақтығыс дамуындағы негізгі кезеңдер.
2. Қақтығыстың эскалациясы.
3. Қақтығыстың әртүрлі түрлерінің динамикасы.
Тапсырма 1.
Кульминация – ұғымына келесі ғылымдар төңірегінде анықтама беріңіздер:
№ |
Ғылымдар |
Анықтамалар |
1 |
Философия |
|
2 |
Психология |
|
3 |
Әлеуметтану |
|
4 |
Педагогика |
|
Тапсырма 2. Қақтығыстардың жиілігі бір жыл ішіндегі ортақ әрекетті ұйымдастыруға байланысты болады. Мысалы, офицерлер үшін ең ..........жыл мезгілі көктем, соның ішінде - мамыр айы болып табылады. Сөйлемді толықтырыңыздар.
Тақырып: 7. Тұлға ішілік қақтығыстар.
Сұрақнама:
1. Тұлға ішілік қақтығыстар: анықтамасы, ерекшеліктері.
2. Тұлға ішілік қақтығыстарды шешу әдістері.
3. Психологяилық қорғау.
4. Тұлға ішілік қақтығыстарды салдары.
Тапсырма 1. Психология ғылымындағы тұлға ішілік қақтығыстарды қарастырған ғалымдардың анықтамаларын кестеге толтырып жазыңыздар.
№ |
Ғалымдардың аты –жөні |
Анықтамалар |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
4 |
|
|
5 |
|
|
Тапсырма 2. Тұлға ішілік қақтығыстарды шешу әдістеріне сипаттама беріңіздер.
Тақырып: 8. Орта мектептердегі қақтығыстар.
Сұрақнама:
1. Мектептегі оқушылар арасындағы қақтығыстар.
2. Мұғалім мен оқушы арасындағы қақтығыстарды
шешу.
3. Мұғалімдер арасындағы қақтығыстардың
ерекшеліктері.
Тапсырма 1. Қарым-қатынасқа түсетін субъектілерге қарап қақтығыстардың мына түрлерін жіктеуге болады: оқушы-........; оқушы-..........; оқушы - .........; ата-ана – ..........; ата-ана - .......; әкімшілік-............ толықтырыңыздар.
Тапсырма 2. Психолог М.М.Рыбаковский (1991) бойынша мұғалім мен оқушы арасындағы қақтығыстардың түрлері қандай екендігін кесте бойынша сызып көрсетіңіздер.
Тақырып: 9. Қақтығыстарды болжау мен оның профилактикасы.
Сұрақнама:
1. Қақтығыстардың алдын алу технологиялары.
2.Әрекет нәтижелерін бағалау және қақтығыстардың профилактикасы.
Тапсырма 1. Мұғалімдердің қарым-қатынасқа түсуін салыстырып, талдаңыздар
Әкімшілік-мұғалім |
35,5% |
Мұғалім-қамтамасыздандыру қызметкерлері |
7,5% |
Пән мұғалімдері арасындағы қақтығыстар |
15% |
Жас мұғалімдер-тәжірибесі бар мұғалімдер |
7,5% |
Мұғалім-оқушы |
24,8% |
Мұғалім – ата-ана |
14,3% |
Тапсырма 2. Мұғалімдердің әлеуметтік-әрекеттік басымдылықтары салыстыра отырып талдаңыздар
Материалдық қамтамасыздандыру |
54% |
Кәсіби әрекеттегі болсандық, тәуелсіздік |
36% |
Қоршаған адамдардың құрметі |
31,5% |
Үлкен демалыс уақыты |
19,5% |
Әкімшілік, әріптестер, ата-аналармен жақсы қарым-қатынастьар |
65,3% |
Өзіңді реализациялау мүмкіндігі |
22,5% |
Тапсырма 3. Сіздерде кесте бойынша педагогтың қай кезде және кіммен конфликтілік жағдайларға жиі баратындығын кесте бойынша көрсетіңіздер.
Тақырып: 10. Қақтығыстарды шешу.
Сұрақтар:
1. Қақтығыстарды конструктивтік шешу жолдары.
2. Медиаторлық және қақтығыстарды реттеу.
Тапсырма 1. Қақтығыстардың алдын алу бойынша әрекетті әлеуметтік өзара байланыстың қатысушылары, мекеме басшылығы, қақтығыстану мамандары жүзеге асыруы мүмкін. Ол негізгі төрт бағыт бойынша жүргізіледі:
№ |
Бағыттары |
1 |
|
2 |
|
3 |
|
4 |
|
Тапсырма 2. Адамдар арасындағы қақтығыстады талдау, олардың пайда болуының объективтк себебі, қоғамдағы материалдық игіліктердің жеткіліксіздігі ....................................... сөйлемді аяқтаңыздар.
Лабороториялық сабақтар жоспары (жоспарланбаған)
Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
Курстық жобалар, зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар жоспарланбаған.
