Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Конфл.ПИП -12-2.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
384 Кб
Скачать
☆

3. Жаңа Заман және Ағарту дәуіріндегі ойшылдардың қақтығысқа көзқарасы.

Жаңа заман мен Ағарту дәуірі. Жаңа Заман және Ағарту дәуіріндегі ойшылдардың қақтығыстанушылық ойларын қарастырғанда, сол уақыттың әлеуметтік-мәдени және қоғамдық құрылымына назар аудау керек. Бұл еуропалық елдердегі экономикалық қана емес, сонымен бірге үлкен мәдени шарықтаудың кезеңі болды. Бұның барлығы қоршаған әлем құбылыстарын, соның ішінде қақтығыстарды танудағы жүйелік бағыттың қалыптасуына алғышарт болды. Осы кезеңде қақтығыс мәселелрін қарастырған ойшылдар қатарына Френсис Бэкон, Томас Гоббс, Жан-Жак Руссо, Адам Смит және т.б. жатады. Атап айтқанда, Ф.Бэкон әлеуметтік қақтығыстардың себептерін талдауға бірінші болып жүйелік бағытты қолданған. Бұнда «барлығының барлығына бағытталған күресі» атты Т.Гоббстың концепциясы да қызығушылық туғызады.

4. ХІХ ғ. – ХХ ғ. басындағы қақтығыстану ойлары.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысы. Қақтығыстану ойларының берілген даму кезеңінде маңызды болып классикалық неміс философиясы өкілдерінің – Иммануил Кант, Георг Гегель, Людвиг Фейербахтың ойлары табылады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғалымдардың ойларын қарастырғанда, олардың сол уақыттағы күрделі әлеуметтік мәселелерге байланысты көзқарастарына назар аудару керек. Атап айтқанда оған соғыс пен бейбітшілік мәселесі жатады. Мұнда И.Канттың («Мәңгілік бейбітшілік туралы»), Г.Гегельдің ойлары қызықты болып табылады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы. Қақтығыстану ойлары эволюциясының берілген кезеңін қарастырғанда, оның қақтығыстанудың жеке теория ретінде қалыптасуында маңызды орын алатындығын ескерген жөн. Бұл бірнеше факторларға байланысты болып табылады:

  1. Берілген уақытта қақтығыс мәселесі бойынша кең ауқымды ақпарат жинақталды. Олар өткен дәуір ойшылдарының көзқарастарында көрініс тапты.

  2. Берілген кезең үлкен әлеуметтік күйреумен – соғыстар, экономикалық дағдарыстар, әлеуметтік революция және т.б. сипатталды. Бұның барлығы терең ғылыми талдауды қажет еті.

  3. Берілген уақытта адамдардың әлеуметтік таным мүмкіндіктерін өзгерткен жаңа ғылымдар мен концепциялар тізбегі пайда болды. Бұлардың қатарына негізін Карл Маркс және Фридрих Энгельс салағн марксизм жатады.

Ерекше атап өтуге лайықты жұмыстарға неміс теоретигі Карл Клаузевицтің «Соғыс туралы», Георг Зиммель, Зигмунд Фрейд және Питирим Сорокиннің еңбектерін жатқызуға болады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебитетер: [2,4,6,8,9,12,17,19].

3 Лекция тақыры: Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.

Жоспар:

  1. Қақтығыстың мәні мен оның құрылымы.

  2. Қақтығыстар типологиясы.

  3. Қақтығыстардың қызметі.

        1. Қақтығыстың мәні мен оның құрылымы.

Л.Козер әлеуметтік қақатығысты объективтік мақсаттар үшін күрестегі әлеуметтік топтар немесе индивидтердің мүддесі мен сезімін сипаттайтын идеологиялық құбылыс ретінде анықтайды. Объективтік мақсаттарға ол: билік, статусты өзгерту, кірісті қайта бөлу, құндылықтарды қайта қарастыруды жатқызады. Оның ойынша қақтығыстар әлеуметтік жүйенің бір орында қалуына жол бермей, инновациялардың орын алуына мүмкіндік береді. Басқа американ ғалымы К.Боулдингқа сәйкес, қақтығыс қызығушылықтардың саналы және жетілген қарама-қайшылықтарын белгілейді. Р.Дарендорф қақтығыс ретінде «нормалар мен күтулердің, институттар мен топтардың барлық қарама-қарсы құрылымдық қатынастарын» түсінеді.

Американ әлеуметтанушылары Р.Макк және Р.Снайдер әлеуметтік қақтығысқа тән келесі белгілер топтарын бөледі:

  1. Қақтығыстың қажетті жағдайы, кем дегенде қарама-қарсы екі жақтың болуы.

  2. Қақтығыс көздердің позициондық белгісінің және дефицит белгісінің орын алуына орай туындайды.

  3. Қақтығыс екі жақ бір-бірінің арқасында пайда табуды көздегенде орын алады.Осының нәтижесінде қақтығыс мінез-құлқының өзі, қарсы жақты жоюға немесе кем дегенде билік астына алуға бағытталу ретінде көрініс табады.

  4. Қақтығыстық қарым-қатынас, қақтығысушы жақтар бір-бірін жоққа шығаратын мақсаттарды көздегенде орын алады.

  5. Қақтығыстық қарым-қатынастардың маңызды аспектысы болып билік табылады.

Қақтығыс бір жақ екінші жақтың мақсаттарының өзінікімен сәйкес келмейтіндігін түсінген уақыттан бастап орын алады. Мұндағы келіспеушілік, альтернативалардың екі жақты да қаншалықты қанағаттандыра алатындығына байланысты болады. Егер де альтернативалар екі жақтың да қызығушылықтарына сәйкес келсе, онда қақтығыс өрбімейді.