- •«Конфликтология» пәні бойынша
- •Мамандық: 5в010300– Педагогика және психология
- •Мазмұны
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •2.Пән бойынша оқу – әдістемелік материалдар
- •1. ПӘннің оқу бағдарламасы – sҮllAвus
- •1.1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәлімет:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі:
- •1.6. Пән бойынша тапсырмалар орындау мен тапсырулар кестесі:
- •1.8 Студенттердің білімін бағалау критериилері:
- •1.9. Курстың тақырыптық жоспары:
- •1.2. Қақтығыс теориясын қалыптастырудағы бағыттар.
- •1.3. Қақтығыстанудың әдістемесі және әдістері.
- •2 Лекция тақыры: Қақтығыстанудың қалыптасу тарихы.
- •1. Ежелгі әлем ойшылдарының еңбектеріндегі қақтығыстық қатынастар мәселесі.
- •2. Қақтығыстарды Орта ғасыр және Қайта Өрлеу дәуірлерінде зерттеу.
- •3. Жаңа Заман және Ағарту дәуіріндегі ойшылдардың қақтығысқа көзқарасы.
- •3 Лекция тақыры: Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.
- •Қақтығыстың мәні мен оның құрылымы.
- •Қақтығыстар типологиясы.
- •3. Қақтығыстардың қызметтері.
- •4 Лекция тақырыбы: Қақтығыстарды басқару.
- •1. Қақтығыстағы мінез-құлық стратегиясы және стилі.
- •2. Компромисс және консенсус
- •3. Қақтығыстарды реттеу әдістері.
- •5 Лекция тақырыбы: Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.
- •1. Қақтығыстың пайда болуының объективтік факторлары.
- •2. Қақтығыстардың ұйымдастырушылық-басқарушылық себептері.
- •Қақтығыстардың әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері.
- •6 Лекция тақырыбы: Әлеуметтік қақтығыстың динамикасы.
- •Қақтығыс дамуындағы негізгі кезеңдер.
- •2. Қақтығыстың эскалациясы.
- •3.Қақтығыс дамуындағы негізгі кезеңдер.
- •7 Лекция тақырыбы: Тұлға ішілік қақтығыстар.
- •1. Тұлға ішілік қақтығыстар: анықтамасы, ерекшеліктері.
- •2. Тұлға ішілік қақтығыстарды шешу әдістері.
- •3. Психологяилық қорғау.
- •Тұлға ішілік қақтығыстарды салдары.
- •8 Лекция тақырыбы: Орта мектептердегі қақтығыстар.
- •1. Мектептегі оқушылар арасындағы қақтығыстар.
- •2. Мұғалім мен оқушы арасындағы қақтығыстарды шешу.
- •Педагогикалық қақтығыстардың ерекшеліктері.
- •3. Мұғалімдер арасындағы қақтығыстардың
- •9 Лекцияның тақырыбы: Қақтығыстардың алдын алу.
- •Қақтығыстарды болжау мен оның профилактикасы.
- •10 Лекцияның тақырыбы: Қақтығыстарды шешу.
- •Қақтығыстарды конструктивтік шешу жолдары.
- •Медиаторлық және қақтығыстарды реттеу.
- •2.2. Семинар сабақтарының жоспары
- •2.3. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.5. Оқу сабақтарында бағдарламалық және мультемедиялық құралдарды пайдалану.
- •2.6. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз ету
- •2.7. Курс бойынша жазбаша жумыстар тақырыптары
- •2.8. Емтиханға арналған тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •20 __/20__ Оқу жұмыс бағдармасындағы қосымшалар мен өзгерістер
2. Компромисс және консенсус
Қақтығыстардың өзекті мәселесі – олардың шешілуі болып табылады (қақтығысты басқару, қақтығысты реттеу).
Қақтығысты басқаруға кіретін: қақтығысты болжау, біреулеріне ескерту мен екіншілерін стимулдау, қақтығыстардың тоқтатылуы, реттеу және шешу.
Компромистың екі түрін бөледі: мәжбүрлі және еркін. Оның бірінші түрі орын алған жағдайлармен байланысты болады. Екіншісі, белгілі бір сұрақтар бойынша келісім негізінде орын алады. Осындай компромистердің негізінде көптеген саяси партиялар блогы мен саяси коалициялар құрылыда.
3. Қақтығыстарды реттеу әдістері.
Қақтығыстан шығудың бейбіт жолын іздеуде әдістердің үш табын бөлуге болады.
Бірінші тобы қақтығыстың күш қолдану кезеңін тоқтатуға бағытталған. Екіншісі – қақтығысты тудырған қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған. Үшіншісі – қақтығыс жақтарының қарама-қарсылық деңгейін төмендетуге бағытталады.
Әдістердің әр тобы, әдістердің өздері сияқты артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Көбінесе әдістерді комплектсық түрде пайдаланған тиімді болып келеді.
Бірінші әдістер тобына ерте диагностика мен қақтығыс себептерін анықтау жатады. Осы мақсаттарға қақтығыстарды ЭВМ арқылы бақылауға негізделген стандартизацияланған процедуралар қолданылады. Алайда негізгі көңіл қақтығыстың күш қолданатын кезеңін болдырмау институтары мен механизмдеріне бөлінеді.
Қақтығысты тудырған қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған, екінші әдістің негізін салушы Дж.Бертон болып табылады. Дж.Бертонға сәйкес, қақтығысты шешу терең құрылымдарды өзгертуге негізделу керек. Қақтығыс жағдайындағы әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жүргізу берілген бағыттың орталық әдісі болып табылады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебитетер: [3,4,5,6,7,8,9,16,19,20].
5 Лекция тақырыбы: Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.
Жоспар:
Қақтығыстың пайда болуының объективтік факторлары.
Қақтығыстардың ұйымдастырушылық-басқарушылық себептері.
Қақтығыстардың әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері.
1. Қақтығыстың пайда болуының объективтік факторлары.
Қақтығыстардың пайда болуы себептері.
Қақтығыстың пайда болу себептерін табу мәселесі оның алдын алу мен соңын конструкциялауда маңызды орын алады. Қақтығыс дамуының қозғаушы күшін білмей оны реттеуге әсер ету мүмкін емес. Қақтығысты сипаттаушы модельдердің негізінде ғана оның табиғи дамуына араласуға болмайды. Сипаттаушы модельдерді құру қақтығыстың жүйелік-генетикалық талдауының нәтижесі болып табылады. Ол қақтығыстың пайда болу себептерін, оның қозғаушы күштерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қақтығыстардың пайда болуының объективтік факторлары.
Қақтығыстардың пайда болуы мен дамуының төрт топ факторлары мен себептері болады: объективтік, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық. Факторлардың бірінші екі тобы объективтік сипатқа ие болып, үшіншісі мен төртіншісі – негізінен субъективтік болып табылады.
Қақтығыстардың объективтік-субъективтік сипаттағы себептерін түсіну оның алдын алу мен оптималды стратегиялар құруға көмектеседі. Қақтығыстардың объективтік себептеріне негізінен қызығушылықтар, қондырмалар мен т.б. қақтығысуына әкелген адамдар қарым-қатынасының әлеуметтік жағдайын жатқызуға болады. Объективтік себептер қақтығысқа дейінгі атмосфераны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
