- •«Конфликтология» пәні бойынша
- •Мамандық: 5в010300– Педагогика және психология
- •Мазмұны
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •2.Пән бойынша оқу – әдістемелік материалдар
- •1. ПӘннің оқу бағдарламасы – sҮllAвus
- •1.1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәлімет:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі:
- •1.6. Пән бойынша тапсырмалар орындау мен тапсырулар кестесі:
- •1.8 Студенттердің білімін бағалау критериилері:
- •1.9. Курстың тақырыптық жоспары:
- •1.2. Қақтығыс теориясын қалыптастырудағы бағыттар.
- •1.3. Қақтығыстанудың әдістемесі және әдістері.
- •2 Лекция тақыры: Қақтығыстанудың қалыптасу тарихы.
- •1. Ежелгі әлем ойшылдарының еңбектеріндегі қақтығыстық қатынастар мәселесі.
- •2. Қақтығыстарды Орта ғасыр және Қайта Өрлеу дәуірлерінде зерттеу.
- •3. Жаңа Заман және Ағарту дәуіріндегі ойшылдардың қақтығысқа көзқарасы.
- •3 Лекция тақыры: Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.
- •Қақтығыстың мәні мен оның құрылымы.
- •Қақтығыстар типологиясы.
- •3. Қақтығыстардың қызметтері.
- •4 Лекция тақырыбы: Қақтығыстарды басқару.
- •1. Қақтығыстағы мінез-құлық стратегиясы және стилі.
- •2. Компромисс және консенсус
- •3. Қақтығыстарды реттеу әдістері.
- •5 Лекция тақырыбы: Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы.
- •1. Қақтығыстың пайда болуының объективтік факторлары.
- •2. Қақтығыстардың ұйымдастырушылық-басқарушылық себептері.
- •Қақтығыстардың әлеуметтік-психологиялық және тұлғалық себептері.
- •6 Лекция тақырыбы: Әлеуметтік қақтығыстың динамикасы.
- •Қақтығыс дамуындағы негізгі кезеңдер.
- •2. Қақтығыстың эскалациясы.
- •3.Қақтығыс дамуындағы негізгі кезеңдер.
- •7 Лекция тақырыбы: Тұлға ішілік қақтығыстар.
- •1. Тұлға ішілік қақтығыстар: анықтамасы, ерекшеліктері.
- •2. Тұлға ішілік қақтығыстарды шешу әдістері.
- •3. Психологяилық қорғау.
- •Тұлға ішілік қақтығыстарды салдары.
- •8 Лекция тақырыбы: Орта мектептердегі қақтығыстар.
- •1. Мектептегі оқушылар арасындағы қақтығыстар.
- •2. Мұғалім мен оқушы арасындағы қақтығыстарды шешу.
- •Педагогикалық қақтығыстардың ерекшеліктері.
- •3. Мұғалімдер арасындағы қақтығыстардың
- •9 Лекцияның тақырыбы: Қақтығыстардың алдын алу.
- •Қақтығыстарды болжау мен оның профилактикасы.
- •10 Лекцияның тақырыбы: Қақтығыстарды шешу.
- •Қақтығыстарды конструктивтік шешу жолдары.
- •Медиаторлық және қақтығыстарды реттеу.
- •2.2. Семинар сабақтарының жоспары
- •2.3. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.5. Оқу сабақтарында бағдарламалық және мультемедиялық құралдарды пайдалану.
- •2.6. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз ету
- •2.7. Курс бойынша жазбаша жумыстар тақырыптары
- •2.8. Емтиханға арналған тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •20 __/20__ Оқу жұмыс бағдармасындағы қосымшалар мен өзгерістер
2 Лекция тақыры: Қақтығыстанудың қалыптасу тарихы.
Жоспар:
Ежелгі әлем ойшылдарының еңбектеріндегі қақтығыстық қатынастар мәселесі.
Қақтығыстарды Орта ғасыр және Қайта Өрлеу дәуірлерінде зерттеу.
Жаңа Заман және Ағарту дәуіріндегі ойшылдардың қақтығысқа көзқарасы.
ХІХ ғ. – ХХ ғ. басындағы қақтығыстану ойлары.
1. Ежелгі әлем ойшылдарының еңбектеріндегі қақтығыстық қатынастар мәселесі.
Қақтығыстанудың салыстырмалы түрде өзіндік теория мен тәжірибе ретінде 50-ж. соңына қарай қалыптасуына, ұзақ қалыптасу кезеңі алғышарт болған. Қақтығыстану ойлары алдымен философия, ал кейіннен әлеуметтану, психология және т.б. ғылымдар шеңберінде жинақталған. Осыған байланысты төмендегідей кезеңдерді белгілеп, қақтығыстарға байланысты ғылыми көзқарастар эволяциясын талдап өткен жөн.
Ежелгі уақыт. Бұл кезеңдегі ежелгі Қытай ойшылдарының көзқарастарына назар аудару қажет. Мұндағы ерекше орынға бірінші қытай философтарының бірі Конфуций (б.д.д. 551-479 жж.) ие. Оның философиялық, соның ішінде қақтығыстанушылық ойларын көптеген ғасырлар бойы қытай ойшылдары дамытқан. Қақтығыс мәселесін Конфуцийдің көптеген нақыл сөздерінен табуға болады. Солардың біреуі: «Өзіңе тілемейтінді, басқаларға жасама, сонда мемлекетте де, отбасында да саған қарсы ешкім болмайды». Қақтығыстардың негізін философ адамдардың «дұрыс ерлер» мен қарапайым халыққа бөлінуінен табады. Қарапайым адамдардың білімсіздігі мен тәрбиесіздігі адамдардың қарым-қатынас нормаларының, әділдіктің бұзылына әкеледі. Дұрыс ерлер үшін қарым-қатынас негізі –тәртіп болса, кішкенай адамдар үшін оол – пайда болып табылады.
Қақтығыстану тарихының алғышартын түсіну үшін антика философиясының маңызы зор. Қақтығыс мәселесіне байланысты антикалық көзқарастар, қарама-қарсылықтар туралы ілімнің негізінде қалыптасқан. Мысалы, Гераклитке (б.д.д. 520-460 жж. маңы) сәйкес, қарама-қарсылық дамудың жалпы және әмбебап әдісі болып табылады. Оның ойынша, «қарама-қарсылықтар келіседі, ал келіспеушіліктен ең жақсы гармония туады». Антика философиясындағы көптеген ойшылдар қақтығыстарды әлеуметтік құбылыстар контекстімен сәйкестендіріп, оларға әлеуметтік салдар тұрғысынан баға береді. Осылайша, мысалы, Гераклиттен біз мынаны табамыз: «Соғыс – барлығының әкесі және барлығының патшасы. Біреулерді ол бай, басқаларын – қарапайым адамдар, біреулерді құл, екіншілерін – бодан етті». Соғысты жағымды іс ретінде қарастырған Гераклитке қарағанда, Платон (б.д.д. 427-347 жж. маңы) оны сынға алып, үлкен зұлымдық ретінде анықтады.
2. Қақтығыстарды Орта ғасыр және Қайта Өрлеу дәуірлерінде зерттеу.
Орта ғасыр. Өз дамуын ортағасырлық ғалымдардың ойларында тапқан қақтығыстану идеяларының ерекшелігі, олардың діни сипатқа ие болуында болып табылады. Берілген тезисті дәлелдеу үшін бір уақытта қарама-қарсы және бөлінбес салаларда өтетін, адамдық және құдайлық тарихтың бірлігі туралы Аврелий Августиннің (354-430 жж.) ойларына жүгінуге болады. ерілген қарама-қарсы және бөлінбес тарих екі патшалық – құдайлық пен жердің мәңгі күресін сипаттайды. Августиннің ойларына ұқсас қақтығыстанудың идеяларын Фома Аквинский (1225-1274 жж.) ұсынады. Бұл көзқарастарды оның философиялық таным мен құдай сөзі туралы ой толғаныстарынан, рухани және қоғамдық билік, адам болмысы мен Құдай туралы идеяларынан көруге болады.
Қайта Өрлей кезеңі. Қайта Өрлеу дәуірі ғалымдарының көзқарастарының ерекшелігі, адам санасы туралы ежелгі грек филсофиясындағы ойларды жоғары деңгейде қарастыруында болып келеді. Адам мәселелерін қарастыруда діни сана билігінен босаған берілген кезең ойшылдары мәселелерге болмыстық көзқараспен қараған. Осы кезеңнің ұлы ойшылдарының - Николай Кузанский, Николай Коперник, Джордано Бруно, Николай Макиавеллидің көзқарастарын қарастырғанда, олардың көбісінің шіпкеу тарапынан репрессияға ұшырап, қатаң қақтығыс жағдайында болғандығын ескеру керек. Сонымен қоса олар адамның күшіне, оның санасы мен гармониясына сеніп, әлеуметтік қақтығыстарды шешу күшіне сенім артқан болатын.
