- •Мазмұны
- •1.1 Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
- •1.2 Қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаулардың маңызы және орны
- •1.3 Мемлекеттік айыптаудың субъектілері
- •2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері
- •2.2. Қылмыстық істі прокурорға жіберу
- •2.3. Прокурордың сот тергеуіне қатысуы.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Нормативтік құқықтық актілер
1.1 Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
Ст. 299 ҚР Қылмыстық iс жүргiзу кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетімізде сот төрелігін жүргізудің негіздерін қалайтын қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары қарай дамуы Қылмыстық Кодекстің және Қылмыстық Іс-жүргізу Кодексінің, Азаматтық Кодекс пен Азаматтық Іс-жүргізу Кодекстерін, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларын және т.б. нормативтік - құқықтық актілерді қабылдаумен байланысты болды. Бұл нормативтік құқықтық актілерде соттардың қоғамда қоғамдық әділеттілікті орнатуына, әділ сот өндірісін қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық іс-жүргізудің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне көңіл бөлінген.
Сот төрелігін жүргізуде заңдылықтың нақты қолданылуының маңызды кепілі прокурорлық қадағалау болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес, прокуратура органдары сотта мемлекет мүддесін білдіреді. Соттағы прокурордың құзіретін айұындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің "Прокуратура туралы" Заң күші бар Жарлығының 30-бабына сәйкес, "Қылмыстық, азаматтық немесе өзгеде сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық іс-жүргізу, азаматтық істер жүргізу және өзгеде заңдарына сәйкес шағым және қадағалау тәртібімен өкілеттілігін жүзеге асырады " деп көрсетілген.
Сотта мемлекет мүддесін білдіру прокурорлық қадағалаудың жеке саласы және прокуратура органдары қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Прокурор - өз құзіреті шегінде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуын, жедел – іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерінің өкілі болуды, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам ("Прокуратура туралы"Заңның 48-бабы).
Қылмыстық істерді сотта қарауда прокурор заңда белгіленген мемлекеттік айыптаушы құқықтық жағдайын иеленді және сотта маңызды фигураға айналады. Прокурордың бұл қызмет бағытының негізі нормативтік құжаты Қылмыстық іс жүргізу Кодексі болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу Кодексінің 317-бабына сәйкес, (2000 жылдың қаңтар айынан бастап) прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті.
Теорияда, заңда және тәжірибеде "мемлекеттік айыптаушы" ұғымы басқаша түсіндірілуге жатпайтын нақты белгілі бір мағынаға ие. Яғни, мемлекеттік айыптаушы дегеніміз – бұл сотта сотталушының кінәлілігі туралы өзінің қортындысын қорғайтын прокурордың іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. Заңда "мемлекеттік айыптаушы" термині сотта мемлекеттік мүддесін білдіргенде, прокурорлық қызметті жүзеге асырғанда қолданылатыны тектен-тек емес. Алдын-ала тергеуде прокурордың әрекеттері туралы сөз болғанда, заң оны "мемлекеттік айыптаушы" ретінде санамайды. Алдын-ала тергеуде тараптар, жарыспалылық қағидасы және сот та болмайды, осыған сәйкес ешкімнің алдында мемлекеттік айыптауды қолдау қажет емес. Нақ осы жағдай, яғни - "мемлекеттік айыптауды қолдау" – бас сот талқылауында прокурор қызметінің мәнін нақты сипаттайды.
Сот отырысында айыптаушы ретінде прокурордан басқа, тұлғалар да айыптаушы ретінде (мемлекеттік айыптаушы ретінде емес) қатысуы мүмкін. Айыптау субъектілерінің өкілеттілік көлемін, олардың сот отырысындағы іс-жүргізушілік орнын анықтау айыптаушылық қызметтің түрлерін нақты ажыратуға мүмкіндік береді. Сот отырысындағы “мемлекеттік айыптаушы” ұғымы прокурор жүргізетін айыптауға тиесілі бола отырып, тек қана іс- жүргізушілік сипатқа ғана емес, сонымен қатар, оны сот отырысының басқа қатысушыларынан нақты ажырататын саяси сипатқа да ие. Мемле-кеттік айыптауды қолдау қылмыстылықпен күресудің тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл сонымен қатар, қылмысты ескертуге байланысты прокуратура органдары қызметінің бір нысаны.6 Қылмыстық іс жүргізуде мемлекеттік айыптаушыға өте маңызды роль берілген. Оның мақсаты қылмысты ашу және жою, қылмыстық заң нормаларын бұзушыларды анықтау, кінәлілердің жазадан құтылмаушылығын қамтамасыз ету болып табылады. Айыптау қызметі арқылы (уәкілетті орган және тұлғалар арқылы) мемлекет қоғамдық және мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік және жеке меншікке, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қылмыстық қол суғұшылықтан қорғайды. Мемлекеттік айыптау – бұл оның айналасын, сот отырысының барлық қатысушыларының күш жігерін біріктіретін өзек (стержень) болып табылады.
Прокурордың соттағы айыпытау қорытындысы сот зерттеуінің негізгі пәні болып табылады. Өйткені, айыптаудың дұрыстығын тексеру мақсатында сотқа сотталушы, куә-куәгерлер, жәбірленушілер, сарапшылар т.б. шақырылады, әртүрлі тергеу әрекеттері жүргізіледі және тараптардың пікірі тыңдалады. Сот үкім шығаруда алдымен, оның алдына айыптаумен қойылған сұраққа жауап беруі тиіс: қылмыс болды ма және сотталушы кінәлі ме? Бір сөзбен айтқанда, айыптаудың дұрыс және негізділігін тексеру болып табылады.
Мемлекеттік айыптау сот отырысының айырықша жағдайларында жүргізілетін қылмыстық іс-жүргізушілік функция болып табылады. Мемлекеттік айыптаудың бастаулары сотталушы анықталған тергеру органдарының қызметінде жатыр. Бірақ, ол сотта материалдық – құқықтық тұрғыдан (айыптау қорытындысының тезисі толықтай өзгермеген жағдайда өзінде ) басқа әдіс-тәсілдер арқылы өмірге келе бастайды. Сотта айыптау функциясын орындаудың сол әдістерінің жиынтығы бір ұғымын - "мемлекеттік айыптауды қолдау" ұғымымен айтылады.
