- •Мазмұны
- •1.1 Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
- •1.2 Қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаулардың маңызы және орны
- •1.3 Мемлекеттік айыптаудың субъектілері
- •2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері
- •2.2. Қылмыстық істі прокурорға жіберу
- •2.3. Прокурордың сот тергеуіне қатысуы.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Нормативтік құқықтық актілер
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері
Ст. 301 ҚР Қылмыстық iс жүргiзу кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V.
1. Прокурор айыптау актісімен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделейді және мыналарды:
1) іс-әрекеттiң орын алғанын-алмағанын және іс-әрекет қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтитынын-қамтымайтынын;
2) iсте оны тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлардың бар-жоғын;
3) күдіктінің іс-әрекетi дұрыс сараланғанын-сараланбағанын;
4) адамға тағылып отырған іс-әрекеттің істе бар дәлелдемелермен расталғанын-расталмағанын;
5) адамның анықталған қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттердің барлығы бойынша күдікті деп танылғанын-танылмағанын;
6) іс бойынша өздеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы дәлелдемелер алынған барлық адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін шаралардың қабылданғанын-қабылданбағанын;
7) бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және істе оны өзгертуге не оның күшін жоюға негіздердің бар-жоғын;
8) азаматтық талап қоюды және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының қабылданғанын-қабылданбағанын;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзушылықтарға жол берілгенін-берілмегенін;
10) қылмыстық қудалау органының процестік шығындар сомаларын және соттың оларды өндіріп алуын қамтамасыз ету үшін өзге де сомаларды анықтау шараларын қабылдағанын-қабылдамағанын;
11) процестік келісім жасасу үшін негіздердің бар-жоғын тексереді.
Айыптау қорытындысын жасап тергеуші іс бойынша өз қызметін аяқтауға құқылы, егер: - дәлелденуге жататын барлық мән-жайлар анықталса; - айыпталушының кінәсі дәлелдемелермен расталса; - оның қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын (қылмыстық істі қысқартуға негіз болатын) мән-жайлар болмаса.
Айыптау қорытындысын жасау алдында тергеуші бірқатар іс жүргізу әрекеттерін орындауы тиіс. Енді соларға тоқталайық. ҚІЖК-нің 274-бабында былай делінген: «Алдын ала тергеуді аяқталған, ал жинақталған дәлелдемелерді айыптау қорытындысын жасау үшін жеткілікті деп танып, тергеуші ол жайында жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етуге және, сонымен қатар оларға іс материалдарымен танысуға құқылы екендігін түсіндіруге міндетті». Мұндай хабар беру ауызша да, жазбаша да болады. Бұл жағдай істе жазбаша ресімделген хабарлама қағаздың, телефонограмманың немесе жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің құқықтары ауызша түсіндірілгендігі туралы анықтаманың көшірмесін тіркеу арқылы көрініс табады.
Практикада бұл адамдардың іс материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігі ертерек анықталады. Бұл оларды азаматтық талапкер, жәбірленуші, т.б. ретінде таныған кезде болады. Олар өздерінің іс материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігін тиісті қаулыда жазады. Хабар беруден өздері тікелей бас тартқанымен тергеуші оларға тергеудің аяқталғандығы туралы хабарлауға міндетті.
Көрсетілген адамдар тарапынан іс материалдарымен таныстыру жөнінде жазбаша немесе ауызша өтініш болса тергеуші жәбірленушіні, оның өкілін және азаматтық талапкерді немесе оның өкілін іс материалдарымен, ал азаматтық жауапкерді немесе оның өкілін қойылған талапқа қатысты іс материалдарымен таныстырады.
Жәбірленушіге және оның өкіліне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе оның өкіліне іс материалдары, олар өз құқықтарын пайдаланғысы келетін жағдайларда ғана беріледі. Егер осы адамдар, мүмкіндігі бола тұрып, белгіленген уақытта іс материалдарымен танысуға келмесе, өз құқығын пайдаланғысы келетіні жайында тергеушіге ертесіне айтпаса, мұндай жағдай іс бойынша ары қарай іс жүргізуге кедергі бола алмайды.
Жәбірленушіге қылмыстық іс материалдарымен танысу мүмкіндігі берілмегендіктен қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару фактісі практикада болған. Бұл жағдайда зәбір көрген адам жебірленуші деп танылмауы мүмкін. Мысалы, Шет ауданының соты ҚК-тің 234-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталушы кәмелетке толмаған П. мен Ш. істерін қосымша тергеуге қайтарған. Кәнігі бұзақылық әрекеттен зардап шеккен В. мен М. тергеу барысында жәбірленушілер деп танылмағандықтан сот істі қайтарған.
Ал, КСРО Жоғарғы Соты, кезінде, мұндай қателіктер үшін істі қосымша тергеуге соттардың қайтармауын құптаған. КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы, өзінің 1985 жылғы 1 қарашадағы «Соттардың қылмыстық сот ісіне жәбірленушінің қатысуын реттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы» №16 қаулысында былай деп көрсетті: егер сот талқылауың тағайындағанда тергеу органдарының қылмыстан моральдық дене тұлғалық немесе материалдық зиян көрген адамды жәбірленуші деп танымағандығы анықталса, сот (судья) өзінің қаулысымен (ұйғарымымен) ондай адамды жәбірленуші деп тануға, ол жайында оны хабардар етуге, құқығын түсіндіруге және сот талқылауы тағайындағаннан кейін оның барлық іс материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тергеу анықтау формасында ғана жүргізілсе жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне тек анықтаудың аяқталғандығы және істің прокурорға жіберілгендігі хабарланады, оларға іс материалдары танысуға берілмейді.
Ереже осындай. Ол ҚІЖК-нің 288 бабында бекімін тапқан. Бірақ, заң шығарушы пайдаланған бұл формулировка анықтау жүргізген адамға, кейбір жәбірленушілерге, азаматтық талапкерлерге, т.б. жеңілдік беріп, олардың іс материалдарымен толықтай немесе ішінара танысуына мүмкіндік тудырады, тек тергеу жұмысына кедергі тудырмаса болғаны.
Қылмыстық процестің бірнеше қатысушысын қылмыстық істің мазмұнымен бір уақытта таныстыру немесе қандай кезек белгілеу құқығы тергеушіге берілген. Іс материалдарымен танысудың барысы мен нәтижедері хаттамаға түсіріледі.
Алдын ала тергеу органы бұл жайында берілген өтініштерді шешеді. ҚІЖК-нің 274-бабының талаптарын орындап тергеуші айыпталушыға алдын ала тергеудің аяқталғанын және істің барлық материалдарымен оның өзінің немесе қорғаушы көмегімен танысуға кұқылы екендігін, сондай-ақ алдын ала тергеуді толықтыру туралы өтініш бере алатындығын хабарлайды.
Алдын ала тергеуді аяқтар алдында тергеуші айыпталушының қорғаушыны керек ететін-етпейтіндігін анықтайды. Әдетте, бұл факт адамды айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыда, оны айыпталушының өз қолымен жазуы арқылы көрініс табады. Сонымен қатар, қорғаушыдан бас тарту айыпталушының бөлек арызында және оның іс материалдарымен танысу хаттамасында көрсетілуі тиіс. Егер айыпталушы қорғаушыдан бас тартса, онда қылмыстық істің барлық материалдары оған танысу үшін беріледі.
Айыпталушы істің жүргізілумен танысуға қатысуы үшін қорғаушы шақыру туралы өтініш білдірсе, сондай-ақ қорғаушы іске қатысқан болса, тергеуші барлық іс материалдарын айыптапушы мен оның қорғаушысына береді. Бұл субъектілердің біреуінің өтініші болғанда ғана олар іс материалдарымен жеке-жеке танысуы мүмкін.
Ондай өтініш, әдетте, өз қолымен жазған өтініш (арыз) түрінде іс материалдарында көрініс табады. Бұл ереже анықтаудың және алдын ала тергеудің жүргізілуі аяқталғанда қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын барлық жағдайларға таралады, яғни егер айыпталушы: а) қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасаса; б) ол мылқау, керең, соқыр немесе өзінің қорғану құқығын дене немесе ақыл-ой кемтарлығы себепті жүзеге асыра алмайтын адам болса; в) сот ісі жүргізілетін тілді білмесе; г) жазалау шарасы ретінде өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмысты жасады деп айыпталса; д) присяжныйлар соты қарауы мүмкін іс материалдарымен танысса.
Айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық істің барлық материалдарымен таныстыру қорғаушы келгенше кейінге қалдырылады, бірақ ол мерзім бес тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыпталушы таңдап алған қорғаушы көрсетілген мерзімде келе алмаса, тергеуші қылмыстардың көбісі немесе соңғылары жасалған ауданның заң консультациясы арқылы басқа қорғаушы шақыруға шара қолданады.
Тергеуші айыпталушы мен оның қорғаушысына істің барлық матермалдарын тігілген және нөмірленген күйінде ұсынады. Айыпталушы таныспаған материалдарды сотқа кейін жіберуге болмайды. Қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарылған іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін айыпталушыға қосымша тергеу материалдары ғана емес, істің барлық парақтары танысуға беріледі. ҚІЖК жобасында бұл ереже біршама өзгерген. ҚІЖК жобасының 313-бабының 4-бөлігіне сәйкес, қосымша тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін процеске қатысушыларға қосымша материалдармен танысуға мүмкіндік беріледі, ал олардан өтініш болса ғана іс материалдары түгелдей беріледі.
Егер алдын ала тері еу кезінде киноға түсіру немесе үн таспаға жазу қолданылса, олар айыпталушы мен оның қорғаушысына көрсетіледі және тыңдатылады. Іс бойынша бірнеше айыпталушы болса, онда оларға өздері қатысқан қылмыстар бойынша жинақталған материалдар ғана емес, қылмыстық істің барлық материалдары ұсынылады.
Қылмыстық істің материалдарымен таныстыру кезінде облыстық, қалалық соттардың қарауына жататын қылмыстарды жасаған адамдарға тергеуші олардың ісін присяжныйлар сотының қарауы туралы өтініш бере алатын құқығын, сондай-ақ мұндай өтінішті қанағаттандырудың заңдық салдарың, присяжныйлар сотының үкіміне шағым келтірудің және ол шағымды қараудың ерекшелігін түсіндіреді.
Айыпталушының істі присяжныйлар сотының қарауы туралы өтінішін не ондай құқықты пайдаланудан бас тартуын, сондай-ақ бұл мәселеге қатысты айыпталушының басқадай кез келген ұстанымын тергеуші арнайы, осы мақсатта жасаған хаттамада көрсетеді, оған тергеуші мен айыпталушы қол қояды. Дегенмен, бір іс бойынша қылмыстық жауаптылыққа, көбіне бірнеше адам тартылады.
Тергеу аяқталғаннан кейін тергеуші істің присяжныйлар сотында қаралуы туралы өтініш білдіретін-білдірмейтіндігін олардың әрқайсысынан сұрауға міндетті. Олардың әрқайсысының жауабы бөлек хаттамада көрсетіледі.
Егер, айыпталушылардың тым болмаса біреуі істің присяжныйлар сотында қаралуына қарсы болса, тергеуші мен прокурор істі бөліп шығару туралы мәселені шешуге тиісті, егер ол істің жан-жақты толық және әділ зерттеліп шешілуіне теріс ықпал етпейтін болса. Істің присяжныйлар сотында қаралуы туралы өтініш білдірмеген айыпталушы басқа айыпталушылардың ондай өтініш білдіргені жайында уақтылы хабардар болуы тиіс. Бұл ретте оған істің присяжныйлар сотында қаралуына қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі. Қылмыстық істі бөлектеу туралы қаулы шығарылған жағдайда істің барлық материалымен танысу процесі бөлектелген іс бойынша да, ол алынған іс бойынша да қайталануы тиіс. Әрине, мұндай жағдайда айыпталушылар тек «өздерінің» істерімен ғана танысады — істі присяжныйлар сотының қарағанын қалаған айыпталушы негізгі (өзінен екінші іс бөлініп шыққан) қылмыстық іс материалдарымен, ал істің жай сотта қаралуын қалаған айыпталушы бөлінген қылмыстық іс материалдарымен танысады.
Айыпталушы мен оның қорғаушысы қылмыстық іс материалдарымен танысып болған соң тергеуші олардан қосымша алдын ала тергеу жүргізу туралы өтініші бар-жоғын сұрайды. Қылмыстық іс материалдармен танысқанда айыпталушы одан кез келген мәліметті кез келген көлемде жазып алуға құқылы. Тергеуші оны қаламсаппен және қағазбен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге міндетті.
Тергеуі аяқталған қылмыстық істің материалдары қамауда отырған айыпталушыға және оның қорғаушысына қамауда ұстаудың заңда белгіленген ен көп мерзімі еткенге дейін кемінде бір ай қалғанша танысуға ұсынылады.
Айыпталушыны және оның қорғаушысын қамауда ұстаудың ең көп мерзімі өткенге дейін материалмен таныстыру мүмкін болмаса, Бас прокурор, облыстық және оған теңестірілген прокурорлар, әскери прокурор қамауда ұстаудың ең көп мерзімі өткенге дейін кемінде 5 тәулік қалғанша бұл мерзімді ұзарту туралы облыстық және оған теңестірілген судья алдында өтініш қозғайды.
