- •Мазмұны
- •1.1 Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
- •1.2 Қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаулардың маңызы және орны
- •1.3 Мемлекеттік айыптаудың субъектілері
- •2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері
- •2.2. Қылмыстық істі прокурорға жіберу
- •2.3. Прокурордың сот тергеуіне қатысуы.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Нормативтік құқықтық актілер
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетімізде сот төрелігін жүргізудің негізін қалаушы қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары қарай дамуы жаңа Қылмыстық Кодекстің және Қылмыстық Іс-жүргізу Кодексінің, Азаматтық Кодекс пен Азаматтық Іс-жүргізу Кодекстерін, Қазақстан Республикашың Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларын және т.б. нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаумен байланысты болды. Бұл нормативтік-құқықтық актілерде соттардың қоғамда қоғамдық әділеттілікті орнатуына, әділ сот өндірісін қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық іс-жүргізудің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне көңіл бөлінген.
Құқықтық мемлекет құруға бағыт алған Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаны жүзеге асыру жағдайында мемлекетіміздің ең басты әлеуметтік құндылықтарының - заңдылықты сақтауға ерекше мән беріледі. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы «бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құқықтық мемлекет құру» деп айтылған сөздері біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып саналады. Заңдылықты сақтаудағы басты талаптар құқық қорғау органдарына, әсіресе сот пен прокуратура органдарына жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетімізде сот төрелігін жүргізудің негізін қалаушы қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары дамуы және жетілдірілуі жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекс-терін, Азaматтық және азаматтық іс жүргізу кодекстерін , “Сот билігі туралы заңдардың қолданылуының кейбір мәселелері туралы” 14.05.98ж. №:1, “Қылмыстық жаза тағайындаудағы соттардың заңдылықты сақтауы туралы” 30.04.99ж. №:1 Жоғарғы Сот Пленумының Қаулы-ларын қабылдауымен байланысты болды. Бұл нормативтік – құқықтық актілерді соттардың әлеуметтік әділеттілікті орнатуына, әділ сот төрелігін жүргізуді және қылмыстық заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық процестің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне бағыттайды.
Қылмыстық сот өндірісіндегі заңдылықтың дәлме-дәл нақты ақталуының маңызды кепілі прокурордың қылмыстық сот өндірісіне қатысуы болып табылады. Бұл прокуратура органдары қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. ҚР Конституциясының 83-бабына сәйкес, прокуратура негізгі үш функцияны жүзеге асырады. Бірінші функция – Республика аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалау жүргізу. Екінші функция - Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге наразылық жасайды. Үшінші функция – сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді (мемлекеттік айыптаушы ретінде) от төрелігін жүргізудегі прокурорлық қадағалаудың ролі мен маңызы Қазақстан Республикасы Президентінің“Прокуратура туралы” 1995 жыл 21 желтоқсанда қабылданған Заң күші бар Жарлығын қабылдаумен елеулі түрде өсті. Сот төрелігін жүргізуде прокурорлар –дың қатысуы, соттар мен қылмыстық істерді қарауда заңда бекітілген қылмыстық істердің толық , жан-жақты және обективті қаралуы талаптарының дәлме-дәл орындалуына, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, заң мен сот алдындағы азаматтардың теңдігінің сақталуын қамтамасыз етуге, соттардың әрбір қылмыстық іс бойынша заңды, негізді және әділ үкім шығаруына қадағалау жасауға бағытталған. Қылмыстық құдалауды жүргізе отырып, прокурор сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды, мемлекет мүддесін білдіреді және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүргізу аясына қамтылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттік кепілі болып табылады.
